Тренинг тақырыбы



Дата06.01.2022
өлшемі82,22 Kb.
#12465

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ШҚО облыстық білім басқармасы



«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Бекітемін _______

Колледж әдіскері

Мұратқызы А.

«__» _______ 2016 ж.

Тренинг тақырыбы:

«Позитивті ойлай білесіз бе?»

Тобы: 32 «Ә»

Өткізілген күні: _______________

Машықкер: Тайболатов Қ.М.

Семей қ., 2016 жыл


Мақсаты: жағымсыз ойдан құтылу жолдарын көрсете отырып, жағымды ойлудың әдіс-тәсілдерін көрсету. Болашағын, армандарын жоспарлауға үйрету.

Қажетті құрал- жабдықтар: қағаз, қалам, түрлі-түсті бояу қарындаштар, фото, әртүрлі сән журналдары.

Тренингке қатысушылар: 32 «Ә» тобының білімалушылары

Уақыты: 45 минут

Тренинг бағдарламасы:

I. Кіріспе

1. «Сен өзіңе ұнайсың» жаттығуы



II.Негізгі бөлім

2. «Позитивті ойлаудың тәсілдері» жаттығуы

3. «Жағымсыз ойдан құтылу» жаттығуы

4. «Тілектер колладжы» жаттығуы

5.  «Менің болашағым» жаттығуы

6.«Өзіме хат» ойыны



III. Қорытынды

7. Рефлекция


I.Кіріспе

1. «Сен өзіңе ұнайсың» жаттығуы

Нұсқау. Сен өзіңе ұнайсың, себебі сен... (өзінің жақсы қасиетін айту керек)

II.Негізі бөлім

2. «Позитивті ойлаудың тәсілдері» жаттығуы

Нұсқау: топты туған күндерінің жыл мезгілдеріне байланысты 4 топқа бөлу.

Әр топ өздері позитивті ойлаудың схемасын сызып, көрсетіп, оны топ алдында қорғайды.

3. «Жағымсыз ойдан құтылу» жаттығуы

Нұсқау. Барлық қатысушыларға таза қағаз таратылады. Қағазға өздерін мазалап жүрген жағымсыз ойларын жазады. Тренер оны ақ қағазға желімдейді де, оқушыларға «Сен жағымсыз ойдан құтылғаң келе ме?» дейді де оны ақ қағаздан алып, жыртып тастайды.

Талқылау сұрақтары:


  • Қандай сезімде болдыңыздар?

  • Жағымсыз ойдан құтылу сіз үшін оңай болды ма?

4. «Тілектер колладжы» жаттығуы

Әр қатысушы өзіне ұнаған фотосын қағаздың ортасына қойып, жан-жағына өзінің қажеттіліктерін журналдардан қиып жасайды.



5.  «Менің болашағым» жаттығуы

Нұсқау. Қатысушылар бірінші бағанға өздерінің армандарын жазып шығады, ал қалған бағандарға сол армандарын орналастырады.


Менің армандарым

Бір айға

Жарты жылға

1.

2.

3.



...






1 жылға

5 жылға






6. «Өзіне хат» жаттығуы

Әр қатысушы өздеріне хат жазады. Хат тақырыбы: «Сен жағымды ойлай аласың ба?»


III. Қорытынды

7. Рефлекция сұрақтары:

  • Өзің жайлы жаңа не білдің?

  • Басқа адам жаңа жайлы не білдің?

  • Топтағы жұмыс нәтижелері жайлы жаңа білдің?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет