Топ: 42ш Білім алушы: Жалғас Маржан Пән оқытушысы



Дата06.01.2022
өлшемі12,31 Kb.
#13888

Топ: 42ш

Білім алушы: Жалғас Маржан

Пән оқытушысы: Әбдіхан А.П.

Күн реті: 27.04.20ж

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Оқушыларды жоба жасау үшін топтарға бөлудің жолдарын өз бетіңізбен құрастырып көріңіз. Онда қандай принциптерді ұстануға болатынын түсіндіріңіз.

Оқушыларды топпен оқыту:

  • топтық оқыту оқушылардың тілді үйренуге ынталандырады, пәнді меңгеруде тұрақты белсенділікті қалыптастырады;

  • сабақта топтық оқытуды енгізу оқушылардан белгілі бір даярлықты талап етеді, сондықтан топтық оқытуды ендірудің бастапқы кезеңінде оқушыларда бейімделу процессі жүзеге асырылады;

  • бүкіл сабақтарда топтық оқытуды қолдану мүмкін емес сондықтан және мақсатқа сәйкес қолдануды жөнді деп есептейміз;

  • топтық оқытуда ұжымдық ұмтылыстармен байланысты «бірге» оқытып, фронтальдық оқытудағыдай «қатар» оқытуды болдырмауды жүзеге асыру керек;

  • оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында топтық оқыту арқылы топтық технологиясын қолдану әдістемесін барлық пәндер бойынша ендіру қажет.

Топқа бөліну тәсілдері

Қағаз қиындылары арқылы топқа бөліну

Жыл мезгілдері,жануарлар,құстар немесе басқа да суреттерді үшке,төртке,беске (неше топқа бөлуді жоспарлауыңызға қарай) қиып,араластырып оқушыларға таратылады.Оқушылар сол қиындылардан суретті құрастырып,сол сурет бойынша бірігіп,топқа бөлінеді.



Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөліну

Мұғалім бірнеше геометриялық фигураларды араластырып оқушыларға таратып береді.(неше топқа бөлсеңіз сонша геометриялық фигураларды бірнешеуден аласыз) Бірдей фигураларды алған оқушылар топтасады.



Ұқсас ерекшеліктер арқылы топқа бөліну

Мұғалім оқушыларға қандай да болмасын бір ерекшелікті айтып (мысалы; туған айы,жұлдызнамалық белгісі,шашының түсі,киімінің өлшемі,есімінің бас әрібі т.б) сол бойынша топқа бөлуіне болады.



Сандар арқылы топқа бөліну

Жұп сандар және тақ сандар арқылы екі топқа бөлінуге болады.Бірліктер,ондықтар,жүздіктерді парақшаларға жазып,оқушыларға таратып үш топ құрауға немесе 1,2,3,4,5 деп ауызша оқушыларға айтып,сол сандарды есте сақтап тұруларын ескертіп,бірлер бір топ,екілер бір топ,үштер бір топқа,төрттер бір топ,бестер бір топ құрауларына (сандарды тағы басқаша түрлендірулеріне) болады.



Ән шумақтары бойынша топқа бөліну

Мұғалім оқушыларға ел арасында көп тараған немесе оқушылардың сүйіп орындап жүретін әндерінің шумақтары мен қайырмасы(немесе бір тобы құралатындай ән қатарлары) жазылған карточкалар таратып беріледі.Оқушылар сол әнді құрастырып,топқа бөлінеді және бірлесіп осы әнді айтуларына болады.



Суреттер арқылы топқа бөліну

Оқушыларға түрлі суреттер таратылып (мысалы; гүл түрлері,жануарлар,құстар,жеміс-жидектер т.б) суреттердің біркелкілігіне қарап үш-төрт адамнан бірігіп,топ құрауларына болады.



Әріптер арқылы топқа бөліну

Мұғалім оқушыларға әріптер айтып (А;Б;С;Д төртке бөлу керек болса осы төрт әріпті қайталап барлық оқушыларға айта береді ),есте сақтауларын сұрайды.А әрібі айтылғандар бір топ,Б әрібі бір топ,С әріптері бір топты,Д әріптері тағы бір топты құрайды.Осылайша төрт топқа бөлуге болады.



Өз қалаулары бойынша топқа бөліну

Мұғалім оқушыларға бүгін өз қалаулары бойынша үш немесе өзі жоспарлағандай төрт топқа топтасуларын сұрайды. Оқушылар өз еріктерімен топтасады.



Жұбыңды тап

Оқушылар адам аттары арқылы (Мысалы; Алпамыс пен Гүлбаршын,Қобыланды мен Құртқа,Айман және Шолпан,Асан немесе Үсен) жұптасады,немесе қолғапшалар сыңарларының қиындылары,бірдей шарф не киім қиындылары т.б арқылы жұптасады.Әр жұп бірге жұптық тапсырмалар орындайды.



Гүл құрастыру арқылы бөліну. Гүл күлтешелерін таратып,олардан гүлдер құрастырады. Әр күлтешесіне оқушы өз атын жазып,бір топ болады.Гүлдер бір формада ,түстері ғана ажыратады.

Жеміс-жидектер арқылы топқа бөлу. Оқушыларға жеміс-жидектер таратып,олардың түрлеріне қарай топқа бөлуге болады.Мысалы; «Алмалар» тобы, «Апельсиндер» тобы, т.б.

Конфеттер арқылы топқа бөліну. Оқушыларға конфеттер таратылады.Оқушыларды конфет түрлеріне қарай топтастыруға болады.Конфеттерге «Сәттілік» немесе «Бүгінгі сабақта 5-тік баға алуыңа тілектеспін» деген сияқты әдемі сөздер жазып қыстырып қоюға болады.

Түстер арқылы топқа бөліну. Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлуге болады.Бір түсті алған оқушылар бір топқа бірігеді.Түстерге қарап оқушыларға психологиялық мінездеме беруге де болады.Бірақ оқушыларға жағымды әсер қалдыру керек.

Ойындар арқылы топқа бөліну

«Атомдар мен молекулалар» ойыны

Оқушыларға мұғалім бәріміз молекулалар сияқты жалғыз қимылдаймыз дейді.Молекулалар бірігіп-бірігіп,екеу болады,сосын үшеу болады,атомдар түзіледі.Оқушылар молекулалардан атомдар түзілу арқылы топтасады.



«Тұрғын және үй» ойыны

Оқушылар екеу-екеу қолдарын көтеріп ұстасады,үйдің шатырын жасайды.Шатырдың астына бір оқушы кіріп тұрғын болады.Сәлден соң мұғалімнің нұсқауымен тұрғын екеу болады.Осылай төрт оқушыдан шағын топтар құралады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет