Тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін қалыптастыру жолдары



бет1/28
Дата21.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#25993
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Мазмұны
КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ ТҰТЫҚПАСЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНДАҒЫ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мектепке дейінгі жастағы балалардағы тұтығудың теоретикалық аспектілері...............................................................................................................7
1.2 Мектепке дейінгі балаларда тұтығудың пайда болу белгілері............14
1.3 Мектепке дейінгі жастағы тұтықпа балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың негізі.......................................................................20
2 ТҰТЫҚПАСЫ БАР МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНДАҒЫ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТӘЖІРИБЕЛІ-ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЖҰМЫС
2.1 Мектепке дейінгі жастағы тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынасындағы сөйлеу әрекеті дағдыларын зерттеу................................ 31
2.2 Мектепке дейінгі жастағы тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынасындағы сөйлеу әрекетін қалыптастыру бойынша жүргізілетін түзету жұмыстары...............................................................................................36
2.3 Мектепке дейінгі жастағы тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынасындағы сөйлеу әрекетінің қалыптасуы жөніндегі зерттеу жұмыстарының нәтижесі...................................................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................58

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................60

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға əлеуметтік жəне медициналық-педагогикалық түзете қолдау көрсету туралы» заңы [1] дамуында проблемалары бар барлық балаларға арнайы түзету көмегін көрсетуде кепілдік береді. Аталған балалардың ішінде ең үлкен топты құрайтындар – сөйлеу тілі дамымаған балалар. Балалардың бұл категориясына сөйлеу тілінің жан-жақты бұзылыстары тəн.

Тұтықпа бұл сөйлеу аппаратының әр түрлі бөліктерінде болатын тырысулардан туындайтын сөйлеудің бірқалыптылығының, ырғағының, темпінің бұзылуы.

Тұтықпа бұл күрделі симптомды жүйелі болып келетін кей жағдайларда түзету нәтижесі көріне бермейтін сөйлеу бқзылысының көп тараған түрлерінің бірі. Тұтығу сөйлеудің белсенді қалыптасуының кезінде (2-6 жас) пайда болады да баланың коммуникативті мүмкіндіктерін шектейді, оның психологиялық дамуын тежейді сонымен қатар, баланың жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына кедергі келтіріп, оның әлеуметтік бейімделуін қиындатады (И.Ю. Абелева, Л.З. Арутюнян-Андронова, К. П. Беккер, Л.И. Белякова,, Н.И. Жинкин, С.С. Ляпидевский, Б.П. Пузанов, В.И. Селиверстов, И.А. Сикорский, Н.П. Тяпугин, В.М. Шкловский және т.б.). Барлық тұтығатын балаларда өз ойларын ашық жеткізу барысында қиындықтар кездеседі, мәтіннің байланысының бұзылуы, синтаксистік және логикалық тұрғыда аяқталмаған тіркестер, қажетті сөз іздеп тұрған сияқты сөздік кідірістер байқалады (И.К. Абелева, Г.И. Ангушева, Л.И. Белякова, Э.Р. Саитбаева, В. Матанова және т.б.).

Р.Е. Левинаның пікірі бойынша сөйлеу тілінің бүзылуы әр қашан түлғаның дамуына және психикасының дамуына әсер етеді, оның әсері ақаулықтың табиғатына, деңгейіне сонымен қатар ба-ланың өзінің ақаулығына кеңіл аударуына байланысты болады. Көптеген авторлар түтықпа балаларда әр түрлі деңгейде психика-лық ерекшеліктері байқалатынын атайды (X. Лагузен, И.А. Сикорский, Г.Д. Неткачев, Э. Фрешельс, Ю.А. Флоренская, М.Е.Хватцев т.б). Кейінгі жылдардағы ғылыми жүмыстарда психологиялық ерек-шеліктерін тереңірек зерттеумен қатар (С.С. Ляпидевский, В.И. Селиверстов, В.М. Шкловский, Ю.П. Некрасова, Г.И. Ангушев, Л.З. Андронова, Э.М. Кулиев). оларды психологиялық ерек-шеліктері бойынша ажыратуға (дифференциялауға) көңіл бөледі. Оның негізіне логофобияның болуы (С.С. Ляпидевский, С.И. Павлова) әр түрлі деңгейде өз ақаулығына көңіл аударуы (В.И. Селиверстов, В.М. Шкловский) алынады.

Тұтығу симптом да синдром да емес, ол орталық жүйке жүйесінің ауруы. Үлкен жарты шарлар қабығындағы жүйке күйзелісі бір жағынан жүйке жүйесінің жағдайына, оның қалыпты кезінен ауытқуға дайын болуымен күйзеліс жағымсыз экзогенді факторлардан туындауы мүшкін.

Тұтығу – балалар мен ересектер арасында кең таралған сөйлеу бұзылысы және пайда болу себептерінің әр-түрлілігімен күрделі симптомды жүйелілігімен, сонымен қатар көп болуымен ерекшеленеді.

Медицина мен педагогика саласындағы тұтығуға деген қазіргі заманғы көзқарас оны сөйлеу бұзылысының тежелген түрі ретінде қарастырумен шектелмейді. Тұтығудың жан-жақты болатындығын барлық авторлар мойындайды және тұтығу тұтығатын адамның кез келген тұлғалық қасиеттерімен байқалып тұратындығын дәлелденді деуге болады.

Тұтығатын балаға жүйелі түрде әсер етудің қажеттілігін ескере отырып, баланың жеке тұлғасымен сөйлеу тілінің қөайта тәрбиелеудің, оның дамуына жеке деференцималды түрде жақындаудың маңыздылығын атап айтқан жөн. Мұндай жағдайларды мектепке дейінгі жастағы балалардың әрекеттерінің жетекші түрі болып келетін ойын әрекетін қолданған дұрыс. Осы ойын барысында баланың белсенді дамуы яғни оның сөйлеуі, ойлауы, есте сақтауы, өз бетттілігі, моторикасы, өзін-өзі ұстай алуы қалыптасады. Ойын барысында балалар адамдық қатынастардың әлеуметтік тәжірибесін меңгеріп, үйренеді, ол- өз кезегінде өзара әрекеттесуші ұжым қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тұтығу теоретикалық және тәжірибелік жағынан да жан-жақты зертттелген бұзылыс болғанымен түзету педагогикасы, клиникалық психология, психиатрия салаларындағы өзекті мәселе балып саналады. Қазіргі уақыттта психомоторлы және ойлау әрекеттері және тілдік қатынастың басқа да компоненттерін ескере отырыптұтығу мәселесін жүйелі түрде шешуге арналған жұмыстар бар. (Л. З. Арутюнян-Андронова, Н.А. Власова, Ю.Б. Некрасова, Г.Д. Неткачев, В.И. Селиверстов). Осы зерттеу жұмыстарының авторларының кемістіктің құрылысымен, диагностикасын, критерелері мен түзету жолдарын нақты анықтап көрсеткен. Басқа зерттеулер тұтығатындардың жеке жас ерекшеліктеріне қарай жүргізілген. (Н.М. Асатиани, В.В. Ашкинадзе, Л.И. Беляковай және т.б).

Тұтығуды түзету бойынша жүргізілетін түзету жұмысының мазмұнын зерттеу қарастырылып түзету жұмысының мазмұнын зерттеу, қарастырылып жатқан мәселенің жүйелі шешуі сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің дизонтогенезінің механизмдерін ұзақ уақыт салыстырмалы түрде жас ерекшелігін ескере отырып зерттеусіз мүмкін емес екендігін көрсетеді. Атап айтқанда тұтығудың патогенезінде болатын тілдік қатыныстардың механизміне қатысты (В.В: Ковалев, Г.Е. Сухарева, К.Х. Ушаков, О.Н. Усанова, Ю.С. Шевченко). Сонымен қатар, Л.С. Выготскиидің айтуы бойынша алғашқы сигналдық моторлы актілерге де қатысты.

Ойын мектепке дейінгі жастағы балалардың әрекеттерінің жетекші түрі болып саналады. Осы ойын барысында баланың белсенді дамуы, яғни оның сөйлеуі, ойлауы, есте сақтауы, өз беттілігі, моторикасы, өзін-өзі ұстай алуы қалыптасады. Ойын ойнау кезінде балалар адамдық қатынастардың әлеуметтік тәжірибесін үйренеді, ол өз кезінде өзара әрекеттесуші ұжым қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кез-келген ойын нақты әрекет болып саналады. Оны солай қабылдау ойын әрекетін түзету мақсатында қолдануға мол мүмкіндік береді. Ойын әрекет ретінде көптеген ойындарды, оқиғаларды қарастырады, ол өз кезегінде ойын барысында қойылған, мақсатқа жетуге алып келеді. Ойынды осылай қолдану негізінде ойын әрекетінің әдістемесі құрылады және тұтығатын балалардың жеке тұлғалық сауықтырулары мен сөйлеу тілі, бұзылыстарын түзету жұмыстары жүргізіледі.

Тұтығуды түзету кезінде баланың психикалық дамуы мен сөйлеу тілінің жетілуіне үлкен әсер ететін ойын әрекетін оптималды түрде қолдану амалдары әлі де зерттелмеген. Жоғарыда айтылған жайттар қарым-қатынастық сөйлеу әрекеті туралы жинақталған мәліметтер мен олардың психикалық процесс кезіндегі маңыздылығы және тұтығатын балалардың онтогенезінде олардың өзара байланысы диагностиканың жетілуіне жол ашады, сонымен бірге тілдік кемістіктерді түзету жүйесінің ерекшелігі туралы көріністерді анықтауға көмектеседі деп қорытындылауға мүмкіндік береді. Бұл осы топтағы балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстардың сапасын жақсартатын сөйлеу тілін түзету мен дамыту бойынша қолданылатын бағдарламалық материалды өзекті мазмұнмен толықтырады.

Осы мәселелердің өзектілігі мен олардың теоретикалық және тәжірибелік жағынан жеткіліксіз болуы зерттеу жұмысының тақырыбын «мектепке дейінгі жастағы тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынасындағы сөйлеу әрекетін қалыптастырудың жолдары» деп анықтауға жол ашты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет