В в а 9 в Тапсырма 2



Дата02.11.2022
өлшемі16,99 Kb.
#46891

Тапсырма 1

1 а


2 а

3 в


4 а

5 а


6 в

7 в


8 а

9 в


Тапсырма 2

Интеллект дегеніміз – адамның танымдық, ойлау қабілеттерін біріктіретін, сипаттайтын қабілеттердің жиынтығы: тану, ойлау, сезу, жад, есте сақтау, қиялдау, суреттеу, кескіндеу, елестету. Заманауи ұғыммен қарасақ, интеллекті деген – адамның мәселені шеше алуы, қоршаған ортаны тануы және сол танығанын іске асыра алуы. Интеллектінің деңгейі белгілі бір міндетті шешу кезінде байқалады. Мәселен, өмір сүруге талпыну мен тірі қалуға деген ұмтылыс – адамзаттың өмір сүруге деген инстинкті десек, интеллектінің де деңгейі осы міндетті қаншалық шеше алатынымен өлшенеді.

Психологтардың айтуынша, адамның танымы мен ақыл-ойы екі басты бағытқа бөлінеді: бірі – пайым мен парасат, идея мен ақыл-ойға жауап беретін интеллект болса, екіншісі – сезім мен эмоцияға негізделген интеллект. Қарапайым тілмен айтқанда, бірі логикалық интеллект болса, екіншісі – эмоционалды интеллект.

Мұның ішінде қазіргі әлем эмоционалды интеллектіге аса мән беруде.

Эмоционалды интеллект (EQ) дегеніміз – адамның өзінің эмоциясы мен басқа адамдардың эмоциясын тани және бақылай алуы, оларды ажырата білуі және соны өзінің ойлануы мен іс-әрекетіне қолдануы. EQ екі қабаттан тұрады: біріншісі – адамның өз сезімін тануы, екіншісі – өзге адамдардың сезімі мен эмоциясын тани алуы.

Эмоционалды интеллект ұғымын алғаш қалыптастырған – АҚШ журналисі Дэниел Гоулман еді. 90-жылдары «Эмоционалды интеллект: IQ-дан да маңызды» атты кітабы жарыққа шығып, нағыз психологиялық бестселлерге айналады. Содан бастап бүкіл әлемнің назары EQ-ға ауады.

Гоулман адам жетістікке жету үшін ең алдымен зияткерлік интеллекті емес, эмоционалды интеллектінің қажет екенін дәлелдеп шығады. Яғни, эмоционалды интеллектісі жоғары адамдар тілтабысқыш, қабылдауы жылдам, сезімі мен эмоциясын бақылауда ұстай алатын сабырлы, салқынқанды, жеке пікірі мен сыни ойлауы бар тұлға болып қалыптасатынын алға тартады.

1 тапсырма


1 а

2 d


3 d

4 d


5 d

6 b


7 a

8 a


Тапсырма 2

Әрбір адам өз алдына жеке тұлға, индивид. Әрбір адам қоғамның бір бөлшегі. Әрбір адамның өзінің әлеуметтік орны бар. Ол студент, оқушы, ана, әке, ұстаз т.б болуы мүмкін. Адамның өмірге келгендегі мақсаты мен арманы арқылы адамның кім екендігін байқай аламыз. Әрбір адамның өзіндік дамуы мен тұлға болып қалыптасуы үлкен рөл атқарады дегім келеді. Себебі, бүгінгі жас, ол ертеңгі ұрпақ. Ол – ертеңгі мемлекеттің болашағы яки маман иесі.Бір сәтке белгілі бір тұлғаның кәсіби маман болғанға дейінгі кейіпіне үңілсек дегім келеді. Ол, өсе келе, өмірден алған сабақтарын ой – елегінен өткізіп, сан қиындықтар мен тосқауылдардан, толқыннан аман – есен өткен қайық секілді. Бұл жерде, айтпақ ойым – өзіңе деген сенімің мен ерік – жігерің.Жалпы, адам өзінің армандаған арманы мен мақсатына міндетті түрде жетеді дегенді естуіміз бар, әлбетте. Тек, оны өздеріне сенгендер және талмай еңбектеніп, ақыл, қайрат, жігерді бірге алып, шыңды бағындыра алғандар ғана осы сөздің растығын мәлімдейді .Адам үнемі жетіліп отыруы тиіс. Бұл ауқымды тақырып дер едім. Себебі, бұл тақырыпта бос уақытыңды қалай өткізген дұрыс, кітапты қалай таңдауға болады, тайм – менеджмент деген не, күнделікті әдеттер, пайдалы, ойлау қабілетің мен сананың ашылуына жол жасайтын кинолар немесе хобби, олар тым көп. Әрбір адам өзіне не қажет екендігін білмейінше, оны зерттеп түсінгенінше, өмір лезде, әп – сәтте өтіп кетеді дегім келеді. Өмірде белгілі бір нәрсеге деген қызығушылық пен жақындарыңа сыйлаған қайырымдылық пен жақсылық өмірге деген құлшынысыңды арттырады дегім келеді. Әркімнің өзінің шындығы бар, тек ақиқат біреу. Яғни, біреуге алты саны тоғыз болып көрінуі мүмкін.Ал енді, әр маманның ерік – жігерінің бар болуы, ол өте маңызды болып табылады. Неге десеңіз, себебі маманның ерекшілігі оның кәсібилігінде, шеберлігінде дегім келеді. Ал, ондай дәрежеге жету тек мықтының мықтысында. Мысалға, өзімнің өмірлік тәжірибе сүйене отырып, бір ойға тоқталғым келіп отыр. Жетістікке жетіп, сан мадақтамалар алып, өз мақсатыңа жету – ол қиынның қиыны, тек өзіңнің сүйген ісің болса, ол бір қатты шаршап – шалдыққаннан кейін, дем алып, анаңның өзіңе берген, дәмі бал татыған шәй сияқты дегім келеді. Көрермендер тек жетістіктің өзін көреді. Ал, сол шыңның не болмаса әрбір айсбергтің астында оның негізі – қызықтары мен шыжықтары қатар жүретінін көре алмайды. Міне, ерік – жігері мықты, өзіне сенімді болу арқылы адам бағындырмас асуларды алады дегім келеді.Осы тақырыпта табандылық, ерік – жігер, батылдық, ынталылық деп аталатын ұғымдарды атағым келеді. Іске қызығушылық ынталылық арқылы жүзеге асады. Ертең де бітіруге болатын істі, бүгін жасау табандылықпен жүреді. Тәуекелге барып, өзге адамдардың ойларына көңіл аудармау батылдықпен қатар жүреді.Белгілі бір қасиеттерді дамыта отырып, еңбегіңнің жемісін көруіңе болады. Менің ойымша, ең маңыздысы ерік – жігер қасиеті, себеір әр істің қиыншылығы бар, ал осындай сәттерде ерік – жігер үлкен рөл атқарады.Кәсіби даму адамнан саналы, бағытталған, белсенді оқуды талап етеді. Мұндай оқу басқа формалардан анық ерекшеленеді. Әрбір адам өзінің қандай бағытта дамуы керек, ақпараттарды қандай әдістермен алатынын, қандай жолмен меңгеретінін өзі шешеді.Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, өзбетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады деп ойлаймын.Ерік – жігердің мықты болуы адамның өзіне, еңбегіне және болашағына тығыз байланысты деп қорытындылаймын.

Тапсырма 3

Дұрыс тамақтаныңыз

Бақыт гормонын - серотонинді көбірек алу үшін бадам, шоколад және басқа банандарды жеу арқылы бұл стресстің әсерін азайтады.

Сау ұйқы

Шамадан тыс жұмыс жасағанда денеге шаршауды жеңу қиын, сондықтан дұрыс ұйқы өте маңызды. Егер сізге ұйықтау қиын болса, тыныш тыныш музыканы қосыңыз немесе шөптен жасалған шай қайнатыңыз.

Үй жануарлары

Зерттеулер көрсеткендей, үй жануарлары бар адамдар созылмалы стресске аз бейім.

Демалыс

Адам психологиясы стресстік жағдайлар кезінде біз күні бойы диванға теледидар қарап жатып, еш жерде тұрмай демалғымыз келетін етіп жасалған. Алайда психологтар белсенді демалу керек дейді. Теңізге саяхат немесе табиғат аясында отбасымен демалу сізді стресстен арылтады.

Йога және тыныс алу жаттығулары

Бұл әдістер сіздің ішкі сезімдеріңізге назар аудара отырып, максималды демалуға көмектеседі. Йога сабақтары бұлшықеттердегі ауырлықты жеңілдетеді және оларды күшейтеді.

Балалармен және жақын адамдарымен байланыс

Сатып алу және жеке күтім

Әйелдер стрессті жеңілдетудің бұл әдістерін өте жақсы көреді. Заттарды сатып алу және сұлулық салондарына немесе SPA салондарына бару үлкен рахат әкеледі және демалуға көмектеседі.

Спортпен шұғылданыңыз

Бұл стресспен, шамадан тыс күшпен күресуге және әл-ауқатты сақтауға көмектеседі. Экстремалды спорт түрлері де стресстен арылуға көмектеседі.

Түсті терапия және ароматерапия

Жасмин, кипарис және лаванда майлары жүйке жүйесін тыныштандыруға жақсы әсер етеді. Түсті қабылдау психологиясы да өте маңызды. Қызыл түс денеге күш-қуат беріп, жүйке жүйесіне қуат береді. Ақ, жасыл және көк жүйке жүйесіне тыныштандыратын әсер етеді және стресспен жақсы күреседі.

Жиі күлімсіреңіз

Адам өмірден ләззат алса, стресстің әсеріне онша бейім емес. Тіпті жол бойындағы адамдар да сізге оң әсер етеді.

Позитивті қатынас

Әлемге позитивті және оптимистік көзқараспен қараңыз, бұл өмірдегі жағымсыз сәттерді еске түсіруді жеңілдетеді.

Жаңа әсерлер

Көбінесе стресс біртекті және монотонды өмір салтымен жүреді. Өмірді қызықты ету үшін және сізде жаңа әсерлер алу, аквапарктерге, мұражайларға, көрмелерге бару, театрлар мен кинотеатрларға жиі бару.

Демалыс


Бұл әдіс жүйке жүйесін керемет түрде белсендіреді және психологиялық қозу мен көңіл-күйді реттейді, бұл сізге стресстен туындаған бұлшықет пен психологиялық шиеленісті жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет