Туберкулез ќоздырєыштары



Дата05.04.2022
өлшемі0,51 Mb.
#29931
түріҚұрамы

МИКОБАКТЕРИЯЛАР

Mycobacteriaceae тұқымдасына, Mycobacterium туыстығына 50 түрі жатады. Микобактериялардың жасуша қабырғасының 8-40% липидтерден тұрады. Қышқылға, спиттерге, кептіруге, сілтіге тұрақты. Микобактериялардың 3 түрі бар:

  • Патогенді емесMycobacterium smegmatis табиғатта еркін тіршілік ететін сапрофиттер. Адам мен жануарлардың қалыпты микрофлорасының құрамына енеді. Спирт пен қышқылға сезімтал. Топырақта, суда кездеседі.
  • Шартты патогенді – микобактериоздардың қоздырғыштары - созылмалы жара, өкпенің, көздің зақымдалуы, лимфоаденит.
  • 3. Патогенді микобактериялар – туберкулез ж/е алапес (лепра) қоздырғышы.

ТУБЕРКУЛЕЗ ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫ

Туберкулез (tuberculosis; латынның tuberculum - төмпешік) – микобактериялар туғызатын жұқпалы созылмалы ауру, әр түрлі мүшелер мен жүйелерді (өкпе, асқорыту жолдары, тері, сүйек, зәр шығару ж/е т.б.) зақымдаумен сипатталады. Туберкулез қоздырғышын (1882 ж) Роберт Кох ашқан, клиникасын Гиппократ сипаттаған.

Патогенді микобактериялардың 3 түрлі белгілі:

  • M. tuberculosis (адамдық түрі – адамдарда 92% жағдайда туберкулез тудырады);
  • M. bovis (өгіздік түрі – 5% жағдайда);
  • M. africanum н/се avium (құстық түрі - 3% жағдайда). Бұлардың 3 де морфологиялық, дақылдық, биохимиялық ж/е патогенді құрылымымен ерекшеленеді.

Дақылдық және биохимиялық қасиеті

Микобактериялар баяу көбейеді (18-20 сағ). Дақыл өте ұзақ өседі (4-6 апта). Сұйық орталарда 2-3 аптадан кейін әжімді қабық түзеді, ал тығыз ортада сүйел тәрізді құрғақ крем түсті колониялар түзеді. Қоректік орталарға талғамды аэробтар. Өсіру үшін қолайлы қоректік орта – Левенштейн-Иенсен ортасы.

Сонымен қатар Сатон, Петров, Петроньяни қоректік орталарын қолданады.

Биохимиялық белсенділігі төмен. Ниоцинді сынақ қолданады.

Резистентілігі: микобактериялар қоршаған орта факторларына тұрақты: шаңда 10 күн, кітап, ойыншық үстінде – 3 ай, суда – 5 ай, май ж/е қақырықта – 10 ай, сырда – 8 айға дейін сақталады. Қайнатқан кезде 5 мин кейін жойылады. Дезинфекциялау үшін хлорамин, хлорлы әктің белсендірілген ерітінділерін қолданады. Эпидемиологиясы: туберкулезге барлық адамдар жаппай сезімтал. Инфекция көзі – науқас адам, таралу жолы – көбінесе ауа-тамшы, сирек тұрмыстық қатынас арқылы. Қоздырғыш сыртқы ортаға бөлінген жағдайда эпидемиологиялық қауіптілікті тек ашық формадағы науқастар көрсетеді.

Туберкулез қоздырғышының берілу жолдары:

  • Ауа- тамшы;
  • Ауа- шаң;
  • Тұрмыстық контакт;
  • Сирек алиментарлы жол
  • (тамақ арқылы).

    Инфекция көзіауру адам,

    ірі-қара мал, құстар.

    Ену қақпасы – жоғары тыныс жолдары, тері, ішек.

Емдеу, сақтандыру ж/е диагностикалық препараттар

  • Ерекше сақтандыру үшін БЦЖ – микобактериялардың
  • авирулентті тірі штамы, жасанды

    белсенді иммунитет қалыптасады.

  • Емдеу үшін туберкулезға қарсы
  • химиопрепараттар қолданылады

    (стрептомицин, тубазид, фтивазид, этионамид, этамбутол, рифампицин ж/е т.б);

  • Тазартылған туберкулин
  • микобактериялар дақылының

    фильтраты, Манту сынағына

    қолданады.

Лепра (алапес) микобактериялары

Лепра қоздырғышы – Mycobacterium leprae 1973 ж. Г.Гансен сипаттаған.

Лепра – тек адамдар да ғана кездесетін созылмалы инфекциялық ауру. Ауру ағзада кең таралу процесімен, терінің, шырышты қабықтың, жүйке жүйесінің ж/е ішкі органдардың зақымдалумен сипатталады.

Морфологиясы

Лепра микобактериялары – тік н/се кішкене иілген таяқшалар. Қоздырғыш туберкулез таяқшасына ұқсас, грам оң, спорасы, капсуласы, талшықтары жоқ. Зақымдалған тіндерде микроорганимздер жасуша ішінде тығыз шар тәрізді жиналады. Ол лепрозды шарлар деп аталады. Онда бактериялар бір-біріне жанымен жабысып темекі таяқшалары түрінде орналасқан (сигар таяқша). Қышқылға тұрақты, Циль-Нильсен әдісімен қызыл түске боялады. Лепра микобактериялары жасанды қоректік орталарда өспейді. Сондықтан бактериологиялық зерттеу әдісі қолданылмайды.

Иммунитеті

Аурудың дамуына қарай Т-лимфоциттер саны мен белсенділігі төмендейді ж/е лепра микобактерияларына қарсы тұру қабілеті жойылады. Гуморальдық иммунитет бұзылмайды. Науқастың қанында лепра микобактерияларына жоғары титрде антиденелер анықталады, бірақ олар протективтік қасиетке ие емес.

Эпидемиологиясы

Инфекция көзі – науқас адам. Жұқтыру науқаспен ұзақ және тығыз қатынас кезінде жүреді. Ауру оңтүстік теңіздер жағалауында ж/е үлкен суқоймаларында кең таралған (Үндістан, Орталық ж/е Оңтүстік Африка елдері).

Емдеу және сақтандыру

  • Ерекше сақтандыру үшін БЦЖ вакцинасы қолданады;
  • Кешенді емдеу-сақтандыру шаралары арнайы мекемелер – лепрозория ж/е амбулаторияларда жүргізіледі;
  • Емдеу үшін сульфонды препараттар (дапсон, диацетилсульфон, селюсульфон ж/е т.б), сондай-ақ туберкулезға қарсы препараттар қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет