Топтық жаттығулар жүргізу үшін Әдістемелік әзірлеме



бет1/25
Дата05.06.2023
өлшемі245 Kb.
#98807
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


БЕКІТЕМІН
Ақтөбе облысының ТЖД
бастығының орынбасары
полковник А.Хамзин .
2011 жылғы «____»____________
Топтық жаттығулар жүргізу үшін
ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ

№ 33 ТАҚЫРЫП: ЗАМАНАУИ ЗАҚЫМДАУ ҚҰРАЛДАРЫ.


ЗАМАНАУИ ЗАҚЫМДАУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ САЛДАРЫН ЖОЮ.

Орындаушы:


Чурсина Виктория Александровна
Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар
департаментінің азаматтық қорғаныс
басқармасының бас маманы
тел. (87172) 54 38 62


ОҚУ МАҚСАТТАРЫ:
1. Оқытылатындарды заманауи зақымдау құралдарының негізгі түрлерімен және олардың негізгі зақымдау қасиеттерімен тарыстыру.
2. Құтқару және басқа да қауырт жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру және жетекшілік ету.


ӨТКІЗІЛУ ОРНЫ: Ақтөбе облысының ТЖД оқу класы.


ӨТКІЗІЛУ ОРНЫ:


ОҚУ СҰРАҚТАРЫ ЖӘНЕ УАҚЫТТЫ ЕСЕПТЕУ:
Кіріспе 5 минут
1. Заманғы зақымдау құралдарының негізгі түрлерінің сипаттамасы 30 (45) минут
2. Зақымдау аумақтарында құтқару және басқа да қауырт жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру 50 (80) минут
Қорытынды. Сабақ нәтижесін қортытындылау 5 минут


ӘДЕБИЕТТЕР:
1. ҚР «Азаматтық қорғаныс туралы заңы», Алматы, 1996 жыл.
2. ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы » Заңы, Алматы, 1996 жыл.
3. «ҚР азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша нұсқама», Алматы, 2000 жыл.
4. «Азаматтық қорғаныс құрылымдары туралы нұсқама және оларды материалдық - техникалық құралдармен жобалы жабдықтау (табелизация) нормалары, Алматы,2000 жыл.
5. Әбдірахманов С., «ҚР төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы», Алматы, 2008 жыл.
6. «Азаматтық қорғаныс», Мәскеу, 2007 жыл, № 3.


ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМАЛАР

Әдістемелік әзірлеме түрлі санаттағы оқытылатындармен топтық жаттығулар жүргізу үшін арналған.


Бұл тақырып бойынша сабақтар оқу класында барлық санаттағы оқытылатындармен келесі көлемде: №№1-13 санаттар - 3 сағат (135 минут), №№14-22 санаттар- 2 сағат (90 минут). №№ 1, 8, 9, 10, 11, 15, 21 санаттағы оқытылатындар екінші оқу сұрағын оқыту процесі кезеңінде АҚБ және АҚШБ ролінде болып, жағдайды бағалау және заманауи зақымдау құралдарының қолданылу аудандарында шешім қабылдау тәртібіне көңіл аударулары керек. №12 санатты оқытылатындар – АҚ құрылымдарының (жасақтар мен командалардың) командирлері және №13 санаттылар – АҚ құрылымдарының (звенолардың, күзеттердің) командирлері құрылымдар командирлері ролінде болып, екінші оқу сұрағын өту кезеңінде заманауи зақымдау құралдарының қолданылу аудандарында құтқару және басқа да қауырт жұмыстарды жүргізу мазмұны мен ерекшеліктеріне мән беруі тиіс.
Бірінші оқу сұрағы тыңдаушылармен әңгіме жүргізу әдісімен оқытылады. Бұнда оқытылатындардың теориялық білімдерін тереңдетуге ден қойлады. Екінші оқу сұрағын оқыту барысында әңгіме, пікір алмасу және жаттығу әдістерін қолданған жөн.
№№ 1, 8, 9, 10, 11 санатты оқытылатындар үшін бұл тақырыпты №5 тақырыпты «Басшы құрамның дүлей зілзалалар, авариялар мен апаттар салдарын жою кезіндегі әркеттері» тақырыбын өткен соң жүргізген дұрыс деп саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет