ТӨленова зирабүбі Маймаққызы, Қр бғМ ҒК



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі294,29 Kb.
#144

ТӨЛЕНОВА Зирабүбі Маймаққызы,  

ҚР БҒМ ҒК Ш. Уәлиханов атындағы Тарих 

және  этнология  институтының  аға  ғылыми 

қызметкері, 

тарих 

ғылымдарының 



кандидаты, доцент 

 

1916 ЖЫЛҒЫ МЕРКІ КӨТЕРІЛІСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНАН 

 

Қазақстан  және  Орта  Азияны  толықтай  қамтыған  1916  жылғы 



көтерілістің  табиғи  заңдылықтары  ХІХ  ғасырдың  аяғы-ХХ  ғасырдың 

басындағы  дүниежүзілік  тарих  ағымымен,  әсіресе  осы  елдерді  отарлаушы 

патшалық  Ресейдің  ішкі  және  сыртқы  саясаты,  саяси-экономикалық 

дамуындағы  шиеленістердің  барынша  тереңдеуінен  туындағаны  анық.  Арада 

жылжып  уақыт  өткен  сайын  Далалық  өлкені  толық  шарпыған  1916  жылғы 

көтеріліс  жайында  жаза  отырып,  тарихи  өткеніміз  туралы  жадымызды 

жаңғыртып  қана  қоймаймыз,  сонымен  қатар  одан  сабақ  ала  отырып, 

тәуелсіздігіміз  үшін  күрескен  бабалар  рухына  тағзым  етеміз.  Бірінші 

дүниежүзілік  соғыс  тұсында  барынша  күшейе  түскен  отарлау  саясатының 

шынайы сипаты Қазақстан мен Орта Азиядағы әлеуметтік-экономикалық және 

қоғамдық-саяси жағдайдан анық көрінді. Дала өлкесінің ең шұрайлы жерлерін 

асқан  жылдамдықпен  тартып  ала  бастаған  патша  өкіметі,  соғыстағы 

шығындарды тез жабу мақсатында салықтар мен әртүрлі алымдардың көлемін 

ұлғайтып  қана  қойған  жоқ,  майданға  қажет  қыруар  шикізат,  азық-түлік,  қару-

жарақтарды жинау, тұтыну заттарының бағасын өсіру арқылы қалың бұқараны 

қанау  мен  тонауды  күшейтті.  Сондай-ақ  бірінші  дүниежүзілік  соғыс 

империядағы пісіп-жетіліп отырған дағдарысты да тереңдете түсті.  

Ұзақ уақыт бойы жалғасып келген ұлттық және әлеуметтік-рухани езгінің 

соғыс  ауыртпашылықтарымен  астарласып  кетуі  Қазақстан,  Орта  Азия  және 

ішінара  Сібірдің  бұратана  халықтарының  ер  азаматтарын  майданның  тыл 

жұмыстарына алу жөніндегі 1916 жылғы маусымның 25-дегі патша жарлығына 

наразылықпен сыртқа шықты. Наразылық көтерілісі алғашқы сәттен бастап-ақ 

бүкіл  қазақ  даласын  және  Орта  Азияны  қамтыды.  Бастапқыда  әр  аймақтық 

өңірлерде  стихиялы  түрде  басталғанымен  көтерілісшілердің  іс-әрекеттері 

біртіндеп ұйымдасқан сипат алып, ірі-ірі қарулы көтерілістерге ұласты. Ұлттық 

және  саяси  азаттыққа  қол  жеткізуді  мақсат  еткен  көтеріліс,  жоғарыда  айтып 

кеткеніміздей, бүкіл қазақ даласын толық қамтыды. Қазақстандық тарихнамада 

1916  жылғы  ұлт-азаттық  қозғалысының  ірі  ошақтары  ретінде  Жетісу,  Торғай 

даласындағы  көтеріліс  тарихына  барынша  назар  аударылып  келгені  рас.  Біз 

қарастырғалы  отырған  Меркі  көтерілісі  сол  Жетісу  көтерілісінің  шеткері 

аймағы ретінде атап өтілетін.  

Сөз  басында,  жалпы  Дала  дабылына  айналған  1916  жылғы  ұлт-азаттық 

көтерiлiстiң  шығу  себептеріне  тоқтала  кеткеніміз  жөн  болар.  Өзінің  басты 

мақсаты  отарлау  саясатын  жүзеге  асыру  мақсатында  патшалық  Ресей  1914 

жылдың  19  шiлдесiнде  бiрiншi  дүниежүзiлiк  соғысқа  араласты.  Соғыс 

тарихынан белгілі болғандай күштi державалардың екi мықты тобы – Антанта 



 

(Англия,  Франция,  Ресей)  мен  Австро-Герман  блогы  (Германия,  Австро–



Венгрия, Түркия және олардың одақтастары) бiр-бiрiне қарсы шықты. Осы екi 

жылға  созылған  соғыста  патшалық  Ресей  майданды  қамтамасыз  ету  үшiн 

Түркiстан  өлкесiнен  шикiзатты,  азық-түлiктi,  мал  мен  ақшаны  есепсiз  тонауға 

кірісті.  Нақтылы  мәлiметтер  бойынша  Түркiстан  өлкесiнен,  оның  iшiнде 

Сырдария  облысынан,  20  899  мың  пұт  мақта,  300  мың  пұт  ет,  109  мың  пұт 

мақта майы, 474 мың пұт балық, 12,7 мың пұт түйе жүнi, 220 мың пұт сабын, 70 

мың жылқы, 38 мың шаршы кез киiз, 13 441 киiз үй, 80 мың қой тасып әкеткен. 

Бiр ғана Сырдария облысының өзiнен 1914-15 жылдары 44 млн. сомның малы 

мен  мал  шаруашылығы  өнiмдерiн  алған.  Сондай-ақ  осы  жылдары  халыққа 

салынатын  салық  4-5  есеге  дейiн  өскендігін  Х.  Тұрсынов  еңбектерінде 

«Мемлекетке  бұратана  яғни  Түркiстан  халықтарынан  алынатын  тiкелей 

салықтардың мөлшерi 1914 жылы 6 559 02 сом болса, 1916 жылы ол 14 311 771 

сомға жеткен» деп көрсетеді  [1].   

Көріп  отырғанымыздай,  Қазақ  даласын  толық  қамтыған  көтерілістің 

басты  себептері,  әлеуметтік-экономикалық,  қоғамдық-саяси  және  рухани-

мәдени мәселелерге тікелей байланысты болды. Бұл аталған себептер Қазақстан 

мен  Орта  Азия  халықтарының  ең  шұрайлы  да  құнарлы  жерлерін 

отарлаушылардың тартып алуының тез қарқынмен жалғасуынан, соғысқа және 

өзге де әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты салықтар мен басқа 

алымдар  көлемінің  шамадан  тыс  ұлғаюынан,  жерінен  ығыстырылған  қалың 

бұқараның  өмір  сүру  жағдайының  барынша  күрт  төмендеуінен  байқалды. 

Сөйтіп  ХХ  ғасырдың 1914  жылдан бастап  халықтың  тұрмысы  бұрынғыдан  да 

ауырлай түсті. Уақыт өткен сайын соғысқа байланысты Ресей тарапынан тонау 

мен қанау барынша күшейе түсті. Жоғарыда айтқанымыздай, жергілікті халық 

төлейтін салықтар көлемі 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда тіпті 15 есеге дейін 

көбейді және халық күнделікті тұтынатын заттар да қымбаттай берді. Мәселен, 

1914-1916 жылдар аралығында Жетісу облысында әр түтінге салынатын салық 

3  сомнан  8  сомға  өсті.  ХХ  ғасырдың  басында  бір  пұт  ұнның  бағасы  94  тиын 

болса, 1916 жылы ол 40 сомға дейін көтерілді.  

Отарлау  саясатын  жылдан-жылға  күшейткен  патшалық  Ресейдің  қанауы 

екі  бағытта  қатар  жүрді.  Біріншісі,  қазақ  халқының  жері  мен  оның  табиғи 

байлығының  басым  бөлігіне  иелік  етті,  екіншіден  жергілікті  халықтарды 

рухани  тұрғыдан  да  тұқырта  түсті.  Яғни  етек  алған  орыстандыру  саясатының 

ықпалымен  біртіндеп  халықты  тілінен,  дінінен,  ділінен  айыру  бағытында  өз 

дегеніне икемдеу жүргізді. Осылайша ұлттық және әлеуметтік езгінің күшеюі, 

ІІ  дүниежүзілік  соғыс  тудырған  қиыншылықтарға  байланысты  халықтың 

қайыршылануы,  салық  пен  қымбатшылықтың  өсуінен  аштықтың  өсуі,  т.б., 

осының бәрі халықтың басым көпшілігі тарапынан жаппай наразылық туғызды.  

Қазақстанның,  Орта  Азияның  барлық  дерлік  аймақтарын  қамтыған 

көтерілістің  бұрқ  ете  қалуына  патшаның  1916  жылғы  25  маусымдағы 

Қазақстанның, Орта Азияның және ішінара Сібірдің «бұратана халықтарының» 

19  бен  43  жас  аралығындағы  ер  азаматтарын  майданның  тыл  жұмыстарына, 

атап айтқанда, қорғаныс құрылыстарын және әскери қатынас жолдарын салуға, 

окоптар  қазуға,  т.с.с.)  «реквизициялау  туралы»  жарлығы  басты  себеп  болды. 



 

Маусым жарлығы бойынша тыл жұмыстарына Қазақстан мен Орта Азиядан 400 



мың  адам,  соның  ішінде  қазақтардан  240  мыңға  жуық  адам  алу  қажет  болды. 

Егер  сол  кездегі  қазақ  шаруашылықтарының  саны  700  мыңнан  сәл  асатынын 

ескеретін болсақ, патша жарлығы тұтастай орындалған жағдайда, әрбір үшінші 

шаруашылық  өзінің  негізгі  еңбек  етушісінен  айырылады  екен.  Ал  мұндай 

мөлшерде  жұмысшы  қолын  майданның  тыл  жұмыстарына  әкету  Қазақстанды 

ұлттық апатқа ұшыратуы мүмкін еді. 

Маусым  жарлығы  Қазақстанның  барлық  аймақтарында  дерлік  жаппай 

наразылық  тудырды.  Әлихан  Бөкейхановтың  сөзімен  айтсақ,  «қалың  елдің 

дариядай толқуы» басталды [2].  

Қазақ  даласын  шарпыған  1916  жылғы  көтеріліс  отарлау  саясаты  асқына 

түскен  сайын  езілген  халықтар  жүргізген  азаттық  күрестер  сабақтастығының 

нығайғанын  дәлелдейді,  солардың  тарихи  жалғастығы  іспеттес.  1916  жылғы 

Орта  Азия  мен  Қазақстандағы  ұлт-азаттық  көтеріліс  осы  өлкені  мекендеген 

халықтардың тарихындағы ең асулы кезеңдердің бірі болды. Өйткені көтеріліс 

жаппай  бұқаралық  сипат  алды,  дағдарысқа  ұшыраған  қоғамның  барлық 

әлеуметтік  топтары  тартылды,  ең  бастысы,  жергілікті  халық  ортақ  мүдде 

аясында  топтасты,  қалың  бұқара  патшалық  отарлау  саясатына  қарсы  бас 

көтерді, сол мақсаттың үдесіне шығу үшін ұлттың азаматтары халық жанынан 

табылды.  

Қазақ  халқының  ғасырдан  ғасырларға  ұласып,  мыңжылдықтар  бойы 

үздіксіз  жалғасқан  азаттық  жолындағы  табанды  күресінің  тарихында  аса 

ерекше  орын  алатыны  –  1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтерілісі  екендігі  даусыз. 

Мәні  мен  маңызы  тереңде  жатқан  1916  жылғы  көтеріліс  тарихы  мен  оның 

ошақтары туралы, көтерілістің қозғаушы күші мен басшылары туралы кеңестік 

кезеңнен  бері  зерттеліп  келеді.  Қазақстан  мен  Орта  Азиядағы  1916  жылғы 

көтеріліс тарихы туралы зерттеулердің бастауында  «тарихшылардың аға буын 

өкілдері  С.  Аспандияров,  А.  Байтұрсынов,  Ә.  Бөкейханов,  Т.  Рысқұлов,  С. 

Меңдешев,  Б.  Алманов,  Б.  Қаратаев,  жазушы  Ж.  Аймауытов  тұрды.  Сонымен 

қатар олардың бәрі де сол жылдардағы қаһарлы оқиғаларды көзімен көрген, ал 

кейбірі  қозғалысқа  тікелей  қатынасқан  адамдар  еді.  Бұл  авторлардың 

жұмыстарының  маңызын  айтып  жеткізу  оңай  емес.  Бірақ  олардың  бәрі  де 

тоталитаризмнің  құрбандығына  ұшырап,  еңбектері  ұзақ  жылдар  бойы 

тарихнамадан шектеп қалды»  [3],- деп жазған болатын академик М. Қозыбаев 

өзінің  1916  жылғы  көтеріліс  туралы  еңбегінде.    Өздеріңізге  белгілі,  олардың 

еңбектері  кешегі  кеңестік  тоталитарлық  жүйе  тұсында  өктемдік  еткен 

идеологияның  шырмауында  қалып,  ұзақ  жылдар  бойы  тарихшылардың 

назарынан  тыс  қалып  келді,  дегенмен  әлі  күнге  өзінің  маңыздылығын  жойған 

жоқ. Бүгінгі таңда оларға деген сұраныс жоғары. 

Мысалға, Қазақ тарихының көне заманнан бастаған күрделі мәселелерін, 

ислам  дінінің  пайда  болу  себептерін  және  1916  жылғы  ұлт-азаттық  күресінің 

барысын  арнайы  зерттеп,  ғылыми  еңбектер  жариялаған  Санжар  Аспандияров 

өзінің «1916 жылғы көтеріліс» атты еңбегінде «Соғыс феодал империализмінің 

осы соғысы қазақтың бұқара халқына жұмсалып отырған соққы болғандықтан, 

қазақтың  буржуазияшыл  интеллигенциясы  көпшілікке  қандай  бір  жеңілдік 



 

«сұрап  алар»  деп  қазақ  бұқарасы  күтіп  тұрмады.  Қара  жердей  алып 



шыдамдылықтың  да  шегіне  жетіп,  шеңберінен  асып  төгілетін  кезі  жетті, 

бұрыннан  ішке  жинала  келген  наразылық  сыртқа  шықты.  Қазақтың  ауылы 

патшаның  жарлығына  қалың  қара  шаруалық  соғыспен  жауап  берді.  Қазақтың 

барлық ең даласындағы қазақ ауылдары өзін езуші патшаның әкімдеріне және 

олардың құйыршықтары бай атқа мінерлерге қарсы көтеріледі» [4],- деп жазды. 

Кеңестік  және  отандық  тарихнамада  жалпы  1916  жылғы  ұлт-азаттық 

қозғалысының  тарихы  жөнінде  жазылған  еңбектер баршылық.  Бұл еңбектерде 

Қазақстан  мен  Орта  Азияның  халықтарының  патша  өкіметінің  езгісіне  қарсы, 

еңбек  армиясына  жаппай  жұмылдыруға  қарсы,  бірінші  дүниежүзілік  соғысқа 

қарсы  күресінің  аясы  мен  маңызы,  қозғаушы  күші  жағынан  Ресейдің  шет 

аймақтарындағы  ұлт-азаттық  күресінің  аса  маңызды  кезеңі  деп  түсіндіріледі. 

Дегенмен ұзақ жылдар бойы жүргізілген зерттеулерге тереңірек үңілер болсақ, 

осы  мәселені  зерттеушілер  мұндай  қорытынды  мен  бағаға  бірден  келген  жоқ. 

Бастапқыда  көтерілістің  10  жылдығына  орай  1926-27  жылдардағы  жарық 

көрген  еңбектер,  кейіннен  1953-54  жылдардағы  пікірсайыстар  болды, 

оқиғаларға  қатысушылардың  естеліктері  жазылды.  Тіпті  Орта  Азия 

республикаларында  көтеріліс  материалдарын  жинау  жөніндегі  экспедициялар 

ұйымдастырылып,  конференциялар  өткізілді,  арнаулы  еңбектерді  басып 

шығару жүзеге асырылды және 1954 жылы Ташкентте Біріккен ғылыми сессия 

да  өткізілді.  Кеңестік  тарихнамада  1916  жылғы  көтеріліс  отарлауға  қарсы, 

сондай-ақ  феодализмге  қарсы  сипат  алған  антиимпериалистік  көтеріліс  болды 

деген  көзқарас  қалыптастасқаны  белгілі.  Сонымен  қатар  Қазақстан  мен  Орта 

Азиядағы  көтерілістің  өзіндік  ерекшеліктері,  әлеуметтік  топтардың  және  тап 

күштерінің  ара  салмағы,  бұқаралық  сипаты  секілді  өзге  де  артықшылықтары 

ескеріле бермейді. 

Соныменен,  Қазақстан  мен  Орта  Азияны  қамтыған  1916  ж.  ұлт-азаттық 

көтерiлiс  Оңтүстiк  өлкесiнде,  Сырдария  облысында  да  кең  қанат  жайғаны 

белгілі. Кеңестік тарихнамада тек Торғай даласындағы Аманкелдi Иманов пен 

Жетiсу  жерiндегi  Бекболат  Әшекеев  бастаған  көтерілістер  толық  зерттеліп 

келді.  Оңтүстiк  өңірдегі  дауылды  дабылдың,  яғни  1916  ж.    ұлт-азаттық 

көтерiлiсiнiң, әсіресе Ыстықкөл-Шу орталығы, оның ішінде Меркі көтерілісінің 

тарихы  ХХ  ғасырдың  20-70-ші  жылдарындағы  жазылған  еңбектерде  (Т. 

Рысқұлов,  Г.  Бройдо,  Асфендияров,  Сулейменов

 

Б.С.,  Васин  В.Я. 

т.б.)  және  мұрағаттық  құжаттарда,  құжаттық  жинақтарда,  кейбір  ауызекi 

әңгiмелерде, жазба әдебиетте (Ш. Мұртаза) жазылғанымен, бұл мәселе арнайы 

зерттелмеген.  Тек  2001  жылы  ғана  Ш.Ш.  Уәлиханов  атындағы  Тарих  және 

этнология 

институтының 

бастамасымен 

көршілес 

Қырғызстан 

Республикасының  Тарих  институтының  ғалымдары,  меркелік  азаматтардың 

қолдауымен  өткен  Халықаралық  конференцияда  осы  мәселеге  ерекше 

тоқталды.  Сөйтіп,  «кезінде  Т.  Рысқұловтың  Меркі  ұлт-азаттық  қозғалысына 

берген  бағасы  қалпына  келтіріліп  қана  қойған  жоқ,  Ыстықкөл-Шу  өлкесінің 

Жетісу  мен  Орта  Азияға  алтын  көпір  болған  жағдайы  ескеріліп,  1916  ж. 

оқиғалардың  ұлтаарлық  қақтығыстарға  әкелген  оның  ерекшеліктерін  ескере 

отырып, ұлт-азаттық қозғалыстың жеке орталығы етіп қарауды» [5] ұсынады.  


 

Сонымен, бұл мәселе ең алғаш «Новый Восток» журналында (1924. - № 



6.)  4  жарияланған    Г.И.  Бройдоның  «Восстание  киргиз  в  1916  г  (атты 

мақаласында  көтеріледі.  Бірақ  бұл  мақалада  автор  Дала  дүрбелеңі  кеңінен 

қамтыған  Жетісудің  барлық  ауданындағы  көтеріліс  барысын  толық 

қамтымайды  және  де  тек  оны  басу  барысындағы  соғыс  қимылдарына  көбірек 

тоқталады [6].  

Көтеріліс туралы ең көп жазған және көтерілістің сипаты туралы айтысып 

келген көрнекті тұлға - Тұрар Рысқұлов. Оның пікірінше 1916 жылғы көтеріліс 

«үлкен  саяси  төңкеріске  негіз  болған  ұлт  –  азаттық  қозғалыс.  Ол  орыс 

большевиктері  айтқандай  байлар  мен  пан-исламистердің  ұйытқы  болуымен 

басталған  және  буржуазия  ұлтшылдарының  идеологиясына  қызмет  еткен 

қозғалыс  емес»  [7].  Дәл  осы  тұрғыда  «Новый  Восток»  журналында  жазылған 

мақаласында  автор  көтерілістің  астарында  таза  экономикалық  себептер  -  жер 

мәселесі,  Ресейден  көшіріліп  әкелінген  келімсектер  мәселесі  және  т.б. 

жатқанын  айта  келіп,  патша  өкіметі  ресми  түрде  мәлімдегендей  «Жетісу 

(қырғыз)  көтерілісі  –  пан  -  исламистер,  пан  -  түркистер,  әсіресе,  Османлы 

өкіметінің  ұйымдастыруымен  пайда  болған  көтеріліс»  емес  екенін  бұлтартпас 

айғақтар арқылы алға тартады [8].  

Қайраткер  Т.  Рысқұлов  «Бұратана  елдердің  1916  жылғы  көтерілісінің 

басталуына соғыс майдандарындағы қара жұмысқа бұратана елдерден адам алу 

желеу  болды»,-  [9]  деген  ойын,  «қазақ-қырғыз  жұмысшыларын  жиһан 

соғысының қара жұмысына алу, сол жылғы зор қозғалыстың басты себебі емес, 

сыныққа сылтау ғана болды. Патша үкіметі алдын-ала дайындық істемей, қазақ-

қырғыз 

жұмысшыларын 



жинауға 

кірісті. 

Бұл 

белгілі 


отаршылық 

озбырлығының  ескі  дағдысы  еді.  Қазақ-қырғыздан  күштеп  жұмысшылар  алу, 

халықты  көтеріліске  шақырарлық  онша  үлкен  саясаттық  маңызды  емес  еді» 

[10], - деп жалғастырады келесі бір мақаласында. Сондай-ақ көтерілістің шығу 

себептеріне  патша  өкіметінің  Қазақстан  мен  Қырғызстан  жайында  қолданған 

аяусыз  отарлау  саясатының  терең  қайшылықты  жағдайларына  байланысты 

екендігін  айтады.  Мақалада  қазақ-қырғыз  көтерілісінің  тағы  бір  себебіне 

Ресейдің дүниежүзілік соғыста әбден қалжырап, әлсіреуін жатқызды. Осындай 

себептер қазақ-қырғыздың қара бұқарасына патша үкіметінің билігінен құтылу 

қажеттігі  туралы  пікірдің  қалыптасуына  әкелді,  екі  халықтың  патшаның 

отаршылдық  саясатына  қарсы  шығуын  да  талдап  көрсетті.  Т.  Рысқұловтың 

пікіріне  сүйенер  болсақ,  Қазақстан  мен  Қырғызстан  жерлері  патша  үкіметінің 

«халықтар түрмесі» атанған ең қараңғы, қиыр шеттегі аймағы болып саналды.  

Патша  үкіметінің  Қазақстан  мен  Қырғызстанның  жерлерін  иемденіп  алу 

себептерін  де  ашып  көрсетеді.  Себебі,  Қазақстан  мен  Қырғызстан  жерлерін 

иемденіп алғаннан кейін, патша үкіметі үшін Орта Азияның өзге аймақтарына 

да шығу мүмкіндігі туады. Бірақ патшалық Ресей екі елдің жергілікті кәсіптерін 

өркендете  алмағандығын,  Орта  Азия  мен  Ташкент  темір  жолдарын  салғызып, 

тау  кәсібінің  кейбір  түрлерін,  мақта  егістерін  кеңейтіп,  мақта  бұйымдарын 

өндіруден  басқа  іс  бітірмегенін,  жергілікті  халықтың  мәдени-рухани  дамуына 

кедергі  болғандығын,  бай,  билердің,  манаптардың  үстемдігін  көтермелеп, 


 

шенеуніктер  мен  жергілікті  әкімдердің  заңсыздықтарына  толық  мүмкіндік 



бергендігін ашық жазады.  

Ұлтымыздың біртуар ұлы, айтулы перзенті Т. Рысқұловтың «1916 жылғы 

көтеріліс» аты көлемді мақаласы «Қызыл Қазақстан» журналының үш санында 

жарық көрген. 

Осы  тұста  Т.  Рысқұлов  және  басқа  авторлардың  еңбектерін  пайдалана 

отырып  Меркі  көтерілісіне  сипаттама  берсек.  Т.  Рысқұловтың  «Восстание 

туземцев Туркестана в 1916 году» атты мақаласының «Облыстар көтерілісінің 

басталуы, өршіп күшеюі. Сырдария облысы (дуаны)» ІІ тарауында «Сырдария 

облысы  елінің  бәрі  бірдей  бас  көтерген  жоқ.  Бір  облыста  көтеріліс  алдымен 

1916 жылы июльдің 11-інде ескі Ташкент қаласында басталды. Мыңнан астам 

халық ескі  Ташкент полиция мекемесінің қасында жиналып, жұмысқа адам алу 

туралы бұйрықтың орындалуына қарсылық көрсетті», - дей келе Көкші, Сібзар, 

Шайқантауыр  аудандарында,  Қауыншы,  Шынияз,  Тойтөбе  қыстақтарында, 

Ақмешіт уезінің Күлжан, Кенжеғұл, Жақай ауылдарында, Қазалы уезінде өткен 

көтеріліс толқындарына шолу жасап өтеді. 

Одан  әрі  «Басқаларға  қарағанда  күштірек  болған  көтеріліс  -  Әулиеата 

уезінің,  әсіресе  Мерке  ауданының  қазақ  елінің  көтерілісі  болды.  Әулиеата 

уезінен қара жұмысқа 22 мың 675 адам алынбақ екен. Соған ауғұстың ақырына 

дейін болғаны 3 мың адам жиналды. Қалғанын қазақ елі беруге риза болмады» 

[11],-  деп,  қайраткер  өзі  басы-қасында  болған  Меркі  көтерілісінің  барысына 

тоқталады.  

Мынаған  барынша  басымдық  бергеніміз  қажет,  Тұрар  Рысқұлов  Меркі 

көтерілісінің географиялық ауқымы жағынан да, зардабы мен салдары жағынан 

да  анағұрлым  кең,  әрі  қатал  сипат  алғандығы  туралы  өткен  ғасырдың  20-шы 

жылдарының  өзінде-ақ  алғаш  рет  ашық  жазады  және  соған  баса  назар 

аударады. Бірақ қазақ халқының да, оның жанашыры болған ұлы тұлғаның да 

басына қасірет әкелген кеңестік қоғам идеологиясының әсерінен тарихи ақиқат 

ұзақ жылдар бойы «ақтаңдақ» күйінде қалып келді. 

 

Әулиеата  уезіндегі  көтеріліс  шілде  айында  басталды.  Алғашқы  толқу  



Әулиеатадан  60  шақырым  жерде  Күшеней

*

  болысындағы  50  адамның  Шу 



приставының  Карач  деген  орман  қараушысын  өлтіріп  [12],  содан  кейін 

жергілікті әкімдерге шабуыл жасауынан басталды.  

Көтерілістің шығуына себеп болған жағдайлардың бірі  патшалық өкімет 

орындарының  өлке  тұрғындарының  кейбір  әлеуметтік  топтарының  өкілдерін, 

яғни  болыс  басқарушыларын,  жергілікті  халықтан  шыққан  төменгі  шенді 

полицейлерді,  имамдар  мен  молдаларды,  дворян  және  құрметті  азамат 

құқықтары  барларды,  т.с.с.  майданның  қара  жұмыстарына  шақырмайтын 

болды.  Ал  жергілікті  байлар  мен  малдылардың,  олардың  туыстары  да  өзге 

аймақтардағыдай жеке басын куәландыратын құжаттың жоқтығын пайдаланып, 

жас  мөлшерін  не  төмендетіп,  не  үлкейтіп  көрсетулеріне  байланысты  тізімнен 

тысқары  қала  берді.  Осының  барлығы  халықтың  басым  көпшілігінің  ашу-

ызасын  туғызды.  Көтерілісшілер  болыстық  кеңселерді,  болыстар  мен  ауыл 

старшындарының  үйлерін,  жасалған  тізімдерді  өртеді,  жекелеген  болыс 

бастықтарын өлтірді. 



 



*



Анықтама: 

Күшеней  (Көшендей)  болыстығы  бұрынғы  Свердлов  ауданы, 

Шаповаловка селосы «Трудовой пахарь» колхозының орталығы болған «Буденовка» ауылы,  

қазіргі Байзақ ауданы «Түймекент» ауылдық округі. 

 

 

Шілденің соңы мен тамызда бүкіл Шу-Ыстықкөл аймағы жаппай толқуға 



түседі.  Көтерілістің  алғашқы  ошағы  Мерке  бөлімі  болды,  кейін  Аса,  Шу 

бөлімдері де қосылды. Т. Рысқұлов көтеріліске Қорағаты, Көшеней, Аққолтық, 

Талас,  Самбет,  Алматы,  Тастөбе,  Мақпал  болыстары,  сондай-ақ  Пішпек  пен 

Әулиеата  уездеріне  қарасты  қазақ-қырғыз  қатар  жайлаған  Сусамыр  жайлауын 

жайлаған  елдер  де  қатысты  деп  көрсетеді.  Жергілікті  халық  Белубуддинский, 

Николайский, Перовск сияқты поселкелеріне шабуылдап, Жетісу темір жолын 

салып жатқан жұмысшылардың қалаға кетуіне себеп болады. 

Қазақ-қырғыз 

наразылығының 

күшейуінен 

сескенген 

Түркістан 

губернаторлығы  Ташкеннен  Әулиеата-Пішпек  көтерілісін  басуға  едәуір  күш 

жібереді.  Күшті  қаруланған  жазалаушы  қосындар  оқ  жаудырып,  жазықсыз 

жандарды  аяусыз  қырды.  Жазалаушы  отрядтардың  саны  барған  сайын  өсе 

түсті.  Сондай-ақ  жергілікті  орыс  мұжықтарын  да  қаруландырылады.  Тіпті 

Пішпектен  Меркіге  жазалаушы  қосындарды  тез  жеткізу  мақсатында 

автокөліктер  де  пайдаланылған  [12,  175-б.].  Сөйтіп  Меркіде  үлкен  әскери 

лагерь  пайда  болды.  Көтерілісшілердің  Шалдуар  мен  Меркі  ауданындағы 

қарсылығы 25 тамызда басталды.  Олардың қатары мыңға жуық болатын, олар 

пристав  бастығымен  келісімге  келмей,  бір  бөлігі  Меркіге,  келесі  бөлігі 

Кузьминкаға  шабуыл  жасады.  Меркеге  шабуыл  жасалған  сәтте,  одан  100 

шақырым  жердегі  Аса  болысының  қазақтары  Ново-Троицк  селосына  шабуыл 

жасап,  9  аймақты  өртеп  жіберді.  Содан  кейін  олар  құмға  қарай  төмен  түсіп 

кетеді  [13].  Мұрағат  құжаттарында  кулактар  селениесі  Ново-Троицкіге 

көтерілісшілердің  шабуылы  шиеленісті  түрде  өткендігі,  жергілікті  байлардың 

ұлттық  араздықты  күшейтуге  тырысқандығына  қарамастан  орыс  шаруалары 

мен көтерілісшілер арасында өзара байланыс болғандығы көрсетілген [12, 175-

б.].  

29-30  тамыз  күндері  найза,  шоқпар,  айбалта,  сойыл,  аңшы  мылтығы 



секілді  қарабайыр  қарулармен  жасақтанған  1500-2000  мыңдай  сарбаздардың 

Меркіге  жасаған  шабуылы  сәтсіз  аяқталады.  Жеңіліске  ұшыраған 

көтерілісшілер Шуға, құмға қарай бас сауғалап қаша бастайды. Көтерілісшілер 

Шалдуар  мен  Меркі  арасындағы  телеграф  линиясын,  кейіннен  Меркі-Пішпек 

телеграф  линияларын  үзіп  тастады.  Жағдайға  қатысты  Түркістан  генерал-

губернаторы Куропаткиннің Кавказ майданының бас қолбасшысы кн. Николай 

Николаевичке:  «беспорядки...  перекинулись  в  Смиреченскую  область, 

захватывая  обширный  район.  Почтово-телеграфное  сообщение  между 

Ташкентом и Верным прервано. Несколько станций разрушено» [12, 171-б.] деп 

берген  жеделхаты  оқиғалардан  нақтылы  хабар  береді.  Бірақ  патша  әскерлері 

жақсы  қарумен  жасақталғандықтан,  көтерілісшілердің  шегініс  жасауына  тура 

келді.  Шабуылды  жалғастырушылар  кеңесе  келіп,  учаске  приставының 



 

жазалаушы  қосынына  қарсы  мыңдаған  жылқы  табындарын  айдап,  таптап  өту 



туралы шешім қабылдайды. 

Меркі  көтерілісінің  мұндай  жағдайынан  хабар  беретін  құжаттардың  бірі 

М. Тынышпаевтың Сырдария облысының губернаторына жазған мәлімдесінде 

Әулиеата  ояздығындағы  (уезіндегі)  орыс  тұрғындарының  қазақ-қырғыздарға 

қарым-қатынасына баға бере келіп, «қырғыз, қазақтардың амалсыз әрекетерінің 

себептері мынада: 

1.

 

Патша  ағзамның  жарлығының  мәнін  өкімет  орындары  дер  кезінде 



түсіндірмеген. 

2.

 



Өкімет орындары абыржып қалған. 

3.

 



Приставтар дұрыс қимылдамаған. 

4.  Орыс  шаруалары  тонаушылықпен  айналысқан»,- деп  баяндай отырып, 

«Подполковник  Тризнаның  қолданған  шараларын  қазақтар  да,  қалалықтар  да 

шынай  қуанышпен  қарсы  алған.  Біз  кетер  кезде  Шу  қазақтары  небәрі  2-3  күн 

ішінде өздерінің тұрғылықты жерлеріне толықтай дерлік оралған. ...» [14],-  дей 

келе,  Меркі  қазақтарының  қарулы  көтерілісі  29  тамызда,  ал  16  қыркүйекте 

пристав  Рубаневтің  отрядымен  қақтығысқандығы  айтылады.  М.  Тынышпаев 

мәлімдемесі  бойынша  Новотроицк  селосы  маңында  50-ге  жуық  орыс 

азапталып,  Кузьминка  селосында  20  қоныс  өрттеліп,  Меркі  маңында  9  хутор 

тоналды  және  қиратылады,  содан  соң  приставқа  шабуыл  жасалып,  қайтадан 

Меркі мен Мөңке станцияларына шабуыл жасалынады.  

Ал  осы  баяндамадағы  мәліметтерді  барынша  жоққа  шығаруға  тырысқан 

жалған  дәлелдеулер  «Әулиеата  оязының  бастығы  полковник  Кастальскийдің 

Сырдария облысының әскери губернаторы А.С. Мадритовқа М. Тынышпаевтың 

уездегі  қазақ  болыстықтарындағы  көтерілістің  себептері  туралы  баяндамасы 

бойынша  түсініктемесінде  (10  қараша  1916  ж.)»  беріледі.  Онда 

көтерілісшілердің  талап-тілектері  бұрмаланып,  тізім  жасау  мен  орыс 

қарашекпенділеріне көрсетіліп отырған қарсылықтары жазылады  [13, 111-121-

бб

.

]. 



30  тамыз  күні  Мөңке  станциясы  маңында  жазалаушылар  қосынымен 

қақтығыста көтерілісшілердің жетекшісі қайтыс болады [12, 180-б.].  

Ал  4  қыркүйек  күні  Меркіден  70  шақырым  жерде  2  мыңға  жуық 

көтерілісшілер жазалаушы қосынға шабуылдайды [12, 180-б.]. 

Шу  приставының  аймағы  да  көтерілістің  ошағына  айналды. 

Көтерілісшілер  Әулиеатадан  300  шақырымдай  жерде  тұрды.  Негізгі  құрамы 

Әулиеата,  Ақмола,  Аса    болысының  қазақтары,  жалпы  саны  3  мыңға  жуық 

болатын.  Шу  бойына  шоғырланған  қазақтар  Меркі  бөлімі  қазақтарының  

Новотроицкі, Кузьминка, Меркі, Мөңке және Луговойға жасаған шабуылдарын 

сәтті өткен және орыстардың әлсіздігін көрсеткен оқиға деп санады. Сондықтан 

да олар пристав бастығын қолға түсіріп, Әулиеата бағытында жүрді. Олардың 

Әулиеатаға  шабуыл  жасау  жоспары  жөнінде  хабар  алған  Шу  приставының 

бастығы Урбанек көтерілісшілермен келісімге келудің мүмкін еместігін түсініп, 

оларға  қарсы  65  төменгі  шендегі  әскермен  3  офицерді  аттандырды. 

Көтерілісшілер  мен  Урбанек  әскері  арасындағы  шайқас  16  қыркүйекте 

Әулиеатадан 70 шақырым жердегі Аманқұл деген жерде болды [12, 180-б.].  



 

Жоғарыдағы  уезд  бастығы  Кастальскийдің  мәлімдемесіне  сенсек,  бұл 



аттаныстың  мақсаты  жазалау  емес  еді,  олар  келіссөз  жүргізіп,  бүлікшілерді 

тізім беруге және өкімет орындарының талабына бағындыру болды дейді.  

Тізім  туралы  Т.  Рысқұловтың  Қазақ  өлкелік  комитетінің  органы  болған 

«Қызыл  Қазақстан»  журналының  1926-1927  жылдардағы  нөмірлеріне 

жариялаған  «1916  жылғы  көтеріліс»  деп  аталатын  көлемді  ғылыми 

мақаласында  Түркістан  генерал-губернаторы  Куропаткиннің  патша  жарлығы 

бойынша  Түркістан  өлкесінің  облыстарынан  қара  жұмысқа  алынатындардың 

нақты  санын  жариялауы,  елдің  ішінде  патша  жарлығына  әлі  де  болса  жете 

түсінбей,  «бұл  алыпқашты  сөз  екен,  мұсылмандардан  алынбайтын  болыпты» 

деп бірін-бірі сендіріп, тыныштана бастаған халықты тағы да дүр сілкіндіруінің 

себебін  айқындап  береді.  Т.  Рысқұловтың  көрсетуінше,  бұл  жарлық  бойынша 

Түркістан  өлкесінен  алынатын  200  мың  адам  жеке  облыстарға  мына  түрде 

бөлінген:  Сырдария  облысына  –  60  мың,  Самарқан  облысына  –  32  мың  407, 

Ферғана  облысына  –  51  мың  233,  Жетісу  облысына  –  43  мың,  Түрікпен 

облысына – 13 мың 830 адам. 

Ал енді Әулиеата уезінен майданға жіберілетін қазақтар туралы мәліметті 

полковник  Кастальскийдің  Ташкент  әскери  губернаторына  жіберген 

жеделхаттарынан  көруімізге  болады.  1916  жылғы  31  қазандағы  жеделхатта: 

«Ояздағы  көшпелі  майданға  жұмысқа  жіберілуге  белгіленген  12622 

жұмысшыдан  көшпелі  –  1349,  отырықшы  –  606  адам  жіберілді»  деп 

көрсетілген. 

Уезд  бастығы  міндетін  уақытша  атқарушы  подполковник  Сублатовтың  



«Майданға  наряд  бойынша  алынатын  жұмысшыларды  жинау  туралы 

мәліметінде»  

Айы, күні 

Мекен-жайы 

Алынатын 

адамдардың 

күтіліп отырған 

саны 

Тамыз 3 


Әулиеата қаласы 

1120 


Саңлақ ауылы 

   20 

 

Жалпақтөбе ауылы 



   28 

 

Бесағаш ауылы 



57 

 

Үшқорған ауылы 



66 

 

Қараарша ауылы 



28 

 

Жайылған 



46 

 

Барлығы__1255'>Барлығы__920'>Барлығы__530'>Барлығы__1845'>Барлығы__865'>Барлығы__1085'>Барлығы__245'>Барлығы 



245 

Меркі ауылы 



125 

Ботамойнақ болысы 



 

 

Алмалы болысы 



570 

Талас болысы 



445 

Сәмбет болысы 



360 

 

Өтеміс болысы 



270 

 

Барлығы 



630 

Аса болысы 



410 

Үшқорған болысы 



675 

 

Қарабақыр болысы 



410 

 

10 


 

Барлығы 

1085 

21 


Ащыбұлақ болысы 

 

 



Шөңгер болысы 

610 


23 

Бақайыр болысы (қырғыздар) 

240 

 

Көшеей болысы 



625 

 

Барлығы 



865 

25 


Тастөбе болысы 

455 


 

Қарақыстақ болысы 

790 

 

Барлығы 



1245 

26 


Күркіреу болысы 

735 


 

Қарабура болысы 

495 

 

Мақпал болысы 



395 

 

Аспара болысы 



955 

 

Барлығы 



1845 

30 


Қарабастау болысы 

475 


Қыркүйек 1 

Шілбелді болысы 

240 

 

Сиқым болысы 



290 

 

Барлығы 



530 

Билікөл болысы 



570 

 

Бурыл болысы 



410 

 

Барлығы 



980 

Қарақойлы болысы 



330 

 

Талқан болысы (қырғыздар) 



690 

 

Барлығы 



1070 

Баутерек болысы 



890 

Күйік болысы 



455 

 

Байтемір болысы 



465 

 

Барлығы 



920 

Жайыл болысы (қырғыздар) 



515 

Шақпақ болысы 



655 

 

Бестас болысы 



400 

12 


Аққолтық болысы 

520 


 

Аша болысы 

770 

 

Қорағаты болысы 



865 

 

Барлығы 



1255 

13 


Үш марал болысы 

235 


15 

Кеңқол болысы (қырғыздар) 

620 

16 


Ошақты болысы 

910 


 

Ағашақ болысы 

735 

 

Барлығы 



1645 

18 


Ойық болысы 

875 


19 

Жетіген болысы 

285 

22 


Қарақол болысы (қырғыздар) 

440 


 

Барлығы уезд бойынша  

22 100 

 

ЕСКЕРТУ: 475 адам – Арғын және Шу болыстарынан әкетілгендер. 

Уезд бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник 

СУБЛАТОВ». 

Міне, өздеріңіз көріп отырғандай,  бірініші дүниежүзілік соғыстың қанды 

қырғын  майданына  окоп  қазуға,  қара  жұмыстарды  атқаруға  жіберілетін 



 

11 


қазақтардың  аты-жөні  мен  саны  осылайша  көгендегі  қозы-қойдай  тізімге 

алынған.  Тағы  бір  тоқтала  кететін  жәйт,  Түркістан  өлкесінің  генерал-

губрнаторының  1916  жылғы  28  тамыздағы  бекіткен  ведомость  бойынша 

Әулиеата уезінен 13 104 адам алу жөнінде бұйрық берілсе, көтерілістен кейін – 

22100-ге көтерілгенін байқаймыз.  

Көтерілістен кейінгі мәлімет бойынша жалпы Әулиеата уезінен майданға 

қара жұмысқа алынғандар:  

Болыстықтардың атауы 

Адам саны 

Әулиеата қаласы 

3984 

Ботамойнақ , Алмалы 



314 

Аса 


215 

Ащыбұлақ 

230 

Сәмбеттер 



210 

Тастөбе 


237 

Қарабастау 

265 

Билікөл 


383 

Ойық  


490 

Ошақты 


471 

Бурыл 


211 

Бестам  


193 

Талас  


219 

Өтеміс 


141 

Қарабақыр 

232 

Көшеней 


386 

Қарақойлы 

198 

Байтемір 



340 

Мақпал 


246 

Сиқым 


166 

Ағашақ 


492 

Аққолтық 

316 

Арғын 


125 

Шу 


164 

Қарақыпшақ 

506 

Шөңгер 


385 

Аспара 


549 

Талқан  


353 

Қорағаты 

617 

Жайыл  


256 

Әмин 


514 

Шақпақ 


323 

Күйік  


241 

Үшқорған 

370 

Күркіреусу 



330 

Шілібел 


130 

Бақайыр 


135 

Қарабура 

209 

Баутерек 



464 

Кеңқол 


434 

Қарақол  

474 

Жетіген 


162 

 

12 


Үшмарал 

107 


Әулиеата  уезінің 43 болысынан 

13 104 


 

Қос  кестеден  көріп  отырғандарыңыздай  Меркі  көтерілісінің  басталуына 

себеп  болған  майданға  қара  жұмысқа  адам  алу  тізімі  осылай  дайындалып, 

жүзеге асырылған  [15].  

Меркі  көтерілісшілері  20  қыркүйекте  Мойынқұмға  қарай  шегініп,  күш 

жинау,  жаңа  шабуылдарға  дайындық  жасауға  кіріседі.  Көтерілісте  қазақ 

кедейлері  барынша  белсенділік  танытады.  Мойынқұмғ  қарай  тереңдеп  енген 

көтерілісшілердің  басшылары  Жетісудің  өзге  аймақтарына  өз  елшілерін 

жіберіп,  бірлесе  күресуге  шақырады.  Қаншалықты  қарсыласқандарымен 

қыркүйек айының ақырында Меркі көтерілісшілері жеңіліс тапты. 

Жалпы  алғанда  Жетiсу  облысындағы  130  болыстықтың  102-сi  осы 

шайқасқа  қатысса,  Сырдария  облысындағы  алты  уезге  қарасты  146 

болыстықтың  114-iнiң  азаматтары  атқа  қонды.  Мұндағы  дүмпудi  басуға 

Шымкент  пен  Әулиеатадағы  және  Түркiстан  мен  Қазалыдағы  жасауылдар 

аздық еткендiктен, Гродеков Ташкент пен Орынбордағы гарнизондардан көмек 

сұрады.  Сырдария  облысының  көлемi  Жетiсу  жерiнен  әлдеқайда  көлемдi  әрi 

халқы да көп болатын. Ташкенттегi генерал-губернатор Куропаткин Жызақ пен 

Пiскенттегi,  Ферғана  мен  Намангандағы  көтерiлiсшiлердi  басуға  аттанған 

арнайы  Түркiстан  легионынан  5  мың  солдатты  қамтитын  жазалаушы  отрядты 

Сырдария  жерiне  бөлдi.  Бұл  жазалаушы  отрядта  10  зеңбiрек,  12  пулемет 

болғанымен  көтерiлiс  өте  үлкен  аумақты  қамтығандықтан,  олар  Ташқазақ, 

Шымкент  уездерiндегi  көтерiлiсшiлердiң  өзiмен  екi  аптадай  соғысып,  басқа 

өңiрлерге  жете  алмады.  Қыркүйектiң  басында  Орал-Қызыл  Арбат-Ташкент 

темiржолы  арқылы  тез  жеткен  13  зеңбiрек,  23  пулеметпен  жарақтанған 

құрамында  2500  жасағы  бар  орынборлық  полк  келгенде  ғана  Шымкенттен 

асып, Түркiстан жаққа шыға алды. 

Меркі көтерілісінің басшылары мен оған қатысушылар туралы бірер сөз.  

Біз  Т.  Рысқұловты  осы  көтерілістің  зерттеушісі  ғана  емес,  соған  тікелей 

қатысушы, Ақкөз батырдың кеңесшісі ретінде де тануымыз керек. Ол өз алдына 

жеке зерттеуді талап етеді. 

Көтеріліс  басшысы  Ақкөз  Қосанұлы  (1859-1921)  -  Ұлы  жүз  Дулаттың 

Ботбай  руынан  шыққан.  Қорағаты  болыстығының  болысы  да  болған.  Бұзау 

аулынан шығып, Меркі, Құлан өңірінің 7 болыс елін көтеріліске бастады. Ақкөз 

батыр  18-19  жасында  80-нен  асқан  Сыпатай  батырдың  батасын  алған. 

Орынбасары  болып  Досмайыл  Сырғабайұлы  (1938  ж.  қайтыс  болды),  хатшы 

және діни басшысы болып Өмірзақ молда сайланды. Жазалушы қосындар қазан 

айында  Ақкөз  батырды  ұстап,  Әулиеатаға  түрмеге  жабады.  Ақкөз  батыр 

бастаған  көтерілісшілерге  қарсы  26  қылмыстық  іс  көтеріледі  [16].  Түрмеден 

қазан  төңкерісінен  кейін  босап  шықты.  1919  жылы  Новотроицк  (қазіргі  Төле 

би)  базарында  орыс  отаршылдарының  бұзақылары  өлімші  етіп  сабап,  сегіз 

қабырғасын сындырды. Ақкөз батыр екі жыл төсек тартып жатып, 1921 жылы 

көз жұмды. Меркі көтерілісіне қатысушылар Аршынбай, Сатыпалды, Ақылбай, 

Жылқыбай,  Шынбатша,  Құсмолла,  Қыдырбай,  Әлімжаныс,  Ақкөз  батырдың 


 

13 


жары Қымбат ана, Ә. Аталықұлы, Ө. Бұланұлы, А. Нартайұлы, Ү. Иманбекұлы, 

Ш.  Қамбарұлы,  Б.  Әбейқызы,  және  т.б.  атап  өтсек,  тәуелсіздік  жолында 

күрескен, жылдар бойы есімі тасада қалып келген жерлестеріміздің рухын ғана 

көтеріп  қоймаймыз,  келер  ұрпақ  ата-баба  ерлігіне  қарап  бой  түзері  анық. 

Жоғарыда  есімдері  аталғандар  1916  ж.  көтерілістің  куәгерлері  ғана  емес,  оған 

тікелей араласқан, сол үшін патшалық билік жүйесі тарапынан кезінде қуғын-

сүргін  көрген  жандар  еді.  Олардың  есімдерін  әлі  де  болса  толықтыра  түсу 

қажет,  өйткені  осы  Меркі  көтерілісі  кезінде  үш  күн  бойы  қоршауда  болған 

Луговое  және  Каменка  елді  мекендері,  луговойлықтар  қаншалықты  қарсылық 

танытқандығы  туралы  әлі  де  болса  толық  мәліметтер  жоқ.  Тек  көтеріліске 

қатысушы Қ. Сүгірұлының «Ақкөз батыр» дастанында:  

Меркінің айналасы қалың жатқан 

Көлемі әжептеуір ел келеді. 

Болыстың ең үлкені Досет, Қосет, 

Луговой, жатқан жері Шөңгер еді. 

Серігі Қали менен Төреқұл ед

Тасы өрге уағында дөңгеледі. 

Болысы Қарақыстақ Әбділдаға 

Төреқұл  қозғалма  деп  сөз  береді,-  деп  жырлай  келе,  Құлан  жерінің  өзге 

тұрғындарының  Бұралқы,  Қабылбек  есімдерін  атап  өтеді.  Әрине,  бұл 

дәйектеуді қажет етеді. 

 Міне, көтерілістің ашылмаған тұстарының бірі осы деп те айта аламыз.  

Меркі-Шу  көтерілістерінің  тағы  бір  ерекшелігі,  мұнда  Сырдария 

облысының  Әулиеата  уезінің  құрамына  енген  жерлерде  қазақ  пен  қырғыз 

руларының қатар қоныс тебуіне және Жетісу облысына қарасты Пішпек уезінің 

көрші  орналасуына  байланысты,  оны  жоғарыда  келтірілген  кестедегі 

мәліметтер  де  растайды,  көтерілісшілердің  құрамы  да,  басшылары  да  соған 

сәйкес болды.  

Қырғыздардың  кейбір  ру  басылары  мен  манаптары,  белгілі  ақсақалдары 

көтеріліске  басшылық  та  жасаған.  Бұл  жайында  да  Т.  Рысқұлов  нақты  мысал 

келтіреді.  Мәселен,  ол  манап  Шабданның  балаларын  атаған.  Кейбір 

зерттеушілердің көрсетуінше, көптеген бай-манаптар патша үкіметін қолдамай 

көтерілісті бастаушы, тіпті сол көтерілістің соңына дейін жүргендер де болған. 

XVIII-XX  ғғ.  қазақ-қырғыз  саяси  байланыстар  тарихын  зерттеген  ғалым  А. 

Махаева  бұл  көтерілісті  басқару  үшін  қазақтар  мен  қырғыздар  арасынан 

төрелер  мен  манаптардың  әйгілі  батырлары  мен  билері,  болыстардың  да 

көтерілісшілер  жағына  шығып,  көтеріліске  жетекшілік  жасаған  манаптар  мен 

манаптардың балаларын, билерді  атайды. «Олардың қатарында Қыдыр манап, 

Қанат Ыбыкеұлы, Шабдан манап ұлдары  – Мокуш, Самдүдүн, Кемел, Жантай 

манаптың  немересі,  Шабдан  манаптың  інісі    -  Ыбырайым  Төлеқажыұлы  (Ы. 

Төлкенов деп те аталады) т.б. болды.  

1916  жылы  қазақтарға  елшілікке  келетін,  осы  көтеріліс  жөнінде  тарихи 

маңызы  зор  мәліметтері  бар  «Қырғыз-қазақ  тарихының»  авторы  Белек 

Солтонаев  та  Әтеке  болысының  басқарушыларының  бірі  болатын»,  -  деп 

жазады [17].  


 

14 


Соныменен,  жалпы  1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтерілістің  жан-жақты 

зерттелуі  ХХ  ғасырдың 80-ші жылдарының соңындағы  қайта  құрулар  мен 90-

шы  жылдардың  басындағы  өтпелі  кезең  тұсында  қайта  қолға  алынып,  оның 

маңызы  мен  сабақтарын  бағамдау  қажеттілігі  туды.  Сол  жылдары  академик 

М.Қ.  Қозыбаев  өзі  басқарған  Ш.  Уәлиханов  атындағы  Тарих  және  этнология 

институтының  қызметкерлерін  Қазақстан  тарихының  өзекті  мәселелерін 

зерттеуге  жұмылдыра  отырып,  тарих  ғылымының  қоғамдағы  орнын 

айшықтайтын  түбегейлі  зерттеулер  жүргізілді.  Институт  ғалымдарының  күш-

жігерімен  тарих  ғылымының  маңызды  қағидалары  жасалды,  «ақтаңдақтарды» 

қалпына  келтіру,  қазіргі  дүниедегі  Қазақстанның  орны  мен  рөлін  айқындау 

бағытында үлкен ізденістерге бастамаға жол ашты.  

Алғашқы  игі  бастамалардың  бірі  «Вопросы  истории»  журналымен 

бүкілодақтық  «Национальные  движения  в  условиях  колониализма:  Казахстан, 

Средняя  Азия,  Северный  Кавказ»  тақырыбында  өткен  «Дөңгелек  үстел»  осы 

аймақтардағы  отарлық  езгідегі  ұлт-азаттық  қозғалыстар  тарихына  арналады 

[18].  Жеке  басқа  табынушылық  пен  тоқырау  тұсында  бұл  мәселе  тарих 

ғылымында бұрамаланып, сол кезеңдегі үстемдік құрып халықтардың  азаттық 

күресі  – отандық тарихтың құрамдас бөлігі, біздің еліміздің өткен жолындағы 

батырлық  пен  қайғылы  беттері  ғылыми  негізсіз  соқыр  таным  (догма)  мен 

стереотиптер 

мүддесіне 

сай 


қарастырылып 

келген-тін. 

Академик 

тұжырымдамасы  бойынша  Қазақстан  мен  Орталық  Азиядағы  ұлт-азаттық 

көтерілістер  тарихы  ғана  емес,  жалпы  ұлт  тарихы  «Ресей  империясының 

бұрынғы ұлттық аймақтарындағы бірі»,  оған заман талабына сай жаңа зерделеу 

қажеттігін  айтады  [19].  М.  Қозыбаевтың  тәуелсіздік  жылдары  ұлт-азаттық 

қозғалыстар  тарихы,  олардың  қозғаушы  күші,  басты  орталықтары,  себептері 

мен  сабақтары  туралы  жазылған  ғылыми  еңбектерінде  бүкіл  қазақ  даласын 

толық  қамтыған  дауылды  қозғалыстың  мынандай  ерекшеліктерін  атап 

көрсетеді: 

1.

 



азаттық қозғалыс бүкіл халықтық бағыт алғандығы; 

2.

 



қозғалыс  жалыны  Ұлы  Даланы  ғана  емес  Орта  Азияны 

шарпығандығы; 

3.

 

күрес жалпы империяға қарсы болғандығы



4.

 

тұтастай  көтерілген  халық  тек  қана  қарулы  күш  ұйымдастырып 



қоймай, ел басқару органдарын құрып, құқықтық жүйе белгілеп, жалпы алғанда 

мемлекеттік негіздер құрғандығы  [20]. 

Аталмыш  ерекшеліктерімен  қатар  М.  Қозыбаев  еңбектеріндегі  1916 

жылғы ұлт-азаттық қозғалыс жөніндегі жасаған өзіндік тың тұжырымдарының 

ғылыми  маңыздылығының  айырықша  екендігін  ғалымның  осы  мәселеге 

бірнеше мәрте қайталап қарастыруынан да байқаймыз. Қарастырылып отырған 

мәселенің маңыздылығын анықтау үшін академиктің еңбектеріне тарихнамалық 

шолу  жасау  барысында  1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліс  туралы  берген 

нақтылы  тұжырымдамасы:  «ауқымдылығы  мен  қатысушыларды  қамтуы  және 

зардаптары жағынан алғанда ол империя құрамындағы отаршылдық құлдықтың 

бүкіл кезеңі ішіндегі азаттық күресінің шырқау шыңы болды» [21]. 


 

15 


Жоғарыда айтып кеткеніміздей, кеңестік тарихнамадағы шешуін таппаған 

мәселе  1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтерілістің  географиялық  аумағы  болатын. 

Тағы да М. Қозыбаевтың пайымдауына көз жүгіртейік: «Как известно, до 90-х 

годов исследователи считали основным очагом национально-освободительного 

движения  1916  г.  Тургайскую  степь.  Ныне  доказано.  Что  первоначальным 

центром  противостояния  колонии  и  метрополии  было  Семиречье.  Более 

детальное  изучение  проблемы  дает  основание  полагать,  что  центр  тяжести  в 

августе  1916  г.  постопенно  переместился  в  Чуйскую  долину»,  -  дей  келе  бұл 

аймақтың  көтеріліс  ошағының біртіндеп  Орта  Азияға қарай  ауысуында  өтпелі 

көпір міндетін атқарғандығын айтады [22]. 

Сондай-ақ,  Шу-Ыстықкөл  алқабындағы  1916  жылғы  көтеріліс  жалпы 

Қазақстандағы  ұлт-азаттық  қозғалыстар  тарихынан  өзінің  лайықты  орнын 

таппай  келгендігі  ғылыми  ақиқат.  Себебі:  «біріншіден,  аймақтағы  орын  алған 

оқиғалар  өзінің  ерекшеліктері  бар  маңызды  басты  орталық  ретінде 

көрсетілмеген.  Екіншіден,  Кеңес  өкіметі  тұсында  тарихшылар  аймақтағы 

оқиғалардың  патшалық  отарлаушы  әкімшіліктің,  Түркістан  христиандық 

епархиясының кінәсінен ешбір жазықсыз жандардың қаны төгілгендігін, содан 

көтерілістің  ұлттаралық  сипат  алғандығы  туралы  шындықты  ашып  көрсетуге 

қаймықты, ұлыдержавалық шовинизм мен шектен шыққан монархизм жеңіске 

жетті. Үшіншіден, мәселе өзінің ұлттық шекарасынан шығып кетті, ақиқатында 

көтерілісшілер  Жетісу  облысын  Сырдариямен,  Қазақстанды  Қырғызстан, 

Өзбекстан  және  Түрменстанмен  байланыстырушы  буын  міндетін  атқарды. 

Төртіншіден,  ұзақ  жылдар  бойы  халық  батырлары,  көтеріліс  басшылары,  ең 

алдымен  Ақкөз  Қосанов,  Мұқұш  Шабданов  және  т.б.  есімдерінің  ұмытылып 

келуімен» [23] байланысты еді. 

Тоталитарлық 

жүйе 

тұсында 


партиялық 

идеологияның 

қатаң 

бақылауында  болған  тарих  ғылымы  80-ші  жылдары  өзінің  шығармашылық 



әлеуеттілігін,  зерттеулерде  ғылыми  объективтілігін  жоғалтып  алғандығы 

ақиқат  нәрсе.  Жалпыадамзаттық  артықшылықтар  таптық,  ұлттық  – 

интернационалистік  сипатқа  ие  болып,  біртұтас  кеңес  халқы  жетістіктерімен 

суреттелді.  Қазақ  халқының  тарихы  таңдамалы  түрде  ғана  зерттеліп, 

Қазақстанның  Ресейге  қосылуы  үрдісі  идеологияландырылды,  патшалық 

империя  құрамындағы  отарлық  жағдайы  жөніндегі  пайымдаулар  жоққа 

шығарылып  келді.  Әсіресе,  қазан  революциясынан  кейінгі  қазақ  тарихындағы 

көп тұстар бұрмалауға ұшырағандығы аян.  

Дегенмен, кеңестік тарихнамада толық қамтылмаса да, 1916 жылғы Меркі 

көтерілісі  тарихта  өзіндік  із  қалдырған  айтулы  оқиға.  Көтеріліс  және  оның 

жетекшілері,  қатысушылар  туралы  Т.  Рысқұлов,  М.  Тынышпаев,  Г. 

Сапарғалиев,  М.  Қозыбаев,  К.  Нұрпейіс  секілді  ғалымдардың  зерттеулерімен 

қатар,  Т.  Қожакеев,  Ш.  Мұртазаның  романдарында,  мерзімді  баспасөз 

беттерінде К. Рахымбаев, Ш. Мамасерікова, Қ. Сарымолдаұлы, Б. Дауылбаев, Б. 

Әбілдаев,  Н.  Омарғалиев,  т.б.  шығармаларында  көркем  әдебиет  тұрғысында 

берiлген.  Әсіресе,  Меркі  көтерілісіне  қатысушы  Қиялбай  Сүгірұлының  1936 

жылы  жазылған  «Ақкөз  батыр»  дастаны  сол  күндердің  жаңғырығындай 

естіледі.  Дастанның  қолжазбалық  нұсқасы  ҚР  Ұлттық  Ғылым  академиясының 



 

16 


мұрағатында  сақталған.  Бiрақ  бұл  дастан-дерек  көтерiлiстiң  барлық  ақиқатын 

танып-бiлуге тым аздық етедi. 

Көтерілістің  өзге  аймақтармен  сабақтастығының  және  зардаптарының 

көрінісі  ретінде,  1916  ж.  көтерілістің  Торғай  ошағының  сардарбегі  Амангелді 

Имановтың  бірге  туысқандары,  атап  айтқанда,  немере  ағасы  Иманқұлдан 

тараған  Мақаш  әулеті  сол  нәубетті  жылдары  жазалаудан  қашып,  көтеріліс 

басылғаннан  кейін  жер  ауа  көшіп  келіп,  қазіргі  Т.  Рысқұлов  ауданының 

«Жаңатұрмыс»  ауылында  тұрақтап  қалуының  өзі  көп  нәрседен  хабар  береді 

[24].  Иә,  1916  жылғы  көтерілістің  зобалаңынан  азып-аршыған,  жазалаудан 

қорғалақтаған қазақ бір түнде Қытай асып, Балқаш құмын сағалап, босқындап 

кетті.   

Ойымызды  көрнекті  қазақ  ғалымы  Кеңес  Нұрпейісов

  «

Кейбір  шекаралас 



өңірлерде  қазақтар  мен  қырғыздар  патша  жазалаушыларына  бірлескен 

қарсылық  аймақтарын  құрды.  Олардың  қатарында  Қарқара  (Қазақстан)  және 

Қарақол  (Қырғызстан)  қарсылық  аймағын,  Әулиеата  (Қазақстан) және  Пішпек 

(Қырғызстан)  уезінің  түйіскен  жері  және  басқалар.  Бірқатар  өңірлерде  және 

белгілі  бір  кезеңде  көтеріліс  халықтық  соғыс  сипатына  ие  болды  (мәселен, 

оның Жетісу және Торғай-Ырғыз ошақтарында). 

1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліс  Ресей  империясындағы  саяси  және 

әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды. 

Ол  түптеп  келгенде  1917  жылғы  ақпанда  Ресей  империясында  монархиялық 

билік жүйесінің құлауын жақындатқан себептердің және жалпы шығыстың отар 

халықтарының  (Қытай,  Парсы,  Үндістан,  т.б.)  империалистік  езгіге  қарсы  ХХ 

ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі 

болды» [25], - деген тұжырымдамасымен қортындыласақ. 

Сөз  соңында,  ұсыныс  ретінде  айтарымыз,  алдағы  уақытта  1916  жылғы 

көтерілістің 100 жылдығын атап өту барысында жүргізілетін шаралар аясында 

Меркі-Шу  көтерілісін  тыңғылықты  зерттеу  үшін  негізгі  құжаттар  сақталып 

отырған  Өзбекстан  Республикасының  Мемлекеттік  мұрағатында  жұмыс  істеу 

үшін  ізденуші-ғалымдардың  Ташкент  қаласына  баруына  жергілікті  әкімшілік 

тарапынан қолдау көрсетілсе. Бұл біріншіден, академик М. Қозыбаевтың 1996 

жылы  «Вслед  за  Тураром  Рыскуловым  настало  время  более  основательно 

изучить  историю  национально-освободительной  войны  на  юге  Казахстана» 

деген бастамасын жалғастыру болса, екіншіден    

 

Елдік  пен  тәуелсіздік  жолындағы  күрес  мыңжылдығында  үш  ғасырдан 



астам  моңғол,  жоңғар-ойрат  шапқыншылығына,  төрт  ғасырлық  орыс 

отаршылдығына,  Орта  Азия  хандықтары  мен  Қытайдың  қаншама  құйтырқы 

саясаты  мен  аяусыз  езгісіне  қарсы  ерлік  пен  өрлік,  төзімділікпен    қарсы  тұра 

білген  қазақ  халқы  бұл  көтерілісте  де  өзінің  мемлекеттік  дәстүрі  мен  ұлттық 

болмысын сақтап қала алды!   

                                                 

1 Тұрсынов Х. 1916 жылғы көтерiлiс. - Ташкент, 1962. 

2 Бөкейханов Ә. // қазақстанның ашық кітапханасы.

 

http://ikitap.kz/ru 



3  Қозыбаев  М.Қ.  1916  жыл:  ұлт-азаттық  революция  тарихнамасының 

кейбір мәселелері // Қазақ әдебиеті. – 1992. – 3 көкек 



 

17 


                                                                                                                                                                  

4  Аспандияров  С.  1916  жылғы  көтеріліс  //  Қазақстанның  ашық 

кітапханасы. 

 

http://ikitap.kz/ru 



5  Қозыбаев  М.Қ.  Алғы  сөз  //  Ақкөз  батыр  (1916  жылғы  көтеріліс).  – 

Алматы: Қазақпарат, 2001. – 4-б. 

6 Бройдо Г.И. Восстание киргиз в 1916 г. // Восстание ктргизов и казахов 

в 1916 году. – Бишкек: Учкун, 1997. – С.81-111. 

7  Рысқұлов  Т.  //  Қызыл  Өзбекстан,  №11,  14,  15,  19,  61,  63; 

Коммунистическая мысль, №2, 4. 

8  Рыскулов  Т.  Восстание  в  Мерке  –  национально-освободительное 

восстание казахских трудящихся против царизма. А.-А., 1937; // Новый Восток, 

1924. - №6. - С.407-434.  

9 Рысқұлов Т. 1916 жылғы көтеріліс // Қаһарлы 1916 жыл: (Құжаттар мен 

материалдар жинағы). - Алматы: Қазақстан, 1997. – 2 т. – 175-б. 

10 Рысқұлов Т. 1916 жылғы көтеріліс // Еңбекші қазақ. - 1926, 1 июль. - № 

553.  

11 Рыскулов Т. Восстание туземцев Туркестана в 1916 году // Рыскулов Т. 

Собр. Соч. В 3-х т. – т.2.  – Алматы: Қазақстан, 1997. – 60-б. 

12  Восстание  1916  года  в  Казахстане  (Документы  и  материалы).  /  Сост.: 

Ф.Н. Киреев, Ш.Я. Шафиро. – Алма-Ата: АН КазССР, 1947. – С. 170. 

13  Қаһарлы  1916  жыл:  (Құжаттар  мен  материалдар  жинағы).  -  Алматы: 

Қазақстан, 1997. – 2 т. – 110-б.  

14 Дауылбаев Б., Әбілдаев Б. Көтерілісшілер ізімен // Ақкөз батыр (1916 

жылғы көтеріліс). – Алматы: Қазақпарат, 2001. – 50-53-бб. 

15  Дауылбаев  Б.,  Әбілдаев  Б.  Меркі  көтерілісі  (тарихи  очерк)  //  Ақжол, 

1991. – 2 қазан  

16  Сапаргалиев  Г.  Дело  об  Аккозе  Косанове  и  других  //  Карательная 

политика царизма в Казахстане.  – Алма-Ата, 1966. – С.244-248. 

17  Махаева  А.  Қазақ-қырғыз  саяси  байланыстарының  тарихы  (ХVІІІ 

ғасырдың екінші жартысы -ХХ ғасырдың бас кезі). – Алматы, 2007. - 276-277-

бб.    


18

 

Национальные  движения  в  условиях  колониализма:  Казахстан, 



Средняя  Азия,  Северный  Кавказ:  Материалы  Всесоюзного  «Круглого  стола» 

27-28 июля 1990 г. 

19

 

Қозыбаев М. Аласұрған ХХ ғасыр (толқыныс, ізденіс, проблемалар)  / 



Қараңыз:  Казахстан  в  начале  ХХ  века:  методология,  историография, 

источниковедение. Сб. статей. – Алматы: МП “Наурыз”, 1993. -3-16-бб. 

20 Қозыбаев М.Қ. Жауды шаптым ту байлап. –А.: Қазақстан, 1994. – 130-

131-бб. 


21 1916 жыл: ұлт-азаттық революция тарихнамасының кейбір мәселелері 

//  Қазақ  әдебиеті,  1992,  3  көкек;  Национальные  движения  в  условиях 

колониализма:  Казахстан,  Средня  Азия,  Северный  Кавказ  //  Материалы 

Всесоюзного «Круглого стола» (27-28 июля 1990 г.). – Целиноград: МГП-Аль-

Фараби, 1991; Әмір Әбдіғапар // Тарих зердесі. - 2-к. - Алматы: Ғылым, 1998. - 

106-133-бб.; Грозный, тревожный 1916-й // Абай, 1997. - №1. – С.27-32; Еще раз 



 

18 


                                                                                                                                                                  

о проблемах истории национально-освободительного движения – в Казахстане 

// Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски. Кн.1. - Алматы: Ғылым. – 

С.166-180;  Қазақстанның  ХХ  ғ.  тарихын  зерделеу  проблемалары  //  Өркениет 

және ұлт. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2001. – 34-58-бб. 

22  Козыбаев  М.К.  Национально-освободительная  война  1916  г.  в 

Казахстане:  концептуальные  проблемы  //  Материалы  научно-теоретической 

конференции  «Национально-освободительное  движение  в  Казахстане  и 

Средней Азии в 1916 году: характер, движущие силы, уроки. – Алматы, 1996. – 

С.10-22.


 

23  Қозыбаев М.Қ.  Иссыккульско-Чуйский  очаг  национального  движения 

1916 года // Ақкөз батыр (1916 жылғы көтеріліс). – Алматы: Қазақпарат, 2001. – 

14-28-бб. 

24 Қожеке С. Қожай – қызыр, береке (шежіре). – Қордай: «КИИК», 2007. 

– 172-б. 

25 Нұрпейіс К. Даладағы дабыл // Егемен Қазақстан. – 2006. – 16 маусым; 

Қазақстандағы  1916  жылғы  көтеріліс:  себептері,  қозғаушы  күштері,  аймақтық 

ерекшеліктері,  тарихи  маңызы  //  Қазақстандағы  1916  жылғы  ұлт-азаттық 

көтеріліс:  тарихи  оқиғаға  жаңаша  көзқарас.  Көтерілістің  90  жылд.  Арналған 

респ. ғылыми-практикалық конф. мат. мақалалар жинағы. – Алматы, 2006. – 14-

21-бб.


 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет