Учебно-методическое пособие для студентов-бакалавров базового уровня владения казахским языком всех направлений подготовки Филиала. / Г. Т



жүктеу 1.2 Mb.
Pdf просмотр
бет15/17
Дата28.12.2016
өлшемі1.2 Mb.
түріУчебно-методическое пособие
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Белгісіздік есімдігі  (Неопределенные местоимения) 
К неопределенным местоимениям в казахском языке относятся: 
біреу – некто, кто-то                       бірдеме – нечто, что-то 
әлдеқандай – какой-то                   әлдеқайда – где-то, куда-то 
әлдеқашан – когда-то, давно        бірнеше – несколько 
біраз – немного                               кейкейбір – некоторый 
 
5-
жаттығу. Берілген есімдіктермен сөйлем құраңыз.  
Үлгі: Кешіріңіз, маған бірнеше оқулық керек еді. 
 
Біреу,  бірдеме,  әлдеқандай,  әлдеқайда,  әлдеқашан,  бірнеше,  біраз,  
кей, кейбір. 
 
6-
жатттығу. Жақшаны ашып аударыңыз.  
     1
. Мен танымайтын (кто-то) келіп тұр. 2. Мен сыныпқа (давно) келгенмін. 
3
.Мен  сізге  (несколько)  мәрте  телефон  соғып  хабарластым.  4.  Алыстан 
(нечто)  жыбырлап  келе  жатқан  сияқты.  5.  (Некоторые)  мекемелерде  түскі 
демалыс сағат он екіден басталады.   
 
Болымсыздық  есімдігі    (Отрицательные  местоимения)  образуются  с 
помощью слова 
еш - вовсе, совсем  
ешкім 
никто 
Ешқандай 
никакой 
ештеңе 
ничто 
Ешбір 
никакой, ничего 
ешнәрсе 
ничего 
Ешжерде 
нигде 
ешқашан 
никогда 
Ешбір  
ни один 
 
Примечание:  Если  в  предложении  используется  отрицательное 
местоимение, то сказуемое принимает тоже отрицательную форму: 
Ешкім келмеді. - Никто не пришел. 
Ешқандай менің досым емес - Никакой он мне не друг. 
Ешқайсысын көрмедім. - Никого не видел. 
 
7-
жаттығу. Үлгі бойынша, берілген есімдіктермен сөйлем құраңыз.  
Үлгі: Бұл жерге ешқашан келген емеспін.  
 
Ештеңе,  ешкім,  ешқандай,  ешбiр, ешқашан,  ешқайда, ешқайсысы. 
 
8-
жаттығу.  Көп  нүктенің  орнына  керекті  болымсыздық  есімдігін 
қойыңыз.  
1
.  Балалар,  өкінішке  орай,  біз  бүгін  …  бармайтын  болдық.  2.  Менің 
сұрағыма  …  жауап  бергісі  келмей  ме?  3.  Қолөнердің  бұл  түрі  басқа  … 

112 
 
халықта жоқ болса керек. 4. … ұрпақ, ата-баба дәстүрін далаға тастамасын. 5
Мен … қолдан тоқылған кілемді көрмеппін. 
 
ЛЕКСИКА: Ақпарат және қоғам 
 
1-
тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.  
Астана қаласы 
 
Қазақстан  Республикасының  ең  алғашқы  астанасы  1920-1925ж.ж. 
Орынбор, одан кейін 1925 – 1929 ж.ж. Қызылорда, 1929 жылдан 1997 жылға 
дейін Алматы қалалары болды. 
1997  жылы  қазанның  20-сында  Н.Ә.Назарбаев  «Ақмола  қаласын 
Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол 
қойды.  1998  жылы  мамырдың  6-сында  Елбасының  Жарлығымен  Қазақстан 
Республикасының  астанасы  Ақмола  қаласы  Астана  қаласы  болып  аталады. 
Осы  жылғы  маусымның  10-ында  тәуелсіз  Қазақстанның  жаңа  астанасының 
салтанатты  ашылу  рәсімі  өтті.  Сөйтіп,  енді  Астана  қаласы  Қазақстан 
Республикасының жаңа астанасы болды. Аз уақыттың ішінде Астана қаласы 
көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасынан ағып өтетін Есіл өзенінің жағасы 
қала  халқы  демалатын  жағажайға  айналды.  Астана  қаласында  Президент 
сарайы,  Парламент  ғимараты,  «Интерконтиненталь»  қонақ  үйі,  Еуразия 
университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, министрліктердің үйлері, көп 
қабатты  тұрғын  үйлер,  ғимараттар  бой  көтерді.  Парламент  үйінің  алдында 
Төле  би,  Қазыбек  би,  Әйтеке  бидің  ескерткіштері  орнатылды.  Аспанға 
атылған ақ барыс мүсіні Қазақстанның XXI ғасырдағы бақытты болашағын 
білдіріп тұр.  
 
Әсем  Есілдің  оң  жағасында  салынып  жатқан  жаңа  Астананың 
сұлулығы  ерекше.  Мұндағы  салынып  жатқан  құрылыстар  алыстан  көз 
тартады. «Бәйтерек»  ғимараты жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды 
таң қалдырады. Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлу, 
әйгілі қала болмақ. 
 
Астана – Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік , экономикалық, 
мәдени орталығы болып табылады. 
 
Сөздік 
жариялау – объявлять                                 
көз тарту – притягивать взор 
жарлық – указ                                              
жақын шетел – ближнее зарубежье 
салтанатты – торжественный                         
алыс шетел – дальнее зарубежье 
көрікті – красивый                                       
саяси – политический 
ескерткіш – памятник                                 
әкімшілік – административный 
мүсін – скульптура                                      
жаға  - побережье 
сұлулық - красота   
ғимарат – здание 
 
2-
тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.  
1
. Қазақстанның астаналарын атаңыз. 2. Ақмола қаласы қашан  астана 
болды?  3.  Ақмола  қаласы  қашан  Астана  атауын  алды?  4.  Астанада  қандай 

113 
 
ғимараттар  бой  көтерді?  5.  Парламент  үйінің  алдында    кімдерге  ескерткіш 
орнатылды?  6.  «Бәйтерек»  ғимараты  кімдерді  таң  қалдырады?  7.  Астана 
қандай  орталық?  8.  Астана  қаласының  ортасынан  қандай  өзен  өтеді?  9
Қандай  мүсін  Қазақстанның  XXI    ғасырдағы  бақытты  болашағын  білдіріп 
тұр?  
 
3-
тапсырма. Сөз тіркестерін толықтырыңыз. 
Алғашқы ..., Қазақстан ..., қол ..., тәуелсіз ..., ашылу ..., көрікті ..., Есіл 
...,  Президент  ...,  тұрғынт  ...,  бой  ...,  парламент  ...,  Төле  ...,  ақ  ...  мүсіні,  ... 
ғасыр, көз ..., Есілдің ... жағасы, «Бәйтерке» ...., таң ..., мәдени ..., бас ... .  
 
4-
тапсырма. Сөйлем құрастырыңыз.   
1.
Қазақстанның
 
 - 
самая первая столица – Оренбург  

столицей в 1925-29 годы была Кызылорда   

столицей с 1929 по 1997 год стала Алматы 
 
2
Астана 

стала новой столицей 20 октября 1997 года  

за короткое время превратилась в красивый город  

собирается  стать  одним  из  красивых  городов   
Евразии 

восхищает жителей и гостей столицы  

главный город Республики Казахстан 
 
3
Астанада 
-  
10 июня прошла праздничная церемония  
-  
открытие новой столицы  

президентский дворец притягивает взоры  людей     

выросли многоэтажные дома и здания  
 
5-
тапсырма.    Мәтіндегі  сан  есімдерді  теріп  жазыңыз.  Реттік  сан 
есім жасаңыз.  
 
6-
тапсырма.  Келесі сөз тіркестерін аударыңыз. 
В 1917 году, 30 августа 1991 года, с 1925 по 1929 годы, с 1 сентября по 
30 июля 2014 года, 42 дня, 15 месяцев, 10 июня 1998 года, до сих пор, в 21 
веке,  вчерашний день, в позапрошлом году, на юбилей, послезавтра.  
 
7-
тапсырма. Туған қалаңыз туралы әңгіме жазыңыз.  
 
8-
тапсырма. Мәтінге атау беріңіз. Аударып, мазмұндаңыз. 
991жылы  20  маусымда  Германия  Бундестагі  337дауыспен  /320  қарсы 
болған/ парламент пен Үкіметті Берлинге көшіру жөнінде шешім қабылдады, 
ал 1994 жылы шартты түрде «Бонн - Берлин» деп аталатын заң дүниеге келді. 
Дегенмен 8 министрлік пен 18 федералдық мекеме түбегейлі Боннда қалып, 
жаңа  астанада  олардың  филиалдары  ашылатын  болды.  Берлинде  12  мың 
пәтер салынып, Шпрее өзені бойындағы үкіметтік квартал бой көтерілетін, ал 

114 
 
2000  жылға  дейін  Рейхстаг  қайта  жөнделіп,  Бундестагқа  айналатын  болып 
шешілді.  Осы  ғасырдың  ұлы  көшінде  немістер  триллионға  жуық  марка 
жұмсамақ.  
Бүл  күндері  Германия  жалпы  ішкі  өнімі  мен  жан  басына  шаққандағы 
табыс ауқымы жөнінен АҚШ пен Жапониядан кейінгі үшінші орында тұр. Ал 
ішкі  өнімнің  67  пайызын  қызмет  көрсету  саласының  кәсіпорындары,  33 
пайызын  өнеркәсіп  орындары  құрайды.  1994  жылы  орташа  отбасының  таза 
табысы айына 904 марка болса, қазір ол 6000 маркаға жуық, ал екі марка  - 
бір  АҚШ  доллары.  Елдегі  тұрғын  үйдің  20  пайызға  жуығы  әлеуметтік 
нысандар деп танылған, яғни оларды мемлекет қаржыландырады. 
 
Сөздік 
көшіру – переехать 
шартты түрде  - условно 
қарсы болу – быть против 
шешім қабылдау – принять решение 
бой көтеру - строиться 
қайта жөндеу - реставрировать 
табыс ауқымы – объем дохода 
ішікі өнім – ВВП 
пайыз - процент 
қызмет көрсету – обслуживание 
өнеркәсіп - производство 
әлеуметтік нысандар - социальные объекты 
тұрғын үй - жилье 
қаржыландыру - финансировать 
 
9-
тапсырма. Сөйлемдерді мәтін бойынша рет-ретімен қойыңыз. 
1
2000 жылға дейін Рейхстаг қайта жөнделіп, Бундестагқа айналатын болып 
шешілді. 
2.  
1994 жылы шартты түрде «Бонн - Берлин» деп аталатын заң дүниеге келді. 
3
. Осы ғасырдың ұлы көшінде немістер триллионға жуық марка жұмсамақ. 
4
Берлинде  12  мың  пәтер  салынып,  Шпрее  өзені  бойындағы  үкіметтік 
квартал бой көтерілді.  
5
Дегенмен  8  министрлік  пен  18  федералдық  мекеме  түбегейлі  Боннда 
қалып, жаңа астанада олардың филиалдары ашылатын болды. 
6.  1991 
жылы  20  маусымда  Германия  Бундестагі  337дауыспен  /320  қарсы 
болған/  парламент  пен  Үкіметті  Берлинге  көшіру  жөнінде  шешім 
қабылдады. 
 
10-
тапсырма.  Берілген  сөздермен  және  сөз  тіркестерімен  сөйлем 
құрыңыз. 
Қайта  жөндеу,  қаржыландыру,  қызмет  көрсету,  тұрғын  үй,  пайыз, 
шешім қабылдау, әлеуметтік нысан, табыс ауқымы, ақша жұмсау.  
 
 
24-
САБАҚ 
 
ГРАММАТИКА:  Қалау  рай   
Қалау  рай  (Желательное  наклонение)  выражает  желание,  намерение 
говорящего  и  образуется  путем  прибавления  к  корню  глагола  суффиксов  -
ғы/-гі, -қы/-кі, затем следуют личные окончания глагола и вспомогательного 

115 
 
глагола 
келеді  для  будущего  времени,  келді  для  прошедшего  времени  и 
келіп отыр для настоящего времени.  
Жақ/лицо 
Негізгі етістік/ 
основной глагол 
Көмекші етістік/ 
вспомогательный глагол 
Менің 
бар+ғы+м 
көр+гі+м 
 
 
 
 
 
 
келеді/ келмейді 
келді/ келмеді 
келіп тұр / келіп тұрған жоқ 
Сенің 
бар+ғы+ң 
көр+гі+ң 
Сіздің  
бар+ғы+ңыз 
көр+гі+ңіз 
Оның  
бар+ғы+сы 
көр+гі+сі 
Біздің  
бар+ғы+мыз 
көр+гі+міз 
Сендердің  
бар+ғы+лар+ың 
көр+гі+лер+ің 
Сіздердің  
бар+ғы+лар+ыңыз 
көр+гі+лер+іңіз 
Олардың  
бар+ғы+лар+ы 
көр+гі+лер+і 
 
1-
жаттығу. Келесі етістіктерді қалау райда қолданыңыз.  
Жұмыс  істеу,  оқу,  аудару,  көшіру,  демалу,  көру,  алу,  қайталау, 
орындау,  жаттығу,  септеу,  тәуелдеу,  тыңдау,  жазу,  түсіну,  түсіндіру,  айту, 
жауап беру,  сұрақ қою, жалғастыру, танысу, таныстыру, меңгеру, игеру.  
 
2-
жаттығу.  Көп  нүктенің  орнына  қажетті  грамматикалық 
көрсеткішті қойыңыз.  
1
. Менің сізге сұрақ қой... келіп тұр. 2. Бұл институтта оқы... келеді ме? 
3
. Жұмысты аяқта... келіп тұр. 4. Сіздің бізге не айт... келеді? 5. Оның мені 
түсін...  келіп  тұрған  жоқ.  6.  Студенттердің  лекция  жаз...  келмейді.  7
Мараттың  менің  сөзімді  қайтала...  келіп  тұрған  жоқ.  8.  Кеше  біздің  кино 
көр... келді. 9. Оқытушының бізге не айт... келіп тұр? 10.Сіздің бұл сұраққа 
жауап  бер...  келмейді  ме?  11.  Сендердің  үйге  қайт...  келмейді  ме?  12
Балалардың  тақырып  бойынша  жаттығу  жаса...  келіп  тұр.  13.  Әділеттің 
берген  тапсырманы  орын...  келіп  тұрған  жоқ.  14.  Сіздердің  бұл  тақырыпты 
жалғастыр... келіп тұр ма? 15. Сәуленің  бағдарламашы бол... келеді. 16. Үйге 
қайт...  келіп  тұр.  17.  Сендердің  менімен    туралы  сөйлес...  келіп  тұр.  18
Жазғы  демалыста  қайда  бар...  келеді?  19.  Сымбат  ешкімді  тыңда...  келіп 
тұрған жоқ. 
 
3-
жаттығу.  Көп  нүктенің  орнына  керекті  етістікті  қалау  рай 
формасында жазыңыз.  
1
. Саматтың мектепке ... келеді. 2. Біздің жоғары оқу орнына ... келеді. 
3
.  Сенің  қандай  мамандық  ...  келеді?  4.  Талғаттың  тереңдетіп  оқытатын 
мектепте  ...  келеді  ме?  5.  Сіздің  қосымша  білім  ...  келеді  ме?  6.  Сендердің 

116 
 
мұғалімнің дәрісін ... келеді ме? 7.  Сіздің мені ... келмейді. 8. Менің өлеңді ... 
келіп тұр. 9. Қазір менің ... келіп тұрған жоқ. 10. Асхаттың білімін колледжде 
... келеді. 11. Студенттердің үй  жұмысын ... келіп тұрған жоқ. 12. Мұғалімнің 
саған  ...  келіп  тұр.  13.  Досым  менімен  ертерек  ...  келеді.  14.  Университетті 
бітірген соң, біздің әрі қарай оқуымызды ... келеді.   
 
4-
жаттығу. Келесі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз. 
1
. Я хочу Вас познакомить с нашим университетом. 2. После занятий  
мы  хотим  пойти  домой.  3.  Вы  хотите  поехать  домой  на  поезде?  4.    Ты  не 
хочешь объяснить мне ситуацию? 5. Вы хотите отдохнуть? 6. Мой сын хочет 
учиться  в  школе  с  углубленным  изучением  казахского  языка.  7.    Студент 
хочет  ответить  на  вопрос  учителя.  8.  Ты  в  каком  университете  хочешь 
учиться?  9.  Наш  специалист  не  хочет  повысить  квалификацию?  10.  Самат 
хочет  освоить    профессию  программиста.  11.  Ты  хочешь  учиться  в  новой 
школе? 12. Наши сотрудники хотят работать с Вами. 13. Извините, я не хочу 
поднимать шум. 14. Ты не хочешь извиниться? 15. После занятий мы хотим 
пойти в кино. 16. Друзья не хотят расставаться друг с другом.    
 
5-
жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз. 
1
. Сіздің демалыста қайда барғыңыз келді? 2. Жазда қайда демалғыңыз 
келеді?  3.  Болашақта  кім  болғыңыз  келеді?  4.  Болашақта  қайда  жұмыс 
істегіңіз  келеді?  5.  Кімге  көмектескіңіз  келеді?  6.  Ата-анаңызға    қандай 
сыйлық  бергіңіз  келеді?  7.  Қандай  музыка  тыңдағыңыз  келеді?  8.  Опера 
тыңдағыңыз келеді ме? 9. Қазақ тілін үйренгіңіз келеді ме? 10. Басқа қандай 
тілдерді  меңгергіңіз  келеді?  11.  Мамандық  бойынша  жұмыс  істегіңіз 
келмейді  ме?  12.  Қосыша  екінші  мамандық  алғыңыз  келеді  ме?  13
Оқуыңызды  жағастырғыңыз  келеді  ме?  14.  Оқуыңызды  қайда  
жалғастырғыңыз  келеді?  15.  Кімге  сұрақ  қойғыңыз  келіп  отыр?  16.  Қандай 
сұраққа жауап бергіңіз келмейді?   
 
6-
жаттығу. Келесі етістіктерден қалау рай жасап, сөйлем құраңыз.  
Жұмыс  істеу,  оқу,  аудару,  көшіру,  демалу,  көру,  алу,  қайталау, 
орындау,  жаттығу,  септеу,  тәуелдеу,  тыңдау,  жазу,  түсіну,  түсіндіру,  айту, 
жауап беру,  сұрақ қою, жалғастыру, танысу, таныстыру, меңгеру, игеру.  
 
ЛЕКСИКА: Ғылым мен техника 
 
1-
тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.  
Ғылым мен техниканың дамуы 
Ғылыми-техникалық 
прогресс 
XVI-XVIII 
ғасырлардағы 
мануфактуралық  өндірістен  алшақтап,  ғылым  мен  техниканың  бірлесуінен 
басталады.  Сол  кезеңде  табиғатты  ғылыми  тұрғыдан  зерттеу  басталады. 
Алайда  сол  уақыттағы  діни-теологиялық  ілімдер  ғылыми-техникалық 
прогрестің дамуына кедергі болды.  

117 
 
XVI  - 
ғасырда  басқа  елдермен  сауда-саттықты  дамыту,  сол  арқылы 
теңіз  жолын  меңгеру,  мануфактураларды  жаңа  жолға  қою  мәселелері  жаңа 
шешімдері  талап  етті.  Қайта  өркендеу  дәуірі  кезеңінде  ғылым  ескі 
дәстүрлерден қол үзіп, практикаға сүйене бастады. Шығыста компас, оқ-дәрі 
ойлап  табылды,    кітап  басу  тәсілі  меңгерілді.    Бұл  сол  кезеңдегі  ұлы 
жаңалықтар  болып  саналды.  Жалпы,  бұл  ғылыми-техникалық  прогрестің 
бірінші кезеңі болып  есептеледі. Мануфактуралық өндірісті дамыту үшін су 
диірменін пайдалану  қажет болды. Мұндай мұқтаждық кейбір механикалық 
процестерді теориялық тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Су қысымы, қарсыласу 
және үйкелу сияқты ілімдер пайда болды. Сол кезеңде ірі өнеркәсіптің дамуы 
орын ала бастады. Г.Галилей, И.Ньютон, Э.Мариотт және т.б. ғалымдардың 
аты  шығып,  олар  «өндіріс  қызметшілері»  деген  атпен  тарихта  қалды.  Дж. 
Уаттың  бумен  жүретін  машинасы  «ғылымның  жемісі»  деп  саналды.    Ал 
машина  өндірісі  ғылыми-техникалық  тұрғыдан  шексіз  мүмкіндіктер  ашты. 
Бұл кезең ғылыми–техникалық прогрестің қарқынды дамуына ықпал жасады. 
Екінші  кезеңде  қолданбалы  зерттеулер,  тәжірибелік-конструкторлық 
шешімдер,  өндірістік  жетілдіру  үрдісі  қалыптасты.  Ғылым  техниканың 
үздіксіз дамуына септігін тигізіп, қолдану аясын кеңейтті. Бүгінде ғылыми-
техникалық прогресс адам өмірінің барлық салаларын қамтиды, оның дамуы 
жалғасуда.  
 
Сөздік 
өндіріс – производство 
дәстүр – традиция 
алшақтау – отдалиться 
сүйену – опираться 
бірлесу – объединение 
оқ-дәрі – патроны 
ілімдер – учения 
кітап басу – книгопечатание 
кедергі – препятствие 
су диірмені – водяная мельница 
сауда-саттық – торговля 
мұқтаждық – нужда 
меңгеру – освоение 
қысым – давление 
шешім – решение 
тәсіл – метод 
үйкелу – трение 
қайта өркендеу дәуірі – эпоха Ренессанса 
сала – отрасль 
қарсыласу – сопротивление 
жеміс – продукт 
кеңейту – расширять 
қарқынды – мощный 
қамту – охватывать 
қолданбалы  - прикладное 
қамту – охватывать 
қалыптасу – формирование 
кеңейту – расширять 
септігін тигізу – содействовать 
 
 
2-
тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.  
1
. Ғылыми-техникалық прогресс қашан басталды? 
2
. Ғылыми-техникалық прогресс қалай басталды? 
3
. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуына қандай себептер ықпал жасады? 
4
. Қайта өрлеу дәуірінде қандай өзгерістер болды? 
5
. Шығыста қандай жаңалықтар ашылды? 
6
. Су диірмені не үшін қажет болды? 
7
. «Өндіріс қызметшілері» деп кімдерді атаймыз? 

118 
 
8
. Бумен жүретін машинаны кім ойлап тапты? 
9
. Ғылыми-техникалық прогресс қандай салаларды қамтиды? 
10
. Ғылым техниканың дауына септігін тигізді ме? 
 
3-
тапсырма. Сөйлемдерді мәтін бойынша рет-ретімен қойыңыз. 
1
. Шығыста компас, оқ-дәрі ойлап табылды, кітап басу тәсілі меңгерілді. 
2
. Қайта өркендеу дәуірі кезеңінде ғылым практикаға сүйене бастады. 
3
. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы «ғылымның жемісі» деп саналды. 
4. 16-
ғасырда  басқа  елдермен  сауда-саттықты  дамыту,  сол  арқылы  теңіз 
жолын  менгеру,  мануфакураларды  жаңа  жолға  қою  мәселелері  жаңа 
шешімдері талап етті. 
5
. Діни-теологиялық ілімдер ғылыми-техникалық прогрестің дамуына кедергі 
болды. 
6
.  Мануфактуралық  өндірісті  дамыту  үшін  су  диірменін  пайдалану    қажет 
болды. 
7
Г.Галилей,  И.Ньютон,  Э.Мариотт  және  т.б.  ғалымдар  «өндіріс 
қызметшілері» деген атпен тарихта қалды. 
8
. Машина өндірісі ғылыми-техникалық тұрғыдан шексіз мүмкіндіктер ашты. 
9
.  Ғылым  техниканың  үздіксіз  дамуына  септігін  тигізді.    Қолдану  аясын 
кеңітті. 
10
.  Ғылыми-техникалық  прогресс  ғылым  мен  техниканың  бірлесуінен 
басталады. 
 
4-
тапсырма. Жақшаны ашып, берілген сөздерді аударыңыз.  
1
.  Ғылыми-техникалық  прогресс  ғылым  мен  техниканың  бірлесуінен 
(начинается).  2.  Сол  кезеңде  (природу)  ғылыми  тұрғыдан  (исследование)  
басталады.  3.  Сол  уақыттағы  (религиозно-теологические  учения)  ғылыми-
техникалық  прогрестің  дамуына  (препятствие)  болды.  4.  (В  эпоху 
Ренессанса)  кезеңінде (наука) ескі дәстүрлерден қол үзіп, практикаға сүйене 
бастады.  5.  (На  востоке)  компас,  оқ-дәрі  ойлап  табылды,  (книгопечатание) 
тәсілі  меңгерілді.  6.  Мануфактуралық  (производство)  дамыту  үшін  су 
диірменін  (водяные  мельницы)  пайдалану    қажет  болды.  7.  Су  қысымы, 
(сопротивление).  және  (трение)  сияқты  ілімдер  пайда  болды.  8.  Ғылым 
техниканың  үздіксіз  дамуына  (развитию)  септігін  тигізіп,  қолдану  аясын  
(расширил). 
 
5-
тапсырма.  Берілген  сөздермен  және  сөз  тіркестерімен  сөйлем 
құрыңыз. 
 
Ғылыми-техникалық  прогресс,  мәселелерді  шешу,  ұлы  жаңалықтар, 
өндірісті  дамыту,  шексіз  мүмкіндіктер,  өндірістік  жетілдіру,  аясын  кеңіту, 
мұқтаждық, практикаға сүйену, ойлап табу, зерттеу жүргізу, қолданбалы. 
 
6-
тапсырма.  Мәтіннен  тірек  сөздерді  теріп  жазыңыз.  Оларды 
қолдана отырып, мәтінді мазмұндаңыз.  

119 
 
7-
тапсырма.  Мәтінді  оқып,  орыс  тіліне  аударыңыз.  Сұрақтар 
қойып, жауап беріңіз.  
Тұңғиыққа саяхат 
2012  жылы  болған  тағы  бір  айтарлықтай  жаңалық  –  «Титаник» 
режиссері Джеймс Кэмеронның су астындағы Мариан шұңғымасына саяхат 
жасауы. Бұл ойпат жердің ең төменгі нүктесі - Тынық мұхиты табанынан 11 
шақырым төмен жатыр. 
Кэмерон  -  жердің  ең  төменгі  нүктесіне  барған  алғашқы  адам.  Бұл 
саяхат  нәтижесінде  бұрындары  белгісіз  болып  келген  бірнеше  тіршілік 
формалары ашылды. 
Биыл  австриялық  скайдрайвист  Феликс  Баумгартнер  де  «тұңғиыққа 
секірді».  Бірақ  ол  суға  емес,  39  шақырым  биіктен  жерге  секіріп,  дыбыс 
жылдамдығынан  да  озды.  Ол  ең  жоғарғы  жылдамдықты  бағындырған 
тұңғыш адам болды. 
Каталог: sites
sites -> Мұратбеков Сайын
sites -> ҚазҰТУда «Ерлігі жүрегінде елінің» атты Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті
sites -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
sites -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
sites -> БАҒдарламасын дамыту жолдары ақашева Ә. С г.ғ. к., доц., Дүйсебаева К. Ж. г.ғ. к., доц
sites -> А. Т. Селкебаева
sites -> Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) Түсінік хат
sites -> Методическое пособие. Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2014. 56 с


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет