Түркістан-2021 Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар



Дата07.03.2023
өлшемі114,25 Kb.
#72425
түріСабақ


Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту


Дайындаған: ППМ- 011 Жарлықап Назерке
Қабылдаған: Ауезов Батырхан


ТҮРКІСТАН-2021
Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар
Оқушылар оқыған материалдарының мазмұнын дұрыс қабылдап ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін, оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. «Адамның әрбір даму сатысындағы психологиялық функциялары жүйесіз, автоматты, кездейсоқ түрде емес, ол тұлға бойындағы белгілі бір қызығушылықтарға, бегілі бір бағытқа бағыттап, белгілі бір жүйе арқылы әсер етеді»,- деп жазады Л.С.Выготский. Мұндай жұмыстар оқылатын материалдардың сипатына, оқушылардың жасына, дайындықтарына, білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі. М. Мұқанов шығармашылықты интеллектуалдық іс-әрекет жоғары көңіл-күй талап етеді және қалайда сезімдік мотивациясы болады деген.
Оқушылар мәтінді дұрыс қабылдау үшін негізінен мынадай жұмыстар жүрізіледі:

  • Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.

  • Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу.

  • Шығарманы оқу.

  • Оқыған шығарманың мазмұнын айту.

  • Шығарманың жоспарын жасау.

  • Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар

  • Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.

Көркем шығарма жазушының сөзі арқылы қабылданады. Шығарманы оқыған кезде оқушыда елес туады.ақыл-ой жұмысын зерттеу барысында эмоциялық қозғаушы күштің мәнін И.П.Павлов: «Ақыл-ойдың маңызды қасиеттері- оның ұзақ уақытқа шоғырлануы»-деп жазады. Бұл оқушының сезімін де қозғайды. Балалар қояннан қорыққан қасқыр туралы оқығанда күледі. Бомба түсіп: « - Ей, тілсіз жануарлар. Мені, де сені де балапанынан айырған қара жүрек жауыздар...» деген сөздерді оқығанда, көздеріне жас келеді. А.Г.Ковалевтың берген анықтамасы бойынша «қызығушылық бұл маңызды өмірлік мәні мен эмоционалдық тартымдылығында көрінетін тұлғаның нысанаға деген таңдап алған қарым-қатынасы». Осы ішкі көрініс айқындала түсу үшін, оқушының санасында осы бейне анық жасалу үшін шығарманы оқымас бұрын оқушылармен алдын-ала дайындық жұмысы жүргізіледі. Бұл көбінесе әңгіме түрінде ұйымдастырылады. Дайындық әңгіме оқығалы тұрған шығармадағы оқиғаға ұқсас, балалардың өз өмірінде болған оқиғаларды еске түсіру сияқты тәсілдермен өткізіледі .
Қазіргі уақытта лингвистиканың сөйлемнен тыс объектілерді зерттеуге бағыт бұрганына байланысты жеткізейін деген ойдың жалғастығын, мағыналық байланыстылығын іске асыратын мәтінішілік синтаксистік көріністер туралы айтылып жүр. Олар синтаксистік тұтастық бірліктерін жеке дара емес, жазушының айтпақшы ойын, оның парадигмалық бағдарын тілдік көрсеткіштердің жұмсалым ыңғайымен байланыста қарайды.
Мәтінді дұрыс қабылдау үшін сөздік жұмысын жүргізбейінше мақсатқа жету мүмкін емес. Мысалы, бірқатар оқушылар вокзал, перрон, метро, экскалатор тағы сол секілділер. Сөздерді түсіндірмесе, ішінде осы сөздер кездесетін мақалалардарды дұрыс қабылдай алмайды, олар елес тумайды.
Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі:

  • мәтін оқуға дайындық кезінде;

  • шығарманы оқу барысында;

  • оқып болғаннан кейін.

Мәтінді оқуға дайындық кезінде шығарманың мазмұнын ұғынуға қиындық келтіретін сөздер түсіндіріледі.
Баланың ақыл–ой қызметін белсенді ету және ұйымдастыру нәтижесінде ғана білімді меңгертуге болады. Н.А.Менчинскаяның пікірінше, «таным, танымның қалыптасуы екі үдерістен тұрады: білімді игеру және оны қолдану».
Адамның сөйлеу әрекеті, оның құрылымдық типологиялық ерекшеліктері жоғары лингвистикалық шамалар – лексикалық, морфологиялық, семантика–синтаксистік ерекшеліктер нәтижесінде қалыптасады.
Сөздер жеке қолданылмайды, олардың қызметі, мағынасы сөйлеуде және сөйлемде анық көрінеді. Сондықтан оқушыдардың дұрыс сөйлеу, сөздерді орынды қолдануының барлығы оның сөздік қорының аз – көптігіне тікелей байланысты. Балалар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алады. Ал оған жаттықтыру мектеп оқушыларының сөздік қорын байытуға арнайы жұмыстар жүргізуді талап етеді. Мектепте сөздік жұмысы бес бағытта жүргізілді:
1) Балалардың сөздігін байыту, яғни оқушыларға бұрын сөйлеуінде қолданылмаған жаңа сөздер үйрету, олардың мағынасын, ұғымын түсіндіру;
2) Сөздіктерін анықтау, яғни бұрыннан білетін сөздерінің мағына, ұғым түсініктерін тереңдете түсу;
3) Сөзді сөйлеу әрекетінде орынды қолдануға мүмкіндік жасау, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, ыңғайына қарай сөздік қорын молайту;
4) Әдеби тілге жатпайтын сөздермен таныстыру, тіл мәдениетін арттыру.
5) Сөзді сан жағынан және сапа жағынан байыту.
Мәтін- сөйлеу процесінің жемісі. Ол тілді жүйеге қолданудың барысында ғана пайда болады. Мәтін- жазудың шығуымен байланысты қалыптасып жетілген және әрі қарай дамытып отыратын тілдік құрылым. Мәтіннің маңызды белгілерінің бірі- оның аяқталғандығы, мәтіннің бірнеше сөйлемді атқарып тұратындығы екенігін оқушылар теориялық және практикалық тұрғыдан толық түсінуі қажет.

Қолданылған әдебиеттер:
https://engime.org/metindi-abildaufa-bajlanisti-jrgiziletin-jmistar.html

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет