«Туризм және спорт» факультеті



бет1/5
Дата10.11.2022
өлшемі33,53 Kb.
#48948
  1   2   3   4   5

Халықаралық туризм және меймандостық университеті
«Туризм және спорт» факультеті
«Туризм және қонақжайлылық»кафедрасы

СӨЖ


Тақырып: Европадағы Жаңа дәуір ойшылдарының саяси идеялары


Орындаған:Мұсатай Айсара тобы тқиұ 21-01
Қабылдаған:Жұманов Тәліп
Түркістан,2022


ЖОСПАРЫ:


КІРІСПЕ


1.Жаңа заман дәуірінің жалпы сипаты


1.1Жаңа заман дәуірінің мәдениеті


2.Жаңа заман дәуіріндегі ағылшын философиясы


2.Жаңа заман дәуіріндегі қоғам


Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ


Жаңа заман еуропалық мәдениеті - Еуропаүшін жаңа заман (XVII—XIX ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады. 
Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге толы. Жаңа заман — өнеркәсіптік өркениеттің қарыштап алға басып, қоғамның барлық салаларында түбегейлі өзгерістердің белең алғандарға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмұнға ие болды. Ғылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтерді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында жетекші орынға ие бола бастаған ғылым — адамдардың нәсіліне, ұлтына, табына қарамастан халықтың рухани дүниесін байытуда айтарлықтай рөл атқарды. Мемлекет тарапынан жасалынған үлкен қамқорлықтың арқасында XVII ғасыр ғылыми революцияның даму қарқыны өте жоғары болды. Ғылыми революция математика және механика саласында басталды да, басқа ғылым салаларындағы ғылыми жаңалықтармен жалғасты.[1]
XVII ғасыр ғылыми революция — адамзат баласының өзін қоршаған дүниені танып-білуге деген құлшынысының жемісі болды. Ғылымның қарышты қадаммен алға басуы және оның қоғамдық өмірдің барлық саласына біртіндеп кіре бастауы рационализмнің қалыптасу процесін аяқтауға мүмкіндік берді. Рационализм жаңа заман адамының өмірі мен бет-бейнесін жан-жақты айқындай отырып, халық санасынан еркін орын алды. Рационализм қоғамдағы орын алған тарихи жағдайларды ескере отырып, христиан дінінің католиктік тармағымен, оның дүниені құдайдың жаратқандығы туралы ілімімен де санасып отырды.
Олай болса, жаңа еуропалық сана мен буржуазиялық мәдениет таза атеистік сипатта болмағандығын аңғарамыз. Христиан діні мен шіркеулер Реформацияға (XVI ғасыр) дейін де, Реформациядан кейін де өз беделін жойған жоқ, қайта олардың қоғамдық, саяси және рухани өмірдегі рөлі бұрынғыдан артпаса, мүлде кеміген жоқ, қайта христиан діні өз өрісін бұрынғыдан да кеңейтіп азаматтық, мемлекеттік өмір салаларына кеңінен араласты. XVII ғасырда Еуропа — жаңа өмір жолына түскен жас Еуропа болатын. Бұл жол — өткен ғасырлардың бай тәжірибесін ой елегінен өткізіп сарапқа салу жолы болды. Бұл тарихи жолда орта ғасырлар кезеңіндегі мәдени құндылықтарды ғана емес, жалпы адамзат баласының сонау көне заманнан бергі жинақтаған рухани байлығын игерумен қатар, сол бір баға жетпес мәдени дөстүрлерді жаңа заман талабына сай қайта жаңғырту сияқты игі мақсаттар жүзеге асырылды. Көне заман мен жаңа заманның арасында қаншама уақыт өтсе де олардың өзара сабақтастығы өмірлік сипат алды. Ойымыз дәлелді болу үшін, ғылым саласындағы әр заман өкілдерінің бізді қоршаған дүние жайындағы ой-толғамдарын қарастырып көрейікші. Шындығында да, жаңа заманның философы, әрі математигі Лейбниц (1646—1710 жылдары) пен көне дәуірдің философы, әрі математигі Пифагордың (б.з.б. VI ғасырлар) дүниеге қатысты ғылыми көзқарастарының бірдей болып шығуын қалай түсіндіруге болады? Екі ғұлама да әлемді өзара тығыз байланыстағы біртұтас организм деп қарастырады. Лейбництің философиясында «айқындалған үндестік» теориясы басты орын алады. Бұл теория — діни-теологиялық, гуманистік және эстетикалық мазмұнға бай жан-жақты теория болып саналды. «Айқындалған үндестік» теориясын — замана талабы, қоғамдық сана-сезім және халықтық түсінік тұрғысынан қарастыратын болсақ; бұл-құдайтағаланың даналығына шексіз сенім болса, ал рухани тұрғыдан қарастырсақ, бұл — өнер атаулыны (мысалы, Йоганн Себастиан Бахтыңмузыкасын немесе классицизм стиліндегі өнер туындыларын және т.б.) бүкіл жан-дүниеңмен қабылдау болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет