Ту хабаршысы


ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЛАСТЕРДЕГІ ӨНДІРІС САЛАСЫН ҮШ СЕКТОРЛЫ ҮЛГІГЕ



жүктеу 15.98 Mb.
Pdf просмотр
бет78/82
Дата15.03.2017
өлшемі15.98 Mb.
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82

ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЛАСТЕРДЕГІ ӨНДІРІС САЛАСЫН ҮШ СЕКТОРЛЫ ҮЛГІГЕ 

СƏЙКЕСТЕНДІРУ 

Андатпа.  Аймақтық  экономиканы  талдауда  қолданылатын  қазіргі  əдісітердің  бірі  –  ол,  экономикалық 

кластер  түсінігі.  Жұмыста  кластер  жəне  кластерлік  тəсіл  терминдеріне  анықтамалар  беріліп,  экономикалық 

кластердің  тарихына,  оның  пайда  болуының  негізгі  белгілеріне  шолу  жасалынып,  мысалдар  ретінде 

экономикалық  кластер  əдебиетіндегі  танымал  құрылымдық  үлгілер  көрсетілген.  Экономикалық  өрлеуде 

кластерлік  əдісті  қолдану  аймақтық  жəне  ұлттық  экономиканың  дамуына  беретін  мүмкіндіктері  мен  оған 

жетуде  елімізде  қолданылып  жатқан  шараларға  шолулар  жасалынды.  Өндіріс  саласындағы  шикізат  жəне  оны 

экспорттау, өндірушілер мен тұтынушылар  арасында тепе-теңдікті орнату, өндіріс үдерісінде еңбек күші мен 

қаржыландыруды тиімді үлестіру жəне оны арттыруды дұрыс жоспарлауда экономикалық өсуді қамтамасыз ету 

мақсатында  экономиканың  үш  секторлы  үлгісі  мен  оның  матемтикалық  үлгісі  сипатталынып,  экономиканың 

секторлы  үлгілеріне  түсініктер  берілді.  Үш  секторлы  үлгіні  негізге  ала  отырып  экономикалық  кластердің  үш 

секторлы  үлгісінің  сызбасы  құрылып,  сəйкесінше,  салыстырмалы  көрсеткіштерімен  берілген  үш  секторлы 

экономиканың математикалық үлгісі қарастырылды. Қойылған есепті шешудің негізгі кезеңдері анықталынды. 



Кілттік  сөздер:  кластерлік  тəсіл,  экономикалық  кластер,  өндірістің  үш  секторлы  үлгісі,  секторлардың 

өндірістік қоры, қаржылық ресурстар, экономикалық - математикалық үлгі. 



 Экономические науки 

 

                                                    



№5 2014 Вестник КазНТУ  

          

436 

          Кіріспе 

Отандық экономиканы дамытудағы ел басымыз Н.Ə. Назарбаев ұсынған Қазақстан-2050 даму 

стратегиясы  –  экономиканың  дəстүрлі  жəне  ғылыми  секторларында  бəсеклестікті    арттыруды, 

дамыған  алдыңғы  қатарлы  жоғарғы  технологиялық  өндіріске  білікті  мамандар  дайындай  отырып 

еңбек  өнімдерінің  динамикасын  арттыруды  жəне  инновациялық  факторларды  экономикалық  өсудің 

негізгі  көзіне  айналдыруды  мақсат  етеді.  Көзделген  мақсатқа  жету  инновациялық  дамудың  тиімді 

құралдарын қолдана отырып мемлекет, бизнес жəне ғылым мен білімнің өзара əрекеттесуінің нақты 

жүйесін  құруды  талап  етеді.  Осындай  жүйені  құруда  маңызы  зор  кластерлік  тəсіл,  бүгінгі  таңдағы 

ұлттық экономиканы дамытудағы маңызды бағыттардың бірі болып отыр.  

Кластерлік тəсіл – бұл, жекеленген аймақтардың немесе салалардың, жалпылап алғанда мемлекеттің 

де бəсекелестікке қабілеттілігін арттыруға жетелейтін басқарудың жаңа технологиясын береді. 

Өзара  шарттастық  пен  кластеризациялау  үдерістері  арасындағы  өзара  байланыс, 

бəсекелестіктің  нығайып  шыңдалуы  жəне  инновацияның  жедел  қарқынмен  дамуы  –  бұл,  жаһандық 

бəсекелестікке  қарсы  тұруға  мүмкіндік  беретін,  ұлттық  жəне  аймақтық  дамудың  шарттарын 

қанағаттандыратын экономикадағы жаңа ерекше құбылыс. 

Экономикалық əдебиетке «кластер» түсінігін 1990 жылы М. Портер енгізген. Оның теориясына 

сəйкес  кластер–бұл,  бір–бірімен  байланыстағы  ұйымдар  (оқу  орындары,  мемлекеттік  басқару 

органдары,  инфрақұрылымдық  компаниялар)  жəне  географиялық  белгілері  бойынша  бір  жерде 

шоғырланып  бір–бірімен  белгілі  бір  салада  əрекеттесіп,  байланысқан  копманиялардың 

(жабдықтаушылар, өндірушілер жəне т.б.) тобы [1].  

Портердің  пікіріне  сүйенсек,  кластер  идеясы,  ұлттық  жəне  мемлекеттік  экономикасын 

дамытудың  жаңа  əдісін  ұсынады,  сонымен  қатар,  бəсекелестік  қаблетін  арттыруға  ұмтылған 

ұйымдармен, компаниялармен жəне үкіметтің өзара байланыстарындағы жаңа рольдерін анықтайды. 

Өз  еңбектерінде  АҚШ  (1-сурет)  [1,  260],    Португалия  (2-сурет)  [1,  299]  жəне  т.б.  мемлекеттердегі 

жете  зерттелінген,  көлемді  кластерлердің  көптеген  мысалдарын  келтірген  Майкл,  олардың 

құрылымдық сызбаларын, құрамдарын, географиялық ерекшеліктерін, компаниялардың кластер құру 

себептерін жəне бəсекелестіктегі артықшылықтарын айқындап көрсеткен. 

 

 



 

1-сурет. Калифорниялық шарап кластері  

 Экономикалыќ єылымдар 

 

ЌазЎТУ хабаршысы №5 2014  



 

437


 

 

2-сурет. Португалияның орман жəне ағаш өңдеуші өндірісі кластері  

 

Жалпы алғанда экономикалық өрлеуде кластерлік əдісті қолдану аймақтық жəне ұлттық 



экономиканың дамуына келесідей мүмкіндіктер береді: 

1.

 



Кластердегі  өзара  байланыстар  мен  қарым-қатынастар  бəсекелестіктің  жаңа  əдісінің  пайда 

болуына жол ашады; 

2.

 

Кластердегі  байланыстар-кластердің  негізгі  субъектілеріне  кіші  жəне  орта  кəсіпорындар 



өнімдер,  жұмыстар  жəне  қызметтер  өндіріп,  аймақтағы  бизнестің  өсуіне  мүмкіндік  беретін 

аутсорсингтің дамуын қаматамасыз етеді; 

3.

 

Аймақтарда инновациялық жүйелердің қалыптасуына мүмкіндіктер жасайды; 



4.

 

Мемлекеттің  немесе  аймақтың  экономикасы  үшін  кластер  ішкі  нарықтың  «даму  нүктесі» 



ролін атқарады; 

5.

 



Өндірушілер арасындағы бəсекелестік кластердің кеңейуіне, мамандардың біліктілігін шыңдауға, 

жаңа идеялардың пайда болуны мен мақсаттардың  алға қойылуына əкеледі, ал бұл өз кезегінде бизнесте 

аймақтық  өндірістің  кірісін  көтеретін,  жергілікті  тұрғындарды  жұмыспен  қамту  мəселесін  шешетін, 

аймақтың интергациялық күш–қуатын арттыратын жаңа субъектілерді қалыптастырады.  

Компанияларға инновация жемістерін қолданып, табысты жұмыс жасауға мүмкіндік беретін 

кластерді жетілдіру мақсатында елімізде: 

 

2004 жылы маркетингті-аналитикалық зерттеу орталығының шетелдік 



J.E. Austin Associates, Inc. 

жəне  Economic  Competitiveness  Group,  Inc.

  консалтингті  компаниялармен  біріге  отырып  «Қазақстандық 

кластерді  ынталандыру»  құрған  жобасы  аясында  отанымызда  кластерді  дамытудың  негізгі  бағыттары 

(инновациялық-технологиялық, 

инновациялық-білім 

беру, 

инновациялық-мұнайхимиялық, 



инновациялық-мелаллургиялық,  туристік,  агрокластер,  құрлыс,  транспорттық-логистикалық,  тоқыма-

өнеркəсіптік, медициналық-фармацевтикалық кластер) таңдалынып, даму үстінде.  

 

2010-2014  жылдарға  арналған  экономиканы  əртараптандыру  жəне  оның  бəсекеге 



қабілеттілігін  арттыру  арқылы  орнықты  жəне  теңгерімді  өсуін  қамтамасыз  етуге  бағытталған 

«Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы» жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы қабылданды [2]. 



 Экономические науки 

 

                                                    



№5 2014 Вестник КазНТУ  

          

438 



 



Инновациялық  кластерді  дамыту  негізінде  технопарктер,  бизнес-инкубаторлар  жəне 

инновациялық орталықтар құрылып, жұмыс істеуде.  

Мемлекет пен ұлттық экономикалық дамудың жаңа тəсілі болған кластер – ғылымда да, жете 

зеріттеліну  үстіндегі  маңызды  тақырыптардың  біріне  айналған.  Ол  экономикалық  дамудың  жалпы 

заңдылқтарын  аналитикалық  зерттеуге  жəне  маңызды  мəселелердің  принциптік  шешімін  табуға 

мүмкіндік береді.  

Қазіргі  таңда  отандық  ғалымдар,  кластерлік  экономикада  күрделі  мəселелердің  бірі  болып 

табылатын  өндіріс  саласындағы  шикізат  жəне  оны  экспорттау,  өндірушілер  мен  тұтынушылар  

арасында  тепе-теңдікті  орнату, өндіріс  үдерісінде  еңбек  күші  мен  қаржыландыруды  тиімді  үлестіру 

жəне оны арттыруды дұрыс жоспарлауды қажет ететін мəселелерді зерттеуде. 



Мақсаты.  Осыған  сəйкес,  жұмыстың  мақсаты  өндіріс  саласындағы  аталмыш  мəселелерді 

біртіндеп  тепе-теңдіктіке  əкелуді  қамтамасыз  ететін  өндіріс  үшін  экономикалық  өсуді  – 

экономиканың  үш  секторлы  үлгісіне  сəйкестендіру  жəне  матемтикалық  үлгісі  мен  есептің 

қойылымын  сипаттау.  Аталмыш  үлгіні  зерттеудің  маңыздылығы,  экономикалық  саясаттың  өзгеруі 

салдарынан болатын өтпелі үдерістерді зерттеуде қолданылатындығымен байланысты.   

Экономиканың ұзақ уақыттық үдерістері мен факторларының өсуін зерттеуде, макроэкономикалық 

шешімдердің  бірнеше  нұсқаларының  салдарын  бағалауда  сызықты  емес  аз  секторлы  үлгілер 

қолданылады.  Сектор  санының  аздығы,  олардағы  өнімдердің  ресурстардан  сызықты  емес  тəуелділікте 

болған жағдайда экономиканың дамуын аналитикалық түрде көрсетуге мүмкіндік береді. 

Экономиканың  үш  секторлы  үлгісінің  шығу  тегіне  шолу  жасап  өтсек,  оның  базалық  үлгісі 

Солоудың бір секторлы үлгісі болып табылады. Солоу үлгісінде экономикалық жүйе- қолдануға да, 

қаржылануға да болатын əмбебап бір өнімді өндіретін толық қанды бір жүйе түрінде қарастырылады. 

Бұл үлгі қолданушы мен жинақталған қордың арсындағы арақатынасты талдауға мүмкіндік береді.  

Келесі  кезектегі  экономиканың  екі  секторлы  үлгісі  К.  Маркстың  «Капитал»  атты  еңбегінде 

зерттелініп, тұжырымдалған. Бұл үлгіде, өндіріс үдерісіндегі жекеленген үрдістер айқын көрністер табқан. 

Бұл үлгі, біріктірілген екі (өндісі құрал-жабдықтары жəне тұтыну заттары) өнім мен екі сектордан тұрады. 

Бірінші бөлім – өндіріске қажетті құрал-жабдықтарды өндірсе, екінші бөлім – тұтыну заттарын өндіреді.  

 Дегенмен,  өндіріс  үрдісіндегі  барлық  үдірістерді  дəлме–дəл  нақты  сипаттайтын  үлгі,  ол  – 

біріктірілген үш өнімі бар, секторларға бөлінген экономиканың үш секторлы үлгісі.  

Үш секторлы үлгі – ұдайы өндірістегі экономиканың үдерісін нақты көрсетеді. Бұнда əр сектор 

өз өнімін: материалдық (нөлдік) сектор – еңбек заттарын өндіреді; еңбек жабдықтарымен қамтамасыз 

ететуші – қор құрушы (бірінші) сектор; тұтынушы (екінші) сектор – тұтыну өнімдерін өндіреді. Тағы 

бір айта кетерлік жайт, секторлар кез-келген көлемдегі өнімді шығармайды, тек өзге секторлар мен 

қолданушыларға қажетті өнімді, қолда бар ресурстар жеткенше ғана көлемде өндіреді [3]. 

Үш  секторлы  үлгіде  екі  секторлы  үлгінің  бірінші  секторы  екіге  бөліп  қарастырылады,  себебі, 

еңбек  заттары бір өндірістік циклде  қолданылса, еңбек  жабдықтары бірнеше циклдерде қолданыста 

болады.  Сонымен  қатар,  үш  секторлы  экономиканы  зерттеуде  аралық  өнімді  өндіру  үдерісіндегі 

сектордың жұмыс істеруіне əсер ету мүмкіндктері пайда болады. 

Жұмыстың  мақсатына  сай,  жоғарыда  айтылып  өткен  секторлардың  өндіретін  өнімдерінің 

анықтамасына  қарап,  өндіріс  саласындағы  үдерістерді  топтастыра  отырып  үш  секторға  бөлуге 

болады:  материалдық,  яғни  нөлдік  секторға  -  өндірістегі  шикізаттар,  энергоресурстар,  жартылай 

фабрикаттар  жəне  де  басқада  шығындалатын  материалдарды  тортастырсақ,  қор  құрушы  (бірінші) 

секторға - еңбек жабдықтарымен қамтамасыз ететін ғимараттар, машиналар, құралдар жəне басқада 

өндіріске негізделген инновациялық өнімдерді топтастыруға болады, ал тұтынушы (екінші) секторға 

- тұтынуға арналған өнімдерді өндіруді топтастырамыз (3-сурет). 

 


 Экономикалыќ єылымдар 

 

ЌазЎТУ хабаршысы №5 2014  



 

439


 

 

3-сурет. Экономикалық кластердің үш секторлы үлгісінің сызбасы 

Есептің  қойылымы.  Сəйкесінше,  салыстырмалы  көрсеткіштерімен  берілген  үш  секторлы 

экономиканың математикалық үлгісін қарастырамыз: 

;

2

,



1

,

0



,

)

0



(

,

0



,

1







i



k

k

x

s

k

dt

dk

n

i

i

i

i

i

i

i

i



                              (1) 

0

,

0



,

1

,



1

2

1



0

2

1



0







i

i

s

s

s

s



;                                (2) 



0

,

)



1

(

2



2

1

1



0

0









i

x

x

x

;                                                         (3)  

2

,

1



,

0

,



1

0

,



0

,









i

A

k

A

x

i

i

i

i

i

i

i

;                                       (4) 

бұндағы 

i

i

k

,

 – еңбек өнімділігі жəне қормен қаматамасыздану; басқарушы айнымалылар 



i

s

 

жəне 



i

–  инвестициялық  жəне  еңбек  ресурстарын  үлестіргендегі  сеторлардың  үлесі; 



2

,

1



,

0

,



,

,

,





i

A

i

i

i

i



 – анықталынған тұрақты шамалар. 

Өлшем ретінде дисконтталған салыстырмалы қолданылудың  максимумы алынған 

.

)



(

)

,



(

0

2



dt

t

x

e

s

J

t

i

i





                                                        (5) 



Есеп. (1) – (4) өрнектерімен берілген жүйені бастапқы 

)

,



,

(

2



1

0

n



n

n

n

k

k

k

k

 тепе-теңдік күйінен 



)

,

,



(

2

1



0

c

c

c

c

k

k

k

k

 тұрақты тепе-теңдік күйіне көшіретін жəне (5) теңдеумен берілген функционалға 



максимум мəнін беретін 

i

s

 мен 


i

 басқарушы айнымалыларды табу керек.  



Қойылған  есепті  шешу  екі  кезеңнен  тұрады.  Бірінші  кезеңде  ресурстарды  тұрақты  үлестіруді 

анықтау үшін сызықты есем программалау есебі шешіледі. Тұрақты күйдегі есепті шешуде көптеген 

түрлендірулер  мен  жаңа  айнымалыларды  қоса  отырып  Лагранждың  көбейткіштер  əдісін  қолдануға 

болады.  Екінші  кезеңде  шектелген  траекториядағы  тиімді  басқару  есебі  қарастырылады.  Есепте 

шекаралық шарттар ретінде басқарылатын айнымалылар (2) – (4) шектеулермен берілген шарттарды 

қанағаттандыруы қарастырылады.  



 

ƏДЕБИЕТТЕР  

1.

 

Портер М. Конкуренция. М.:ВИЛЬЯМС, 2005ж. 610 б.; 



2.

 

Қазақстан  Республикасының  «Үдемелі  индустриялық-инновациялық  дамуы»  жөніндегі  мемлекеттік 



бағдарламасы 2010-2014 жылдар, Астана, 2009ж.; 

3.

 



Колемаев В.А. Экономико-математическое моделирование. М.:ЮНИТИ, 2005ж. 295 б.. 

 

 

 

 Экономические науки 

 

                                                    



№5 2014 Вестник КазНТУ  

          

440 

Тусупова К.Б. 



Экономикалық кластердегі өндіріс саласын үш секторлы үлгіге сəйкестендіру 

Түйіндеме. Аймақтық экономиканы талдауда қолданылатын қазіргі əдісітердің бірі – ол, экономикалық 

кластер  түсінігі.  Жұмыста  кластер  жəне  кластерлік  тəсіл  терминдеріне  анықтамалар  беріліп,  экономикалық 

кластердің  тарихына,  оның  пайда  болуының  негізгі  белгілеріне  шолу  жасалынып,  мысалдар  ретінде 

экономикалық  кластер  əдебиетіндегі  танымал  құрылымдық  үлгілер  көрсетілген.  Экономикалық  өрлеуде 

кластерлік  əдісті  қолдану  аймақтық  жəне  ұлттық  экономиканың  дамуына  беретін  мүмкіндіктері  мен  оған 

жетуде  елімізде  қолданылып  жатқан  шараларға  шолулар  жасалынды.  Өндіріс  саласындағы  шикізат  жəне  оны 

экспорттау, өндірушілер мен тұтынушылар  арасында тепе-теңдікті орнату, өндіріс үдерісінде еңбек күші мен 

қаржыландыруды тиімді үлестіру жəне оны арттыруды дұрыс жоспарлауда экономикалық өсуді қамтамасыз ету 

мақсатында  экономиканың  үш  секторлы  үлгісі  мен  оның  матемтикалық  үлгісі  сипатталынып,  экономиканың 

секторлы  үлгілеріне  түсініктер  берілді.  Үш  секторлы  үлгіні  негізге  ала  отырып  экономикалық  кластердің  үш 

секторлы  үлгісінің  сызбасы  құрылып,  сəйкесінше,  салыстырмалы  көрсеткіштерімен  берілген  үш  секторлы 

экономиканың математикалық үлгісі қарастырылды. Қойылған есепті шешудің негізгі кезеңдері анықталынды. 



Кілттік сөздер: кластерлік тəсіл, экономикалық кластер, өндірістің үш секторлы үлгісі, секторлардың 

өндірістік қоры, қаржылық ресурстар, экономикалық - математикалық үлгі. 

 

Тусупова К.Б. 



Приводить производственную отрасль экономического кластера в соответствие с трехсекторной 

моделью экономики  

Резюме.  Одним  из  современных  подходов  анализа  региональной  экономики  является  понятие 

экономического  кластера.  В  данной  работе  даны  определения  терминам  кластер  и  кластерный  подход, 

выполнен обзор истории экономического кластера, исследованы основные признаки экономического кластера и 

в  качестве  примеров  предоставлены  структурные  модели  экономических  кластеров,  широко  освещаемые  в 

литературе. Проведен обзор преимуществ использования кластерного подхода при анализе динамики развития 

региональной  экономики  и  национальной  экономики  в  целом,  а  также  изучены  мероприятия,  проводимые  с  целью 

достижения такого развития в нашей стране. С целью обеспечения экономического роста в производственной сфере 

при добыче сырья и его экспортировании, достижения баланса между производителями и потребителями, эффективном 

планировании  и  распределении  трудовой  мощи  и  финансирования  (инвестиций)  в  процессе  производства  описаны 

трехсекторная  модель  экономики  и  ее  математическая  модель,  даны  понятия  секторным  моделям  экономики.    На 

основе  трехсекторной  модели  экономики  была  разработана  структурная  трехсекторная  модель  экономического 

кластера,  и  соответственно,  рассмотрена  математическая  модель  трехсекторной  экономики  в  относительных 

показателях. В соответствии с этим определены основные этапы  решения поставленной задачи. 

Ключевые  слова:  кластерный  подход,  экономический  кластер,  трехсекторная  модель  отрасли, 

поизводственные фонды секторов, инвестиционные ресурсы, экономико-математическая модель. 

 

Tussupova K.B. 



To bring production branch of an economic cluster into accord with three-sector model of economy  

Summary.  One  of  modern  approaches  of  the  analysis  of  regional  economy  is  the  concept  of  an  economic 

cluster. In this work definitions are given to terms a cluster and cluster approach, the review of history of an economic 

cluster  is  executed,  the  main  signs  of  an  economic  cluster are  investigated  and  as  examples  the  structural  models  of 

economic  clusters  which  are  widely  shined  in  literature  are  provided.  The  review  of  advantages  of  use  of  cluster 

approach  is  carried out  in  the  analysis of  dynamics  of  development  of  regional  economy  and national  economy  as  a 

whole, and also the events held for the purpose of achievement of such development in our country are studied. For the 

purpose  of  ensuring  economic  growth  in  the  production  sphere  at  production  of  raw  materials  and  its  export, 

achievements  of  balance  between  producers  and  consumers,  effective  planning  and  distribution  of  labor  power  and 

financing (investments) in the course of production are described three-sector model of economy and its mathematical 

model, concepts are given to sector models of economy. On the basis of three-sector model of economy the structural 

three-sector  model  of  an  economic  cluster,  and  respectively  was  developed,  the  mathematical  model  of  three-sector 

economy in relative indicators is considered. According to it the main stages of the solution of an objective are defined. 



Key words: cluster approach, economic cluster, three-sector model of branch, poizvodstvenny funds of sectors, 

investment resources, economic-mathematical model. 

 

 

 



 

 

 



 

 


 Экономикалыќ єылымдар 

 

ЌазЎТУ хабаршысы №5 2014  



 

441


УДК 658 ББК 65.290 А 45 

К.Н. Алданиязов 

 

СУЩНОСТЬ СТРАТЕГИЧЕСКОГО УПРАВЛЕНЧЕСКОГО УЧЕТА:  



ПРЕДМЕТ, ОБЪЕКТЫ И МЕТОДЫ 

 

Аннотация.  Рассмотрены  такие  составляющие  инструментария  управленческого  учета,  как  предмет, 

объекты  и  методы.  Приведены  их  определения,  данные  известными  учеными    страны,  и  уточнения  по  ним 

самого  автора.  Выделены  такие  объекты  управленческого  учета,  как  производственные  ресурсы  и 

хозяйственные  процессы,  а  также  такие  основные  методы  его,  как  документирование,  инвентаризация, 

группировка и обобщение учетных данных, и использование контрольных счетов. Подчеркнута необходимость 

комплексного  использования  всех  элементов  инструментария  управленческого  учета  для    повышения  его 

действенности. 

Сделан основной вывод о том, что к использованию вышерассмотренных предмета, объектов и методов 

управленческого  учета  требуется  комплексный  подход,  так  как  при  этом  делается  акцент  на  одновременный 

охват всех аспектов изучаемого явления и исследование их совокупного влияния на улучшение действенности 

управленческого учета.      




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет