«Туризм және тілдер» факультеті «Қазақ филологиясы» кафедрасы соөЖ №1 Тақырыбы



бет1/5
Дата05.03.2022
өлшемі12,96 Kb.
#27071
  1   2   3   4   5

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

«Туризм және тілдер» факультеті

«Қазақ филологиясы» кафедрасы

СОӨЖ № 1

Тақырыбы: Әбіш туралы толғам

Пәні: Әбіштану

Орындаған: Кял 19-3 студенті

Арзенов Қажымухан



Тексерген: Қобыланов Жоламан

Ақтау 2021

Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан Маңғыстау облысы Оңды ауылында дүниеге келген. Бала Әбіш үш жаста болғанда, әкесі соғысқа аттанып, сол күйі оралмаған. Кекілбайдың дүниеден өткенін отбасы бірнеше жылдан кейін ғана білген. Болашақ жазушы анасы Айсәуле Жұмабайқызының қолында өседі. Айсәуле Жұмабайқызы ел ішінде аты шыққан бидің отбасында туған.

Бала кезінен әдебиетке құмартса да, әдебиетші боламын деп армандамаған. Ең алғашқы арманы – геолог болу еді.

"Шетте жатқан Маңғыстауда тудым. Ол кезде Маңғыстаудың шаруашылығы да, экономикасы да артта қалған еді. Жолсыз, көп нәрсені көрмейтін, айда, жылда поштасы бір соғатын жерде туып өстім. Соған байланысты менің ең бірінші арманым – өзім өскен ортада, өзім өскен түбекте жаңару болса екен деп тіледім. Сөйтіп әуелі геолог болуға құмарттым. Өйткені ол кезде геологтар Маңғыстауда көп кезігетін. Мен де соларға еріп, біраз сергелдеңге түстім. Әдебиетті жақсы көрдім, оқыдым, ептеп өлең жазып жүрдім. Бірақ әдебиетші боламын деп армандаған жоқпын", - деген еді марқұм жазушы бір сұхбатында.

1957 жылы "Лениншіл Жастың" белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық комитетінің мақтау қағазын алады.

"Кітапты, бұрынғының кітаптарын көп оқитын. Бала болып алысып-жұлысу дегенді, бұрқырап беталды жүру, темекі тарту дегенді білмейтін. Балалардан гөрі үлкен кісілерге үйір еді. Олар да бетінен қақпайтын. Оныншы класты бітіргесін ауылдан да, ауданнан да қызмет ұсынды. Мен оған "былай бол" деп бір ауыз сөз, ақыл айтқан емеспін. Қызметке тұрып, ауылда қалайын деп жатқан жерінде жалғыз немере ағасы "Жас та болсаң, бассың оқы. Қызмет қайда қашады? Алматыға бар" деді. Алматыға да жалғыз кетті. Дәм айдап келген ғой, оқуын бітірген соң, осында қалды", - деген еді анасы Айсәуле Жұмабайқы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет