Тұрақты ток электр тізбектері және оларды есептеу



бет1/3
Дата13.12.2022
өлшемі248,51 Kb.
#56886
  1   2   3

Кисанов нұрхат ээк-201
Тұрақты тоқтың электр
тізбектері

Электрлік тізбек және оның элементтері

Электротехникада күнделікті өмірде және өнеркәсіпте қолданылатын негізгі электротехникалық құралдардың жұмыс істеу принципі мен құралдары қарастырылады. Электротехникалық құрал жұмыс істеу үшін, қажетті жұмыс режимі мен электр энергиясын қамтамасыз ететін электр тізбегі құрылуы тиіс.


Электр тізбегі деп – электр тоғына жол құрайтын, электрлік ток, ЭҚК (электр қозғаушы күш) және электрлік кернеу туралы түсіндірілген электромагниттік процесс құрайтын құралдар мен объекттердің жиынтығын атаймыз.
Электр тізбегінің құрамына кіретін құралдар мен объектілерді үш топқа бөлуге болады:
1) Электр энергия көздері.
Барлық қорек көздерінің бірыңғай қасиеті кез келген энергия түрін электрлік энергияға айналдыруында. Электрлік емес энергияның электрлікке айналуы жүретін көздер, алғашқы көздер деп аталады. Екілік көз деп – тізбектің кірісінде де, шығысында да электр энергиясы бар көздерді айтады.
3) Тізбектің көмекші элементтері: жалғау сымдар, коммуникациялық аппарат, қорғаныс аппараты, өлшегіш құралдар және т.б., олсыз нақты тізбек жұмыс істей алмайды.
2) Электр энергиясын тұтынушылар.
Барлық тұтынушылардың бірыңғай қасиеті электроэнергияны энергияның басқа түрлеріне өзгертуі болып табылады.(мысалы: қыздырғыш құрал) Кей кездері тұтынушыларды ауырлық түсіруші деп те атайды.
мәзір

Электр тізбектерінің негізгі түсініктері мен анықтамалары

Талдау мен есептеу процесін іске асыру үшін, электрлік тізбек графикалық түрде, элементтерінің шартты белгілерімен қосылу түрлері көрсетілген, электрлік сұлба ретінде беріледі.

Электр тізбектерінің негізгі түсініктері мен анықтамалары

Бұл сұлбада шынайы элементтер шартты белгілерімен көрсетіледі, көмекші элементтері белгіленбейді, егер жалғау сымдардың кедергілері элементтердің кедергілерінен аса кем болса, ол ескерілмейді. Қорек көзі, ішкі кедергісі r0 бар, ЭҚК E көзі ретінде беріледі, электр энергиясының шынайы тұтынушылары оның электрлік параметрлерімен алмастырылады: актив кедергілермен R1, R2, …, Rn. R кедергісінің көмегімен тізбектегі электрэнергияны энергияның басқа түрлеріне қайтымсыз өзгертеді, мысалы, жылу немесе жарық.


Қорек көзі ЭҚК электрлік тізбекте кернеу көзімен U алмастырылған, кернеу көзінің шартты бағыты қорек қөзі ЭҚК бағытына қарсы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет