Тобы: спиС 21-1 Қабылдаған: Рсымбетова Нуржамал Жоспары



бет1/5
Дата23.09.2022
өлшемі34,51 Kb.
#40038
түріСабақ
  1   2   3   4   5


«М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ»
СӨЖ


Тақырып: Түркілер өркениетінің ислам өркениетімен байланысы және сабақтастығы.

Орындаған: Орынхан Гүлсия Абсейтханқызы
Тобы: СПиС 21-1
Қабылдаған: Рсымбетова Нуржамал
Жоспары:
1. Ислам дінінің VIII-X ғасырлар аралығында Орталық Азия жеріне таралуы және жергілікті халыққа ислам мәдениетінің әсері.
2. Қарахандар мемлекетінде исламның мемлекеттік дінге айналуы және оның түркілердің рухани және мәдени өміріне тигізген әсері мен ықпалы.
3. Алтын Орда мемлекетіндегі ислам дінінің мемлекеттік дін болып жариялануы және оның халықтың рухани және мәдени өміріне тигізген ықпалы.

1. Ислам дінінің VIII-X ғасырлар аралығында Орталық Азия жеріне таралуы және жергілікті халыққа ислам мәдениетінің әсері.
Қарт тарихтың қатпарларын парақтар болсақ, қазіргі Қазақстан жері мен Орта Азияға Ислам дінінің таралуы сонау VI-VIII ғасырларда басталғанына куә боламыз. Атақты араб қолбасшысы Құтайба ибн Муслим 709 жылы Бұхараны соғыссыз алып, 710-712 жылдары Самарқанды, 714 жылы Шаш (Ташкент) пен Фараб шаһарларын да Әмауи халифатының қоластына қаратады. Сол кездегі Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың Ислам дінін қабылдай бастауы да осы жылдарға сәйкес келеді. Ислам дінінің қазақ даласында түбегейлі орнығуы қазақ тарихында «Талас ғазауаты» деп те аталатын Атлах шайқасымен тығыз байланысты болды. 751 жылы шілде айында Тараз маңындағы Атлах деген жерде бетпе-бет келген қытайдың 100 мың әскері мен араб әскері арасында қиян-кескі ұрыс жүреді. Бес күнге созылған қан майданда араб қолбасшысы Зияд ибн Салих түркілердің (қарлұқтар) көмегінің арқасында қытай әскерін қайтып бас көтерместей талқандап, Гао Сянь Чжи қолбасшы аз ғана топпен қашып құтылады. Міне, осылайша қазақ даласының Талас топырағында осыдан он екі ғасыр бұрын Ислам туы желбіреген еді!
Осы тарихи соғыс сол кездегі Орталық Азияны мекен еткен тайпалар тағдырына елеулі ықпал еткен маңызды оқиға болды. Нәтижесінде Мәуәраннахр мен Түркістан өлкесінің тұрғындары қытай экспанциясы қаупінен құтылып, біртіндеп Ислам дініне кіре бастайды. Қарахандықтар Ислам дінін саяси күш пен бірігудің көзі ретінде қабылдап, мұсылман емес түркілерге қарсы Ислам діні үшін соғысты. Ислам халифатын шығыстан келген шабуылдардан қорғап, шекаралық қалқан кызметін атқарды. Қарахан мемлекетінің құрылуы шығыста Қашқардан батыста Испиджабқа (Сайрам) дейінгі ұлан-байтақ аумақтағы саяси оқиғалармен, сондай-ақ Қарлұқ қағанатының ыдырауымен байланысты болды. Жетісуды және көршілес өңірлерді мекендеген қарлұқтардың, жікілдердің, яғмалардың Саманилерге қарсы, сондай-ақ, шығыстан дүркін-дүркін шабуыл жасаған тоғыз-оғыздарға қарсы ұзаққа созылған әрі табанды күресі Қазақстан аумағының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы түрік тайпаларының этникалық-саяси тұрғыдан топтасуын тездете түсті. 942 жылы Сатұқ Боғраханның өзін жоғарғы қаған деп жариялауынан кейін Қарахандар мемлекетінің тарихы басталады.
IX ғасырда Қарлұқ қағанаты ыдырап, тарих сахнасына Қарахан мемлекеті (IX ғ.аяғы –XIII ғ.басы) келді. Аумағы – Жетісу мен Шығыс Түркістан аймағын қамтыды. Бұл мемлекет екі ғасырдан астам өмір сүрді. 942 жылы Сатұқ Боғра хан өзін жоғары қаған деп жариялауынан кейін Қарахандар мемлекетінің тарихы басталды. Сатұқ Боғра хан 955 жылдан бастап Ислам дінін қабылдап, өзіне «Әбулкәрім» деп мұсылманша есім алғандығын жариялады. «Қарахандар шежіресінде» Боғра ханның діншілдігі, білім сүйгіштігі және әр жұма білімділерді жинайтындығы жайлы деректер келген. Сондайақ ол өзіне «Тәңірі жіберген құлы» деп айтылуын және солай жазылу керектігін құптайтын. 960 жылы Харун Мұса қаған (Боғра ханнан кейін) Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады. Бұл шешімнен соң, тарихшы З.Китапчы, В. Кляшторний, С.Сұлтановтардың деректерінде бір күнде он мың отбасы Ислам дінін қабылдаған кездер де болғаны айтылған. Ал «Тарихи рашиди» кітабында бір күнде 360 мың адамның мұсылман аталғандығы айтылады. Қорыта айтқанда, Қарахан түркілерінің исламдануы дін таратушылардың белгілі бір күштеуімен емес, бірыңғай мемлекеттік діннің ықпалы негізіндегі экономикалық және саяси пайда күшімен дами түсті. Ал Қарахандықтардың саяси және әскери жеңістері Орталық Азия аумағына Ислам дінінің кеңінен таралып қана қоймай, тұрғылықты халықтың бұқаралық идеологиясы ретінде ресми мәртебеге ие болуына өз әсерін тигізді.
2. Қарахандар мемлекетінде исламның мемлекеттік дінге айналуы және оның түркілердің рухани және мәдени өміріне тигізген әсері мен ықпалы.
IX ғасырдан бастап Ислам күшпен емес, бейбіт түрде насихатталып, түркілер біртіндеп Исламды қабылдай бастады. Қарахан мемлекетінде мұсылманшылықтың мемлекеттік дәрежеге жетуінің арқасында қалалық мәдениет гүлденіп, сол кезеңдегі сәулет өнерінен Айша бибі мен Алаша хан күмбезі, Әулие ата мазары, моншалар және су құбырлары сақталған. Сонымен қатар, түркілер ішінен көптеген дін ғұламалары шыға бастады және түркі тілі алғаш рет ғылыми түрде қолға алынып, М. Қашқаридың «Түркі тілінің сөздігі» және Ж. Баласағұнның «Құтты білігі» жарыққа шықты. Мұсылмандықты мемлекеттік дін еткен Қарахандықтар әулетінің билігін барша ғалымдар оңды бағалаған: «Қарахан әулеті тұсында түрік этносының ой санасы өседі, мұсылман әдебиеті түркі тілінде шыға бастайды. Қарахан дәуірі сапалық жағынан қоғамның барша саласындағы жаңа кезең боп табылады. Тек моңғол жаулаушылығы тұсындағы ауыр күйзеліс қана қоғамның дамуға бет алған табиғи процесін үзіп тастады».
ІХ ғасырда Муғтазилия ілімінің Аббасидтер идеологиясына айналуына байланысты Орталық Азияда Исламның рационалистік ағымдары өмір сүрді. Осының нәтижесінде Фараби, Ибн Сина, Бируни, Матуриди секілді шариғатпен қатар пәлсапа ілімін менгерген ғалымдар шықты. Сондай-ақ, нақлді (Құран мен Сүннет) жоғары қойған Бұхари, Муслим секілді хадистанушылар, Мәрғинәни, Дәбуси, Сарахси, Бәздауи секілді фиқһ ғалымдары бой көрсетті. Тіпті, Қарахан дәуірін терең зерттеген З.Кабакшы осы кезеңде Мәуреннахрдан үш жүзден астам фиқһ ғұламаларының шыққанын айтады. Ал сопылық ілімнің таралуына келетін болсақ, Жүсіп Хамадани, Абдулхалық Ғыждуани, Ахмет Ясауи, Сүлеймен Бақырғани, Нәжмидденн Кубра секілді сопылар өз тариқаттарын құрды. Бұл екінші кезеңде де Орталық Азия біркелкі Исламды толық қабылдай қойған жоқ. Орталық Азияның Хорасан, Иранмен шекаралас аймақтарындағы халықтар көбінесе шииттік сенімде болды. Сондай-ақ, көшпелі тұрмыс кешетін қыпшақтар ескі Тәңір сенімінде қалған болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет