Вегетативтік органдар



бет3/4
Дата08.09.2022
өлшемі216.61 Kb.
#38693
1   2   3   4
Созылу (өсу) аймағы
Созылу (өсу) бөлімінің жас жасушалары бөлінбейді. Ұзыннан созылып, ұзарып, тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы бөлімде түзіледі.
Сору аймағы
Сору бөлімі өсу бөлімінен кейін орналасқан, қалың түктері бар бөлік. Тамы түктері тамырдың сыртын қаптап жатқан жұқа өң қабықшасы жасушаларының созылуынан пайда болады. Ол алғаш жай өсінде түрінде 1-3 күнде бұртиып шығады..
Өткізу бөлімі
Су мен онда еріген қоректі заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл бөлімде тамыр түктері болмайды,жанама тамырлар дамиды[1].
Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелерімен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек.
Қызметі:
сабаққа бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді;
қоректік заттар сабақ арқылы қозғалады;
органикалық заттар қорға жиналады;
көбеюге қатысады.
Жер деңгейіне орналасуына байланысты
жер үстіндегі сабақ
жер астындағы сабақ
Қуаруына байланысты
шөптекті,
ағаштекті
сүректі болып бөлінеді.
Өсу бағытынына байланысты
тік (жүгері, бидай, терек, емен, қайың және т.б.)
жатаған немесе желі сабақ - өте әлсіз, жұмсақ. Жер бауырлап жатады. Мұртшалары арқылы ұзарып өседі. Мұртшада желі сабақ тобына жатады.
шырмалғыш сабақтар нәзік болғандықтан айналасындағы өсімдіктерге шырмалып өседі ( шырмауық, құлмақ ). Мұртшалары болмайды.
өрмелегіш - мұртшасы арқылы басқа өсімдікке жабысып, өрмелеп өседі. Бұлардың сабақтары сүйенетін өсімдікке тығыз жанаспайды.
жабысқақ сабақтар түктері арқылы сүйенетін өсімдігіне тығыз жанасады. Сүйенетін өсімдіктен ажырату қиын. Мысалы, ағаш шырмауық, жабысқақ қызыл бояу және т.б. жатады. Сабақтары жеңіл, жіңішке әрі ұзын болғандықтан шырмалғыш, өрмелегіш сабақты өсімдіктерді лианалар дейді.
қысқарған сабақ - өсімдіктердің сабағы өте қысқа. Мысалы ( бақбақ, жолжелкен, пияз, ақ қауданды қырыққабат және т.б)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет