Тобы: 1501-21 Орындаған: Пардакулова Арайлым



Дата19.09.2022
өлшемі21,02 Kb.
#39492
түріРеферат

Реферат
Тақырыбы: Жүйке жүйесінің физиологиясы. Физиологиялық тыныштық және Физиологиялық белсенділік.

Тобы:1501-21
Орындаған: Пардакулова Арайлым
Қабылдаған: Пошаева Г. С

Жоспар:


  1. Жүйке жүйесінің физиологиясы.

  2. Қозу физиологиясы.

а) Физиологиялық тыныштық
б) Физиологиялық белсенділік
3. Қорытынды.

Жүйке жүйесі — адам мен жануарлар ағзаларының қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін нейрология деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады. Жүйке жүйесі жануарлар мен адам организмдегі органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке ұлпасы мен глеяның жиынтығы. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіш әсерін қабылдайды, талдайды, өңдейді,организм қызметін реттеп үйлестіреді.Бұның негізгі бөлігі - аса қозғыш және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке жасышасы (нейрон). Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған. Қарапайымдарда (бір жасушалылар) Жүйке жүйесі болмайды, бірақ инфузориялардың кейбір түрінде қозулы жасушаның басқа бөліктеріне өткізетін торшасы болады. Жүйке жүйесі тұтас ағзаны байланыстырып, тіршілік қызметін реттеп отырады. Жүйке жүйесі орталық жүйке жүйесі және шеткі (перифериялық) жүйке жүйесі болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі дегеніміз - нейрондардың жиынтығын айтады. Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелермен, физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен процестердә сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бір бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесіне ми және жұлын жатады. Ми мен жұлынды кескенде, оның ақ және сұр заттан тұратынын көруге болады. сұр зат жүйке клеткаларынан, ал ақ зат миелин қабығымен қапталған жүйке талшықтарынан тұрады. Шеткі жүйке жүйесі (перифериялық) дәнекер қабықпен қапталған жүйке талшықтарының шоғырынан түзілген. Оған жүйке түйіндері мен гангли жатады. Нейрон - ол жүйке жасушасы. Нейрон арасын нейороглия толтырады. нейрондар пішіні

мен көлемі жағынан әр түрлі. Ол дене және денеден шығатын өсінділерден тұрады. Нейронның ұзын өсіндісін аксон деп, ал қысқа тармақталған талшығын дендрит дейді. Аксонның нейрон денесінен басталатын жерін аксон төмпешігі дейді. Сезімтал нейронның шеткей орналасқан аксонның ұшында рецептор (қабылдауыш) болады. Ал орталық жүйке жүйесіндегі жүйке талшығының ұшы жуандап бүршікке ұқсайды. Нейрондардың осындай ұштары бір-бірімен түйісіп синапс құрайды. Қозу серпінісін рецептордан жүйке орталығына бағыттап өткізетін жүйке талшығы сезімтал (афференттік), ал орталықтан қозуды шеткі мүшелерге жеткізуші талшықты қозғалтқыш (эфференттік), сезімтал жүйке мен қозғалтқыш жүйке жалғастыратын жүйкені аралық жүйке деп атайды. Жүйке талшықтарының майлы жұмсақ қабықтарының болу-болмауына байланысты миелинді және миелинсіз деп ажыратады. Нейроглия нейрон аралығын толтырып жататын жасушалар, нейрондарға қаннан қорек заттарын алып, зат алмасу өнімдерін нейрондардан қанға өткізеді, сұйықтықтың иондық құрамын, медиаторлар мен судың деңгейін бір қалыпта сақтап нерон тіршілігіне қажетті жағдай жасайды. тармақтарының санына қарай нейронның бірнеше түрлерге бөледі: көп тармақты нейрон - мультиполярлы, қос тармақты нейрон- биполярлы, бір тармақты нейрон- униполярлы. Атқаратын қызметтеріне қарай нейронды бірнешеге бөледі: сезімтал, қозғалтқыш, аралық, тежеуші нейрондар. Қозу физиологиясы. Тірі организмдер екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік. Физиологиялық тыныштық деп организмнің көзін жұмып, тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Бұл кезде организмнің өзінің тіршілігіне қажетті құрылымдары (жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, зәр шығару т.с.с) белгілі шамада қызмет атқарады және, мысалы, ұлпалардың клеткаларында белгілі мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады. Осындай қалыпта жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын бір жағдайлары әсер етсе, организм физиологиялық тыныштықтан физиологиялық белсенділікке ауысады. Организмнің қандай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл организмнің қызмет атқаратын жағдайын физиологиялық белсенділік дейді.  Физиологиялық белсенділік кезінде зат алмасуы артады, бірнеше мүшелер, жүйелер қызметін күшейтеді. Мысалы, тамақ ішкеннен кейін ас қорыту мүшелері қызмет атқаруына байланысты оларға қоса жұрек-қан

тамырлар, тыныс, зәр шығару жүйелерінің қызметі күшейеді. Мұндай жағдайда сыртқы ортаның әсері денедегі ұлпаларды, клеткаларды тітіркендіреді.


Адам денесіндегі көпшілік тірі клеткалардың тітіркену қасиеті болады. Сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлеріне жауап беру қабілетін тітіркену деп айтады.
Ал олардың әсерлерінің өзін тітіркендіргіш деп атайды. Сыртқы және ішкі орталардың әсерінен организм, оның жеке ұлпалары физиологиялық тыныштықтан белсенділікке ауысады. Тітіркендіргіштерді тегіне қарай төртке бөледі: физикалық, химиялық, физико-химиялық және биологиялық тітіркендіргіштер.
Физикалық тітіркендіргіштер деп түрлі механикалық (соққы, шаншу, қысым т.б) және электрлік әсерлерді айтады.
Химиялық тітіркендіргіштерге тамақтың құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттар, дәрілер, улы заттар, сілтілер, қышқылдар, түздар және олардың ертінділері тәрізді көптеген химиялық заттардың әсері жатады.
Физико-химиялық тітіркендіргіштерге ертінділердегі заттардың парциалдық қысымы, осмостық қысымы, иондардың (аниондар мен катиондар) және түрлі заттардың концентрация айырмашылықтарының әсері (айталық, 5% және 7% тұз қышқылының ертінділерінің әсерінің айырмашылығы) жатады.
Биологиялық тітіркендіргіштерге түрлі макро және микроорганизмдердің әсерін жатқызуға болады.
Тітіркендіргіштердің әсерінен тітіркене алатын ұлпаларды тітіркенгіш ұлпалар деп атайды. Оларға нерв, ет, без ұлпалары жатады. Олар тітіркендіргіштің әсеріне қозумен жауап береді. Қ о з у аталған ұлпалардың қызметінің үрдісі. Қозу кезінде бұл ұлпалардың электрлік және биохимиялық қасиеттері өзгереді, ұлпалардың қызметі басталып, күшейеді. Сыртқы ортаның кейбір тітіркендіргіштері әсер еткенде қозғыш ұлпалардың қозуы бәсеңдейді немесе мүлде тоқтап қалады. Мұны т е ж е л у деп атайды. Тежелу де қозу іспетгі тірі ұлпалардың белсенді қызмет атқару күйі. Бірақ тежелу кезінде жеке мүшелерде немесе организмде бұрын басталған қызмет баяулайды, я болмаса мүлде тоқталады.
Тірі ұлпалардың электрлік қасиетін биоэлектрлік құбылыс дейді. Көп клеткалы организмдерде сыртқы және ішкі орталардың мәліметтерін қабылдап, сақтап, талдап, бір жерден екінші жерге жеткізу, қажетіне қарай қайтадан жаңғырту тарихи даму барысында қалыптасқан электр сигналдары арқылы іске асады.
Электр күшін тудыратын энергия клетка мембранасының ішкі және сыртқы жағында орналасқан оң (+) зарядты натрий, калий, кальцийдің катиондары мен түрлі теріс зарядты (-) аниондарға байланысты. Олардың
бір-біріне градиенттік қатынасы (мембрананың иондық тартқышы) деп аталатын арнайы молекулалық құрылымның қызметіне негізделген. Энергия көзі саналатын иондық тартқыш - аденозинүшфосфор қышқылы (АТФ) ферменттердің әсерінен ыдырау кезінде пайда болатын энергияны (яғни зат алмасуынан пайда болатын энергияны) жұмсайды.
Тьшыштықтағы клетка мембранасының сырты мен ішіндегі потенциал айырмашылықтарын мембрананың потенциалы немесе тыныштық тоғы деп атайды.
Қызмет атқарған клетканың мембранасы мен тыныштықтағы клетка мембранасының потенциал айырмашылығын әрекет потенциалы дейді. Тыныштық потенциалы 50-90 мВ-қа дейін болады.

Пайдаланған әдебиеттер:





  1. Уикипедия

  2. Анатомия мен физиология принциптері

  3. Адам физиологиясы

  4. Оқушыларға деген анатомия

  5. Медицина физиологиясы туралы трактат


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет