Тобы: Фи-19-1к2 Орындаған: Акимбек Лаура



Дата10.11.2022
өлшемі20,22 Kb.
#49249

« «М.Әуезов» атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті


СӨЖ

Тақырыбы: Қазіргі Астана


Тобы: Фи–19–1к2


Орындаған: Акимбек Лаура
Қабылдаған: Мадалиева Ақсымбат

Шымкент – 2020



Бүгінде Астана – болашақтың каласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы болып табылатын жас қала, баршамыздың арман қаламыз. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тэуелсіздігіміздің ордасы. Астана қаласы Еуразияның дәл ортасында орналасқан: бір жағынан – еуропалық жетістік, екінші жағынан – шығыс дәстүрі үйлесімін тапқан.
Шыңдары көкті тіреген асқақ Алатау баурайынан Ұлы даланың кіндігіне көшіріліп, ерке Есілдің жағасынды бой түзеген әсем Астана-жаңа ғасыр ғажабынан жаралған жас қала. Жер шарының картасынан Астана атауы да өз орнын алды. Тарихымен табиғаты, сәулетімен бүкіл тіршілігі дара, ғажап үлгілі күйіміздің күмбірі, көңіліміздің жыр-гүлі жас қала Астана күн сайын енсесі биіктеген қалаға айналуы өзімізді сүйсіндіріп , әлем жұртын көркімен тамсандырды.
Бүгінде бүкіл әлем сұлулығына тамсанып, болашақтың қаласы деп көз тігіп отыр. Жас, гүлденген астанамыздың әсем де көрікті жерлерімен танысыңыздар. Олардың қатарында Қазақстанның бетке ұстары – Тәуелсіздік сарайының алдындағы алаңдағы ұшар басында аңыздағы «Самұрық» құсының қол мүсіні бейнеленген «Қазақ Елi» монументі, Астананың сәулет жарасымдылығында жаңа көрнекті орын – Тәуелсіздік Сарайы, «Астана-Бәйтерек» монументі – Астананың нышаны, оның келбеті, Қазақстан үшін сейіл құру өндірісінің тағы бір жаңа үлгісі – «Думан» ойын –сауық орталығы бар.
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болды және жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды.
Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 22 жылдық мерейтойына арналған өзінің бағдарламалық сөзінде жаңа елордалық қаланың даму философиясын өте анық және бейнелі түрде айқындап берді:
«Осында ежелгі Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады. Бүгінде Астанада, Қазақстанның барлық өңіріндегі сияқты, жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық – Астананы және жаңа Қазақстанды құрудың негізі, міне, осылар».

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет