Түркінің кіндік қаны тамған түп қазығы Алтай. Алтай бабаларымыздың алтын бесік ата жұрты. Суы бал, көдесі май, жері майса. Ағызған сары алтынды тастан Алтай әңге қосқан



Дата07.01.2022
өлшемі13,05 Kb.
#17371

Түркінің кіндік қаны тамған түп қазығы Алтай. Алтай бабаларымыздың алтын бесік ата жұрты. Суы бал, көдесі май, жері майса. Ағызған сары алтынды тастан Алтай әңге қосқан. Бұл жайлы Күлтегін, Білге Қаған және Тоныкөк жазбаларында «таудағылар қалаға түсті ... алдымен 70 кісі, жиылып 700 кісі болыпты» жазады. Ал Бирунидің шығармасында таудағы үңгірден шыққан түрік сарбаздарының мемлекет құруы жайлы баяндалады. Міне содан кейін түріктің ұрпақтары Евразияның төсін жарып, өздеріне ыңғайлы әрі құтты мекен іздейді. Жалпы жүздері дөңгелек болып келетін ұлы халық өткір тік тік төрбұрышты дүниелерден гөрі сопақтау доғалдау дөнгелекті көбірек құт көрген. Мысалы, бесік, шаңырақ, ошақ, күн мен ай, көк пен жер бәрі бәрі дөңгелек. Бесік – ұлттың ұясы, бесік – қазақтың киесі. Бесіктің тұла бойы тұнған ұлы мәдениет. Бесік – береке мен бейбітшіліктің, ырыс пен тыныштықтың, тазалық пен қауіпсіздіктің символы. Берекесі тасыған үйді «құстың ұясындай» деп бекер атамаса керек. «Алтын ұя» ұғымы қазақ үшін қашан да ыстық әрі қастерлі. Ұя – үйің, ұя – елің мен жерің, ұя – кіндік қаның тамған атамекенің.

Дөңгеленген дүниеде домалағы айға қарап ұлыған көк бөрінің дауысы көне Түркістан, Отырар ,Алмалық ,Сайрам сынды шахарларды аралап кетті. Қара шаңырақты қасиет көретін ұлы даланың болмысы осындай еді. Көп түрік енші алысып тарасқанда, Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па? Деп ақын Мағжан Жұмабаев жырлайды. Бұл қазақтың мінезі, бұл біздің болмысымыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет