Уақытты ескере отырып, ерлерге 2000 метрге жүгіру жаттығу бағдарламасы



Дата31.12.2021
өлшемі13,05 Kb.
#23084
түріБағдарламасы

Уақытты ескере отырып, ерлерге 2000 метрге жүгіру жаттығу бағдарламасы

2000 м жүгірудің шығу тарихы: Ұзақ қашықтыққа жүгіру сайыстардың ішіндегі ең көне түрі болып табылады. Ежелгі Грекиядағы 1 Олимпиядада жүгіру бір стадияда өткен, яғни стадион жолының бойымен және бүл «дромос» деп аталады. Бұйрықтан ерте жүгіріп кеткен атлеттерді герольд дүре соғып жазалайтын болған. Уақыт өте келе ойындардың бағдарламасы дами түсті. Қысқа қашықтыққа жүгірудің түрлері көбейді. Ол төменгі старт барлық елдің спортшылары үшін кең қолданыс тапты. Жоғары жылдамдыққа қол жеткізетін төменгі старт позициясы үшін старттық колодкалардың шығуы жүгірісті бұрынғыдан да оңтайлатты. Жеңіл атлетика - жүру, жүгіру, секіру мен лақтыру жаттығулары мен көп сайыстарынан тұратын спорт түрі. Жеңіл атлетика - спорттың ең негізгі және көпшілік спорт түрлерінің бірі, дене тәрбиесі жүйесінде жан-жақтылығы мен оңайлығы және қолданбалығы сипатымен негізгі орынға ие. Жеңіл атлетикада жоғары спорттық нәтижеге жету көбіне спортшылардың саналы түрде техникалық дайындығымен байланысты. Техника ұғымы неғұрлым биік нәтижеге жету мақсатында спорттық жаттығуларды барынша тиімді орындаумен анықталады. Жеңіл атлетикалық жаттығулар техникасына үйрету процесінде оның деңгейіне дамиды.



2000 м қашықтыққа жүгірудің әдіс-тәсілдері. Оқытудың алғашқы сайысында спорт техникасының негіздері қарастырылады. Бұл тұста айналысушылар үшін техника туралы жалпы ұғым қалыптасады және қарапайым қозғалыстар жасау кезеңінде салыстырмалы түрде техника жоғары деңгейге жетеді. Қозғалыс дағдылары мен қабілеті дене дамуымен әрдайым сәйкесе бермейтіндігін айту қажет. Сондықтан, спорттық техниканы дене сапасы деңгейімен тығыз байланыста қарау қажет. Техниканы үйрету барысында шәкірттің қажетті жағдайда бұлшық етке күш салуына, қозғалысының еркіндігі мен жылдамдығына, уақытылы бұлшық етін жаза білуіне назар аудару керек. Қарапайым техниканы меңгерту үшін орташа есеппен 5-8 сабақ қажет екендігін оқыту ісінің тәжірибесі көрсетіп отыр. Дегенмен бұл дайындықпен шектелуге болмайды, сол себептен дұрыс әрі орнықты дағдыны қалыптастыру мақсатында жаттығуларды бірнеше мәрте қайталау қажет. Жоғарғы разрядты спортшылар қысқа қашықтыққа жүгіргенде сөрелік тірегішті қолданады. Жарыс кездерінде әр спортшының өз тірегішін қолдануына рұқсат етіледі, оның құрылымы бұрыштарды өзгертетіндей етіп жасалады. «Дайындал!» бұйрығы бойынша артқы тізені жерден көтеріп, денені алға қарай сәл ғана итереді, жүгірушінің жамбасы иық деңгейінен жоғары көтеріледі. Дене қандай өзгерісте болса да екі аяқты тірегіштен босатпау қажет. Дененің салмағы алдыңғы тірегіштен аяқ пен қол арасына бірдей түсіріледі. Денені жоғары көтерумен бірге баяу тыныс алып, жүгіруге даяр тұру қажет. Осы кезде назарды берілетін дыбысқа аударып, мәре сызығына қарау керек. Дыбыс берілгеннен кейін жүгіруші денесін алға қарай итереді де, екі аяқпен бірдей серпіледі. Артқы тірегіштегі аяқ тірегіштен серпіліп, алға қарай қозғала бастайды. Одан кейін алдыңғы тірегіштегі аяқ жұмысқа қосылады. Дәл осылай жүгіру басталады да мәре сызығына келгенде бітеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет