Вестник Казнпу имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г


HyperChem бағдарламасының ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет15/18
Дата21.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#10092
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

HyperChem бағдарламасының ерекшелігі: 

Менделеев  кестесіндегі  химиялық  элементтердің  барлық  сипаттамаларын  (реттік  нөмірі,  заряды, 

валенттігі, атомдық радиусы, қайнау және қату нүктесі, электртерістігі, электрондық құрылымы және т.б.) 

пайдалана  отырып,  молекулалар  құру.  Молекулалардың  көріністерін  құрылымдық  формуласы, 

шарстержнді моделі, Стюарт-Бриглеб моделі және т.б. түрлерінде көруге болады; 

Белгілі бір молекуланың құрамына кіретін атомдарды бір-біріне байланыстыра отырып, оның құрылы-

мын минимум энергиясынан қалыпты жағдайға оптималдауға болады;  

Құрылған құрылымды үшөлшемде айналдыру, бұру және үлкейту-кішірейту батырмаларының көмегі-

мен әр қырынан көруе болады; 

Молекуланың дипольдік моментін, тербеліс және электрондық спектрлерін есептеуге болады. 

Компьютерлік  моделдеуәдістемесін  қолданып,  органикалық  химияны  оқытуда  педагогикалық  тәжір-

бие 2013-2015 ж аралығында Қазақ Қыздар Педагогикалық Университетінің 3-курс студенттеріне жүргі-

зілді.  Бұл  компьютерлік  моделдеу  әдістемесін  қолданып,  педагогикалық  тәжірибе  жүргізудегі  мақсаты-

мыз ЖОО студентерінің білімдері мен біліктіліктерін дамыту және әдістеменің тиімділігін көрсету болды. 

Алдымен  компьютерлік  бағдарламалардың  тиімділігін  тексеру  мақсатында  студенттерден  сауалнама 

алынды. «Компьютерлік моделдеу бағдарламаларының тиімділігі» сауалнамасына 10 студент қатысты.  

 

Кесте 1 Студенттерден алынған сауалнамасының нәтижесі 



 

Сұрақтар 

Жауаптар 

Иә 


жоқ 

Компьютерлік моделдеу бағдарламасымен оқыту сізге қажет пе? 



Компьютерлік моделдеу бағдарламасымен жұмыс істеу сізді қызықтыра ма? 



Компьютерлік бағдарламаларды меңгеруге қабілетіңіз жете ма? 



Болашақта мұндай бағдарламаларды одан ары дамыту керек деп ойлайсыз ба? 





Барлығы 





 

«Компьютерлік  моделдеу  бағдарламаларымен  оқыту»  технологиясы  бойынша  оқу  бағдарламасына 



сәйкес  студенттерге  лекция,  семинар  сабақтарының  әдістемелері  жасалынды.  Сол  әдістемелерге  сүйене 

отырып,  лекция  және  семинар  сабақтары  жүргізілді.  Педагогикалық  тәжірбиені  жүргізу  үррдісінде 

студенттердің білімдері мен біліктіліктерін тексеру мақсатында келесі әдістер қолданылды: 

- студенттерден тест жұмыстарын алу; 

- бақылау жұмыстарына талдау жасау; 

- студенттердің өзіндік іздену жұмыстарын тексеру; 

- ғылыми-зерттеу жұмыстарын осы әдістеме бойынша қорғау 


Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 

80 


3-курс  студенттеріне  «Спирттер»  тарауына  HyperChem  бағдарламасын  қолданып  семинар  сабағы 

жүргізілді. Сабақ кезінде студенттер HyperChem бағдарламасымен жұмыс істеуді үйренді . Студенттердің 

білімдерінің көрсеткіштері мен өлшемдерін үш деңгейде қарастырдық (жоғары, орта, төмен). 

Семинар сабағының соңында студенттерге әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар беріліп, бақылау жұмысы 

алынды. 

 

Кесте 2. HyperChem бағдарламасын қолданғаннан кейінгі студенттерден алынған бақылау 



жұмысының нәтижесі 

 

Түрі 



 

Тәжрибеге дейін 

Тәжрибеден кейін 

Жоғары деңгей 

30% 

50% 


Орташа деңгей 

30% 


20% 

Төмен деңгей 

40% 

30% 


 

Кестеде  көрініп  тұрғандай  экспериментке  дейін  жоғары  деңгейдегі  студенттердің  саны,  яғни  білім 

көрсеткіші  30%  болса,  эксперименттен  кейін  көрсеткіш  20%-ға  өсті,  ал  орташа  деңгейдегі  мен  төмен 

деңгейдегі  студенттердің  білім  көрсеткіші  10%-ға  кеміді.  Бұдан  органикалық  химияны  оқыту  кезінде 

компьютерлік моделдеу бағдарламаларын қолдану тиімді екенін көрсетеді. 

Қортып айтқанда компьютерлік моделдеу әдістемесі бойынша жүргізілген семинар сабағы студенттер-

дің қызығушылықтарын артта түскенінде байқауға болады. 

 

1  Наумов  A.P.,  Пак  М.С,  Зашивалова  Е.Ю.  Теоретическая  модель  компьютерного  обучения  химии  в  базовой 



школе.  //  Актуальные  проблемы  реформирования  химико-педагогического  образования:  Тез.  докл.  Всероссийского 

координационного совещания 16-19 ноября 1998 г. - Н.Новгород: НГПУ, 1998, - С. 80-81. 

2  Наумов  А.Р.,  Пак  М.С.,  Зашивалова  Е.Ю.  Проблема  компьютерного  обучения  химии  в  основной  школе  // 

Materialy  miedzynarodowego  seminarium  prob-lemow  dydaktyki  chemii  VI.  Opole  (Польша),  24-25.06.1997.  /  Ed. 

A.Stejnberg. - P. 72-76. 

3 Компьютерде жұмыс істеуді үйренейік. Оқу құралы. – Алматы, – 2000. – 40 б.  

4 Программалау негіздерін оқыту. Практикалық жұмысқа арналған әдістемелік құрал. - Алматы, 2002. – 110 б. 

5 John K. Ousterhout, Tcl and the Tk Toolkit, 1994, Addison-Wesley, Reading, Mass. 

 

Резюме 

Д.А. Касымбекова – старший преподаватель, к.х.н., dinar_0101@mail.ru, Маманбек Нұрсара – 2 курс магистрант, 

nursaram@mail.ru, Казахский национальный педагогический университет им. Абая 

«Применение компьютерных программ моделиривание в обучение химии» 

В  статье  рассматривалась  особенности  обучение  органических  дисциплин  с  применением  компьютерных 

программ моделиривание студентам вуза.  

Компьютерные  технологии  открывают  большие  возможности  в  переосмыслении  методов  и  приемов  обучения

Информатизация  образования,  в  первую  очередь,  должна  способствовать  решению  педагогических  проблем. 

Программой модернизации педагогического образования предусмотрено проведение комплекса мер, направленных 

на  достижение  следующих  целей:  овладения  современными  формами  и  методами  обучения,  информационными  и 

компьютерными  технологиями,  новыми  методами  оценивания  результатов  обучения.  В  статье  рассматриваются 

основные направления применения компьютерной техники, программных средств и ресурсов интернет для активиза-

ции познавательной деятельности студентовв изучении курса химии. Результаты работы показывают, что использо-

вание компьютерных технологий в обучении химии позволяет дифференцировать учебную деятельность на заняти-

ях,  активизирует  познавательный  интерес  студентов,  развивает  их  творческие  способности,  стимулирует  умствен-

ную  деятельность.  А  также  в  работе  обсуждается,  что  использование  компьютерных  моделей  позволяет  раскрыть 

существенные связи изучаемого объекта, глубже выявить его закономерности, что, в конечном счете ведет к лучше-

му усвоению материала. Студент может исследовать явления, изменяя параметры, сравнивать полученные результа-

ты, анализировать их, делать выводы. В статье показано, результаты педагогическогоэксперимента студентам вуза с 

применением технологий компьютерных программ моделиривание.  



Ключевые  слова:  компьютерные  моделирования,  ChemOffice,  CHEMIX,  HyperChem,  ChemPen3D,  Сhem  lab, 

ChFormulas, ChemSW Chemsite v3., модель 01Стюарт-Бриглеб, ICQ телеконференция, имитационный модель 



 

 

 

 

 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

81 


Summary 

D.Kassymbekova - Candidate of chemical science, senior teacher of chemical chair of Kazakh national pedagogical university 

after Abay, dinar_0101@mail.ru, Mamanbek Nursara – master, nursaram@mail.ru, 

Kazakh national pedagogical university after Abay 

«Application computer programs of modeling inthe learning chemistry» 

In  the  article  was  shown  features  of  teaching  organic  disciplines  with  applicationmodeling  computer  programs  for  the 

students  of  university.Computer  technologies  open  up  big  possibilities  for  rethinking  methods  and  modes  of  education. 

Educationinforming, firstofall, must assist tosolve  of pedagogical problems. The program of modernization of pedagogical 

education is envisage realization of complex of the measures sent to the achievement of next aims: captures by modern forms 

and methods of educating, information and computer technologies, new methods of evaluation of results of educating. In the 

article considering basic directions of application computer technique, programmatic facilities and resources of the internet for 

activation  of  cognitive  activity  of  students  in  the  study  of  course  of  chemistry.  Performances  of  the  job  show  that  the 

application of computer technologies in educating of chemistry allows to differentiate educational activity on employments, 

activates  cognitive  interest  of  students,  develops  their  creative  flairs,  stimulates  their  intellection.Also  in  the  paper  is 

discussing that the application of computer models allows to expose substantial connections of the recognising object, educing 

deeper  it’s  mechanism  conformities,  that,  in  final  analysis  conduces  to  the  best  mastering  of  material.  A  student  can 

investigate the phenomena by changing parameters, comparing the got results, analysing them, make conclusion.It is shown in 

the  article,  that results  of  pedagogical  experiment  to  the  students  of  university  with  the  application  of  technologies  of  the 

modeling computer programs.  

Keywords: computer modeling, ChemOffice, CHEMIX,  HyperChem, ChemPen3D, Сhem lab, ChFormulas, ChemSW 

Chemsite v3., model Stewart Brigleb, ICQ teleconference, simulation model 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 

82 


ТУРИЗМ 

 

ӘОЖ 316.347:94(512.122) (574) 

 

АЛТАЙ АЙМАҒЫН МЕКЕНДЕГЕН ЕЖЕЛГІ ТҮРКІЛЕР 

 

Ж.Сағындықова – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің магистранты, 

А.Сағындықов – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессоры 

 

Бұл мақалада Алтай өңірін мекендеген ежелгі түркілер туралы мағұлматтар берілген. Майәмір, Берел, Құлажорға 

кезеңдеріне  тоқталып,  оның  маңыздылығы  сипатталады.  Еуразия  көне  тарихында  Алтай  өңірі  ерекше  маңызға  ие. 

Өйткені бұл мәдени-тарихи өңір ілкі замандардан бері адамзат дамуындағы күрделі үдерістермен тығыз байланысты. 

Мұнда  ерте  темір  дәуірі  кезінде  бірнеше  археологиялық  мәдениеттер  қалыптасып,  дамығандығын  археологиялық 

мәліметтер толыққанды растап отыр. Алтайда өңірдің ежелгі тарихы әлі күнге дейін кешенді түрде зерттелінген жоқ. 

Еуразия тарихы мен өркениетінің көптеген түйткілді мәселелерінің түйінін шешетін Алтай өңірінің ерте темір дәуірі 

ескерткіштері болып табылады. Аталған тарихи аймақта қола және ерте  темір дәуірінде тіршілік  еткен  тұрғындар-

дың  мәдениетін  зерттеу  отандық  тарихнамадағы  көкейкесті  мәселелердің  бірі  екендігін  оның  жалпы  Еуразия 

тарихымен тікелей байланысты екендігі де аңғартады. Себебі, Алтай және Шығыс Қазақстан аумағында басталған 

халықтардың Ұлы қоныс аударуы сынды күрделі тарихи үдерістер Еуразияның этникалық, саяси және тарихи карта-

сын  түбегейлі  өзгертіп  жіберген  еді.  Нәтижесінде,  қарастырылып  отырған  өңірдің  мәдени  дамуы,  тұрғындардың 

этникалық  келбеті  мен  заттық  мәдениеті  де  азды-кемді  өзгерістерге  ұшырады.  Мұндай  өзгерістердің  барысын, 

қайнар-бастаулары мен тарихи ағынын жазба деректердің кемдігіне орай, тек қана археологиялық қазба зерттеулері 

негізінде қалпына келтіруге болады деп есептелінеді.Жарқын мәдениеттерін, бірегей мәдени туындыларын қалдыр-

ған тайпалар мен халықтардың өткенін  екшеп, даму деңгейін айқындау  бүгінгі  күн талабынан да  туындайды. Сан 

ғасырлар  бойы  Алтай  аймағын  мекендеп  келген  этностардың  археологиялық  ескерткіштері  мен  мәдениеттерін, 

тарихи  кезеңдерін  ғылыми  талдаудан  өткізу  барысында,  мұнда  бірін-бірі  алмастырған  майәмер,  шілікті,  берел, 

құлажорға, т.б. мәдени кезеңдердің болғандығы сипатталады 

Түйін  сөздер:  Таулы  Алтай,  ежелгі  халықтар,  саргат  мәдениеті,  аримаспо  тайпалары,  майәмір  кезеңі,  берел 

кезеңі, құлажорға кезеңі, ерте темір, рулық көсем, қорғандар, сақ-скиф әлемі 

 

Тек ХХ ғасырдан қарқынды басталған археологиялық зерттеулер, оның жетістіктері ғалымдарды сақ 



мәселесіне  қайта  оралуға  мәжбүр  етті.  Мұндай  бетбұрыстың  бастауында  белгілі  ғалымдар                     

А.Н.  Бернштам,  В.В.  Григорьев,  А.А.  Фрейман  және  қазақ  ғалымдары  Ә.Марғұлан,  Оразбаев,               

К.А. Ақышев, антропологтар Г.Ф. Дебец, В.В. Гинзбург және О.С. Смағұловтар тұрды. Аталған ғалымдар 

өздері бастап жүргізген археологиялық, антропологиялық зерттеулердің қорытындысына сүйене отырып, 

сақ тақырыбына жаңаша қырынан баруға мүмкіндік алды. Әуелі сақтардың тарихи орналасу география-

сына ерекше мән беруге тура келді. Ол үшін Страбон географиясына терең үңілмеу мүмкін емес еді. 

Ежелгі грек жазбаларында сақтардың екі түрлі бірлестігінің аты аталады. Оның бірі - бұрынғы Танаис, 

қазіргі Сырдарияның шығыс алқабын мекен еткен сақтар болса, енді бірі - Аралдың оңтүстігіндегі масса-

геттер. Сонымен қатар ежелгі дәуірде грек авторлары сақтардың және үш тобы:исседондар, аргиппейлер 

және  аримаспыларды  жеке-жеке  атап  көрсетеді.  Геродот  сақтардың  аргиппейлер  мен  исседон  тобының 

орналасу  географиясын  айқын  көрсеткен.  Автор  аргиппейлерді  «биік  таулардың  етегіне»  (бәлкім 

Оралдың  оңтүстік-шығысы  болар)  орналасқан,  ал  исседондарды  тау  бөктерінің  шығысында  тұрды  деп 

жазды. Исседондардың өздерінің айтуы  бойынша, -  дейді  одан әрі автор,  -  олардан да жоғарырақ әйгілі 

аримаспылар мен «алтын қорыған самұрықтар» тайпалары тұрған. Мұнда, сірә, Қазақстанның солтүстік-

шығысы немесе Алтай туралы сөз болып отыр. 1. Алтай семантикасы «Altai» (алтынды) деген мағынаны 

білдіреді [1]. 

Персеполь  маңындағы  Нақш-и  Рүстем  шатқалындағы  Дарий  патшаның  табыт  талындағы  бедер 

жазуында парсы билігінде болған үш сақ тобының қатарында тиграхауда сақтары аталады. Бедер жазуда 

«Тиграхауда сақтары» деген атау шошақ төбелі тымақ киген сақ жауынгерінің анықтамасы ретінде беріл-

ген. Мұны Ахемен жазбалары да растай түседі. Онда айтылуы бойынша, Орта Азия және Қазақстан жерін 

мекен  еткен  сақ  бөлімдері  тиграхауда,  хаомаварга  және  парадарайя  топтарын  қамтиды.  К.А  Ақышев 

тиграхауда тобын Шаш, қырғыз және Оңтүстік Қазақстан тарихи өлкесіне орналастырады. Автор парада-

рая бөліміне Каспийдің оңтүстік-шығысынан орын берген. Парадарая сақтары шошақ төбелі тымақ киген, 

Персеполь бедер жазуында монголоидтық пішінде бейнеленген. Бірақ К.А Ақышев Персеполь бедерінде-

гі сақ бейнесі парадарайялықтар емес, Тәңіртау, Жетісу, Шаш бойындағы тиграхауда жауынгерінің мүсіні 

болар  деген  болжам  айтады.  Қалай  дегенмен,  тиграхауда  сақтарын  парадарая  сақтарынан  ерекше  бөле 

қарау мүмкін емес сияқты. Аталмыш топтардың мәдени ескерткіштері бір-біріне өте ұқсас келеді. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

83 


Сақ  бөлімдері  ру-тайпалық  негізінде  әскери  одақтарға  бірігетін  болған.  Тиграхауда  одағын  аксатаги, 

исседон, аристей және аргиппейлер құраса керек. Аргиппейлерді сақтардың басқадай тобына жатқызатын 

авторлар да бар [2]. 

Ал Геродот аргиппейлерді монголойдтық түрге жатқызып,исседондармен  қанаттас «биік  тау қойнау-

ларын мекендеген» дегеніне қарағанда, аргиппейлерді тиграхауда одағы құрамынан іздеген жөн сияқты. 

Егер исседон мен аргиппейлер Алтай, Тянь-Шань қойнауы, Жетісу, Іле бойын мекен етсе, оларды үйсін, 

юечжи  түрік  тобынан  бөліп-жарып  қарау  мүмкін  емес.  Птоломей  үйсіндерді  ертедегі  исседондар  деп 

таниды. Птоломейдің бұл болжамын кейін А.Н. Бернштам растай түсті. Ол: «Сақтар Андронов дәуірінде 

Оңтүстік  Сібір  этникалық  топтарының  ықпалында  қалыптасқан  Жетісу  және  Тянь-Шаньды  мекендеген 

жергіліктілердің тікелей ұрпағы», - деп есептейді [3]. 

А.Н.  Бернштамның  сақ  пен  үйсін  мәдениетінің  ара  байланысы  жайлы  айтқан  пікірлері  тіптен  де 

қызықты. Ол сақ-үйсін мәдениетінің ара байланысы жайлы айтқан пікірлері тіптен де  қызықты. Ол сақ-

үйсін мәдениетін «тарихи-мәдени бір үрдістің екі кезеңі» деп таниды. А.Н. Бернштамның бұл болжамын 

соңғы  жылдары  Қазақстан  территориясында  жүргізілген  археологиялық  зерттеулердің  қорытындылары 

айқындай түсті. Археологтардың салыстырмалы зерттеуі бойынша,сақ және үйсін қорғандарынан табыл-

ған мәдени мұралардың көптеген компоненттері бір-бірімен аса ұқсас ,кей жағдайда бір-бірін айна қатесіз 

қайталайтын көрінеді. Мұнан қандай қорытынды жасауға болады? Сақ,үйсінтанушы К.А.  Ақышев және 

Г.А. Кушаевтардың пікіріне жүгінер болсақ, сақ және үйсіндер сырттан келген бөтен жұрт  емес,одақтас 

ретінде  Іле,  Жетісу,  Тянь-Шань  бойын  мекендеп  келген  туыстас  халықтар.  Олар  белгілі  кезеңдерде 

қайсысының асығы алшысынан түссе,соның атымен аталып жүре берген.Мысалы: Алтай, Жетісу, Талас, 

Шу  бойында  түркеш,қарлұқтардың  саяси  үстемдігі  орныққанда  ,саяси  одақ  ретінде  үйсін  аты  жоғалып 

кеткені  сияқты, б.з.б III-II ғасырларда аталмыш өлкеде  тарих төріне үйсіндер  шыққанда, тайпалық одақ 

ретінде сақ атауы тасада қалып қойған. Әрине, осылайша саяси одақ ретінде сақ аталымы қалыс қалғаны-

мен, сақ атанған жұрт тай-тұяғы қалмай басқа жаққа ауып кеткен жоқ,басқадай атауға ие болып, ежелгі 

мекенінде қала берген. 

Сақ-үйсіндер  сияқты,  юечжи  қауымын  да  сақтардан  бөле  қарау  мүмкін  емес  сияқты.  Бұл  төңіректе 

алғаш  ой  тастағандар  француз  ғалымдары  Клапрот  және  Абель-Ремюзалар  болды.  Аталған  ғалымдар 

қытай  деректеріне  сүйене  отырып,сақ  және  юечжилер  бір  тектес  халық  екеніне  тоқталады.  Алғашында 

соншалықты қолдау таба қоймаған бұл пікір соңғы жылдары тек қытай және батыс еуропалық қана емес, 

орыс-славян және қазақ тарихшыларының да қолдауына ие бола бастады. 

С.Кляшторный скифтердің шығыс бөлімдері үйсіндермен туыстас юечжилер деп таныса, С.П. Толстов 

шығыстағы массагеттерді  «ұлы юечжилер»  деп  есептейді. Ал  Н.Я. Бичурин юечжилер қаңлылармен бір 

халық деп жазады. Тарихшы А.Амардың пайымдауынша,қытайдың Хуанхе озенінің батысындағы жерді 

Хэси жері, ал елін сихэ деп атайды. Н.Аристов б.э II-III ғасырлары аралығында шүршіттердің қысымымен 

өз жұртынан ығыстырылған се (сақ ) қауымын түркі сақтары деп атаған [4]. 

Қалай дегенмен де,сақ атанған дүйім жұртты олар тек қана «үнді-еуропалықтар» еді немесе тек «түрік-

тер»  еді  кесіп-пішіп  айту  мүмкін  емес  сияқты.  Сақтар  ұлттық  құрамы  жағынан  көп  этностық,саяси 

құрылымы  жағынан  конфедеральдық  қауым  болды.  Олардың  батыс  тобы  тіл  мәдениеті  жағынан  үнді-

еуропалықтарға,шығыс  бөлімі  түріктерге  жақын  болды.  Аталған  қауымның  мәдени  және  тілдік  ахуалы 

осынау аймақтық ерекшеліктердің негізінде қалыптасты. Алғашқы дала мемлекеті – хұндардың үстемдік 

құрған  дәуірінде  оларға  бағынудан  бас  тартқан  кейбір  ұлыстар  мен  тайпа  бірліктері  батысқа  жылжып, 

б.з.б. II ғасырдың орта кезінде сақтарды ығыстыра бастады. Сақтың оңтүстік-батыс бөліктері Дриангиан 

жеріне қоныс аударып, сакастан атанып,сонда қалды. Олар – бүгінгі Иран, Ауғанстандағы сейстандықтар. 

Иран және Пуштун тарихында бұл топты тұрғылықты халықтар емес, сырттан келген жат жұрттық деп 

санайды.  Сейстандықтардың  және  бір  бөлігі  Үндістанға  жетіп,  жергілікті  тұрғындармен  сіңісіп,  сонда 

түбегейлі орын тепті. 

ХХ ғасырдағы Шығыс ғұламаларының бірі Дж. Неру Үндістан жеріне келіп қоныс тепкен сақтардың 

бұл бөлімдерін «ұлы түрік көшпенділерінің бірі» деп таниды. ХVI ғасырдың басында Бабур хан Қандағар, 

Нанчинхарды басып өтіп,Үндістанның батыс шебіне аяқ басқанда, оларды құшақ жайып соғыссыз қарсы 

алғандар сол ежелгі сақ-түріктердің ұрпақтары болса керек [5]. 

Ал сақтың шығыс бөлігіндегі дүрбелең бұл өлкеге ұлы иозылар қоныс тебе бастаған кезеңнен бастала-

ды. Әуелі ұлы иозылардың,соңынан қаңлы, үйсіндердің Іле, Жетісу өңіріне қоныс аударуына байланысты 

сақтардың бір бөлігі  оңтүстікке  қарай ығысады. Қалған бөлімдері иозылардың  ізін қуа мұнда келіп, Іле, 

Жетісу  бойына  қоныс  тепкен  үйсін,  қаңлы,  алан  және  басқа  түркі  тайпаларымен  араласып-құраласып 

кетеді. Осы кезден бастап «сақ» атауы тайпа бірлігі ретінде тарих төрінен ығыстырылады. 


Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 

84 


Тарихта  белгілі  болғанындай,  «сақ»  атанған  көшпенділер  осы  ат  атауымен  VIII-IX  ғасыр  салтанат 

құрды.  Адамзат  өркениетіне  елеулі  із  қалдырды.  Сақ  мұраларын  тұла-бойына  сіңіріп,  сақтап  қалған 

аймақтың бірі - қазіргі қазақ даласы. Әрине, сақтар – қазақтар еді деп кесіп айтуға болмас. Бірақ бүгінде 

қазақ атанған халық сол ежелгі сақтардың тарихи мұрагері екендігінде талас жоқ. Қазақ халқы сақтардың 

тек  тарихи-мәдени мұрагері ғана  емес,  олардың тұрмыстық және этнографиялық  көптеген элементтерін 

сақтап қалушы да. Сақ атанған көшпенділер иран-үнділік, арий-еуропалық және түріктік үш түрлі этномә-

дени элементтерін бойына сіңірген полиэтникалық, конфедеральдық әскери одақ болды. 

Орталық  Азия  мен  Қазақ  даласына  Иран  элементтерінің  келуі  үш  кезеңнен  тұрады.  Алғашқысы  – 

Ахемен әулеті билік жүргізген Иран хандығы (б.з.б. VI-V) дәуірі. Аталмыш кезеңде ахемендіктер билігін-

дегі барлық өлкелерде тарихи-этнографиялық, тұрмыс-салттық,тілдік-мәдениеттік  із  қалдырды.  Ахемен-

діктердің  жаугершілік  саясаты,  жаулап  алған  ел-жерлері  туралы  азды-көпті  деректериран  және  парсы 

тілінде  сақталған.  Жалпы,сақтардың  иран-үнділіктер  деп  танитын  тарихи  танымдық  ұстаным  – 

(stereoitypos) аталған оқиғаларға сүйенген қорытындылардың туындысы. Оның үстіне арабтардың VIII-IX 

ғасырларда Түркістанды жаулап алуының, IX-X ғасырларда мұнда саманиліктер әулетінің билік құруы-

ның, ХIV ғасырдың орта кезінде Алтын Орданың ханы Өзбек мұсылман дінін ресми дін ретінде қабыл-

данғаннан кейін Орталық Азия мен Қазақ даласында мұсылмандықтың рухани басымдылыққа ие болуы-

ның әсерімен мұндағы  ежелгі түріктік мәдени үрдістер бірер ғасыр  ескерусіз қалды. Сақтарды тек үнді-

еуропалықтар  деп  қарайтын  танымдық  стереотиптің  пайда  болуында  грек-славяндық  элементтердің  де 

үлесі  бар.  Бұл,  біріншіден,  сақтардың  құрамында  Қара  теңіз,  Дон,  Днепр  бойындағы  үнді-еуропалық 

нәсілдердің  болуымен,  екіншіден,  Ауған,  Түркістан  жерін  Александр  Македонескийдің  жаулап  алып, 

Грек-Бактрия  хандығының  құрылуымен  тікелей  байланысты.  Ал  сақтардың  шығыс  тобын,  негізінен, 

көшпенді  түріктер  құрады.  Жоғарыда  аталғандардың  шындығын  әр  өңірде  жүргізілген  археологиялық 

және  палеонтологиялық  зерттеулердің  қорытындылары  айқындай  түсуде.  Іле,  Алтай,  Шығыс  Қазақстан 

өлкесінен  табылған  ескерткіштер,  көбінесе,түріктік  этномәдениетті,  Түркістан,  Сыр  бойы  мәдениеттері 

арий-еуропалық нұсқаны, ал Памир, Ауғанстан, Тәжікстан өңірінен табылған мәдени ескерткіштер үнді-

ирандық сипатты көрсетеді. Олардың көпшілігінен мәдениеттің аралас-интегралдық белгілері байқалады. 

Соңғы жылдары Берел қорымын зерттеп журген З.Самашев бастаған археологтар тобы өз зерттеулерінің 

негізінде  «Берел  ескерткіштерінің ақы иелері өз құрамына үнді-иран және  Алтай–Түрік  тілдес  көптеген 

тайпаларды біріктірген,ежелгі қытай деректерінде кездесетін «юечжи» атауымен белгілі болған тайпалар 

одағының бірі деген болжамға тоқтаған» [6] Мұндай пікірді бұрын С.Н. Руденко айтқан болатын. Скиф-

сақ  дәуіріндегі  Алтай  тайпалары  грек  авторларының  еңбегінде  көп  кездеспейді.Тек  Геродотта:  «Биік 

таулардың бөктерінде скифтерге де, савроматтарға да ұқсамайтын, еркек, әйел демей, тумысынан тақыр 

бас,  таңқы  танау,  ат  жақты  адамдар  тұрады  екен.  Олар  ерекше  бір  тілде  сөйлейді,  скифше  киінеді, 

ағаштың  шырынымен  қоректенеді...  шырынды  сүтпен  қосып  ішеді...  малдары  соншалықты  көп  емес... 

ағаштың қалқасында өмір сүреді. Қыста ағашты ақ киізбен жабады,ал жазда ашық-шашық жүре береді», - 

деген  түйін  бар.  Геродот  бұл  халықты  сақтардың  аргиппейлер  тобына  жатқызады.  Мұнда,соз  жоқ, 

Геродот Алтай түріктерін меңзеп отыр [7]. Аргиппейлер сақтың шығыс бөлігінде болған ежелгі түріктер-

дің бір бөлігі ғана. Скиф-сақ дәуірінің моңғол-алтай ескерткіштері толық зерттелген жоқ. Егер ол толық 

зерттелсе,  скиф-сақ  зерттеу  мәселесіне,  Орхон-Енисей  мәдениетінің  ашылуы  сияқты,  үлкен  жаңалық 

әкелуі мүмкін. Қазақстан археологтары скиф-сақ дәуірінің түріктік элементтерінің сырын жылдан-жылға 

аша  түсуде  [8].  Мұндай  зерттеулердің  қорытындылары  сақ  дәуірін  түріктік  элементтерден  бөліп-жарып 

қарап, сақ мәдениетіндегі түрік-моңғолдық элементтерді «Шығыс көшпенділерінің мәдени экспансиясы-

ның жемісі» деп қарайтын концепцияны жоққа шығарар еді. К.Ақышев Іленің оң жақ аңғарынан табыл-

ған ағашпен қымталған бейіттердегі мүрделерді зерттей келіп, оларды «экспансияның» жемісі емес, кері-

сінше, бір-бірімен жалғасып жатқан ежелгі біртекті мәдениеттің әр түрлі кезеңдері ретінде таныған [9]. 

Бесшатыр,  Берел  обаларында  жүргізілген  зерттеулердің  қорытындысы  сақтардың  күнделікті  тіршілі-

гінде ағаш ұсталық өнері де кең дамығанын көрсетеді. 

 

1 Қарасаев  Ғ.М.  Қазақстанның  шығысы  Алтай  өлкесі  19-20  ғасырлардың  басында.  Докт.диссертация  / 



Ғ.М. Карасаев - А.: 1998. – 57 б. 

2 Келімбетов Н. Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері. Н.Келімбетов - А.: Раритет, 2011 - 46-48 б. 

3 Қазақстан Тарихы. - А.: Атамұра. I том. 2010. – 164 б. 

4 Геродот. История VII / Геродот. 64. 

5 Қазақ мемлекетінің тарихы. Ежелгі және ортағасырлық кезең. - А., 2007. – 33-34 б. 

6 Страновский Г.А. История. Перевод и примечания. / Г.А Страновский – М., 2001. – с. 48. 

7 Қазақстан тарихы. - А.: Атамұра, V том, 2010. – 18 б. 

8 Қазақ мемлекетінің тарихы, Ежелгі және ортағасырлық кезең. Сақ бірлестігі. - А., 2007. – 33 б. 

9 Карамазин Н.М. История Россиского. В 12-ти томах. История Россиского Т.1, - М., 1989 – с. 32. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

85 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет