«togb 4350 тағам өндірісіндегі гигиеналық бақылау»


Родентицидтердің құрамындағы зоокумарин массалық үлесін анықтау



Pdf көрінісі
бет29/52
Дата25.05.2023
өлшемі1,1 Mb.
#97634
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   52
Байланысты:
tehnol pmm umkd 2022-23 kaz platonus

 
2. Родентицидтердің құрамындағы зоокумарин массалық үлесін анықтау 
Зоокумарин. Эмпирикалық формуласы С 
19
Н 
16
О 
4
. Молекулалық массасы 308,34.
Қасиеттері. Сұрғылт сары ұнтақ, өзіне тән иісі бар. Балқу температурасы 153-156 
0
С. Суда аз ериді, спирт, ацетон, эфир және басқа да органикалық ерітінділерде нашар 
ериді. Сілтілердің сұйылтылған ерітінділерінде жеңіл ериді. 
Тазалығын анықтау. Препараттан 1 гр алып, көлемі 250-300 мл колбаға салады
үстіне 100 мл су құйып, 2-3 мин қайнатады. Ерітіндіні салқындатып, сүзеді. Тұнбасын 100 
мл сумен шаяды. Сүзіндіге 3 тамшы фенолфталеин индикаторын тамызып, 0,1Н күйдіргіш 
натр ерітіндісімен қызғылт түске дейін титрлейді. 
0,1Н күйдіргіш натрдың 1 мл ерітіндісі 0,0162 г оксикумаринге сәйкес келеді. Оның 
мөлшері препаратта 1% кем болмауы керек. 
Сандық мөлшерін анықтау. 0,3 гр препаратты көлемі 100 мл колбаға салып, 25 мл 
ацетонда, су моншасында абайлап қыздыра отырып ерітеді. Салқындатылған ерітіндіге 3 
тамшы фенолфталеин индикаторын тамызып, 0,1Н күйдіргіш натр ерітіндісімен қызғылт 
түс пайда болғанша титрлейді. 0,1Н күйдіргіш натрдың 1 мл ерітіндісі 0,03083 гр 
зоокумаринге сәйкес келеді. 
Алынған зоокумариннің пайыздық мөлшерінен 4-оксикумариннің пайыздық 
мөлшерін 1,903 көбейте отырып есептейді. Препаратта зоокумарин мөлшері 89% кем 
болмауы керек.
А тізімі бойынша құрғақ, салқын жерде сақтаймыз. 
Бақылау сұрақтары:
1. Дератизация дегеніміз не? 
2. Ветеринариялық санитариялық шаралардағы дератизацияның орны 
3. Дератизациялық препараттарға сипаттама 
4. Ет-сүт өңдеу орында жүргізілетін дератизацияның ерекшеліктері 
 
№15-16 Зертханалық сабақ 
 
Тақырыбы: Ет-сүт өңдеу кәсіпорындарындағы дезинсекция 
Сабақ мақсаты: Зиянкес жәндіктерге арналған улы алдамыштарды дайындау және 
қою әдістерін игеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет