Вестник Казнпу имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г



жүктеу 3.11 Mb.
Pdf просмотр
бет5/18
Дата21.03.2017
өлшемі3.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Keywords: sulphocationite,copolymerization, ion exchange, sorbent, sorption ofmetals 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

23 


УДК 941.646.56 

 

ФЕРОМОНДАР СИНТЕЗІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ФИТОСАНИТАРЛЫҚ МОНИТОРИНГ 



МАҚСАТЫНДА ПАЙДАЛАНУ 

 

М.Ж. Жақсыбаев – х.ғ.д., доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ, 

Болатжан Базарбай – магистрант, Абай атындағы ҚазҰПУ, 

Абед Халилуллах – магистрант, Абай атындағы ҚазҰПУ 

 

Мақалада  феромондарды  синтездеу  мен  оларды  мониторинг  үшін  пайдалану  қарастырылады.  Өсімдіктерді 

қорғауда феромондарды қолданудың негізгі 3 бағыты бар: мониторинг мақсатында қақпанға жәндіктердің еркекте-

рін  аулау,  популяция  санын  төмендету  мақсатында  жәндіктердің  еркектерін  жаппай  аулау  және  жәндіктердің 

жыныстық коммуникациясын бұзу мақсатында алдау (дезориентация). 

Феромондар  мен  басқа  да  биологиялық  активті  заттарды  синтездеу  кезінде,  синтездің  негізі  болып,  ацетиленді 

қосылыстарды сәйкес цис- олефиндерге стереоталғамды сутектендіру болып табылады. Бұл үшін ацетилен туынды-

ларын:  көмірсутектер,  карбинолдар,  альдегидтер,  күрделі  эфирлер  және  т.б.  қолданылады.  Зиянкес  жәндіктердің 

қандай  да  бір  феромондарының  компонеттері  болатын  цис-  және  транс-олефинді  қосылыстардың  синтезі  шет 

елдерде  үнемі  жүргізіліп  отырады.  Үш  байланысты  қосылыстарды  стереоталғамды  гидрлеу  жұмыстары  көбінде 

АҚШ, Жапония және Франция елдерінде жүргізіледі. Соған қарамастан цис-этилен туындыларының шығымы 97,2-

98% құрайды. Осы  бағытта, біздің мемлекетімізде, көптеген ғылыми мақалалар жарияланып, патенттер алынғаны-

мен, ол жұмыстар, әртүрлі себептермен, өндіріске енбей қалды. Ацетиленді қосылыстарды цис–этиленді туындыла-

рына  шығымы  99-100%  болатындай  етіп,  жоғары  стереоталғамды  сутектендіру  мақсатында,  жаңа  заман  талабына 

сай, каталитикалық жүйелерді жасау, қазіргі кезде маңызды болып табылады. Бүгінгі таңда ацетиленді қосылыстар-

ды  цис-,  транс-олефиндерге  сутектендіру  механизмі  әлі  де  толығымен  ашылмаған.  Сол  себепті  цис-  және  транс-

олефиндерге  дейін  алкиндерді  стереоталғамды  сутектендіру  үшін,  катализатор  мен  модификаторлық  қоспаларды 

ғылыми  түрде  дұрыс  таңдау  әлі  де  болса  қиынға  соғуда.Ауыл  шаруашылығы  зиянкестерімен  күресуде  және  де 

қоршаған ортаны сақтауда, феромондарды қолданудың болашағы бар, сондықтан осы бағыттағы жұмыстарды қайта-

дан жандандыру қажет деген қорытынды жасалады.  



Түйінді сөздер: феромондар, экология, мониторинг, катализаторлар, синтез 

 

Қоршаған  ортаның  пестицидтермен  ластануын  азайту  үшін,  химиялық  өңдеулердің  мөлшерін  кеміте 



отырып, адамға қауіпсіз және жан-жануарларға, өсімдіктерге пайдасы бар жағдайларды іздестіру жұмыс-

тарын  жүргізу,  қазіргі  кезде  экологияны  жақсартудың  жолдарының  бірі.  Осы  мақсатта  жәндіктердің 

феромондарын  пайдалану,  қоршаған  ортаны  ластаумен  күресудің  селективті  әдістерінің  бірі  десе  де 

болады.  1980  жылдардан  бері  феромондарды  зерттеу  бүкіл  дүние  жүзінде  қарқынды  түрде  жүргізіліп 

келеді. Олар 1986 жылы түктіқанаттылардың 1000 түрінде белгілі болды (Arn et all., 1986, Скиркявичус, 

1988);  2005  жылы  7000  жәндіктерде,  көбінде  (El-Sayed,  2003-2005)  түктіқанаттыларда  белгілі  болды. 

Экологияда  және  ауыл  шаруашылығында  эколого-биологиялық  және  химико-технологиялық  негізде 

феромондардың  қолданылуы  мына  монографияларда  берілген  (Shorey,  Mckelvey,  eds.,  1977;  Ritter,  ed., 

1979; Birch, Haynes, 1982; Aoki et al., tds., 1984; Bell, Carde, eds., 1984; Скиркявичус, 1986; Carde, Bell, eds., 

1995;  Чернш,  2004).  1950  жылдардың  соңынан  бері  жәндіктердің  өзара  қатынастарының  биохимиялық 

негіздерін зерттейтін феромондар туралы ғылым – химиялық экологияның бір бағыты пайда болды және 

дамыды  деуге  болады  (Шумаков,  1986).  Қазіргі  кезеңге  дейін  жәндіктер  феромондарының  биохимиясы 

мен  молекулалық  биологиясы  химиялық  экологияның  негізгі  бағыттарының  бірі  болып  келеді  (Pickett, 

1998; Van der Pers, Minks, 1998; Rojas, Wyatt, 1999; Valeur et al., 2000, Blomquist, Voqt, 2003). 

Көптеген  шолулар  мен  монографияларда  феромондарды  қолданудың  мақсаттары  мен  бағыттары 

берілген (Roelofs, ed., 1979; Mitchell, ed., 1981; Nordlund et al., eds., 1981; Kidonieus, Beroza, eds., 1982 in 2 

vol.;  Буров,  Сазонов,  1988;  Arn,  Bues,  eds.,  1989;  Weatherston,  1995;  Minks,  Voerman,  1997;  Witzgall  El- 

Sayed, 1999; Suckling, 2000; Witzgall, 2001; Witzgall et al., 2002.) 

Жәндіктердің  қарсы  жынысты  өзі  сияқты  түрлерді  алыстан  өзіне  тартатын  ерекше  иісі  бар  екені 

жүздеген жылдар бұрын белгілі болған. Белгілі француз энтомологы Анри Фабра (1823-1915) тәжірибеле-

рінде Saturnia pyri жәндіктерінің еркектері, ұрғашыларына бірнеше километр қашықтықтан ұшып келетіні 

дәлелденген.  Антенналар деп аталатын жәндіктер феромондарының қабылдау мүшесі  басында  орналас-

қан, оларсыз еркегі иісі бойынша ұрғашысын табуға қабілетсіз болады.  

Бастапқыда химиялық тілдесу құралын  «телергондар»  деп атау ұсынылды, бірақ ғылыми  бірлестікте 

«феромондар»  термині  қабылданды,  яғни  ежелгі  грек  тілінен  аударғанда  қозуды  тасымалдағыш  дегенді 

білдіреді. 



Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 

24 


Терминнің авторлары П.Карлсон мен М.Люшердің (1959) анықтамасы бойынша феромондар дегеніміз 

тірі  ағзаларда  синтезделіп,  қоршаған  ортаға  бөлінетін  және  сол  биологиялық  түрлердің  өздеріне  тән 

жауапты реакция тудыратын (өздеріне тән әрекет ) заттарды айтады. Иіс шығарғыш заттар ағзада өте аз 

мөлшерде синтезделетіндіктен, оларды химиялық сараптау жұмыстары өте күрделі болды. Алғаш рет хи-

миялық сараптама жасалған бомбикол – Bombyx mori тұтты жібектоқығыштың феромоны. А.Бутенандт, 

Г.Геккер және Д.Штамм еңбектерінің 20 жылғы зерттеу нәтижесінде бомбикол - 10,12-транс, цис-гексаде-

кадиен  -1-ол  (сурет,  а-в)  болып  шықты.  Қазіргі  кезде  газ-сұйықтық  хроматография,  масс-спектроскопия 

және  ЯМР-спектроскопиялық  әдістері  бір  жәндіктен  алынатын  заттардың  нанограммдарын  сараптауға 

мүмкіндік береді. Табиғатта химиялық сигналдау кеңінен тараған және ол тек жан-жануарлар, жәндіктер-

де ғана емес, су балдырлары және төменгі сатылы саңырауқұлақтарда да кездеседі  

Феромондарды коммуникациялауды зерттеу ғылымның жаңа саласы – химиялық экологияның негізгі 

бағыттарының  бірін  құрайды.  Феромондарды  зерттеуші  химик-экологтардың  негізгі  нысаны  жәндіктер 

болып табылады. Зиянкестердің ұрғашылары мен еркектерінің арасындағы байланысты болдырмау және 

олардың көбеюін бұзу, өсімдіктерді қорғаудың перспективті әдістерінің бірі болып табылады. Феромон-

дарды зерттеу - жәндіктердің әрекеттерін басқаруға жол ашады [1-3].  

Феромондарды  релизерлер  –  қандай  да  бір  әрекетті  реакция  жіберетін  және  праймерлер  –  түрлердің 

физиологиялық күйін өзгертетін және оның дамуын модификациялайтын деп негізгі екі типке бөледі. Ре-

лизерлер негізінен, ауа арқылы таралатын жоғарыұшқыш, ал праймерлер контактілеу жолымен таралатын 

заттар. Праймерлерден гөрі жақсырақ зерттелген релизерлер бірнеше типтерге бөлінеді. Аттрактанттар – 

түрлерді  шақырғыш  заттар  (жыныстық  феромондар  және  агрегациялау  феромондары),  репелленттер  – 

қорқытқыш,  аррестанттар  –  тоқтатқыш, 

стимулянттар  –  белсенділікті  шақырғыш 

(мысалы,  дабыл  феромондары),  детерренттер 

– 

реакцияны 



баяулатқыш. 

Кейбір 


стимулянттар 

(афродизи-анттар) 

некелік 

әрекетті шақырғыш, жыныс-тық қозу заттары 

болып келеді.  

Агрегациялық  феромондар  жәндіктердің 

жиналуын,  із  салушы  феромондар  террито-

рияны белгілеп, түрлердің қозғалысын бағыт-

тайды.  Феромондар  –  бір  зат  емес,  массасы 

бойынша  аз  қосымшалары  (минорлы  компо-

ненттері)  бар  негізгі  компонентті  қоспа.  Бір 

заттың  бірнеше  әртүрлі  функциялары  болуы 

мүмкін.  Мысалы,  бал  араларының  аналығы-

ның  ауыз  қуысындағы  безінен  бөлінетін 

«патшалық  зат»  (сурет,  и).  Бұл  феромон 

релизер  ретінде  еркек  аралармен  бірге 

жұмысшы  араларды  да  аналыққа  тартады. 

Феромондардың 

химиялық 

құрылымы 

олардың  функционалдық  типтерімен  салыс-

тырғанда  әртүрлі  болып  келеді.  Релизерлер 

үшін  жоғары  ұшқыштық  және  ағзадағы 

синтезделудің,  салыстырмалы  түрде,  қарапа-

йымдылығы тән [4]. 

Сурет. Жәндіктердің кейбір феромондары: 

а-в  –  тұтты  жібектоқығыш  (а-  толық  және  б-

қысқартылған  құрылымдық  формулалары,  в- 

қысқа  химиялық  формуласы);  г-  жалқы 

жібектоқығыш,  д-  бөлме  шыбыны,  е-  Acanthomyops  тұқымдас  құмырсқалар  (дабыл  феромоны);  Тrigona 

тұқымдас  аралар  (із  салушы  феромон);  ж-  қайың  тескіш;  з-  қабықжегіштер  (агрегациялық  феромон);  и- 

бал  арасының  «патша  затындағы»  негізгі  компоненті.  Жасыл  түспен  көміртек  атомдары,  көк  түспен-

оттек, сары түспен - сутек атомдары белгіленген, қос байланыстар қызыл түспен сызылған.  

Қазіргі  таңға  дейін  анықталған феромондардың  көпшілігін  спирттер  мен  олардың  ацетаттары,  соны-

мен қатар, альдегидтер мен кетондар құрайды. (сурет). Жәндіктер химиялық құрылымдық және  оптика-


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

25 


лық  изомерия  құбылысын  кеңінен  қолданады.  Көптеген  табиғи  иістердің  сигналдарын  дәл  тану  үшін 

жекеленген изомерлердің пропорциялары мен феромонды қоспадағы негізгі және минорлы құрамдаста-

рының қатынастары қолданылады. Кестеде  Amphipyrinae и Hadeninae көбелектерінің жыныстық аттрак-

танттарының құрамындағы кездесетін химиялық заттардың атауы және кездесу жиілігі берілген [5]. 

 

Кесте. Amphipyrinae и Hadeninae көбелектерінің жыныстық аттрактанттарының құрамындағы 



кездесетін химиялық заттар

 

 



Компоненттер 

Қысқаша атауы 

Кездесу жиілігі, % 

Цис-11-гексадеценилацетат 

Z11-16:Ас 

25 


Цис-9-тетрадеценилацетат 

Z9-14:Ас 

21 

Цис-11-гексадеценол 



Z11-16:ОН 

10 


Цис-11-гексадеценаль 

Z11-16:A1 

Цис-11-тетрадеценилацетат 



Z11-14:Ac 

Цис-9-тетрадеценаль 



Z9-14:A1 

Цис-7-додеценилацетат 



Z7-12:Ас 

Цис-7-тетрадеценилацетат 



Z7-11:Ас 

Цис-11-тетрадеценаль 



Z11-14:Аl 

Цис-11-тетрадеценол 



Z11-14:ОН 

Транс-9-тетрадеценилацетат 



Е9-14:Ас 

 



Көбелектер Ditrysia тұқымдас жоғарғы түктіқанаттыларға жатады. Олардың молекуласындағы көмір-

тектік тізбек  тармақталмаған және 12-ден 18-ге  дейін атомдары бар. Кеңінен таралған диспалюр немесе 

7,8-цис-эпокси-2-метилоктадекан  –  Porthetria  dicpar  тұқымдас  жалқы  жібектоқығыштың  жыныстық 

аттрактанты (сурет, г). 

1959 жылы (А.Бутенандт) бірінші түр – тұт жібектоқығышы феромонының химиялық құрылымы 

анықталғаннан,  қазіргі  кезеңге  дейін,  бірнеше  мыңдаған  жәндіктер  феромондарының  құрылысы 

анықталды.  

Феромондардың қасиеттері өсімдіктерді қорғау жүйесінің маңызды бөлшегі болуына мүмкіндік әкел-

ді. Өсімдіктерді интегралды қорғау жәндіктер популяциясы туралы нақты мәліметтерді қарастырады. Бұл 

мәліметтер феромондармен қақпандау арқылы жәндіктерді бақылау кезінде алынады.  

Экономикалық  тиімді  түр  өсімдіктерін  қорғау  үшін  қолданылған  және  феромондары  тереңірек 

зерттелгендері:  алма  жемісқұрты  (Cydia  pomonella),  шығыс  құрты  (C.  molesta),  қара  өрік  құрты  (C. 

funebrana), мақта көбелегі (Heliothis armigera), мақта күйесі (Pectinofhora gossypiella) және т.б. 

Өсімдіктерді қорғауда феромондарды қолданудың негізгі 3 бағыты бар: мониторинг мақсатында қақ-

панға  жәндіктердің  еркектерін  аулау,  популяция  санын  төмендету  мақсатында  жәндіктердің  еркектерін 

жаппай аулау және жәндіктердің жыныстық коммуникациясын бұзу мақсатында алдау (дезориентация). 

Мониторинг.  Қақпандау  көмегімен  ерте  көктемде  жәндіктердің  жаңа  мекені  анықталып,  популяция-

ның даму динамикасы болжанады, залалданған жердегі жәндіктердің таралуын анықтайды. Мониторинг 

жәндіктердің  саны  мен  пайда  болу  мезгілін  болжау,  өсімдіктерді  қорғау  құралдарын  қолданудың 

оптималды  уақытын  анықтау  үшін  қолданылады.  Өсімдіктер  зиянкес  жәндіктердің  бірнеше  түрімен 

бүлінгенде,  феромондық  мониторинг  экономикалық  ең  қауіпті  түрді  және  одан  қорғау  стратегиясын 

жасауға мүмкіндік береді.  

Мониторинг  жәндіктер  биологиясының  бұрын  белгісіз  болған  жақтарын  зерттеуге,  жаңа  түрлерді 

табуға  жол  ашады.  Ауланған  зиянкес  жәндіктердің  саны  бойынша  ұрғашылары  салған  жұмыртқалары-

ның,  құрттарының  мөлшерін  және  және  олардан  келетін  экономикалық  залалды  болжау  мүмкін  емес. 

Популяцияның дамуына табиғи факторлардың әсерін ескеру қажет. Мысалы, қолайсыз табиғи жағдайлар 

жұмыртқа  мен  құрттар  мөлшерін  төмендетіп  жібереді,  ал  еркектерін  аулау  жоғары  болса  өсімдіктерді 

бүлдіру азаяды. Мониторинг үшін синтетикалық жыныстық феромондарды қолдану Европаның дамыған 

елдерінде,  АҚШ-та,  Жапонияда  жүзім,  мақта  бау-бақшаларын  қорғау  үшін  кеңінен  қолдануда.  Бұл 

жалпылама өңдеуден, ұялы өңдеуге ауысуға және шығынды 2-3 есе қысқартуға мүмкіндік береді.  

Ресейде  феромонды  қақпандар  карантинді  нысандарды  анықтау  кезінде  қолданылады.  Өсімдіктерді 

қорғау  станциялары,  фермерлік  шаруашылықтар  феромонды  мониторингті  көбелектердің  көбеюінің 

жаздық маусым динамикасын анықтау үшін, жемістердің құрттармен  бүлінгенін болжау үшін, инсекти-

цидтерді эффективті қолдану уақытын анықтау үшін қолданады. 

Жаппай аулау. Жаппай аулауды жемісті қолданудың көп мысалдары белгілі. Шығыс жемісқұрты үшін 

феромондық құрамдарды пайдалануды зерттеудің ВНИТИКиЗР (Н.М. Атанов, 1993) көпжылдық жұмыс-



Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 

26 


тарының  нәтижесі  бойынша  эффективтілік  88-90%  болды.  Зерттеу  жұмыстары  әр  гектарға  50  қақпан 

орналасқан, жекеленген шабдалы бағында жүргізілген. Жаппай аулау әдісін қолданудың қиыншылықта-

ры мен бірнеше шектеулері бар.  

«Novartis Crop Protection» фирмасы шығарған препаратта 0,16% алма жемісқұртының феромоны және 

6%  перметрин  немесе  циперметрин  бар.  Бұл  құрам  өсімдікке  ерітінді  немесе  тұтқыр  паста  күйінде 

тамшылата отырып беріледі. Әр тамшысында 0,09 мг феромон және 3,42 мг инсектицид бар, әр гектарға 

1200-2000 тамшы жұмсалынады, әр маусымда 2-3 өңдеу жүргізіледі, еркектерін үйіру 4-5 аптаға созыла-

ды, оларды құрту 100%. 

Көптеген  елдерде,  соның  ішінде  Ресейде,  феромондар  мен  хемостерилянттар  немесе  жәндіктердің 

даму  және  өсу  регуляторларын  бірге  қолдану  жемісті  болғанымен  практикада,  өкінішке  орай,  жүзеге 

асырылмады.  

Дезориентация.  Бүгінге  дейін  жәндіктердің  еркектерінің  дезориентациясы  механизімі  түсініксіз. 

Дезориентациялау – феромондардың жоғары концентрациясы жағдайында рецепторлар адаптациясының 

нәтижесі  ме,  әлде  жалған  ізбен  жасанды  күшті  феромон  қайнаркөзіне  үйіру  ме,  анықталған  жоқ.  Бұған 

қоса дезориентациялау эффектісіне жету үшін жәндіктерді бүкіл ұшу периодында өңдейтін орындардағы 

феромон концентрациясын жоғары деңгейге жеткізіп отыру керек. Ұзақ период бойы тұрақты концентра-

цияны ұстау диспенсермен қамтамасыз етіледі. Ол үшін бір басы балқытылған капилляр тәріздес қуысты 

талшықтар қолданылады. Оның ішіндегі феромон капиллярлы күштермен ұсталады және ашық жағынан 

жаймен буланады. Буланудың біркелкілігі капиллярдың ішкі ауданымен қамтамасыз етіледі. Дезориента-

циялау  әдісін  тиімді  қолдану  үшін,  диспенсерлердің  барлығы  әсер  еткіш  заттың  үлкен  дозасын  қажет 

етеді,  көбінесе  100  г  және  одан  да  жоғары.  Феромондар  компоненттері  қымбат  заттар  екенін  ескерсек, 

дезориентациялау  әдісі  экономикалық  талаптарға  сай  болмай  шығады.  Диспенсерлердің  бұл  типтерін 

қолдану кезінде, феромонның көп бөлігі жәндіктердің белсенділігі болмаған кезде ауаға бөлініп кетеді.  

Препараттарды арзандату үшін дезориентациялауға қоспалары бар феромондарды қолдану зерттелуде. 

Мысалы,  жапон  фирмасы  тәжірибелік  көлемде  модифицирленген  феромондық  препараттар  шығарды. 

Көбелекті  (Spodoptera  exigua)  дезориентациялаушы  препараттағы  ацетатқа  спирт  компонентінің  аздаған 

мөлшері қосылғанда, оның эффектілігі артады.  

Дезориентациялау әдісінің өміршеңді болуы үшін, феромондардың жаңа пролонгирлеуші эмиссиясын, 

құралдары  мен  қондырғыларын  іздеу  қажет.  Мысалы,  феромонның  эмиссиясы  жылдамдығын  20  есе 

арттыруды  қамтамасыз  ететін  спрейді  қолдану  дәстүрлі  диспенсерлерге  қарағанда  жемісті  болды. 

Феромонның  таралуы  таймермен  жабдықталған  қозғалғыш  қондырғымен  жүргізілді.  Бұл  феромондар, 

тек жәндіктердің белсенділігі артқан кезінде қолдануға мүмкіндік береді. Осындай 4-5 қондырғыны 1 га 

жерді өңдеуге қолданады. Ондай препараттармен 2000-2002 жылдары Италияда алма, шығыс жемісқұрт-

тары мен басқа да жапырақорағыштармен күресу жүргізілді. Әр маусымдағы феромонның шығымы 160-

220 г, дезориентациялау нәтижесі – инсектицидтермен қорғаудың стандартты технологиясының деңгейі-

мен бірдей.  

«Auto-confusion» деп аталатын әдіс қызық, онда еркегі жәндіктердің денелеріне жабысқыш қасиеті бар 

феромон  мен  электростатикалық  ұнтағы  бар  құрамға  үйіріледі.  Бұл  құраммен  жалатылғаннан  кейін 

жәндік еркегі ұшып кетеді де, өзімен бірге феромонды алып кетеді. Жәндік еркегінің денесіндегі феромон 

оның  рецепторларының  адаптациялануына  және  барлық  сенсорлы  жүйенің  бұзылуына  әкеледі  де, 

сондықтан,  еркек  ұрғашысын  таба  алмай  қалады.  Өңделген  жәндік  еркектері,  мобильді  феромонды 

диспенсерлер сияқты болғандықтан, «жалған феромондық із» жасайды. Қалыпты еркектер ұрғашылары-

мен жанасуға тырысып, феромондық құрамның біразын өзіне алады, осылайша феромонды таратады. Бұл 

құрам Англияда, Канадада, Испанияда алма жемісқұрты, күріш құрты (Chilo suppressalis) санын төменде-

туде оң нәтижелерге ие болды.  

1980 жылдардың басында Ресей Федерациясы ғылыми мекемелері (ВИЗР, ВНИИХСЗР, ВНИИЗР және 

т.б.),  Молдавияда  (ВНИИБМЗР),  Өзбекстанда  (САНИИЗР),  басқа  да  шетелдерде  ауылшаруашылығы 

дақылдарын  қорғау  үшін  түктіқанаттылардың  жыныс  антрактанттарын  практикада  қолдануын  жүзеге 

асырды.  Бұл  мақта,  күздік  бидай  және  қырыққабат  көбелектері,  алма  және  басқа  жемісқұрттарының 

антрактанттарының препаратты формалары жасалынған Тарту университетінде, ВНИИБМЗР (Кишинев) 

және  ВНИИХСЗР  (Щелково)  жүргізілген  ірі  тәжірибелік  жұмыстарымен  байланысты  болды.  Дегенмен 

теориялық негіз  әлсіз болғандықтан, қолданбалы сипаттағы жұмыстар қарама-қайшылыққа толы болды. 

Жапырақорағыш,  күйелер,  жібектоқығыштар  және  басқа  зиянкестерге  арналған  зерттеу  жұмыстары 

мониторинг үшін және феромондар көмегімен көбелектердің санын төмендетуге қолданылмады..  

Түктіқанаттылар  феромондарын  практикада  қолдану  жолдарын  жасаудың  үлкен  маңызы  бар:  а) 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

27 


көптеген ауылшаруашылығы дақылдарында (мақталық, астықтық, көкөністік, жемістік және т.б.) бірінші 

дәрежелі зиянкесті көбелектер, жапырақорағыштар және басқа түктіқанаттылармен күресу жылдан жылға 

үлкен  аудандарда  жүргізіліп  келеді;  б)  феромондар  өндірісін  жаппай  енгізгенде,  өсімдіктерді  химиялық 

қорғау препараттарының көлемін қысқартуға, соның нәтижесінде материалдық шығындарды үнемдеуге, 

сонымен қатар қоршаған ортаны пестицидтік ластауды төмендетуге болады.  

Дүние  жүзінде  жемістік  дақылдардың  зиянкес  түктіқанаттыларының  мониторинг  құралдары  ретінде 

феромондарды  пайдаланудың  эффективтілігін  арттыру  мақсатында  және  олардың  жаңа  препараттық 

формаларын жасауда, түктіқанаттылар феромондары компоненттерін толығырақ идентификациялау және 

олардың  аналогтарын  (Arn  et  al.,  1997-2003;  Lib-likas,  2004)  синтездеу  бойынша  қарқынды  зерттеулер 

жүргізілуде. 

Практикада қолданылатын феромондардың көпшілігі жататын химиялық қосылыстар класы – қанық-

паған  алифатты  қосылыстар  -  улылығы  аз  заттар.  Феромондар  ұшқыштығы  жоғары  болғандықтан 

өсімдіктерде  және  басқа  табиғи  нысандарда  ұсталмайды.  Сондықтан  жемістердегі  қалдық  мөлшерін 

анықтау мүмкін емес. Феромондардың улылығының төмен және олардың аз мөлшерде қолданылатынын 

ескере  отырып,  АҚШ-та  және  Батыс  Европа  елдерінде  150  граммнан  төмен  қолданылған  феромондар 

тіркелімге  алынбайды.  Жаппай  аулауға  және  мониторингке  арналған  қақпандарда  қолданылатын 

феромондар  да  тіркелімге  алынбайды.  Егер  феромон  «үйірілу  және  өлтіру»  әдісі  бойынша  инсектицид-

термен бірлесе қолданылатын болса, ондай препараттағы инсектицидтің қауіптілігін ескеріп, тіркейді.  

Қазіргі  кезеңде  Бүкілресейлік  өсімдіктер  карантині  орталығында  (ФГБУ  «ВНИИКР»)  2009  жылдан 

бері химия ғылымының докторы профессор Б.Г. Ковалевтың жетекшілігімен табиғи биологиялық белсені 

қосылыстарды (жәндіктердің феромондары) синтездеу саласында жемісті жұмыстар жүргізілуде. Оларды 

зертханалық және далалық тестілеу, сонымен қатар Россельхознадзор бекіткен Ресей Федерациясы терри-

ториясында  карантинді  зиянкестерді  феромонды  және  гүлді  қақпандарды  фитосанитарлы  қатер  ең  көп 

зоналарда 2011-2015 жж. анықтау бағдарламасы бойынша өндірістік қолданылуы жүргізілуде.  

2011  жылы  РФ  территориясындағы  карантиндік  фитосанитарлық  күйдің  мониторингі  үшін  Россель-

хознадзор  шамамен  80  мың  қақпан  шығарды  және  қолданды,  бұл  2010  жылға  қарғанда  2,7  есе  көп. 

Нәтижесінде РФ территориясында зиянды карантиндік жәндіктердің 11 түрінен 750 мың га ауданнан 944 

ұясы  анықталды,  оның  ішінде  648  жаңа  ұялар.  2010  жылдан  бері  Россельхозакадемияның  өсімдіктерді 

қорғау  бөлімі  бюросының  хаттамасы  бойынша,  өсімдіктер  карантинінің  Бүкілресейлік  орталығына 

карантинді зиянкестер феромондарын синтездеу және қолдану ісі берілді. 

Өкінішке  орай,  бізде,  Қазақстанда  осы  бағытта  жүргізіліп  жатқан  жұмыстар  тоқтап  қалды.  Кезінде, 

1990 жылдары, феромондарды синтездеуде аралық заттар болып келетін ацетилен туындыларын катали-

тикалық  жолмен  стереоселективті  түрде  сутектендіру  жұмыстары  «Д.В.  Сокольский  атындағы  катализ 

және  электрохимия  институтында»  қарқынды  жүргізілді  [6-10].  Феромондар  мен  басқа  да  биологиялық 

активті  заттарды  синтездеу  кезінде,  синтездің  негізі  болып,  ацетиленді  қосылыстарды  сәйкес  цис– 

олефиндерге стереоталғамды сутектендіру  болып табылады. Бұл үшін ацетилен туындыларын: көмірсу-

тектер, карбинолдар, альдегидтер, күрделі эфирлер және т.б. қолданылады. Зиянкес жәндіктердің қандай 

да  бір  феромондарының  компонеттері  болатын  цис-  және  транс-олефинді  қосылыстардың  синтезі  шет 

елдерде  үнемі  жүргізіліп  отырады.  Үш  байланысты  қосылыстарды  стереоталғамды  гидрлеу  жұмыстары 

көбінде  АҚШ,  Жапония  және  Франция  елдерінде  жүргізіледі.  Соған  қарамастан  цис-этилен  туындыла-

рының шығымы 97,2-98% құрайды. Ал ТМД елдерінде ацетилен туындыларын стереоталғамды гидрлеу 

мен катализаторды өңдіру жұмыстары үнемі жүйелі түрде болмаса да, жүргізіледі. Бұған қарамастан цис–

изомер шығымы 97-98 % құрайды, ал цис–олефиндердің шығымы 98% болуы үшін зертханалық тәжіри-

беде сілтілік металдарды борогидридтеу мен магнийбромидтеу әдістері қолданылады. Біріншісі экономи-

калық  жағынан  тиімсіз  болса,  екіншісі  көп  еңбекті  қажет  ететін,  көп  сатылы  процесс.  Сонымен  қатар 

аппаратуралық  жабдықтауды  қажет  етеді.  Сол  себепті  ацетиленді  қосылыстарды  цис–этиленге  негізгі 

феромондар синтезінің шығымы 99-100% құрайтын жоғары стереоспецификалық сутектендіру мақсатын-

да жаңа заман талабына сай стереоталғамды каталитикалық жүйелерді өндіру, қазіргі кезде өте маңызды 

болып  табылады.  Осы  бағытта  көптеген  ғылыми  мақалалар  жарияланып,  патенттер  алынғанымен,  ол 

жұмыстар,  әртүрлі  себептермен,  өндіріске  енбей  қалды.  Жоғарыда  айтылғандай,  ауыл  шаруашылығы 

зиянкестерімен  күресуде және де қоршаған ортаны сақтауда, феромондарды қолданудың болашағы бар, 

сондықтан осы бағыттағы жұмыстарды қайтадан жандандыру қажет деп есептейміз. 

 

1 Барбье М. Введение в химическую экологию. - М.: Мир, 1978. - 229 с. 

2 Лебедева К.В., Миняйло В.А., Пятнова Ю.Б. Феромоны насекомых, - М., 1984 - 269 с. 

3 Скиркявичус А.В. Феромонная коммуникация насекомых. - Вильнюс: Мокспас, 1986, - 289 с. 


Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 

28 


4 Иванов В.Д. Феромоны насекомых, www.pestcontrol.ru/content/view/14. 

5 Феромоны в сельском и лесном хозяйстве: практика и перспектива, информ. бюллетень №42, Быково, 2011 г. 

6 Zhaxibayev M.Zh., Pak A.M., Kartonozhkina O.I. About modified copper catalysts for synthesis of biologically active 

substances  //4

th

International  Symposiumons  upported  reagents  and  catalysts  in  chemistry  university  of  standrewis.  – 

Shotland. - UK, - 2-6 Yuly, 2000. 

7 Жаксибаев  М.Ж.,  Пак  А.М.,  Картоножкина  О.И.,  Мамбетказиева  Р.А.,  Ермолаев  В.А.  Модифицированные 

медные катализаторы в синтезе феромонов насекомых-вредителей // Сборник докладов Межд. конф. «Проблемы 

катализа 21 века» МОН РК. - ИОКЭ им. Д.В. Сокольского. - Алматы, - 2001. – С. 59-72. 

8 Жаксибаев  М.Ж.  Медные  катализаторы  в  синтезе  аттрактанта  вредного  насекомого.  Известия  научно-

технического  общества  «Кахак»,  2007,  (17)  специальный  выпуск,  м-лы  III  Международной  научной  конференции 

«Современные тенденции развития науки в Центральной Азии», - Алматы, - С. 182-184. 

9 Жаксибаев  М.Ж.  Каталитический  синтез  аттрактанта непарного  шелкопряда  и  его  испытание.  «Новости 

науки Казахстана», №3(98), 2008, - с. 28-33. 

10  Жаксибаев  М.Ж.,  Пак А.М.,  Назарымбетова  Х.А.  Синтез  полового  феромона  серой  зерновой  совки.  Поиск, 

научн. прилож. журн. «Высшая школа Казахстана», - №3, 2011 г. 

 



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет