Троп және оның түрлері



Дата04.04.2022
өлшемі152,16 Kb.
#29813

Троп және оның түрлері


Троп (гр. tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қолданысы) немесе құбылту – атаудың немесе мағынаның ауыспалы түрде қолдану тәсілі. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп жеткізу тәсілі болып табылады. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет.

Тілдің көркемдегіш тәсілдері Ажарлау

Заттар

құбылыстардың алуан түрлі өзгеріскүйлері



Қимыл-қозғалыстар

Адамның немесе жануарлардың сырт келбеті

Риторика

Стилистика


Квинтилиан – 7 түрін

  • Квинтилиан – 7 түрін
  • М.В. Ломоносов – 11 түрін
  • А.А. Потебня – 3 түрін
  • А. Байтұрсынов – 3 түрін

А. Байтұрсынов троп түрлері туралы:

“Тіл көрнекі болу үшін дерексіз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңлауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек. Қалыпты түріндегі сөз ондай дәрежеге жету үшін түрлі әдістер істеледі. Ол әдістер негізгі түріне қарай үш топқа бөлінеді:

көріктеу

әсерлеу


меңзеу

көріктеу


меңзеу - синекдоха

Теңеу – эпитет

алмастыру

әсерлеу


кейіптеу

ауыстыру


Бейнелеу

Дамыту-градиация

Түйдектеу-бүкпелеу

Кексіндеу-ирония

арнау

қайталақтау



Шендестіру-антитеза

Теңеу –заттың не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу. Келеді желдей зуылдап, Жеткізбейді Шұбар ат. Атқан оқтай зырылдап, Жал-құйрығы суылдап. ( «Алпамыс батыр» жырынан)

Эпитет (айқындау) – заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын, белгісін білдіретін суретті сөз. Алтын күнді, қара жерді сағындым, Жан-жолдасым – жүйрік желді сағындым. (М. Жұмабаев, «Сағындым)

Ассонанс – бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау. Ашу деген – ағын су, Алдын ашсаң, арқырар. Ақыл деген – дария, Алдын тоссаң, тоқырар. (Қазыбек би)

 Аллитерация – бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау. Түніменен түйіндік, Таң атқанда тарандық. Таң ағарып атқан соң, Төңірек жаққа қарандық. (Махамбет, «Соғыс» )

Метафора (ауыстыру) – суреттелген затты не құбылысты айқындай түсу үшін оларды сөздеріне ұқсас затқа не құбылысқа балау. Сөз – жаңбыр, даусым – дауыл, әнім – ескек, Ойнақтап басылайын аз желдетіп. (І. Жансүгіров, «Әнші» ) 

Кейіптеу – табиғат құбылыстарын жандандырып, адам кейпінде суреттеу. Мөлдіреген «Жетімкөл» көкке қарап, Мөлдіреген көз жасын тыя алмай тұр. (М. Мақатаев, «Аққулар ұйықтағанда» )

Метонимия (алмастыру) – өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздерді бірінің орнына бірін алмастыра қолдану. Үйі мәз боп қой сойды, Сүйіншіге шапқанға. ( «Абай, «Мәз болады болысың» ) 

 Синекдоха (меңзеу) – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны немесе керісінше қолдану. Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға, Бермек болған айғырдың көзі қайда? (Абай)

Аллегория(пернелеу) – адамдар арасындағы қатынастарды астарлап жануарлар мен жәндіктер әрекетімен көрсету. Аллегорияға А. Байтұрсыновтың, С. Дөнентаевтың мысал өлеңдері жатады. 

Ирония (кекесін) – адамды, затты, құбылысты сырттай мақтап суреттеп, іштей келеп, мысқалдап айту. Көрінсін Біржан салға ай секілді, Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді. Ұсынса қол жетпейтін арғымағым, Біржанға баламаймын тай секілді. («Біржан мен Сара» айтысынан) 

Метонимия (алмастыру) – өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздерді бірінің орнына бірін алмастыра қолдану. Үйі мәз боп қой сойды, Сүйіншіге шапқанға. ( «Абай, «Мәз болады болысың» ) 

 Арнау – автордың өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы, олармен іштей тілдесуі. Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың. . . (Абай)

Қайталау


  • Жай қайталау. Мен, мен едім, Мен Нарында жүргенде, Еңіреп жүрген ер едім. (Махамбет) \
  • Еспе қайталау. Сарыарқаның бір тауы бар, Бір тауы бар сымбатты. Сол таудан сен сыр тауып ал, Сыр тауып ал, қымбаттым. (С. Сейфуллин)

Анофора – өлең тармақтарында бір сөздің немесе сөз тіркесінің жол аяғында қайталануы. Атадан туған мен бір шоқ, Садаққа байлар сайман жоқ. Балталыдай жерім жоқ, Бақалыдай көлім жоқ, Алдымда менің ағам жоқ, Артымда менің інім жоқ. ( «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырынан)

Эпифора – өлең тармақтарында бір сөздің немесе сөз тіркесінің жол аяғында қайталануы. Атадан туған мен бір шоқ, Садаққа байлар сайман жоқ. Балталыдай көлім жоқ, Бақалыдай көлім жоқ, Алдымда менің ағам жоқ, Артымда менің інім жоқ. ( «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырынан)

Антитеза (шендестіру) – кереғар екі затты не құбылысты қатар қоя отырып, келесі бір заттың, ұғымның, құбылыстың сипатын суреттеу. Бұқар барсаң қолаң бар, Қолаңды көр де шашым көр. Зергер барсаң қасында Алтыннан соққан түйме бар. Түймені көр де басым көр. Молаға барсаң қасында Қиюлы жатқан қалам бар, Қаламды көр де қасым көр. ( «Ер Тарғын» жырынан)

 Инверсия – сөздердің орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру. Қасымдағы қырық жігіт Суыра алмады оғымды, Тасқа кірген тартқанда. ( «Ер Тарғын» жырынан)



Эллипсис – сөйлем ішінде атап айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай кету. Таң бозарып атқанда, Таң шолпаны батқанда, Ұйқыда ел жатқанда «Аттан!» деген бір дауыс Құлаққа сар-сар келеді. . . (Мұнда «Жау шапты» деген сөз тіркесі айтылмаған)

Градация (дамыту) – алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата суреттеу. Сары ала туы салбырап, Қабағы тастай түйіліп, Аллалап Тарғын шабады. Ай бетіне кіреді, Күн бетінен шығады. Қойға бір бөрі Бөріктіре қырады. Талай қалмақ құлады, Ер қайратын сынады. Сүйіп мінген Тарланға Басты келіп дойырды, Тарлан салды мойынды, Толып жатқан қалмаққа Тарғын салды ойынды, Талай қалмақ жойылды. ( «Ер Тарғын» жырынан)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет