Тобы: 201Б • мамандығЫ: стомотология



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата09.05.2022
өлшемі1,27 Mb.
#33096
  1   2


ТАБИҒИ АПАТТАР

ОРЫНДАҒАН:СЕРІКОВА ПЕРИЗАТ



ТОБЫ:201Б

МАМАНДЫҒЫ:СТОМОТОЛОГИЯ



ҚАБЫЛДАҒАН:ЖАНАТБЕКОВА БАЯН




Табиғи сипаттағы төтенше жағдай — бұл табиғи 

апаттардан (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны), 

табиғи өрт, эпидемия мен эпизоотиядан, 

ауылшаруашылық өсімдіктері мен ормандардың 

аурумен және зиянкестермен зақымдануынан 

туындайтын төтенше жағдай.



Ел аумағының әртүрлі табиғи, таулы геологиялық және геодинамикалық жағдайлары оның табиғи

апаттарға ~ жер сілкінісіне, су тасқынына, селге, желге, көктайғаққа, қар көшкініне, дауылға, 

орман және дала өртіне, тем-ператураның шұғыл төмендеуіне, қарлы боранға, эпидемия мен 

эпизоотияға ұшырауын анықтайды.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың өздері сан алуан. Сондықтан туындау себептеріне



(жағдайларына) орай оларды: геологиялық, метеорологиялық, гидрологиялық

(гидрометеорологиялық), табиғи өрттер, жаппай аурулар топтарына бөледі.




ЖОСПАР:

1.Табиғи сипаттағы төтенше жағдай



2.Жер сілкінісі

3.Көшкіндер



4.Сел


5.Дауыл,Боран

6.Су тасқындары



7.Орман өрттері




ЖЕР СІЛКІНІСТЕРІ

Жер сілкінісі — бұл, негізінен, геофизикалық себептерден туындайтын жерастылық дүмпулер мен жер бетінің тербелістері. Жер бетіндегі топырақ 



қабаты тербелісінің қарқындылығы бойынша жер сілкіністерін жіктеу 5-кес-теде ұсынылған.

Жер сілкінісінің тікелей салдары үрей болып табылады, бұл кезде адамдар қорқыныштан өздері және айналасындағылар үшін ақылға сыйымсыз, 



қауіпті әрекеттер жасайды және өзін-өзі құтқару мен өзара көмек шараларын саналы түрде ұйымдастырып, жасай алмайды. Үрей әсіресе

адамдар шоғырланған жерлерде: ұйымдарда, кәсіпорындарда, оқу орындары мен бала-бақшаларда, жатақханаларда, ортақ пайдаланылатын 

орындарда ерекше қауіпті.

Біздің ғаламшардағы жер сілкіністерін бір жыл ішіндегі саны (қайталану жиілігі) бойынша жіктеу 6-кестеде ұсынылған.



Адамдардьщ жарақаттануы мен опат болуы, негізінен, қираған ғимараттардан, құрылыстардың сынықтарынан және құлаған заттардан, сондай-

ақ үйінділердің астында қалу мен аз уақытында көмек көрсетілмеуден орын алады. Жердің қозғалысы адамдардың құрбан болуына өте сирек 

жағдайларда ғана тікелей себеп болады.

Сондай-ақ жер сілкінісі салдарынан туындайтын екінші реттік факторлардан (өрт, өнеркәсіп және көлік апаты, зақымданған инженерлік және 



энергетикалық желілер) да зардап шегуі мүмкін.


Жер сілкінісінен кейін:

— жарақаттың жоқтығына көз жеткізу, айналадағы адамдарды қарап шығужәне қажет болса, оларғакөмек көрсету. Егер ауыр жараланғандарғааса қатер (өрт, құрылыстың құлап түсуі және



т.б.) төнбесе, онда орнынан қозғамау;

— жеңіл үйіндінің астына түскен адамдарды босатып алу. Бұл ретте абай болу керек. Егер оларға қосымша немесе медициналық көмек қажет болса, онда көмекті күткен дүрыс;



— балалардың, науқастардың, қарттардың —көмекке мұқтаж жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, оларды тыныштандырған жөн;

— телефонды өте қажет болған кезде ғана пайдалану, өйткені телефон желісі аса жүктемеленген болады;



— су құбырын, газ, электр желілерін тексеру. Егер электр желісіндезақымдану байқалса, ондаоны ажыратукерек. Газдың шығуы иіс бойынша тексеріледі. Егер гадың шығып жатқаны

анықталса, онда барлық есіктер мен терезелерді ашу, үй-жайды дереу тастап шығу және болган оқиға туралы тиісті қызметтерге хабарлау керек. Суқұбырлықжелілер зақымданған кезде

ақауды реттеуге асықпау керек және суды пайдалануды тоқтатқан дұрыс, өйткені су зақымданған болуы мүмкін. Суды тек қайнатқаннан кейін ғана пайдалануғаболады.

— Кәрізді пайдаланбас бұрын, оның ғимарат, жертөле шектеріндегі құбырларының ақаусыздығынакөз жеткізу қажет.



— Ашық отты пайдалануғаболмайды. Тұтануошақтары бар болса, оларды сөндіру қажет. Егер мұның сәті түспесе, онда дереу өртке қарсы қызметпен байланысу керек.

— Баспалдақпен түсіп келе жатқандаоның беріктігін тексерген жөн.




КӨШКІНДЕР

Көшкіндер — бұл тау жыныстары массасының беткейден ауырлық күші әсерінен төмен қарайсырғып, орын



ауыстыруы. Олар әртүрлі жыныстарда тепе-теңдіктің бұзылуы нәтижесінде қалыптасады. Ол табиғи және жасанды

(антропогенді) себептерден туындайды. Табиғи себептерге: беткейлер биіктігінің артуы, олардың негіздерін теңіз

және өзен суларының шаюы, сейсмикалық дүмпулер жатады. Жасанды себептерге беткейлерді жол үшін қазып, 

талқандау, топырақты шамадантыс тасымалдау, орманда шабу, беткейлерде ауыл шаруашылығын жөнсіз жүргізу

жатқызылады.

Көшкіндер биіктігі 19°-тан басталатын барлық беткейлерде болуы мүмкін. Алайда оларсазды топырақты жерде



беткейлердің биіктігі 5-7о болғанкезде де орын алады. Бұл үшін жыныстардың шамадантыс ылғалдануы жеткілікті.

Олар жылдың кез келген мерзімінде, көбінесе көктем- жаз кезеңішде болады.



Көшкіндер құбылыстың көлемі, қозғалыс жылдамдығы мен белсенділігі, үдеріс құрылымы, қуаттылығы мен 

белсенділігі, үдеріс құрылымы, қуаттылығы түзілу орнына ңарай жіктеледі.



Көлемдері  бойынша  көшкіндер  ірі, орташа  және шағын  көлемді болып 

жіктеледі.

Ірі көшкіндер,  әдетте,  табиғи себептерден  туындайды  және беткейлерді 



бойлай жүздеген  метрге созылады.  Олардың  қалыңдығы  10-20 метр және 

одан да қалың  болуы мүмкін. Сырғыған  дене  көбінде  өзінің біртұтастығын 

сақтайды.

Орташа  және шағын  көлемді көшкіндердің  мөлшерлері  шамалы және 



антропогенді  үдерістерге  тән болады.

Көлем көбінде  үдеріске  тартылған ауданмен  сипатталады.  Осыған  орай 



олар орасан  зор — 400 га және  одан көлемді,  өте ірі — 200-400 га, ірі —

100-200 га, орташа — 50-100 га, шағын  — 5-50 га және  өте шағын  5 га-ға 

дейін



болып бөлінеді.




СЕЛ

Сел (сел ағыны) — шағын тау өзендерінің



алаптарында кенеттен пайда болатын буырқанған

лайлы немесе су мен тау жыныстарының

сынықтарынан тұратын лай-тасты ағын.

Су деңгейініңжылдам көтерілуімен, тасқынды



қозғалысымен, әрекеттіңқысқа мерзімділігімен 

(орташа бір сағаттан үш сағатқа дейін), елеулі

эрозиялық-аккуму-лятивтік қиратушы әсерімен

сипатталады

Сел ағыс бойында орналасқан елді мекендерге, те-



міржолдар мен автокелік жолдарына жене басқа

да құрылыстарға қатер төндіреді.

Селдердің пайда болуына нөсер жауындар, 



қардың қарқынды еруі; су қоймалардыңбұзылуы, 

жер сілкіністері, жанартаулардыңатқылауы тікелей

себепкер.



СЕЛДІҢ ТҮРЛЕРІ

Селдер  туындау қүрылымы  бойынша  үш түрде: эрозиялық,  бұзып өтуші және  опырылу-

көшкіндік  болып бөлінеді.

Эрозиялық  сел кезінде  бастапқыда  жақын жатқан  топырақтың  жайылуы мен сырғуы 



есебінен  тау жыныстарының  сынықтары  ағып, содан  кейін сел толқыны  қалыптасады.

Бұзып өтуші сел судың  жинақталу үдерісімен  сипатталады,  онымен бір мезгілде  тау 



жыныстары  жойылады,  шегіне  жету су айдынының  (көлдің,  мұздық ішіндегі 

сыйымдылықтың,  су қоймасының)  бұзылуы арқылы  іске асады.  Сел массасы  беткеймен 

немесе  өзен  арнасымен  төмен қарай ағады,

Опырылу-көшкіндік  сел кезінде  суға қаныққан  тау жыныстары  (қар  мен мүзды қосқанда) 



массасының  бұзылуы орын алады.  Бұл жағдайда  ағынның  қарқыны  ең жоғары  шекке 

жақын  болады.




ОПЫРЫЛУЛАР

Опырылулар (таулықопырылу) — тау жыныстарыныңүлкен массасы бөлініп түсуі және

опырылып құлауы, олардыңтік беткейлерде аударылуы, бөлшектенуі және сырғуы.

Табиғи текті опырылулар тауларда, теңізжағалаулары мен өзен аңғарларындағы құздарда

болады. Олар тау жыныстарыныңжелмен мүжілу, сумен шайылу, еруі және ауырлықкүштері

әсерінен беріктігініңбұзылуы нәтижесіндеболады. Опырылулардыңтүзілуіне: жердің

геологиялыққұрылысы, беткейлерде жарықшақтардың, тау жыныстарыныңуатылу

аймақтарыныңболуы жағдай тудырады.

Қазіргі кездегі опырылулардың көпгілігі(80% -ғадейін) антропогендіфакторларменбайланысты. 

Олар, негізінен, тау жыныстарын қазу және құрылысжұмыстарын дұрыс жүргізбеуден түзіледі.

Опырылулар аталған үдерістің(құлаған тау массасы көлемі) қуаттылығымен және қамтылған

масштабымен (үдеріске тартылған аудан) сипатталады.

Үдерісініңқуаттылығы бойынша опырылулар ірі (10 млн м3жыныстың құлап түсуі), орташа (10 

млн м3-қа дейін) және шағын (10 млн м3-тан аз жыныстыңқұлап түсуі) болып бөлінеді.

Қамтылған масштабы бойынша опырылулар орасан (100-200 га), орташа(50-100 га), шағын (5-50 

га) және ұсақ (5 га-дан аз) болып бөлінеді.




БОРАН,ДАУЫЛДАР

Дауыл сөзі тар мағынасында жылдамдығы, шамамен

32 м/с және одан да көп (Бофорт шкаласы бойынша

12 балл) болатын, үлкен қиратушылық күші бар және

айтарлықтай ұзаққа созылатын жел.

Боран — бұл жылдамдығы дауылдан аз жел. Алайда

ол да қуатты және 15-20 м/с-қа дейін жетеді. 

Дауылдарға қарағанда, борандардан келетін шығын

айтарлықтай аз болады. Кейде күшті боранды шторм 

деп те атайды.




СУ ТАСҚЫНДАРЫ

Су тасқындары — бұл өзенге, көлге немесе су қоймасына



жақын жатқан жерлерді су басу. Ол материалдық залал

тудырады, халықтың денсаулығына нұқсан келтіріп, 

адамдардың опат болуына әкеледі. Егер су басу залал

келтірмесе, онда ол өзеннің, көлдің су қоймасының тасуы

болып табылады.

Әсіресе қауіпті су тасқындары өзендердің жауын-шашын



және мұздық сулары арқылы артатын немесе бұл екі фактор

үйлесетін жағдайларда байқалады.

Көктемгі су тасуы — — бұл жыл сайын, белгілі бір маусымда



қайталанатын өзен суының деңгейінің айтарлықтай ұзаққа

созылатын көтерілуі. Әдетте, су тасуы жазықтардағы қардың

қарқынды еруінен немесе жауын-шашыннан пайда болады.

Тасқын — бұл салыстырмалы түрде су деңгейінің қысқа



мерзімді қарқынды көтерілуі. Нөсер жауындармен, кейде

қысқы жылымықтағы қардың еруімен қалыптасады.




Қардың көктемгі еруінен пайда болған мол ағынға байланысты

су тасқындары. Ол өзендегі су деңгейінің айтарлықтай және

Ұзақ уақыт көтерілуімен ерекшеленеді.

Қарқынды жаңбырмен Қалыптасатын су тасқындары. Олар су

деңгейінің қарқынды, салыстырмалы түрде қысқа мерзімдік

көтерілуімен сипатталады және тасқын деп аталады.

Су ағысының үлкен кедергілерінен туындайтын су тасқындары. 

Бұлар көбінесе қыстың бас кезінде немесе соңында сеңнің

кептелуі нәтижесінде ағыстың тоқтауынан болады.

Ірі көлдер мен су қоймаларындағы,  сондай-ақ өзендердің

теңізге құятын сағаларындағы судың жел әсері арқылы

көтерілуінен болатын су тасқындары.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет