Вариативтік компонент



Дата06.12.2022
өлшемі17,36 Kb.
#55158

Вариативтік компонент – мектепке дейінгі ұйымдардың тақырыптық бағыты бойынша жұмыс, эксперимент жұмысы, педагогтердің шығармашылық жұмыстары, дарынды балалармен жұмыс, ұйымдастырылған оқу қызметтерінен тыс балалардың қызығушылығы және шет тілдерін үйрету бойынша жұмыс болып табылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес топтарда вариативтік жүктеменің жалпы апталық көлемі төмендегідей:



Жас кезеңдері

Жүктеме

1

Екінші кіші топ (3-4 жас)

1 сағат

2

Ортаңғы топ (4-5 жас)

2 сағат

3

Ересектер тобы (5-6 жас)

3 сағат

4

Мектепалды даярлық сыныбы (6-7 жас)

4 сағат

Вариативтік бағдарламаның мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың жеке, эмоционалдық, әлеуметтік және зияткерлік дамуын қалыптастыру болып табылады.
Вариативтік бағдарлама білім беру процесінің сапасын қамтамасыз етеді және мектеп жасына дейінгі балалардың дене және психикалық саулығын ескеріп, олардың әлеуметтік тұлғалық дамуы үшін қолайлы жағдайларды жасайды, мектепке оқуға және қоршаған әлеуметке бейімделуге психологиялық-педагогикалық дайындықты іске асыру үшін дамудың жеке шығармашылық траекториясын құрады.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы үйірме жұмыстарының бағыттары:

  • табиғатпен берілген баланың шығармашылық әлеуетін дамыту;

  • шығармашылықты тануға мотивациялық дайындығын дамыту;

  • зияткерлік және рухани дамыту;

  • баланың шығармашылық өзін-өзі танытуы және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру;

  • бала тұлғасының дамуы үшін жағдайлар жасау;

  • баланың психикалық және денінің саулығын нығайту; - педагогтың отбасымен ықпалдасты.

Вариативті бөлімді күн тәртібінің шеңберінде өткізу мерзімі мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігінің құзырында болады. Үйірме жұмысы мектеп жасына дейінгі балалармен мектепке дейінгі ұйымдарда күннің екінші жартысында, ал мектепалды даярлық сыныптарында күннің бірінші жартысында өткізіледі. Өткізу орындары: топ бөлмесі, музыка залы, бейнелеу өнері студиясы, денешынықтыру залы, АКТ арналған бөлме және т.б.
Вариативтік бөлімді әрбір жас тобына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің жалпы кестесіне енгізу қажет. Ескертуде мысалы ересектер тобында вариативтік бөлімнің жалпы саны – 3 сағат екеніні көрсету керек.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының вариативті компоненттері Стандарттың «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салалары бойынша бойынша жас кезеңдерін ескеріп, педагогикалық процесті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі ұйымдардың түрлі жас топтарына вариативтік компоненттің тақырыбы ұсынылады:
Вариативтік компонент
«Денсаулық» білім беру саласы

  • Жүзу

  • Шынықсаң шымыр боларсың!

  • «Қауіпсіздік әліппесі»

«Коммуникация» білім беру саласы

«Таным» білім беру саласы

  • Шахмат

  • Мозаика (логика)

  • Өзіміз жасаймыз (робототехника)

  • Кішкентай зерттеушілер

  • Туған өлкені біл және аяла

«Шығармашылық» білім беру саласы

  • «Шебер қолдар»

  • «Би үйренеміз»

  • Арттерапия

  • Вокал

  • Бисер тоқу

  • Құм терапиясы

  • Кішкентай суретшілер

«Әлеумет» білім беру саласы

  • Бағдаршам

  • Бәрін білгім келеді

  • «Сұлулық әлемі»

  • Сүйікті қалам Астана


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет