Туған жер ол біздің алтын бесігіміз, кіндік қанымыз тамған жер. Адамзатта екі ана болады: жарық дүниеге әкелген анасы және осы дүниеде өз бауырында аунатып өсірген жер анасы, туған жері



Дата11.11.2022
өлшемі37,94 Kb.
#49307

Атамекен

Туған жер - ол біздің алтын бесігіміз, кіндік қанымыз тамған жер. Адамзатта екі ана болады: жарық дүниеге әкелген анасы және осы дүниеде өз бауырында аунатып өсірген жер анасы, туған жері. Адам баласына туған жер, ел, атамекен, атажұрт, Отан деген ұғымдар жүрегіне жақын. Атамекен - туған халқының, ұлтының мекен еткен, ата-бабасының қоныс тепкен жері. Халқымыздың туған жерді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қадір тұту - қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен дарыған. "Атамекен - алтын бесік" деп, ата-бабамыз тегін айтпаған. Ол өз перзентіне барын, нәрін береді. Төсінде тербетіп, аялап әлпештейді. Әр адам өз туған жерін мақтан етеді, қадір тұтады. Туған жерге қызмет ету - әрбір азаматтың игі арманы, мақсат - мүддесі. "Ұлтарақтай болса да, ата-қоныс жер қымбат"- деген мақал әр адамның жүрегіне терең ілтипатпен алынатын мақал.
Туған жердің табиғаты да бір ерекше, кең даланың сарша тамызы, бұлбұлы сайраған орманы әдемі ғой. Көктемнің кезінде кең жайылған даласы қанатын кең жайлап, жібектей жұмсақ болып, желмен жарыса жөнеледі. Омырауын сонау шалғынға тіреп, шайқалып, шешек атқан гүлдердей қанатын кең сермейді. Қарай берсең, беткей жағындағы алып жоталарда толқындай теңселіп, гүл бетіне оранып жатыр. Оның тауы мен тасынан да, өзен көлінен де, тіпті құмы мен шөлінен де әсем әуен естуге болады.
Біздің тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір патриоттық сезім билейді. Адамның патриоттық сезімінің нысаны мен қайнар көзі Отан болып табылады. Туған жер, табиғат, оның байлықтары, тілі, дәстүрі, тарихи құнды ескерткіштері, киелі жерлер, жалпы ұлттық құндылықтар ешкімді бейтарап қалдыра алмайды. Елін сүю әркімнің жеке ісі, өз арының ісі. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласары сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет