ҚҰттықтау құрметті гаухар төремұратқызы!



Дата06.01.2022
өлшемі15,9 Kb.
#12013

«Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті»

ҚҰТТЫҚТАУ

Құрметті ГАУХАР ТӨРЕМҰРАТҚЫЗЫ!

Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс


университеті атынан және өз атымнан Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университетінің құрылғанына 75 жыл
толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Жетпіс бес жыл - бұл айтулы тарих. Сідердің бүгінгі жетістіктеріңізді, ертеңгі күнге деген нақты сенімділік айнасы деп есептеуге болады.

Университеттеріңіздің бүгінгі мерейтойы – ұжымыңыздың биік белестер мен табысты жетістіктер жолындағы маңызды кезеңі.

Сіз Университет тарихының жарқын беттерімен, оның


құрылуына үлес қосқан, оның бүгінгі беделі мен абыройын аспандатып отырған, ғылым мен білім жолындағы айтулы тұлғалармен мақтана аласыз.

Қыздар университетінің студенттер құрамы - орасан


күш. Бұл алдыңғы қатарлы, талантты жастар және еліміздің
болашағы.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті -


білім беру мен ғылыми қызмет үшін барлық жағдайы жасалған, қарқынды даму үстіндегі оқу орны.

Университеттің қазіргі дамуына және нығаюына қосқан баға


жетпес үлесіңіздің арқасында университет ең биік белестерді
бағындыра білді.

Осы атаулы күнде Сізге және университет ұжымына


шығармашылық жетістік, барлық бастамаларыңызға сәттілік,
жоспарларыңыздың жүзеге асырылуын, әрі еліміздің мүддесі үшін
атқарып жатқан еңбектеріңіз мол табыстарға кенелтуін тілейміз!
Ізгі тілекпен,
Алматы энергетика және байланыс
университетінің ректоры С. Сагинтаева

Алматы қаласы 22 қараша 2019 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет