Тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін қалыптастыру жолдары



бет24/28
Дата21.02.2022
өлшемі0.82 Mb.
#25993
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Бастапқы кезең

Бастапқы кезеңнің мақсаты балаларды жағдайдың құрылымымен және белгілі бір жағдайда сөздік бағдарламаны жүзеге асыру ісімен таныстыру. Бұл кезеңнің мазмұны балаларды сөйлеудің буындық және сөздік түрлерін үйретуді қарастырады (К.Л. Власова мен Г.А. Волкованың әдістері бойынша).

Сөйлеу түрлерін таңдау төмендегілерге негізделген:


  1. Сөйлеудің бұл түрлері баланың ересек адамның сөздік және сөздік емес қылықтарына еліктеуге негізделген;

  2. еліктеп және артынан қайталап сөйлеудің көмегімен тұтығатын мектепке дейінгі балаларда сөйлеуге деген дайындық қалыптасады;

  3. еліктеп және артынан қайталап сөйлеудің негізінде сұрақ-жауап, әңгіме сияқты түрлеріне де үйрету мүмкін;

  4. еліктеп және артынан қайталап сөйлесу барысында балаларда тұтығу симптомдары байқалмайды:

ІІ кезеңнің негізгі міндеті балаларды сөздік қатынас жағдайының құрлымымен компоненттерімен, сөздік пікір алмасу мен ойы жүзеге асыру бағдарламасының жасалуымен таныстыру. Ол үшін логопедиялық сабақтарда ойын барысындағы сөздік қатынас жағдайы жасалады.

Келесі жағдайлар ұсынылды:



  1. әр түрлі ортада ересек адаммен немесе құрдасымен танысу – үйде, балабақшада, туылған күн кешінде, саяхатта;

  2. әр түрлі ортада ересек адаммен немесе құрдасымен әңгімелесуде ортақ тақырып ұсыну немесе жалғастыру-үйде мерекелік үстел басында, балабақша тобында, саяхатта, жол жүргенде;

  3. ойын ойнауды ұсыну,оның ережесін құрдастарына түсіндіру, әр түрлі ортада ойынды ұйымдастыру – үйде, балабақша тобында, саяхатта, жол жүргенде.

Көрсетілген жағдайлардың нұсқалары ойынның мазмұнын анықтайтын сәйкес лексикалық материалдық негізінде жүзеге асады.

Логопедиялық сабақтарда арнайы ойнатылатын ойындардың құрылымы келесі ойындарда ұсынылған: «Саяхат», «Достарым қонақта».

Сабақ кезіндегі жағдайдағы логопедтің әрекетінің бірізділігі мынадай:


  • баланы ұсынылып отырған жағдайға енгізеді: «сен балалар алаңына келдік, ал онда саған таныс емес балалар ойнап жүр»;

  • тілдік қарым-қатынастың түрткілерін анықтайды: «Жалғыз өзің ойнаған қызық емес болар, одан да балалармен ойнаған дұрыс»;

  • коммуникативті тапсырманы ықшамдайды: «Балалармен танысып алу керек»;

  • сөздік бағдарламаны ұсынады: «Балалардың қасына барып, өзіңді таныстырып, олардың есімдері кім екенін білу керек».

  • сөздік бағдарламаның жүзеге асу үлгісін көрсетеді: «Сәлеметсіздер ме, сендермен танысайық. Менің атым Санжар. Ал сендердің аттарың кім?».

  • сөйлеу үлгісін баламен қайталайды.

Коммуникативті тапсырманың қойылуы мен жағдайдың түріне байланысты сөздік бағдарламаның құрылуына көп көңіл бөлінеді. Балалар қарым-қатынастың болу орнына (үй, мектеп, көше, балабақша және т.б.) және коммуниканттарға (біреу немесе бірнеше ересек адамдар, құрдасы, өзінен үлкен немесе кіші бала) бейімделе отырып сол бір коммуникативті тапсырманы әр түрлі етіп өрбітуге үйренеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет