Тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін қалыптастыру жолдары



бет22/28
Дата21.02.2022
өлшемі0.82 Mb.
#25993
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Дайындық кезеңінде

Балалардың сөйлеу тілін логопед пен тәрбиеші зерттеді. Ол тұтығатын балалардың өзіне қиын жағдайдағы қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің ерекшеліктерін, сюжетті-рольдік ойындар дағдысының қалыптасу даңгейін анықтаудан тұрды.

Логопедиялық зерттеу кезінде әңгімелесу әдісі, тұтығатын баланың әр түрлі әрекеттерн мақсатты бағытталған түрде бақылау, құжаттарды тексеру әдістері қолданылды. Толық және нақтырақ мәлімет алу үшін зерттеуге ата-аналар да араластырылды.

Ата-аналармен әңгімелесу кезінде логопед тұтығудың себептері, механизмдері, түзету жұмысының ерекшеліктері туралы айта отырып, күнделік арнаудың қажет екенін ескертеді. Ата-аналарға әр алуан қарым-қатынастық сөйлеу жағдайында баланың мінез-құлық ерекшеліктерін бақылап, жазып отыру ұсынылды: үйде, өзіне таныс және таныс емес адамдармен және балалармен тілдесу кезіндегі ерекшеліктерін көшеде, қоғамдық ортада. Бала өз бетінше тілдесе ме немесе ересек адамның қалауы бойынша қатынасқа түсе ме, сұрақ қоюды күтіп тұра ма; дайындалып, толық сөйлемдермен немесе бір сөзбен ғана жауап берді ма( «иә», «жоқ», «білмеймін»; тілдесіден бас тарта ма, қандай мінез-құлық көрсетеді ме; жесттерді қолдана ма немесе тұйық бола ма; тұтығу симптомдары қаншалықты күшті, олар баланың сөйлеуін түсінуге кедергі келтіреді ме соны жазып отыру ұсынылды.

Күнделікті жазуларды талдау кезінде логопед ата-аналардан мектепке дейінгі жастағы баланың отбасындағы коммуникативті дәстүрлерін анықтады: олар қонаққа жиі барады ма әлде қонақтар көп келеді ма, бала аулада құрдастарымен ойнайды ма, кіммен сөйлесуді қалайды; құрдастарымен, өзінен үлкен немесе өзінен кіші балалармен ба, бала достарын үйіне жиі шақырады ма, ата-аналар оған қаншалықты көп тапсырма береді. Бала сөйлеудің қандай түрін қалайды: әңгімелеп беруді ұнатады, сұрақ қоюды немесе сұраққа жауап жауап береді (толық, қысқа)

Тұтығатын балалармен жүргізілетін түзету жұмысында ата-анамен жұмыс жасау маңызды роль атқарады. Логопед тұтығатын балалардың туыстарымен, ата-анасымен әңгімелесу, түсіндіру жұмысын жүргізуі керек. Тұтығатын баламен үй жағдайында қалай сөйлесу керектігінің кейбір ережелерін ұсына аламыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет