Uk Оригінальна інструкція з експлуатації kk


аралау кезінде әсіресе ұқыпты болыңыз



жүктеу 9.58 Mb.
Pdf просмотр
бет37/57
Дата27.03.2017
өлшемі9.58 Mb.
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57

аралау кезінде әсіресе ұқыпты болыңыз. Шығып 
тұрған аралау дискісі көрінбейтін жерлерді аралау 
кезінде бұғатталып, бұл кері соққыға әкелуі мүмкін.
Төменгі қорғағыш қаптама функциясы
 Әр пайдалану алдында қатесіз жабылғанын 
тексеріңіз. Төменгі қорғағыш қаптаманың 
қозғалысы тоқтаса немесе бірден жабылмаса, 
араны пайдаланбаңыз. Ашық күйде қорғағыш 
қаптаманы сыналамаңыз немесе байламаңыз. Ара 
кездейсоқ еденге құласа, қорғағыш қаптама майысуы 
мүмкін. Қорғағыш қаптаманы иінтірекпен ашыңыз кез 
келген аралау бұрышында және кез келген аралау 
тереңдігінде оның аралау дискісіне және басқа 
бөліктерге тимей еркін қозғалатынына көз жеткізіңіз.
OBJ_BUCH-755-005.book  Page 158  Tuesday, February 3, 2015  11:32 AM

 Қaзақша | 159
Bosch Power Tools
1 609 92A 14R | (3.2.15)
 Төменгі қорғағыш қаптаманың серіппе 
функциясын тексеріңіз. Төменгі қорғағыш қаптама 
және серіппе қанағаттандырарлықтай қызмет 
етпей жатса, пайдаланбай тұрып араны техникалық 
қызмет көрсетуге өткізіңіз. Зақымдалған бөлшектер, 
жабысқақ қалдықтар немесе жиналған жоңқалар 
төменгі қорғағыш қаптаманың жұмысын кідіртеді.
 Төменгі қорғағыш қақпақты тек ерекше аралау 
әдістерін пайдаланғанда қолмен ашыңыз, мысалы, 
„ендіру және бұрышпен аралау“. Төменгі қорғағыш 
қаптаманы иінтірекпен ашыңыз және оны аралау 
дискісі дайындамаға кіре сала жіберіңіз. Арамен 
барлық басқа жұмыстар кезінде қорғағыш қаптама 
автоматты түрде жұмыс істеуі керек.
 Араны верстакқа немесе еденге қойғанда, аралау 
дискісін қорғағыш қаптама жауып тұруы керек. 
Қорғалмаған, айналатын аралау дискісі араны аралау 
бағытында жылжытады және өзінің жолындағы барлық 
нәрсені аралайды. Араның инерциялық жүріс 
уақытына назар аударыңыз.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
 Шығарылған жоңқаларды қолға алмаңыз. 
Айналатын бөлшектердан жарақат алуыңыз мүмкін.
 Араны бастың үстінде ұстап жұмыс істемеңіз. 
Электр құралды жеткілікті бақылай алмайсыз.
 Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған 
қорек сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек 
үйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт 
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын 
зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын 
зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
 Тұрақты болмаса, электр құралмен жұмыс 
істемеңіз. Ол аралау үстелінде жұмыс істеуге 
арналмаған.
 Тез кесетеін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары 
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау 
дискілері оңай сынуы мүмкін.
 Қара металдарды араламаңыз. Қызған жоңқалар 
тұтануға әкелуі мүмкін.
 Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік 
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі 
қолмен сенімді басқарылады.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе 
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен 
салыстырғанда, берік ұсталады.
 Электр құралын жерге қоюдан алдын оның 
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр 
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
 Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі 
бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан 
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
 Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс 
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл 
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар 
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс 
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
 Аккумуляторды тек Bosch электр құралымен 
пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті 
артық жүктеуден сақтайсыз.
 Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе 
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы 
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, 
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе 
қызып кетуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын 
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық 
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және 
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, 
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға 
апаруы мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану 
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құрал қозғалмайтын тіректе ағашты бойлай және 
көлденеңінен, бұрышпен кесуге арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар 
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
Қосқыш/өшіргішті блокадалау
Қосқыш/өшіргіш
Аккумулятор*
Қорғаныш қаптамасы
Маятниктік қорғағыш қаптаманы реттеуге арналған 
иінтірек
Тірек платформасы
Маятниктік қорғағыш қаптама
Бағыттайтын планка
Кесік белгісі 0°
10 Кесік белгісі 45°
11 Еңкейту бұрышын реттеуге арналған құлақты бұранда
12 Параллельді тірекке арналған құлақты бұранда
13 Бұрыш шкаласы
14 Шпиндельді бекіту түймесі
15 Қосымша тұтқа (беті оқшауландырылған)
16 Алты қырлы дөңгелек кілт
17 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
18 Ара шпинделі
19 Тірек фланеці
20 Аралау дискісі*
21 Қысқыш фланец
22 Шайбасы бар қысқыш бұранда
OBJ_BUCH-755-005.book  Page 159  Tuesday, February 3, 2015  11:32 AM

160 | Қaзақша 
1 609 92A 14R | (3.2.15)
Bosch Power Tools
23 Қорғағыш қалпақтағы белгілер
24 Аккумуляторды босату түймесі
25 Сору адаптерінің бекіту бұрандасы
26 Сору адаптері
27 Сорғыш шланг*
28 Аралау бұрышының шкаласы
29 Кесу тереңдігін реттеуге арналған қысқыш иінтірек
30 Струбциналар жұбы*
31 Аккумулятор зарядталу күйі индикаторының пернесі*
32 Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы*
33 Бағыттауыш рейка*
34 Жалғайтын бөлшек*
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты 
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің 
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Техникалық мәліметтер
Шуыл және дірілдеу туралы ақпарат
Шу эмиссиясының мәндері EN 60745-2-5 бойынша 
есептелген.
A-мен белгіленген электр құралын шуыл деңгейі әдетте 
төмендегіге тең: дыбыс күші 95 дБ(A); дыбыс қуаты 
106 дБ(A). Өлшеу дәлсіздігі K=3,0 дБ.
Құлақты қорғау құралдарын киіңіз!
Жиынтық діріл мәні a
h
 (үш бағыттың векторлық 
қосындысы) және K дәлсіздігі EN 60745-2-5 стандартына 
сай анықталған:
Ағашты аралау: a
h
=3 м/с
2
, K=1,5 м/с
2
.
Осы ескертпелерде берілген дірілдеу пәрмені EN 60745 
ережесінде мөлшерленген өлшеу әдісі бойынша 
есептелген болып электр құралдарды бір-бірімен 
салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол дірілдеу қуатын 
шамалап өлшеу үшін де жарамды.
Берілген діріл көлемі электр құралының негізгі 
жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа 
жұмыстар үшін түрлі керек-жарақтармен басқа алмалы-
салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен 
пайдаланылса дірілдеу көлемдері өзгереді. Бұл жұмыс 
барысындағы діріл қуатын арттырады.
Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және 
қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру 
қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты 
төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша 
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр 
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, 
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Сәйкестік мәлімдемесі
Жеке жауапкершілікпен біз „Техникалық мәліметтер“ де 
сипатталған өнімнің 2011/65/EU, 2016 жыл 19  сәуіріне 
дейін: 2014/108/EC,  2016 жыл 20  сәуірінен соң 
2014/30/EU, 2006/42/EC ережелеріндегі барлық тиісті 
анықтамаларына өзгерістері менен бірге сәйкес екенін 
және төмендегі нормаларға сай екенін кепілдендіреміз: 
EN 60745-1, EN 60745-2-5.
Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідеi:
Robert Bosch GmbH, PT/ETM9,
70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
Robert Bosch GmbH, Power Tools Division
70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
Leinfelden, 03.02.2015
Қол дискілік арасы
GKS 18 V-LI
Өнім нөмірі
3 601 F6H 0..
Жұмыс кернеуі
В=
18
Бос айналу сәті
мин
-1
3900
макс. аралау тереңдігі
– 0°  көлбеу бұрышында
– 45°  көлбеу бұрышында
мм
мм
51
40
Шпиндельді бұғаттау

Тірек тақтасының өлшемдері
мм
146 x 272
аралау дискісінің ең үлкен 
диаметрі
мм
165
аралау дискісінің ең кіші диаметрі
мм
160
аралау дискісінің ең үлкен 
қалыңдығы
мм
1,7
ең үлкен тістің қалыңдығы/ 
тістердің ауытқуының ені
мм
2,6
ең кіші тістің қалыңдығы/тістердің 
ауытқуының ені
мм
2,0
Аралау дискісінің тесігінің 
диаметрі
мм
20
EPTA-Procedure 01/2003 
құжатына сай салмағы
кг
3,9/4,1*
Рұқсат етілген қоршау 
температурасы
– зарядтауда
– пайдалану
**
 мен сақтауда
°C
°C
0...+45
–20...+50
ұсынылған аккумуляторлер
GBA 18 V ...
ұсынылатын зарядтау құралдары
AL 18..
GAL 3680
* пайдаланған аккумуляторге байланысты
** <0 °C температураларда шектелген қуат
Henk Becker
Executive Vice President
Engineering
Helmut Heinzelmann
Head of Product Certification
PT/ETM9
OBJ_BUCH-755-005.book  Page 160  Tuesday, February 3, 2015  11:32 AM

 Қaзақша | 161
Bosch Power Tools
1 609 92A 14R | (3.2.15)
Жинау
Аккумуляторды зарядтау
 Тек керек-жабдықтар бетінде көрсетілген зарядтау 
құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау 
құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий-
иондық аккумулятормен сәйкес.
Ескертпе: аккумулятор ішінара зарядталған күйде 
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын қамтамасыз 
ету үшін пайдалану алдында аккумуляторды зарядтау 
құрылғысында толығымен зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін 
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. 
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына 
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор „Electronic Cell Protection 
(ECP)“ арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған. 
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс 
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа 
қозғалмайды.
 Электр құралы автоматты ретте өшкеннен соң 
қосқыш/өшіргішті басқа баспаңыз. Әйтпесе 
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Аккумуляторды шешу
Аккумулятордың 3 екі бекіту басқышы бар, олар 
аккумудяторды ашу пернесі 24 кездейсоқ басылып 
аккумулятор түсіп кетуінен сақтайды. Аккумулятор электр 
құралында орнатулы болса, оны серіппе жайында ұстап 
тұрады.
Аккумуляторды 3 шығару үшін аккумуляторды босату 
түймесін 24 басыңыз және аккумуляторды электр 
құралдан артқа шығарыңыз. Тартқан кезде күш 
салмаңыз.
Аккумулятор зарядталу күйі индикаторы 
(F суретін қараңыз)
Аккумулятор зарядталу күйі индикаторының 32 үш жасыл 
жарық диоды аккумулятор 3 зарядталу күйін көрсетеді. 
Қауіпсіздік салдарынан зарядталу күйін сұрау тек электр 
құралын тоқтатып орындау мүмкін.
Зарядталу күйін көрсету үшін 31 түймешесін басыңыз. 
Бұлны алынған аккумулятор 
3 менен да орындау мүмкін.
31 пернесін басқаннан соң ешбір жарық диоды жанбаса 
оны алмастыру қажет.
Аралау дискісін орнату/ауыстыру
 Электр құралында барлық жұмыстардан алдын 
аккумуляторды шығарыңыз.
 Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап 
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
 Тек осы пайдалану нұсқаулығының техникалық 
деректеріне сәйкес келетін аралау шеңберлерін 
пайдаланыңыз.
 Тегістеу шеңберлерін қондырма ретінде 
пайдаланбаңыз.
Аралау дискісін таңдау
Ұсынылатын дискілерге шолуды осы пайдалану 
нұсқаулығының соңында табуға болады.
Аралау дискісін алу (А суретін қараңыз)
Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына 
қойыңыз.
– Шпиндельді бұғаттау түймесін 14 басып, ұстап 
тұрыңыз.
 Шпиндельді бұғаттау түймесін 14 ара шпинделі 
орнатылған болса ғана басыңыз. Әйтпесе электр 
құралын зақымдау мүмкін.
– Алты қырлы кілтпен 16 қысқыш винтті 22 бұрап 
босатыңыз, қысқыш винтті 
 бағытында бұрап 
шығарыңыз.
– Маятниктік  қорғағыш қаптаманы 7 артқа тартып, берік 
ұстаңыз.
– Қысқыш фланецті 21 және аралау дискісін 20 
шпиндельден 18 алыңыз.
Аралау дискісін орнату (А суретін қараңыз)
Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына 
қойыңыз.
– Аралау дискісін 20 және барлық бекіту бөлшектерін 
тазалаңыз.
– Маятниктік  қорғағыш қаптаманы 7 артқа тартып, берік 
ұстаңыз.
– Аралау дискісін 20 тірек фланеціне 19 орнатыңыз. 
Тістердің кесу бағыты (аралау дискісіндегі көрсеткінің 
бағыты) маятниктік қорғағыш қаптамадағы 7 бағыт 
көрсеткісімен бірдей болуы керек.
– Қысқыш фланецті 21 орнатыңыз және қысқыш винтті 
22 
 бағытында бұрап бекітіңіз. Қысқыш фланецтің 19 
және тірек фланецтің 21 орнату күйі дұрыс болуын 
қадағалаңыз.
– Шпиндельді бұғаттау түймесін 14 басып, ұстап 
тұрыңыз.
– Алты қырлы дөңбек кілтпен 16 қысқыш винтті 22 
 
бағытында бұрап бекітіңіз. Тартылу моменті 6–9 Нм 
болуы мүмкін, бұл қолмен және ¼ айналым немесе 23 
белгісінің қорғағыш қалпақта 4 3 сызықшаларына сай.
Шаңды және жоңқаларды сору
 Электр құралында барлық жұмыстардан алдын 
аккумуляторды шығарыңыз.
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар 
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы 
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және 
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы 
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе 
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Жарық диоды
Қуаты
Үздіксіз жарық 3 x жасыл
≥2/3
Үздіксіз жарық 2 x жасыл
≥1/3
Үздіксіз жарық 1 x жасыл
<1/3
Жыпылықтайтын жарық 1 x жасыл
Резерв
OBJ_BUCH-755-005.book  Page 161  Tuesday, February 3, 2015  11:32 AM

162 | Қaзақша 
1 609 92A 14R | (3.2.15)
Bosch Power Tools
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат 
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу 
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге 
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал 
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Шаңсорудың жоғары деңгейіне жету үшін осы 
электр құралмен бірге шаңсорғышты GAS 25/ 
GAS 50/GAS 50 M ағаш үшін немесе GAS 50 MS ағаш 
және/немесе минералдық шаң үшін пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2  сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану 
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын 
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Сору адаптерін орнату (В суретін қараңыз)
Сору адаптерін 26  бекіту бұрандасымен 25 негізгі табанға 
6 бекітіңіз.
Сору адаптеріне 26 диаметрі 35 мм сору шлангысын 
жалғауға болады.
 Сору адаптерін сору құрылғысын жалғамай қосуға 
болмайды. Әйтпесе сору арнасы бітеліп қалуы мүмкін.
 Сору адаптеріне шаң жинау қабын кигізуге 
болмайды. Әйтпесе сору жүйесі бітеліп қалуы мүмкін.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін 26 
жүйелі түрде тазалап тұру керек.
Сыртқы сорғыш
Сорғыш шлангін 27 шаңсорғышқа қосыңыз (жабдықтар). 
Осы нұсқаулықтар соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу 
әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар 
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
 Электр құралында барлық жұмыстардан алдын 
аккумуляторды шығарыңыз.
Аралау тереңдігін орнату (C суретін қараңыз)
 Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына 
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін 
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы 
керек.
Цангалық қысқышты 29 тартыңыз. Аз аралау тереңдігі 
үшін араны тірек тақтадан 6 ары тартыңыз, үлкен тереңдік 
үшін араны тірек тақтаға 6 басыңыз. Аралау тереңдігінің 
шкаласы бойынша қажет өлшемді орнатыңыз. Цангалық 
қысқышты 29 берік бекемдеңіз.
Қысқыш тұтқыштың 29 қысу күшін реттеу мүмкін. Ол үшін 
29 қысқыш тұтқышты шешіп кемінде сағат тіліне қарсы 
30°-ке жылжытып қайта бекітіңіз.
Бағыт бұрышын реттеу
Электр құралды қорғағыш қаптаманың 4 бүйірлік бөлігіне 
қойыңыз.
Құлақты бұранданы 11 босатыңыз. Араны бұраңыз. 
Аралау тереңдігінің шкаласында 13 қажет мәнді 
орнатыңыз. Құлақты бұрғыны 11 қайта берік бекітіңіз.
Ескертпе: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің 
шкаласында 
28 көрсетілген саннан азырақ.
Аралау бұрышының белгілері
0° аралау бұрышының белгісі 9 тік бұрышпен аралау 
кезіндегі аралау дискісінің күйін көрсетеді. 45° 10 аралау 
бұрышының белгісі 45° ара полотносының күйін 
көрсетеді.
Дұрыс кесік істеу үшін дискілік араны суретте 
көрсетілгендей дайындамаға орнатыңыз. Сынақ кесігін 
жасап көріңіз.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
 Тек электр құралыңыздың зауыттық 
тақтайшасында белгіленген қуатты түпнұсқалық 
Bosch литий-иондық аккумуляторын 
пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану 
жарақаттану және өрт қаупін тудыруы мүмкін.
Зарядталған аккумуляторды 3 алдынан электр құралының 
тұтқасына салыңыз. Аккумуляторды қызыл сызық 
көрінбегенше, аккумулятор бекітілгенше толық тұтқаға 
салыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралын пайдалану үшін алдымен құлыптау 
пернесін 1 басып кейін қосқыш/өшіргішті 2 басып ұстап 
тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 2 
жіберіңіз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 2 
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған 
болуы қажет.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек 
пайдаланарда қосыңыз.
Жүріс тежегіші
Кіріктірме жүріс тежегіші электр құралы өшкеннен соң ара 
полотносын тоқтау уақытын қысқартады.
45°


45°
OBJ_BUCH-755-005.book  Page 162  Tuesday, February 3, 2015  11:32 AM

 Қaзақша | 163
Bosch Power Tools
1 609 92A 14R | (3.2.15)
Терең заряд жоғалту қорғанысы
Литий-иондық аккумулятор „Electronic Cell Protection 
(ECP)“ арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған. 
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс 
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа 
қозғалмайды.
Пайдалану нұсқаулары
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан 
қорғаңыз.
Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай 
қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың 
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және 
электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау 
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек 
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау 
дискілерін пайдаланыңыз.
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және 
сапасына, сондай-ақ, бойлай немесе көлденеңінен 
аралауға байланысты.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда 
болады.
Емен мен шамшат шаңы денсулыққа өте зиянды, 
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Параллельді тірек бар аралау (D суретін қараңыз)
Параллельді тірек 8 дайындама жиегі бойымен дәл 
аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей 
жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.
Қосымша тірекпен бірге аралау (E суретін қараңыз)
Үлкен дайындамаларды өңдеу және түзу жиектерді кесу 
үшін дайындамада қосымша тірек ретінде тақтаны немесе 
рейканы бекітуге боалды және дискілік тақтаны тірек 
тақтасымен бірге қосымша тіректің бойымен жүргізуге 
болады.
Бағыттауыш рейка көмегімен аралау (G суретін 
қараңыз)
Бағыттауыш рейканың 33 көмегімен түзу сызықпен 
аралауды орындауға болады.
Ескертпе: Бағыттауышты 33 тек тікбұрышты кесіктер үшін 
пайдаланыңыз. Қисық кесіктермен бағыттауыштарды 33 
зақымдау мүмкін.
Тұтқыр бағыттауыш сырғануының алдын алып, дайындама 
бетін қорғайды. Бағыттауыш қаптамасы электр құралының 
оңай жылжуына мүмкіндік береді.
Домалақ араны тікелей бағыттауыш планкаға 33 
орнатыңыз. Бағыттауыш планканы 33 сәйкес қысу 
аспаптарымен, мысалы бұрандама қысқышпен, 
дайындамада бағыттауыш планканың 33 жіңішке жағы ара 
дискісіне көрсететін етіп бекітіңіз.
Бағыттауыш 33 араланатын дайындама шетінен 
шығуы мүмкін емес.
Электр құралын қосып және кесу бағытында азғантай 
қысыммен біркелкі жүргізіңіз.
Жалғау бөлшегінің 34 көмегімен екі бағыттауыш рейканы 
жалғауға болады. Бекіту жалғау бөлшегінде орналасқан 
төрт винт көмегімен жүзеге асырылады.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан 
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура 
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте 
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ 
щеткамен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы 
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін 
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет