Учебно-методическое пособие для студентов-бакалавров базового уровня владения казахским языком всех направлений подготовки Филиала. / Г. Т



жүктеу 1.2 Mb.
Pdf просмотр
бет5/17
Дата28.12.2016
өлшемі1.2 Mb.
түріУчебно-методическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

белгілеңіз. 
Үлгі: Комната соседа – көршінің бөлмесі. 
 
Учебник  друга,  удостоверение  друга,  работа  моя,  семья  Ваша,  отец  твой, 
книга  библиотеки,  время  ваше,  сад  колхоза,  начальник  управления,  корпус 
института, журнал преподавателя, игрушка ребенка, дом наш. 
 
ЛЕКСИКА: Жас отбасы және дәстүр 
 
1-
тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз. 
Жас отбасы және дәстүр 
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп 
дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. 
Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. 
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа 
еш  нәрсенің  күшімен  салыстыруға  болмайтындай.  Өйткені  ата-ананың  балаға 
деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді 
түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе? 
Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-
бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар. 
Өзінің  ана  тілін,  тарихын,  мәдениеті  мен  дәстүрін  дәріптейтін  ұлт  ғана 
өркендей  алады.  Қоғамда  дәстүрге  негізделген  отбасы  құндылықтарын 
нығайтқан  отбасы  мемлекеттің  тірегі,  елдің  ел  болып  тұруына  себепшісі.  Екі 
жас  бас  қосып,  ұрпақ  жалғастыруы,  жай  ғана  ұрпақ  емес  білімді  саналы 
өкілдердерді  дайындауы  еліміздің  ары  қарай  дамуына,  өсуіне  зор  әсерін 
тигізетіні сөзсіз. 
 
Сөздік 
отбасы - семья 
отбасы мүшелері - члены семьи 
діңгек – подпорка, столб, основа 
адамзат - человечество 
сәт – миг 
өсу - рост 
ер жету - взрослеть 
тәрбие - воспитание 

33 
 
аса қажетті - особо необходимый 
салыстыруға болмайды - нельзя сравнивать 
рухани жақындық - духовная близость 
өркендеу – расцветать, развивать 
нығайту - укреплять 
мемлекеттің тірегі - опора государства 
ұрпақ жалғастыру - продолжение потомства 
дәстүрге негізделген - основан на традициях  
мақсат ынтымақтастығы - единство цели 
өкілдер - представители 
қасиетті - священный 
ұрпақ - поколение 
ықпал, әсер - влияние 
бесік – колыбель 
дәріптеу - почитать 
тарих - история 
мәдениет - культура 
дәстүр - традиция 
саналы - сознательный 
нақыл сөз – изречение 
 
2-
тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. 
1.
 
Отбасы дегеніміз не? 
2.
 
Отбасылық тәрбиенің маңыздылығы неде? 
3.
 
Қандай отбасы мемлекеттің тірегі бола алады? 
4.
 
Отбасы мен мемлекеттің ұқсастығы бар ма? 
5.
 
Отбасы құндылықтары дегенді қалай түсінесіз? 
 
3-
тапсырма. Жақша ішіндегі сөздерді аударып, көшіріңіз. 
1
.  Отбасы  –  адам  баласының  алтын  (основа).  2.  Өйткені  (человек)  ең 
алғаш  шыр  етіп  дүниеге  (пришел)  сәтінен  бастап,  осында  (повзрослел), 
отбасының (воспитание) алады. 3. Сондықтан да (семья) – (человечество) аса 
(необходимый), әрі қасиетті (золотая) мектебі. 4. Өзінің ана тілін, (историю), 
мәдениеті  мен  (традицию)  дәріптейтін  ұлт  ғана  (процветать)  алады.  5
Қоғамда  дәстүрге  (основанный)  отбасы  (ценности)  нығайтқан  отбасы 
мемлекеттің (опора), елдің ел болып тұруына себепшісі. 6. Екі (молодой) бас 
қосып,  ұрпақ  жалғастыруы,  жай  ғана  (потомство)  емес  білімді 
(сознательный)  өкілдердерді  дайындауы  еліміздің  ары  қарай  (развитию), 
өсуіне зор әсерін тигізетіні сөзсіз. 
 
4-
тапсырма.  Қарамен  берілген  сөздердің  қай  септікте  тұрғанын 
көрсетіңіз. 
Үлгі: Отбасы – атау с. 
 
1.  Отбасы  –  адам  баласының  алтын  діңгегі.  2.  Өйткені  адам  ең  алғаш 
шыр  етіп  дүниеге  келген  сәтінен  бастап,  осында  ер  жетіп, 
отбасының 
тәрбиесін  алады.  3.  Сондықтан  да  отбасы  – 
адамзаттың  аса  қажетті,  әрі 
қасиетті алтын мектебі. 
4. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен 
әсер күшін өмірдегі басқа еш 
нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. 
5
.  Өйткені 
ата-ананың  балаға  деген  тәрбиесінің  орнын  еш  нәрсе  толтыра 
алар  емес.  6.  «Ел  болам  десең, 
бесігіңді  түзе»  –  деген  нақыл  сөз  отбасы 
тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе? 7. Отбасы мүшелерінің жас 
шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, 
мақсат ынтымақтастығы бар. 
 

34 
 
8-
САБАҚ 
 
ГРАММАТИКА:  Барыс  (дательный),  жатыс  (местный), 
шығыс (исходный) септіктер 
Барыс септік (дательно-направительный падеж) имен существительных 
образуется при помощи окончаний -
ға/-ге, -қа/-ке, присоединяемых к корню 
или основе существительных. Он отвечает на вопросы 
кімге? (кому?)  неге? 
(
чему?
қайда? (зачем?) 
В казахском языке имеет следующие значения: 
-
 
лицо или предмет, к которому направлено действие (Оспанға бер); 
-
 
направление действия (Астанаға, қалаға); 
-
 
цель действия (кітапта). 
Глухой согласный 
-
қа/-ке 
Болат-қа, орындық-қа 
Во всех остальных случаях 
-
ға/-ге 
Алматы-ға, үй-ге 
Личные  местоимения  в  дательно-направительном  падеже  имеют 
следующую форму: 
Единственное число 
Множественное число 
Мен – маған         «мне» 
Сен – саған           «тебе» 
    
Сіз –  сізге         «Вам» 
Ол –  оған             «ему» 
Біз – бізге                        «нам» 
Сендер – сендерге          «вам» 
   
Сіздер – сіздерге         «Вам» 
Олар – оларға                 «им» 
Жатыс  септігі  (местный  падеж)  имен  существительных  обозначает 
местонахождение  предмета  и  отвечает  на  вопросы: 
қайда?  (где?)  неде?  (в 
чем? на чем?
) кімде? (у кого?) қашан? (когда?). Местный падеж образуется 
при помощи окончаний –
да/-де, -та/-те, в притяжательной форме –нда/-нде. 
После глухих согласных 
-
та/-те 
Болат-та, Әсет-те 
Во всех остальных случаях 
-
да/-де 
Арман-да, Әсем-де 
В притяжательной форме основа 
оканчивается на –сы/-сі, -ы/-і 
-
нда/-нде 
Бала-сы-нда «у его ребенка» 
Әже-сі-нде   «у его бабушки» 
Личные местоимения в местном падеже принимают следующую форму: 
Единственное число 
Множественное число 
Мен – менде   «у меня» 
Сен – сенде    «у тебя» 
   
Сіз –  сізде   «у Вас» 
Ол –  ода         «у него, у нее» 
Біз – бізде                      «у нас» 
Сендер – сендерде        «у вас» 
   
Сіздер – сіздерде       «у Вас» 
Олар – оларда               «у них» 
Шығыс  септігі  (исходный  падеж)  имен  существительных  отвечает  на 
вопросы 
кімнен? (от кого?) неден? (из чего?) қайдан? (откуда?) и указывает 
на исходный пункт действия предмета или на материал, из которого сделан 
предмет. Исходный падеж образуется при помощи окончаний  -
нан/-нен,  -
дан/-ден, -тан/-тен. 
После глухих согласных 
-
тан, -тен 
Шымкент-тен 
После гласных  
-
нан, -нен 
Баласы-нан,  Әйгерім-нен 
Во всех остальных случаях 
-
дан, -ден 
Алматы-дан,  Семей-ден 
 

35 
 
1-
жаттығу.  Барыс  септігінің  жалғауын  жалғаңыз,  орыс  тіліне 
аударыңыз. 
Үлгі: терезе – терезеге «к окну». 
 
Кітап, ауыл, қала, Оспан, оқулық, бөлме, сағат, есік, жігіт, дәрісхана, бор, 
еден, қыз, ағаш, су, сүт, көл, пәтер, жұмыс, әуежай, балабақша, дүкен, сынып, 
теңіз, мұхит, аудан, облыс, Алматы, республика, төсек, үй, Астана, демалыс, 
қонақ,  сабақ,  жиналыс,  емтихан,  мектеп,  конференция,  сынақ,  жаға, 
университет, Қазақстан, жолдас. 
 
2-
жаттығу. Барыс септігінің жалғауын жалғай отырып, қазақ тіліне 
аударыңыз. 
1.
Поезжай в Семипалатинск. 2.Скажи папе. 3.Отнесите тетрадь учителю. 
4.
Отдайте бумаги Асету. 5.Поехали на Медео кататься на коньках. 6.Приходи 
пить  чай.  7.Сходи  за  мелом.  8.Покажи  рисунок  маме.  9.Пойдемте  к  реке. 
10.
Нужно сходить на базар. 11.Я перееду в Казахстан. 12.Пошел в магазин за 
хлебом.  13.Утром  пойду  в  школу.  14.Он  ходит  в  детский  сад.  15.Мы 
собрались в парк. 16.Посмотри на часы. 17.Я поеду на море отдыхать.  
 
3-
жаттығу.  Берілген  сөздерге  жатыс  септігінің  жалғауын  жалғаңыз, 
орыс тіліне аударыңыз.  
Үлгі: мектеп: қайда? Мектепте - «в школе». 
 
Студент, жәшік, бастық, институт, Самат, тәулік, орындық, қабат, Қайрат, 
қала,  апта,  кітапхана,  жау,  ауыл,  балабақша,  Қазақстан,  диван,  үй,  ғимарат, 
сабақ, демалыс, ауыл, жаз, дала, қала, дәрісхана, үстел, сөре, оқулық, ағаш, 
дәрігер, қабылдау, қонақ.  
 
4-
жаттығу. Составьте таблицу, используя слова. 
Сынып 
Оқулық 
Асан 
Қайда? 
Мектеп.... 
Парта..... 
Ауыл.... 
Кітап  
Добы  
Білезігі  
Кімде? 
әжесі...... 
Ермек...... 
Қолы..... 
Сен  
Қашан? 
Жазда...... 
Қыс......              бар                   
Болашақ.... 
Шай 
Кофе 
Айран 
Су 
Неде? 
Шәйнек..... 
Кесе....... 
Шелек...... 
Стақан..... 
 
 
 

36 
 
5-
жаттығу.  Төмендегі  сөздерге  шығыс  септігінің  жалғауларын 
жалғап, орыс тіліне аударыңыз. 
Студент,  ағаш,  институт,  сабақ,  жолдас,  әдебиет,  қазақ,  Марат,  оқулық, 
мектеп, адам, мұғалім, дүкен, Айжан, телефон, әкесі, емтихан, әкем, оқушы, 
базар,  дәрісхана,  перде,  жатақхана,  тау,  май,  бала,  дәрігер,  жиhаз,  үстел, 
ауыл,  қала,  мұражай,  ескерткіш,  жиналыс,  сынақ,  жұмыс,  дала,  үй,  қонақ, 
Абай,  жайлау,  демалыс,  тарих,  саяхат,  концерт,  қойылым,  театр,  кафе, 
мейрамхана, емхана.  
 
6-
жаттығу.  Сөйлемдерді  аударып,  жатыс  септігіндегі  сөздерді 
белгілеңіз. 
1
. Я сижу на лекции, на собрании, на остановке, в гостях, в автобусе. 2
Ты  не  лежишь  на  кровати,  в  комнате,  в  гостинице,  в  больнице.  3.  Вы  не 
стоите на вокзале,  у окна, в  очереди,  рядом со  мной.  4.  Книга не  лежит на 
столе, на полке, в шкафу. 5. Цветы не стоят на столе. 6. Мы не находимся в 
музее, в горах, на занятиях, в командировке, на вечере. 
 
ЛЕКСИКА: Менің Отаным – Қазақстан  
 
1-
тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз. 
Қазақстан 
 
Қазақстан – көп ұлтты егеменді мемлекет. Халқының саны 15 миллионнан 
асады.  Археологтардың  айтуы  бойынша  Қазақстан  жерін  алғашқы  адамдар 
бұдан 300 мың жыл бұрын мекендеген. Қазіргі Қазақстанда 130 ұлттың өкілдері 
тұрады. 
 
Қазақстан батысында Каспий ойпаты, шығысында Алтай тауларына дейін 
үш  мың  шақырымға,  солтүстігінде  Батыс  Сібір,  оңтүстігінде  Тянь  –  Шань 
шыңдарына дейін бір мың бес жүз шақырымға созылып жатыр. Республиканың 
оңтүстік  аудандарында  күріш,  қант  қызылшасы,  мақта,  жүзім,  алма,  қарбыз, 
қауын,  әр  түрлі  дәрілік  шөптер  мен  толып  жатқан  өсімдіктер  өсіріледі.  Бұл 
аймақта жаңбыр өте аз жауады, жазы ыстық және құрғақ болады. Оның үстіне 
бұлардың барлығы да суды өте көп қажет етеді.Іле, Шу, Сырдария өзендерінің 
мол  суы  –  бұл  аймақтың  байлығы.  Республиканың  солтүстігінде  астық  пен 
көкөніс  жақсы  өседі.  Бұл  өсімдіктерге  су  көп  қажет  емес.  Мұнда  күн  ыстық 
емес, жаңбыр да жиі жауып тұрады. Қазақстан жері пайдалы кендерге өте бай, 
жер шарында кездесетін кен байлықтарының бәрі бар. Олар: темір рудасы, түсті 
және  асыл  металдар  (мыс,  қорғасын,  қалайы,  күміс,  алтын  және  басқалары), 
көмір,  мұнай,  фосфариттер.  Осыларды  игеру  барысында  жаңа  қалалар  пайда 
болады.  Олар:  Арқалық,  Балқаш,  Жезқазған,  Қарағанды,  Қаратау,  Теміртау, 
Ақтау, Кентау. 
 
Қазақстан бұрын көшпенді ел болып, мал шаруашылығымен айналысқан. 
Бүгінгі Қазақстан ауыр индустриясы мен ауыл шаруашылығы дамыған, жоғары 
мәдениетті де білімді елге айналды. 

37 
 
 
Қазақстан  –  егеменді  тәуелсіз  мемлекет.  1991  жылы  1-  желтоқсанда 
Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан  Республикасының  тұңғыш  президенті  болып 
сайланды. 
 
Сөздік 
егеменді – суверенный    
түсті – цветной 
асыл – драгоценный 
табиғат – природа                        
қалайы – олово 
астық – зерно                             
мұнай – нефть 
пайда болу – появиться 
байлық – богатства                         
көшпенді – кочевой  
мақта – хлопок 
алғашқы – первый            
мекендеу – населять         
қорғасын – свинец 
өкіл – представитель                 
аймақ - регион                              
өсімдік – растения                       
сайлану - избираться 
пайдалы кен – полезное ископаемое        
тәуелсіз – независимый 
жоғары мәдениетті – высоко–культурный 
мал шаруашылығы – скотоводство                
 
2-
тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. 
1.
 
Қазақстан қандай мемлекет? 
2.
 
Қазақстанда қандай халықтар тұрады? 
3.
 
Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады? 
4.
 
Қазақстанның географиялық орналасуы қандай? 
5.
 
Қазақстанда өсірілетін өсімдіктерді атаңыз. 
6.
 
Қазақстанның пайдалы қазбалары. 
7.
 
Қазақстанның тұңғыш Президенті кім? 
 
3-
тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз. 
Үлгі: Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. 
 
Көшпенді  ел,  ауыл  шаруашылығы,  тәуелсіз  мемлекет,  пайдалы  кендер, 
мал  шаруашылығы, ұлт өкілдері, өсімдіктер өседі, ауыр  индустриясы,  жаңа 
қалалар,  күн  ыстық,  астық  пен  көкөніс,  тұңғыш  Президент,  географиялық 
орналасу, жоғары мәдениетті, қажет етеді, мекен етеді.   
 
4-
тапсырма. Берілген мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. 
Государственные символы Республики Казахстан 
Государственные  символы  Республики  Казахстан  —  установленные 
конституционным  законом  отличительные  знаки  государства  —  Республики 
Казахстан. К ним относятся: 
-
 
Государственный флаг Республики Казахстан; 
-
 
Государственный герб Республики Казахстан; 
-
 
Государственный гимн Республики Казахста. 
Город  Астана,  как  столица  Республики  Казахстан,  является  местом 
нахождения  оригинала  текста  Конституции  Республики  Казахстан,  эталонов 
Государственного  Флага  и  Государственного  Герба  Республики  Казахстан, 
которые хранятся в Резиденции Президента Республики Казахстан «Акорда». 

38 
 
4  июня  в  Казахстане  отмечается  День  государственных  символов 
Республики Казахстан. 
Государственный  Флаг  Республики  Казахстан  представляет  собой 
прямоугольное  полотнище  голубого  цвета  с  изображением  в  центре  солнца  с 
лучами, под которым - парящий орел. У древка - национальный орнамент в виде 
вертикальной  полосы.  Изображение  солнца,  его  лучей,  орла  и  национального 
орнамента - цвета золота. Соотношение ширины Флага к его длине - 1:2. 
Государственный  Герб  Республики  Казахстан  имеет  форму  круга  и 
представляет собой изображение шанырака (верхняя сводчатая часть юрты) на 
голубом фоне, от которого во все стороны в виде солнечных лучей расходятся 
опоры (уык). Справа и слева от шанырака расположены изображения крылатых 
тулпаров  (коней).  В  верхней  части  расположена  пятиконечная  звезда,  а  в 
нижней  части  -  надпись  «Қазақстан».  Изображение  звезды,  шанырака,  уыков, 
крылатых тулпаров, а также надписи «Қазақстан» - цвета золота. 
Государственный  Гимн  Республики  Казахстан  представляет  собой 
музыкально-поэтическое 
произведение, 
исполняемое 
в 
случаях, 
предусмотренных Конституционным законом. 
 
9-
САБАҚ 
 
ГРАММАТИКА:  Атау,  Барыс,  Шығыс,  Көмектес 
септіктерінің шылаулары (послелоги
Шылау  (служебные  слова)  –  это  категория  слов,  которые  не  обладают 
самостоятельным  лексическим  значением  и  синтаксической  функцией  в 
предложении.  Они  лишь  уточняют  грамматическое  значение  и  дополняют 
смысловые оттенки отдельных слов. 
Септеулік  шылаулар  (Послелоги)    соответствуют  русским  предлогам, 
обычно стоят после знаменательных слов:  
Атау септікті 
меңгеретін 
септеуліктер 
үшін, сайын, сияқты 
туралы, арқылы, бойы, 
бойымен, шамалы, шақты, 
қаралы 
хат арқылы хабарлау, осы үшін 
келу, оқу жайында сөйлеу, көрген 
сайын қызығу, Әлия сынды батыр 
Барыс септікті 
меңгеретін 
септеуліктер 
шейін (дейін), қарай, таман, 
салым, тарта, жуық, таяу 
орманға дейін жүгіру, түске қарай 
келді, жүзге жуық жылқы, алтыға 
таяу оянды, кешке таман оралды 
Шығыс септікті 
меңгеретін 
септеуліктер 
гөрі, бері, кейін, соң, бұрын, 
бетер 
сабақтан кейін дайындалу, таудан 
әрі асу, ағасынан бұрын көмектесу 
Көмектес септікті 
меңгеретін 
септеуліктер 
қатар, бірге, қоса 
сонымен бірге, досымен қатар, 
оқумен қабат 
 
1-
жаттығу. 
Төмендегі  атау  септікті  меңгеретін  септеуліктерді 
пайдаланып 
сөйлем құрастырыңыз. 
Үлгі: Бүгін күн ашық болатын сияқты
 

39 
 
Үшін, сайын, туралы, арқылы, бойы, бойымен, шамалы, шақты, қаралы, 
ғұрлы (ғұрлым). 
 
 
2-
жаттығу.  Мына  сөйлемдерді  аударыңыз,  ондағы  септеуліктерді 
ажыратыңыз. 
1
.  Мен  үшін  бұл  өте  қымбат  сыйлық.  2.  Әр  апта  сайын  мен  ауылға 
барамын. 3. Сені уйге дейін шығарып саламын. 4. Сабақтан кейін кітапханаға 
барамыз. 5. Өзім туралы әңгіме жаздым. 6. Біздің үй сауда орталығынан кейін 
орналасқан.  7.  Біз  өзен  бойымен  серуендедік.  8.  Мен  өскенде  әкем  сияқты 
ұшқыш  боламын.  9.  Қонаққа  жолдасыммен  бірге  барамын.  10.  Мұғалім 
театрда бізбен қатар отырды.  
 
3-
жаттығу. 
Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз. 
Үлгі: Мен сабақтан соң мұражайға барамын. 
 
Отан  туралы,  көлдерге  қарай,  туған  жер  сияқты,  Астанаға  дейін, 
шетелден  гөрі,  тәуелсіздікке  дейін,  халықтармен  бірге,
 
сенен  бұрын, 
интернет  арқылы,  ел  үшін,  жүзге  жуық,  жыл  бойы,  он  шақты,  ұстаздармен 
қатар, жиналыстан кейін, үйленгеннен кейін, баласымен қоса, кешке таман, 
апта сайын, теңіз бойымен, түске таяу, үйден гөрі, ғалым сияқты.  
 
4-
жаттығу. Төмендегі септіктерді кесте бойынша ажыратыңыз. 
Атау септікті 
меңгеретін 
септеуліктер 
Барыс септікті 
меңгеретін 
септеуліктер 
Шығыс септікті 
меңгеретін 
септеуліктер 
Көмектес септікті 
меңгеретін 
септеуліктер 
 
 
 
 
 
 
Үшін, гөрі, қатар, шейін (дейін), бойымен, шақты, туралы, арқылы, қарай, 
таман, ғұрлы (ғұрлым), бірге, салым, шамалы, тарта, жуық, қоса, таяу, сайын, 
кейін, қаралы, сияқты, бері, соң, бұрын, бетер, бойы. 
 
ЛЕКСИКА:  Туған жерге саяхат 
 
1-
тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз. 
Туған жерге саяхат 
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, 
өткенмен  және  болашақпен  байланыстырады.  Міне,  сондықтан  да  тіпті 
балалық  шақтан  бастап-ақ  адамда  Отанға  деген  махаббат  сезімі  оянады. 
Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған 
қала немесе мен үшін туған кент. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейді .  
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте 
көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар 
тау,  мөп-мөлдір  көлдер,  неше  түрлі  өсімдіктер  мен  дәрілік  қасиеті  бар 
шөптер  өседі.  Қазақстан  жерінде  аңдар  мен  құстар,  неше  түрлі  жануарлар 

40 
 
мекен  етеді.  Сол  жерде  біздің  ата-бабаларымыз,  батырларымыз, 
ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі 
шүйгін  өлкені  мен  әрқашан  да  мақтан  тұтамын.  Қазақстанның  кең 
даласындай  байтақ  дала  еш  жерде  жоқ  шығар.  «Отаның-алтын  бесігің», 
«Отаны  жоқтық  –  нағыз  жоқтық»-  деп  дана  халқымыз  бекер  айтпаған.  Өз 
Отанын  сүю,  өз  ана  тілін  ардақтау  -  әрбір  азаматтың  бірінші  міндеті.  Ал 
біздің  халқымызда  атамекенді  ардақтау  сезімі  өте  терең.  Халқымыздың 
басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы 
жаудан  қорғай  білген.  Өз  елі  үшін  жанын  да,  барын  да  аямаған. 
Халқымыздың  осы  бір  қасиеті  жанымызға  ана  сүтімен  тарап,  ана  тілімен 
дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық. 
 
Отан  –  құндылықтарды  материалды  тасымалдаушы  емес.  Бұл  жан 
сезімі!  Сенің  әрқашан  оймен  болса  да  оралғың  келетін  Жердің  рухани 
бұрышы.  
 
Каталог: sites
sites -> Мұратбеков Сайын
sites -> ҚазҰТУда «Ерлігі жүрегінде елінің» атты Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті
sites -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
sites -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
sites -> БАҒдарламасын дамыту жолдары ақашева Ә. С г.ғ. к., доц., Дүйсебаева К. Ж. г.ғ. к., доц
sites -> А. Т. Селкебаева
sites -> Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) Түсінік хат
sites -> Методическое пособие. Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2014. 56 с


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет