Топырақтану



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата18.01.2023
өлшемі0,58 Mb.
#61850
  1   2   3   4



Топырақ түзілуі құбылыстарының әсерінен тау жынысынан
пайда болған топырақта оған тән құрылыс, пішін, ерекше белгілер,
қасиеттер мен жаңа қосылыстар пайда болады. Сөйтіп топырақ тау
жынысынан өзінің құнарлылығымен ғана емес, құрылысымен және
сыртқы
морфологиялық
белгілерімен
ерекшеленеді.
Осы
морфологиялық белгілер арқылы топырақ түрлері бір-бірінен
ажыратылады, топырақ түрлерге жіктеліп, оларға атау беріледі.
Басты
морфологиялық
белгілерге
топырақтың
құрылысы,
топырақтың
және
оның
қабаттарының
қалыңдығы,
түсі,
түйіртпектілігі,
жайласуы,
гранулометриялық
құрамы,
жаңа
жарандылар мен кірме заттар жатады.
Далалық жағдайда топырақтың морфологиялық белгілерін
зерттегенде тік қазылған шұңқырлар пайдаланылады (25-сурет).
Бұл әдісті алғаш рет топырақтанудың ғылыми негізін салушы В.В.
Докучаев қолданды. Осы әдіс іс жүзінде топырақты далалық
жағдайда зерттеуде осы күнге дейін қолданылып келеді.


25-сурет. Топырақ кескінін сипаттау шұңқыры


Топырақтың кескінінің құрылысы – оның тік кескінінде
кезектесіп орналасқан әр түрлі қабаттары. Бұл қабаттар бір-бірінен
түсімен,
түйіртпектілігімен,
тығыздылығымен,
химиялық
құрамымен, кейде гранулометриялық құрамымен ерекшеленеді.
Топырақтың
кескіні
құрылысы
пайда
болып,
қабаттардың
ерекшеленуі топырақ түзілу процесінің және топырақты өндірісте
пайдаланудың ықпалынан болады. Әр топырақ типінің өзіне тән
кескін
құрылысы
болады,
яғни
кескін
құрылысына
қарап
топырақтардың типін, түрін анықтай аламыз. Топырақ түзілу
үрдістері біртекті болған жағдайда топырақтың кескін құрылысы
ұқсас болып түзіледі. Топырақ кескіні құрылысы ерекшелігіне
байланысты бірнеше типтерге бөлінеді (26-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет