Төмендегі кестеде берілген ақпараттардың «ақиқат» немесе «жалғандығын» анықтап, (А/Ж) белгісімен белгілеңіз.
№
Тапсырма мазмұны
Ақиқат
Жалған
1
Түмен (он мың әскер) - түркі-моңғол ұлыстарында болған әскери-әкімшілік бірлік. Ол өз кезегінде мыңдық пен жүздікке бөлінген. Түменді түменбегі басқарған.
2
Барұңғар (моңғолша — оң қанат) — оң қанаттағы әскер. Көшпелілер мемлекетін құрайтын ру-тайпаларды да, олардан жасақталған әскерді де оң қанаттағылар, сол қанаттағылар деген топтарға бөлген.
3
Ондаған жүздіктер он мыңдықтар деп аталған. Әр он мыңдықтың өз әскери тулары болған.
4
Жасақ, Яса — Шыңғыс хан империясының әскери- құқықтық заңдар жинағы.
5
Шыңғыс хан кезінде сол қанат жоңғар, ал оң қанат барұңғар деп аталған.
6
Шыңғыс хан империяны 90 түмен әкімшілік билікке
бөлді. Әрбір түменде 10 мыңнан адам болды.
[6]
Кестеде берілген ұғымдарды мағынасына қарай дұрыс жауабымен сәйкестендіріңіз. Дұрыс деп тапқан жауабыңызды сәйкес ұяшыққа белгілеңіз.