Тобы: Дот3жылдық 2курс



Дата21.01.2023
өлшемі13,82 Kb.
#62220

Тұрсынбаева Мейірім
Тобы:Дот3жылдық 2курс
Қазақстан Республикасы мен шетелдердегі инклюзивті білім берудің даму тарихы.
Инклюзивтік білім беру Қазақстанда бүгінгі күні бастапқы сатыда болып отыр, оны енгізу даму жағынан артта қалған балалардың санының өсу салдарынан әлеуметтік-педагогикалық мәселеге айналып отыр. Соңғы жылдары республикада саны жағынан көбейіп отырған мүгедек балалар өмірінің негізгі көрсеткіш сапасы анағұрлым өзгерді. Бұған мүмкіндіктері шектеулі біріктірілген балалардың мәртебелерінің нақты еместігі, мұғалімдер мен тәрбиешілердің құқықтар мен міндеттерінің әр түрлілігі, әлеуметтік білім беру жүйелері мекемелерімен бірлесіп әрекет ету мәселелеріндегі қиыншылықтар, осындай дәрежедегі балалар оқитын жалпы білім беру мектептерін қаржыландырудан туындайтын жағдайлар дәлел болып отыр. Бірқатар елдерде баланың жалпы мектепте білім алуын қамтитын инклюзивті оқыту үрдісі басым болады (Ұлыбритания, Италия, Канада, АҚШ, Норвегия, Австралия), ал кейбір елдерде баланың білімді арнайы мектепте немесе орта мектептің коррекциялық арнайы сыныбында алатын, бірақ сабақтан тыс уақытын дені сау балалармен өткізетін интеграция басым болады (Франция, Германия, Голландия, Финляндия, Бельгия). Әртүрлі елдер интеграцияға басқалардан айрықшаланатын, үлкен қиындықтары бар, оның пайдасы, нәтижелілігі және нормативті-құқықтық қамтамасыз етуінің құрастырылуы туралы пікірталастан кейін өз жодарымен келді. Италия және Швецияда инклюзивті білім беру тәжірибесі.
Көптеген мамандардың пікірлері бойынша, Италия қалған дүние жүзіне инклюзивті білім берудің зертханасына айналды. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап, осы елдегі арнайы мектептер мен сыныптардың оқушыларының көпшілік бөлігі, жалпы білім беру жүйесіне интеграцияланды.
1971 жылы Италияда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектепте оқыту құқығы туралы бірінші Заң пайда болады. 1977 жылы мұндай оқытуды ұйымдастырудың белгілі нормативтерін құрастырған Заң қабылданды: Швеция.Швеция инклюзивті білім беру идеясының дамуы табысты жүргізілетін елдердің бірі болып саналады. Интеграцияға бағыт алу бұл елде 1969 жылы басталды, бұл кезде Швецияда соған сәйкес үкіметтік құжат пайда болды. 60-70-жылдары Швецияда, содан кейін көптеген дамушы елдерде, дамуы артта қалған адамдарға арналған ірі интернататтар және психиатриялық ауруханалар жабылды. 1980 жылы Швеция дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуды ұйымдастырудағы тұғырлардың өзгерісін тіркеген оқу жоспарын қабылдады. Норвегия: Норвегияда интеграция үдерісі 80-жылдары басталды, 90-жылдардың басында арнайы мектептер қысқартылған болатын, оларға мүмкіндігі шектеулі балалардың бір пайыздан аз балалар барады.
Финляндия: Финляндияда ұзақ уақыт бойы арнайы мектептер мен жалпы білім беретін мектептің жанындағы арнайы сыныптардың параллельді жүйесі болды. 80-жылдардың соңынан бастап, арнайы білім беру саласындағы мемлекеттің саясатындағы негізгі бағыт ретінде интеграция алынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет