Топырақтардың физикалық қасиеттері және олардың көрсеткіштері



бет1/3
Дата03.11.2022
өлшемі184,05 Kb.
#47269
  1   2   3

Топырақтардың физикалық қасиеттері және олардың көрсеткіштері

Топырақтардың физикалық қасиеттері

  • Топырақтардың физикалық қасиеттерінің негізгі көрсеткіштеріне топырақтың қатты бөлшектер тығыздығы ps, топырақтың тығыздығы p, табиғи ылғалдылығы w, және шаңды-балшықты топырақтар үшін аққыштық шегіндегі ылғалдылық wL, илену шегіндегі ылғылдылық wp жатады.
  • Топырақ бөлшектерінің тығыздығы деп топырақтың кеуексіз тығыз күйіндегі белгілі бір көлемдегі массасын айтады.
  • Топырақ бөлшектерінің тығыздығы оның минералдық құрамына және топырақтағы ауыр минералдар мөлшеріне тәуелді.
  • Топырақтың тығыздығы деп топырақтың табиғи күйіндегі (кеуектігін қоса есептегенде) белгілі бір көлемдегі массасын айтады.
  • Топырақтың тығыздығын білу өте маңызды. Мысалы, оның мәні келесі сұрақтарды шешуге қажет: тірек қабырғаға әсер ететін жердің қысымын есептеу; ғимараттардың шөгуін есептеу; топырақтағы табиғи қысымды аңықтау т.б. Топырақтың тығыздығы өзгергіш шама топырақтың пайда болу табиғатына және ылғалдылығына тәуелді.

  •  

Топырақтың ылғалдылығы w деп топырақ құрамындағы су мөлшерін айтады.

  • w=*100
  • Топырақтың ылғалдығы оны 105°C температурада кептіру алдында және кептіргеннен кейін таразыға тарту нәтижесінде аңықталады.

  •  

Шаңды-балшықты топырақтар үшін тәжірибе нәтижелері бойынша илемділік шегіне сәйкес ылғалдылықтар (wL,wp)аңықталады.

  • Топырақтың илемділік күйден қатты күйге немесе керісінше ауысқан кезіне сәйкес ылғалдылықты илемділіктің төменгі шегі немесе илену шегіндегі ылғалдылық (wp) деп атайды.
  • Ал топырақтың илемдік күйден аққыштық күйге немесе керісінше ауысқан кезіне сәйкес ылғалдылықты илемділіктің жоғарғы шегі немесе аққыштық шегіндегі ылғалдылық (wL) деп атайды.
  • Ірі сынықты және құмды топырақтарды сипаттайтын негізгі көрсеткіштер тобына зерттеу нәтижесінде аңықталатын, топырақтың ірілі-ұсақты құрамын жатқызу керек.
  • Топырақтың ірілі-ұсақты құрамы деп оның құрамына кіретін әр түрлі іріліктегі қатты бөлшектер мөлшерін айтады. Бұл көрсеткіш топырақтың физикалық қасиетін аңықтайтын аса қажетті фактор болып табылады. Оған топырақтардың келесі физикалық қасиеттері тәуелді болады, мысалы, кеуектілік, сығуғу төзімділік, су өткізгіштік, отыруы, ысырылуға кедергісі т.б. Құмды топырақтардың ірілі-ұсақты құрамы әр түрлі әдәстермен аңықталады: елеуіштен өткізу, ареометрлік талдау, далалық жағдайдағы тәсіл т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет