Вестник Казнпу имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г



Pdf көрінісі
бет10/18
Дата21.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#10092
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

 

Бұл  мақалада  жастарды  салауатты  өмір  салтына  қалыптастырып  тәрбиелеудің  ерекшеліктері  баяндалады. 

Жастарды экологиялық салауаттылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыру үшін, оқытушының өзі салауатты өмір салтының 

тәрбиелік  нышандарының  аса  жоғары  тұлғалық  қасиеттерін  игеруі  тиіс.  Болашақ  жастарды  қоршаған  ортаның 

тазалығын сақтауға тәрбиелеудің мәселелері қарастырылған.Адамдардың  салауатты өмір салтына қатынасы  соңғы 

жылдары  ерекше  өзгерді.Өмір  сүру  салты  адамның  еңбек  әрекетін,  тұрмысын,  бос  уақытты  пайдалану  формасын, 

материалдық  және  рухани  қажеттіліктерін  қанағаттандыруын,  қоғамдық  өмірге  белсенді  қатысуын,  мінез  құлық 

нормасымен  ережелерін  қамтитын  күнделікті  өмірінің  ерекшеліктерін  сипаттайды.  Адамның  денсаулығына  ықпал 

ететін  факторлардың,  60%  адамның  өмір  сүру  салтына  байланысты  екендігі  белгіленген.  Адамның  өмір  салты 

мынадай категорияларды енгізеді: өмір деңгейі (адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру 

дәрежесі,  кететін  шығынның  құрылымы),  өмір  сапасы  (адамды  материалдық  қамтамасыздандыру  дәрежесі,  өлшеу 

параметрі), өмір сүру стилі (мінез құлықтың психологиялық жеке ерекшеліктері), өмір сүру тәртібі мен әдет ғұрпы 

(өмірдің  ұлттық-қоғамдық  тәртібі,  тұрмыс,  мәдениті).  Оқушыларды  салауатты  өмір  салтына  тәрбиелеудің  ерекше 

әлеуметтік-психологиялық  жағдайлары  арасында  салауатты  өмір  салтына  ғылыми  негізделген  ағарту  ісі  ерекше 

көрінеді. Мұндай жағдайларды тарату оқушылардың білімін кеңейтуге, денсаулықпен салауаттылық сияқты жалпы 

адамзаттық  құндылықтарға  қарым  қатынасын  нақтылауға  әсер  етеді.  Олардың  өмірдегі  тәжірбиесін  байытып, 

салауатты өмір салтына сәйкес келетін көзқарастарын мінез құлық сарындарын қалыптастырады. Бұларды күшейте 

түсу  үшін,тәжірбиелік  қызметпедагогикалық  жүйелердің  өмір  салтын  үйретуге  ұмтылған  құндылықтары  оқушыға 

шешімді түрде әсер етеді. 

Түйін сөздер: тәрбие, форма, дағды, салауатты өмір сүру, экология, жастар, еңбек, оқу,өмір салты, өмір деңгейі, 

өмір сапасы, өмір сүру стилі, өмір сүру тәртібі мен әдет-ғұрпы 

 

 

Мемлекетіміздің  стратегиялық  даму  бағытындағы  «Қазақстан-2050»  бағдарламасында  ұзақ  мерзімді 



басымдылықтың  бірі  «Қазақстан  азаматтарының  денсаулығы,  білімі  мен  салауаты  тармағындағы»  ... 

азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы 

үшін  азаматтарымызды  салауатты  өмір  салтына  әзірлеу  қажеттілігі  көрсетілген.  Бұл  мәселе  Үкімет 

бағдарламаларында,  Қазақстан  Республикасы  Туризм  және  спорт  министрлігінің  2011-2015  жылдарға 

арналған жоспарында және де «Саламатты Қазақстан» бағдарламасында да ерекше көрініс тапқан [1]. 

Болашақ алапаты – бүгінгі адамзаттың жер денсаулығы мен адам денсаулығының бір құбылыс екенін 

білмеуінің салдарынан, жер бетіндегі жандының болашақта болу-болмасына кім кепіл? 

Осы  бір  аз  ғана  жазылған  мақаланың  мақсаты,  дәл  бүгінгі  қалыптасқан  жағдайды  болашақ  ұрпаққа 

түсіндіру, табиғатты сақтауға және өз басының салауатты өмір сүруіне тәрбиелеу. Жас ұрпаққа денсаулы-

ғыңды  сақтау  өз  қолыңда  деген  қағиданы,  педагогикалық  тұрғыдан  түсіндіру.  Мектепті  айтпағанда, 

жанұядағы  ата-ананың  міндеті  екенін  ұмытпаған  жөн.  Себебі,  табиғи  апаттан  сақтану  үшін  салауатты 

өмір сүру жанұядан басталатындығын білуіміз керек. Ол үшін ата-ананың салауатты өмір сүрудегі сауат-

тылығы аса маңызды рөл атқарады. Алма ағашынан алыс түспейтіндігін ұмытпайық, ағайын.  

Оқушы жастарды салауатты өмір салтына толық қанды тәрбиелеуді жүзеге асыру үшін мұғалімнің өзі 

салауатты  өмір  салтының  тәрбиелік  нышандарын  аса  жоғары  тұлғалық  қасиеттерін  игеруі  тиіс.  Бұл  – 

оқытушы  тұлғасының  өзі  оқушыға  деген  ұстанымы,  оған  тәрбие  процессінің  субъектісі  ретінде  қарауы. 

Осы жағдайда оқушы өзін ерікті іс атқаратын тұлға ретінде сезінеді, ол өзімен басқаларды санасатының, 

оның пікірін бағалайтынын, өзіне сенетін, өзімен кеңесетінін сезінеді. 

Ж.Әбдіжаппарова,  Р.Айтбақина  “Мектептегі  оқу-тәрбие  жұмысының  мәселелері”  деген  еңбегінде: 

“Сыныптан  тыс  тәрбие  жұмысының  маңызы  көлемі  шағын  шығармаларды  бірлесіп  оқу,  кітап  туралы 

әңгіме өткізу, салауаттану кештері мен конференцияларын ұйымдастыруда оқушылардың жас ерекшелі-

гін ескере отырып, шығармашылық бағытпен өткізу қажет”, – деп тұжырымдайды [2,3]. 

Баланы  бастан  дегендей,  жас  ұрпақтың  мектептің  табалдырығын  аттаған  күнінен  бастап  қоршаған 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

53 


ортаны  және  табиғат  тіршілігін  сақтауда,  ата-анасымен  бірге  отырып  тәрбие  беру  ұстаздың  міндетіне 

жүктеледі.  Осы  жерде  ескере  кететін  бір  мәселе,  қазақ  халқы  жаратылысынан  бері  ұрпағына  табиғатты 

сақтау жөнінде сонау ықылым заманнан бері ешбір ғылыми дәлелдемесіз-ақ, тәрбие беріп келді. Мысалы, 

жазықсыз  жандыны  өлтірмеу,  жансыз  деп  өсімдікті  жұлмау,  ішетін  суыңды  ластамау  –  өзің  аурулы 

боласың, ол да сен сияқты өмір сүреді, деп түсіндірген. 

Табиғатты қорғау саласының бірі экологиялық бақылау. Табиғатпен қайшылық шиеленісуіне техника 

өндірісі ғана емес, кінә адамдардың іс әрекетін дұрыс басқармауында, қабілетсіздіктің қоршаған ортаны 

сақтауының жоқтығынан болып отыр. 

Біздің көшіп-қонып жүріп өмір сүрген ата-бабамыздың өз денсаулығын сақтау үшін күнделікті тірші-

лігінен шығарған қағидасы – жер саулығы болғанда ғана адамның денсаулығы болатындығын ұрпақтан-

ұрпаққа жеткізіп келеді. 

Қазақ халқының қаншалықты ғылымы, оқу-сызуы жоқ болса да (бүгінгі ғалымдардың түсініктемеле-

рінде),  көшіп-қону  тіршілігімен  өмір  сүрсе  де,  өзін  қоршаған  ортаны  ластамау,  яғни  табиғатты  қорғау 

мәселесінде  –  жансыз  деп  өсімдікті  жұлмау,  жазықсыз  тіршілік  иесін  өлтірмеу  т.б.  аса  көрегенділікпен 

ұқтырды. Сайып келгенде, болашақ ұрпағын тәрбиелеуде, қоршаған ортаға қиянат жасауды тәрбиесіздік 

деп ұқтырды, тіпті дін жолында күнә болады деп түсіндірді.  

Осыған қарағанда, бүгінгі таңда өзінің даму шыңына жеткен ғылым қағидасына емес, қазақ халқының 

күнделікті  тіршілік  талабынан  туындаған,  қағазға  жазылмаған  заңынан  үйренетін  дүние  өте  көп  екен. 

Себебі,  бүгінгі  техникалық  прогрестің  дамуы  адамзатты  жер  бетінен  жоюға  алып  келе  жатса,  қазақ 

мұндай істі, сонау ықылым заманнан бері жеке бастың қылмыстық ісі деп түсіндіріп еді ғой. 

Ал,  Семей  өңіріндегі  дүниеге  келіпжатқан  нәрестенің  оннан  бірінің  дені  сау  еместігі  айтылудан  да, 

жазылудан да жауыр болған әңгіме. Бұл аталған фактілер әзірше біз білмейтін тереңінде не жатыр. 

Бұдан шығатын қорытынды сол, бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайды, яғни, атом бомбасын ыдыра-

тып  отырған  ғалымдар,  өздерінің  адамзатты  жоюға  бағытталған  қылмыстарын  білмей  отырған  жоқ. 

Солардың бірі, кезінде осы атом бомбасын жарған авторлардың бірі академик А.Сахаров тұңғыш рет өз 

идеясын мойындаудан бас тартты. Өкініштісі, бұл іс кеш еді. 

Қазақстан жеріндегі бүгінгі қалыптасып отырған экологиялық жағдай, егерде осы бойымен кете берсе, 

табиғатты  сақтауда  ешқандай  іс-шара  қолданылмаса,  онда  болашақта  бұл  жерде  адамзат,  яғни,  жанды 

дене өмір сүреді дегенге сену қиын. Бұл пікірімізге, басқасын айтпағанда, жоғары келтірілген мысалдар-

ақ дәлел бола алады. 

Ана  мен  баланың  денсаулығын  қорғау  біздің  мемлекетіміздің  денсаулығын  сақтау  оргондарының 

жұртшылықтың тікелей назарында болуы тиіс. Экологиялық нашар ахуал адам өліміне 20% себеп болып 

отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай бұдан да қиын. Отандастарымыздың 1/3 сапасыз суды пайдаланады. 

Жеткілікті  және  дұрыс  тамақтанбау  теріс  демографиялық  салдарға  әкеп  соғады.  Сондықтан  әрбір  адам 

тамақтану мен ауызсуға ерекше көңіл бөлу керек. 

Бала денсаулығы жақсы болу үшін ананың дені сау болу керек. Аналардың арасында қаназдық аурула-

ры  көбеюде,  табиғаттың  азып  тозуынан  емес  пе  ал  қаны  аз  анадан  туған  баланың  денсаулығы  қайдан 

мықты болады.  

Еліміздің болашағы жас ұрпақ десек, бұл күнде  олардың денсаулығы мәз  емес. Оған соңғы кездерде 

белең ала бастаған жезөкшелік, нашақорлық сияқты қоғам жегіш құрттар септігін тигізіп жүрген жоқпа. 

Соның салдарынан жарымжан ақыл есі кем, кемтар сәбилер дүниеге көптеп келуде. Шала туылған нәрес-

телер бір төбе болса тумай жатып шетнеп кеткендер қанша. Жалпы ана мен бала денсаулығына қанша да 

мемлекет қамқорлығында болуы тиіс. 

Дүниеге алып келген перзенттің 15 пайызы аурулы болды. Әсіресе іштен кемтар болып туған сәбилер-

дің  саны  өсіп  барады.  Жыл  сайын  3500  бала  жүрек  кемістігімен  дүниеге  келді.  Балаларды  туберкулез, 

сары  ауру,  мезер  сияқты  аурулармен  ауруы  жылдан  жылға  молая  түсуде.  Мезербен  ауыратын  балалар 

отыз  пайыз  құрса,  ал  сары  аурумен  ауыратындар  екі  есе  өсіп  туберкулезбен  ауыратындардың  саны  13 

пайызға көбейді. Биылғы жылдың өзінде туберкулезбен 700 бала ауырды. Жас сәбидің шетнеу себептерін 

сараптайтын  болсақ,  алғашқы  орында  перинатольді  кезеңде  қайтыс  болғандар  болса  екінші  үшінші 

орында тыныс жолдарының қабынуына және ішек инфексиясынан шетінегендер 1993 жылы Президенті-

міз  Н.Ә.  Назарбаев  балалар  құқығы  туралы  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  конференциясына  қол  қойды. 

Бұл  конференция  бойынша  әр  баланың  өмір  сүруіне,  денсаулығының  жақсы  болуына  және  дамуына 

кепілдік  берді.  Елбасы  Қазақстан  2030  жолдауында  халықтың,  оның  ішінде  ана  мен  бала  денсаулығын 

сақтау мәселесіне баса назар аударды. 

Аналар  мен  балаларда  екіқабат  әйелдерде  кездесетін  кеселдердің  түрлері  көп-ақ.  Ана  сүтінен  бұрын 


Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 

54 


болмаған,  тумысымызда  кездеспеген  улы  нитрат  кездесуде.  Жарық  дүние  көзін  ашқан  сәби  анасының 

бауырын жатырқап ембейтін болды. Уызынан жарымаған сәби түрлі кеселге қарсыласатын иммунитетін 

жоғалтады. 

Егер  ажалдан  аман  қалса,  ондай  ұрпақ  соңына  ыстық  суыққа  төзе  алмайтын  әлжуаз  бала  былжыр 

болып  ер  жетеді.  Өзі  аз  халыққа  бұл  азап  қасірет  емеспе?  Жыл  сайын  жиырма  мыңдай  адам  ауырады 

екен. Міне осының бәрі біздің қоршаған ортамыздың экологиялық тығырыққа тіреуі болып отыр.  

Өсімдігімен арынан айырылған жердің көркі де бұзылып, сәні  кетеді  екен. Болшағымызды бұлдыра-

тып тұрған бұл апат адамдардың құлқымен қылығына әсер етеді.  

Қазақстанның тағы бір экологиялық аймақтарына Байқоңырды жатқызамын. Себебі, Байқоңыр ғарыш-

қа  бір  аттанғанда  өзіне  миллиондаған  радиоактивті  сәулелерді  өзіне  қосып  алады.  Темірге  жабысқан 

радиоактивті сәулелер ауаға, суға, жерге әсер етеді. Осы сәулелер жоғарыдағыларға ғана емес, адамға да 

әсер  етеді. Радиоактивті  сәулелерден адамға зиянды  аурулар: рак, тұқымқуалайтын аурулар, туберкулез 

тарайды. 

Елімізде қазіргі жағдайда қалыптасқан экологиялық жағдаяттың сан алуан экологиялық потологияның 

себепкер  болып  отырғандығын  ғылымда  тәжірибеде  дәлелдеді.  Қоршаған  ортаны  ластайтын  заттардың 

биологиялық  әсері,  олардың  адамды  уландыруы,  нысандық  сырқаттарға  ұрындыруы,  қатерлі  ісік 

тудыруы  және  мутагендік  қасиеттеріне  байланысты  екендігі  рас.  Әсіресе,  табиғатта  мөлшері  аз  ПДК-сі 

төмен,  яғни  ортада  кездесетін  тиісті  мөлшерлі  концентрациясы  төмен  болғанымен  өте  кең  тараған 

уландыратын затардың адам денсаулығына зияны өте зор  екендігі дәлелденіп отыр. Өйткені осындай аз 

мөлшердегі ортаны ластайтын заттардың бәрі біріккен кезде олардың улылығының артатындығы рас. 

Тірі ағзаға әсер ететін қоршаған ортаның факторларының ішінен химиялық және биологиялық ақуыз 

түзілуін  тежейтін  цитостатиктер,  алкилдеуші  қосындылар,  асқын  тотықтар,  пуриндер  мен  пириминдер 

негіздерінің туындылары, ауыл шаруашылығында қолданылатын пестициттер мен гербициттер, дефоли-

анттар,  дезинфекциялық  заттар  және  минералды  тыңайтқыштарды  жатқызсақ,  ал  биологиялық  фактор-

ларға түрлі ауру тудыратын вирустар мен бактериялар, токсиндер, мутагендер және басқалар жатады.  

Жоғарыда келтірілген қосылыстардың әсерінен жасушаның құрылысы мен қызметі бұзылады. Мұның 

нәтижесінде жасуша қызметінің жоғалуымен және бұрмалануымен сипатталатын потологиялық процес-

тер пайда болады. Жасушаның зақымдалуы оның мембраналарының бүлінуімен тікелей байланысты. Ал 

мембрананың атқаратын қызметінің бірі ауруға төзімділікті иммунитетті қамтамасыз ету, бөгде заттарды 

және өзінің улы өнімдерін сыртқа шығаруға және усыздандыру. Осы биологиялық мембрананың бүлінуі-

не органикалық және бейорганикалық улы заттар, кейбір дәрі-дәрмектер себеп болады да соның нәтиже-

сінде  ағзаның  қабынуы,  аллергия  хромосомалық  ауруларға  қарсы  тұру  қабілеттіліктерді  нашарлайды, 

ақуыз  көмірсу,  май,  су  мен  электролиттердің  алмасулары  төмендейді.  Осылармен  қоса  ағзаға  бөгде 

химиялық заттардың көптеп енуі ағзадағы қышқылдық, негіздік тепе-теңдіктің бұзылуына әкеліп соғады. 

Ғалымдардың  есептеулері  бойынша  адамдардың  денсаулық  жағдайы  50-52%  өмір  сүру  салтына  20-

25%  тұқым  қуалау  факторларына  18-20%  қоршаған  орта  жағдайларына  7-12%  5  ана  денсаулық  сақтау 

саласының  деңгейіне  байланысты  болады.  Антропогенді  факторлар  бұрын  болмаған  жаңа  техногенді 

ауруларды туғызады. 

Адамның  денсаулығына  зиянды  әсер  ететін  факторлардың  ішінде  әр  түрлі  ластаушы  заттар  бірінші 

орын  алады.  Адамның  іс  әрекеті  нәтижесінде  биосфераға  оған  тән  емес  4  миллионнан  астам  заттар 

шығарылған. Сонымен қатар жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаған жаңа заттар шығарылады. Олардың 

көпшілігі ксенобиотиктер яғни адам мен тірі ағзалар үшін бөтен заттар.  

Аурулардың  көбеюуі  сонымен  қатар  табиғи  ортаның  әр  түрлі  трансформациялармен  оның  толық 

бұзылуы  өнеркәсіптік  кешендерге,  бір  типті  тұрғын  жерлерге  және  тағы  басқа  яғни  үшінші  табиғатқа 

айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып  отыра-

ды. Табиғи және физио-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да қолайсыз әлеуметтік экономика-

лық жағдай аурумен өлімнің ауруына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік экономикалық жағдай-

дың нашарлауы адамның психологиялық күйімен стресстің құбылыстары арқылы әсер етеді.  

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде шамамен 

500 000 адам пестицидтермен уланады, оның 5000 өліммен аяқталады. 

Ғалымдарының  мәліметтері  бойынша  барлық  қатерлі  ісік  ауруларының  90%-ы  қоршаған  ортаның 

қолайсыз әсеріне байланысты ФРГ де 10 жыл қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі  ер кісілерде 15-тен 

23%-ға дейін,ал әйелдерде 17-25%-ға дейін артқан. 

Аурулар  индустриялды  және  ластанған  аудандарда  жиі  кездеседі.Табиғатта  болып  жатқан  зиянды 

құбылыстардың барлығы адамның қолдан жасаған қасіреті. Саналы және санасыз түрде табиғатқа жасал-

ған адамдардың табиғат қорғау жөніндегі қарапайым білімінің жетіспеуінен шығады.  



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

55 


Көптеген елдерде экологиялық білім беру ісі біздің елге қарағанда әлде қайда ерте басталған. Мысалы: 

Жапонияда  ХХ  ғасырдың  60  жылдарында  басталды  деп  айтуға  болады.  Нақ  осы  кезде  антропогендік 

жағымсыз  факторлардың  белең  алған  осы  тұсы  болатын.  Яғни  өткен  ғасырдың  50  жылдарында  орын 

алған  Минамата  аурудан  белгілі  Хиросима  мен  Нагасакидегі  ядролық  жарылыстың  болуы  Жапонияда 

экологиялық білім беру ісінің күшеюінен талап етті. 

Енді, қоршаған ортаның, яғни, экологияның бұзылуының қаншалықты жандыға тигізетін кесапатының 

ғылыми негізіне үңіліп көрейік, сонда не істеп жатқанымызды білеміз. 

Жер бетінен жандының жойылып кетпей, өмір сүруі үшін ең әуелі адамзаттың алдында тұрған мақса-

ты – табиғат құбылысының заңдылығын меңгеру болса керек. Адам баласы алдыменен аспан (атмосфера) 

кеңістігіндегі құбылыстарды игеру керектігін байқайды. Себебі, ғылыми анықтама емес, тіпті діни ұғымға 

және аңызға сүйген, адамның дене құрылысы – топырақтан судан және ауадан тұрады деген түсініктеме-

ден  туындаған  мәселе,  ең  әуелі,  ауаның  адам  организміне  қаншалықты  әсер  ететіндігін  әуелі  бастан 

байқаған. 

Осындай бақылаудың нәтижесінде, яғни аспан кеңістігінде әр түрлі зарядтағы иондардың бар екендігі, 

сол  иондардың  қозғалыс  кезіндегі  өзара  қатынасынан  тоқ  пайда  болатындығын  оқымыстылар  XVIII 

ғасырда-ақ  байқаған  еді.  Осындай  идеяларды  дәлелдеуде  алғашқылардың  бірі  болып  француз  ғалымы 

И.Бертлан  (1780  жылдары)  жандының  тыныс  жолдары  ауа  кеңістігінің  электр  тоғын  өткізетін,  сөйтіп, 

организмнің  ішкі  органдарын  қабындыру  арқылы  ауруға  шалдықтыратындығын  тұңғыш  рет  дәлелдеп 

берді. Әрине, бүгінгі таңдағы ғылымның жетістігімен салыстырғанда, бұл ғылымның алғашқы бүршікте-

ну дәуірі деуге болады. 

Мұндай қағиданың ғылыми бағыт алуы дәл бүгінгі космос биологиясының құбылысына байланысты 

орыс  ғалымы  С.Чижевский  1938  жылы  күн  сәулесінің  жер  бетіне  жақындаған  кездегі  оның  аса  жоғары 

активті  әсерінен  жандының  ағзаларының  ауруға  шалдығатындығы  жөнінде  бірінші  рет  ғылыми  негізде 

анықтама берді. 

Демек,  мұндай  кезеңде  жандылардың  арасында  жұқпалы  аурулар  тарайтын  себебі,  күн  сәулесінен 

барлық организм белгілі бір уақытта ауруға шалдыға қоймайды. Себебі, күн сәулесін әр организм әр түрлі 

жағдайда  қабылдайды,  яғни,  күн  сәулесі  организмге  біртіндеп  әсер  ететін  болғандықтан  да,  ауруға 

шалдыққан организм уақыты келгенде сау жүрген жандыға міндетті түрде ауру жұқтырады. 

Бұл  қағиданы  одан  әрі  дамытқан  гигиена  (организмнің  қоршаған  ортамен  болатын  қарым-қатынас) 

ғылымның ілімін салушылардың бірі И.П. Скворцов – ауа кеңістігіндегі зарядтардың теріс иондарының 

организмге  тигізетін  әсерінің  қаншалықты  пайдалы-зиянды  екендігін  зерттеп,  ғылыми  тұжырымдама 

жасады. Оның айтуы бойынша – ауадағы теріс иондардың организмнің ішкі-сыртқы тепе-теңдігін сақтау-

да аса зор рөл атқарады. Егерде, организм тұрған ортада, яғни, ауа кеңістігіндегі электрдің теріс иондары 

төмендеп кетсе, онда организмге физиологиялық қолайсыз жағдай туады. 

Гигиеналық тұрғыдан алып қарағанда, негізгі түсініктеме, атмосфераның физикалық, болмаса химия-

лық  құрамы  емес,  ондағы  электр  зарядтарына  да  көңіл  бөлінуі  керек.  Демек,  бүгінгі  таңда  қоршаған 

ортаның,  яғни  ауаның  электр  өткізгіштігі,  оның  оң  және  теріс  зарядтарының  қозғалуына  байланысты 

екендігі дәлелденді [4]. 

Ауадағы  кездесетін  тұрақты  зарядтар,  бүгіндері  «аэроиондар»  деген  атуға  ие  болады.  Осылайша, 

ауадағы аэроиондар адам организміне белгілі бір мөлшердегі тұрақты деңгейге пайдалы. Егерде иондар-

дың  деңгейі  көбейіп,  болмаса  азайып  кетсе,  онда  дереу  жандының  денсаулығы  өзгерістерге  ұшырайды, 

ауруға шалдығады. Әрине, бүгінгі таңдағы Қазақстандағы экологияның бұзылуы тек қана аспан кеңісті-

гіндегі  құбылыстың  әсерімен  ғана  шектеліп  қоймайды.  Адамзаттың  адам  болғанына  бері  табиғатпен 

тікелей  қарым-қатынаста  болуы,  сол  табиғат  құбылысынан  өзінің  керектісін  алып,  тіршілік  етіп  соның 

негізінде  өсіп-өніп  отырды.  Осыны  түсінген  адамзат,  жабайы  табиғатқа  зиянын  тигізетіндей  жағдайға 

жетсе, ол жерден көшіп кетіп, басқа жерге қоныстанып отырған. 

Бұл не деген сөз. Адамның өзі де сол табиғаттың бір мүшесі екендігін мойындауында болды. Демек, 

табиғатқа зиян жасайтын болса, онда өзіне жасаған қиянаты деп түсіндірген. Солай дейік, бірақ адамзат-

тың қоғамы даму үстінде. Техникалық прогрестің  даму үрдісі өте тез қарқынмен жүруде.  Адам баласы-

ның бір жерде тұрақтап, үлкен қалаларда өмір сүруіне тура келді. Осыған байланысты адамзат күнделікті 

табиғатпен араласып, бірге тіршілік істейтін мүмкіншілігінен айырылды да, енді саналы түрде табиғаттың 

құбылысын бұзуға кірісті. Өз денсаулығына өзі қиянат жасай бастады. 

Осылайша,  қаланың  тіршілігінде  жүйкені  бұзатын  жоғары  тонды  дыбыс  қозғалысының  күшеюі,  ауа 

кеңістігіне аса зиянды химиялық қоспалардың араласуы, әр түрлі сәулелер, ауадағы көміртегі деңгейінің 

жоғарлауы,  егістік  жерлердің  химиялық  қоспалармен  өңделуі,  демалыс  орындарының,  судың  ластануы, 


Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 

56 


одан келе берді, тамақтың биологиялық құрамының зиянды қоспалармен толықтырылуы т.б. да құбылыс-

тардың  барлығы  адамның  денсаулығын  жоятын,  яғни,  өмірін  қысқартатын  улы  да  зиянды  заттардың 

көбеюі, адамның денсаулығын саналы түрде жоюының негізгі принциптері болса керек.  

Балалар  жанының  емшісі  атанған,  аты  әлемге  әйгілі  орыс  әртісі  Сергей  Образцов,  бірде  театрдан 

шығып үйге  қайтып келе жатып, жол-жөнекей  көгершін ұшырып жүрген бір топ балаларға тап болады. 

Қарап тұрсам дейді, әртіс, балалардың жан серігі, олардың ұшырған көгершіні ұшып барып қайта қонған-

да аяқтарын жерге баспай шатырдан домалап жерге түседі. Содан, сендер көгершінге не істеп қойдыңдар 

десе  –  аяғын  кесіп  тастағанбыз  дейді.  Сонда  С.Образцов  тұрып,  сендердің  аяқтарыңды  кессе,  не  істер 

едіңдер десе, олар бұл құс қой дейді. Жанынан түңілген әртіс, бұлардан адам баласын қыратын жауыздан 

басқа ешкім шықпайды деген еді. Бұдан шығатын қорытынды, біз өз ұрпағымыздың бойына қатыгездік-

тен басқа қайырымдылықты дәріптей алмағандықтан бүгінгі таңда табиғатты сақтағанды қойып, адам ба-

ласы бірін-бірі тірідей жейтін халге жеткеніміз жоқ па. 1998 жылы қазан айында қабылданған халықтың 

денсаулығын  сақтау  жөніндегі  мемлекеттік  бағдарламаның  4-бабында,  ...  «аурудың  алдын-алу  дегеніміз 

дұрыс тамақтану, қоршаған ортаға зиян келтіретін объектілерді қысқарту, дене тәрбиесімен айналысу, те-

мекі мен алкогольді, тұтынуды қойып сауықтыру шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған» [5]. 

Бұдан  шығатын  қорытынды,  адамзаттың  басынан  өткізген  барлық  қоғамның  негізгі  мақсаты,  сол 

қоғамды  одан  әрі  дамытатын  дені  сау  ұрпақ  өсіру  болды.  Осында  тарихи  қағидаға  сүйенсек,  қазақтың 

болашақта дені сау ұрпағы өседі деуге сенуге бола ма? 

Ендеше, біздің денсаулығымыз тек қоршаған ортаға, яғни, табиғат құбылысына байланысты, сонымен 

бірге жасасады. Сондықтан ұзақ өмір сүреміз десек, онда жер бетін баланы құнтақтағандай етіп ұстауы-

мыз керек.  

Қорыта  айтарымыз  біздің  әрбір  қате  басқан  қадамымыз,істеген  ісіміз,өзімізге  одан  қалса  болашағы-

мызға қауіп тудырады.  

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!!! 

 

1  Стратегический  план  Министерства  туризма  и  спорта  РК  на  2011-2015  годы.  Утвержден  постановление 

Правительства РК от 8февраля 2011 года №101. 

2 Әбілова З. Сыныптан тыс уақытта эстетикалық тәрбие беру. - Алматы, 1987. – 124 б. 

3 Әбдіжаппарова Ж., Айтбақина Р. Мектептегі оқу тәрбие жұмысының мәселелері. – Алматы, 1996. 

4 Конофеева З.С. Бастауыш мектеп. Ғылыми әдістемелік педагогикалық журнал. - Алматы 1999 жыл, №5. 

5  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  1998.05.18  жылғы  №3896  жарлығы  «Халық  денсаулығы»  атты 

мемлекеттік бағдарлама, 2,8 ...2,16-тармақтар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет