Туризм әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде. Туризм дамуына әсер етуші факторлар


Экскурсиялық қызмет көрсету. Экскурсиялық қызмет көрсетудің түсінігі мен тапсырмалар кешені



бет17/46
Дата21.02.2023
өлшемі182,99 Kb.
#69747
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
27. Экскурсиялық қызмет көрсету. Экскурсиялық қызмет көрсетудің түсінігі мен тапсырмалар кешені.
Экскурсиялық қызмет - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарға танымдық мақсатта келуді ұйымдастыру жөніндегі кәсіпкерлік қызмет, ол туристерді орналастыру (түнету) жөніндегі қызметті көздемейді және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімді қамтиды; 
Экскурсия (латын. excursio — серуендеу) — жеке тұлғаның өзі уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытта көріп тамашалауы. Сөз тұлғасы орыс тіліне XIX ғасырда енген. Басында бұл сөз «әскери шапшаңдық» деген мағынада қолданылып, кейін сөз мағынасы «серуенге шығу», «жорық», саяхаттау деген ұғымға ауысқан.
Экскурсияның 8 белгісі:
1. Экскурсияның ұзақтығы. Экскурсия 1 сағаттан 24 сағатқа дейін созылады. Уақыт академиялық сағат бойынша есептеледі. Ең аз уақыт алатын экскурсиялар — музей және көрме экскурсиялары. Ең ұзағы – қала сыртына жасалған экскурсиялар.
2. Экскурсанттардың болуы. Экскурсанттар саны негізінде 1 адамнан 50 адамға дейін болады. Кей кездері 70 адамға жетеді.
3. Жоғары маманды экскурсоводтың болуы.
Экскурсоводтар 4 категорияға бөлінеді:

  • 1-категориялы экскурсоводтар 1 тақырыпты біліп, 2-3 экскурсия жүргізуі керек;

  • 2-категориялы экскурсоводтар 2-3 тақырып біліп, 7-8 экскурсия жүргізу керек;

  • 3-категориялы экскурсоводтар 4-5 тақырып біліп, 15-20 экскурсия жүргізу керек;

4. Экскурсия кезінде объектілерді көрсету.
5. Экскурсанттардың алдын ала жоспарланған маршрутпен жүруі.
6. Экскурсиялық объектілерді көрсетудің мақсаты.
7. Экскурсиялық құжаттар:
1) Экскурсиялық маршруттың сызбасы;
2) Экскурсия мәліметтері;
3) Экскурсоводтың портфелі7
8. Экскурсанттардың белсенділігі.
Экскурсия қызметтері:
1. Танымдық;
2. Ақпараттық;
3. Демалыс уақытын ұйымдастыру;
4. Тәрбие, сауықтыру және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет