Вестник Казнпу имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г



жүктеу 3.11 Mb.
Pdf просмотр
бет6/18
Дата21.03.2017
өлшемі3.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Резюме 

М.Ж. Жаксибаев – д.х.н., доцент, КазНПУ им. Абая, 

Болатжан Базарбай – магистрант, КазНПУ им.Абая, 

Абед Халилуллах – магистрант, КазНПУ им. Абая 

«Синтез феромонов и использование их для фитосанитарного мониторинга» 

Рассматривается синтез и использование феромонов для фитосанитарного мониторинга и борьбы с вредителями 

сельскохозяйственных культур с пользой для экологии. Использование феромонов повышает достоверность прогно-

зов  развития  вредных  насекомых  и  сокращает  количество  химических  обработок  полей,  что  улучшает  экологиче-

скую обстановку. Преимущества синтетических феромонов, применяемых в микродозах, – высокая видоспецифич-

ность  и  аттрактивность.  Они  абсолютно  безвредны  для  человека  и  окружающей  среды  и  действуют  только  на 

целевой  вид  насекомого-вредителя.  Есть  два  основных  направления  практического  использования  синтетических 

феромонов  против  вредных  насекомых.  Мониторинг.  Феромоны  позволяют  фиксировать  начало  лёта  вредителей, 

получать  данные  об  их  численности  или  определять  ареал  карантинных  вредителей.  Непосредственная  борьба  с 

вредителями.  Насытив  синтетическим  феромоном  воздух,  можно  помешать  самцам  находить  самок;  можно 

привлечь  насекомых  с  помощью  феромона  и  выловить  или  уничтожить  их  до  того,  как  они  смогут  обнаружить 

естественный источник феромона. В обоих случаях нарушается размножение вредителей.В Казахстане слабо разви-

ваются работы в области синтеза феромонов, хотя наличие характерных для региона массовых вредоносных насеко-

мых, отсутствие промышленного выпуска феромонов в странах СНГ, дефицит химических средств защиты растений 

и экологическая обстановка в республике свидетельствуют об актуальности проведения такого рода исследований

необходимости работ по созданию высокоселективных стереоспецифических катализаторов. Повышение потребно-

сти общества в синтетических феромонах вредных насекомых, применяющихся для защиты полезных растений, не 

причиняя  вред  окружающей  среде  и  качеству  сельхозпродуктов,  делает  задачу  разработки  стереоспецифических 

катализаторов для стереоселективного гидрирования ацетиленовых соединений до цис-, цис-олефиновых производ-

ных актуальной. 



Ключевые слова: феромоны, экология, мониторинг, катализаторы, синтез 

 

Summary 

M.ZH. Zhaksibaev - D.h.n., associate Professor, Kazakh national pedagogical University named Abay, 

Bolatzhan Bazarbay - graduate student, Kazakh national pedagogical University named Abay, 

Abed Khalilullah - graduate student, Kazakh national pedagogical University named Abay. 

«Synthesis of pheromones and their use for pest monitoring» 

The  synthesis  and  use  of  pheromones  for  pest  monitoring  and  pest  control  in  agricultural  crops  for  the  benefit  of  the 

environment.  The  use  of  pheromones  increases  the  reliability  of  forecasts  of  harmful  insects  and  reduces  the  amount  of 

chemical  treatment  of  fields  that  improves  the  environment. The  advantages  of  synthetic  pheromones  used  in  microdoses, 

high possess narrow specificity and attractiveness. They are absolutely harmless to humans and the environment and act only 

on the target species of the insect pest. There are two main areas of practical use of  synthetic pheromones against harmful 

insects. The monitoring. Pheromones allow you to record the beginning of summer pests, to obtain data about their numbers 

or to define the area of quarantine pests. Immediate pest control. Full synthetic pheromone air, it is possible to prevent the 

males to find females; you can attract insects with the help of the pheromone and catch or kill them before they can find a 

natural source of pheromone. In both cases, impaired reproduction of pests. In Kazakhstan weak developments in the field of 

synthesis  of  pheromones,  although  the  presence  of  typical  mass  malicious  insects,  lack  of  commercial  production  of 

pheromones in the CIS countries, the shortage of chemical means of plant protection and ecological situation in the Republic 

of  evidence  about  the  relevance  of  conducting  such  research,  the  necessity  of  works  on  creation  of  highly  stereospecific 

catalysts. The increasing needs  of the society in synthetic pheromones  of insects used  for protecting useful plants, without 

causing harm to the environment and quality of agricultural products, makes the task of developing a stereospecific catalysts 

for the stereoselective hydrogenation of acetylene compounds to CIS-, CIS-olefinic derivatives is very relevant. 



Keywords: pheromones, ecology, monitoring, catalysts, synthesis 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

29 


БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ 

БИОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ 

 

ӘОЖ 581.9 : 582.675.1 (574) 



 

ҚАЗАҚСТАН САРҒАЛДАҚТАРЫНЫҢ – RANUNCULUS L. (RANUNCULACEAE JUSS.) 

АНЫҚТАҒЫШ КІЛТТЕРІ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ 

 

А.Қ. Орақова – 2 курс магистранты, 

Н.К. Аралбай – б.ғ.д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ 

 

Сарғалдақтар туысы Қазақстан флорасындағы үлкен туыстардың бірі.Осындай маңызды туыстың түрлері туралы 

қазақ  тілінде  ақпарат  көп  таралмаған,  оны  көпшілікке  жеткізу  қажет.Қазақстан  сарғалдақтарының  (Ranunculus  L.) 

анықтағыш  кілттері  қазақ  тілінде  берілген.  Экологиялық  мониторинг  үшін  осы  анықтағыш  кілттердің  мағынасы 

анықталды.Флораның нәсілдік қорын, алуан түрлілігін сақтап қалу – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.Табиғат 

пен оның байлықтары Қазақстан Республикасының халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеумет-

тік-экономикалық  дамуы  мен  әл-ауқатын  арттырудың  табиғи  негізі  болап  табылады.  Көптеген  ғалымдардың 

Аралбай  Н.К.,  Бейсенова  А.С.,  Есполов  Т.И.,  Шілдебаев  Ж.Б.,  Бейсенова  А.С.,  Бакирова  К.Ш.,  Сейтжанова  Р.А., 

Мынбаева  Б.Н.,  Қажымұратқызы  А.,  Есимов  Б.К.,  Исмаилова  А.А.,  Шоқыбаев  Ж.А.,  Қожағұлова  Ж.Р.,  ғылыми 

еңбектерінде  адамның  өзін  қоршаған  ортамен  әрекеттестігіне  баса  назар  аударылып,  экологиялық  дағдарыстың 

алдын  алу  мақсатында  бұл  қарым-қатынастардың  жаңа  жүйесін  қалыптастырудың  қажеттілігі  негізделеді.  Сарғал-

дақтар туысы Қазақстан флорасындағы үлкен туыстардың бірі. Сарғалдақтардың морфологиясы, биологиясы, эколо-

гиясы  және  адам  өміріндегі  маңызы  қарастырылады.  Сарғалдақтың  (Ranunculus  L.)  негізгі  тіршілік  формасы  – 

шөптесін өсімдік. 



Кілт сөздер: тұқымдас,туыс, түр, флора,сабақ, сарғалдақ, қорық, ұлттық саябақ, сәндік өсімдік 

 

Қоршаған  ортаны  қорғау  проблемалары  жыл  сайын  үдеп  келе  жатқаны  белгілі  жәйт.  Сондықтан 

табиғи флораның нәсілдік қорын, алуан түрлілігін сақтап қалу – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. 

Бұл мәселені шешу үшін жекелеген аймақтардың флорасын және жекелеген түрлерін, туыстарын түгел-

дей  зерттеу  қажеттілігі  түсінікті.  Тек  осындай  іс-әрекеттер  ғана  экологиялық  қауіпсіздікті  қамтамасыз 

етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болдырмауға, 

биологиялық  алуан  түрлілікті  сақтау  мен  табиғатты  ұтымды  пайдалануды  ұйымдастыруға  бағытталған 

[12].  Табиғат  пен  оның  байлықтары  Қазақстан  Республикасының  халықтарының  өмірі  мен  қызметінің, 

олардың  тұрақты  әлеуметтік-экономикалық  дамуы  мен  әл-ауқатын  арттырудың  табиғи  негізі  болап 

табылады. Көптеген ғалымдардың Аралбай Н.К. [1, 2, 3], Бейсенова А.С., Есполов Т.И., Шілдебаев Ж.Б. 

[4, 5], Бейсенова А.С. [6], Бакирова К.Ш. [7], Сейтжанова Р.А. [8], Мынбаева Б.Н., Қажымұратқызы А. [9], 

Есимов Б.К., Исмаилова А.А. [10], Шоқыбаев Ж.А., Қожағұлова Ж.Р. [11], ғылыми еңбектерінде адамның 

өзін қоршаған ортамен әрекеттестігіне баса назар аударылып, экологиялық дағдарыстың алдын алу мақса-

тында бұл қарым-қатынастардың жаңа жүйесін қалыптастырудың қажеттілігі негізделеді. 

Сарғалдақтар  туысы  Қазақстан  флорасындағы  үлкен  туыстардың  бірі.  Осындай  маңызды  туыстың 

түрлері туралықазақ тілінде ақпарат көп таралмаған, оны көпшілікке жеткізу қажет. Біз ұсынып отырған 

бұл  анықтағыш  кілттер  алғаш  рет  жазылып  отырған  жоқ.  Қазақ  Алтайының  сарғалдақтары  туралы 

диссертация  қорғаған  Қ.Утебеков  [12]  сарғалдақтардың  анықтағыш  кілттерін  берген.  Осы  автордың 

жұмыстарын  негізге  ала  отырып,  бүкіл  Қазақстан  флорасындағы  сарғалдақтар  түрлерінің  анықтағыш 

кілттері дайындалды. Кез келген анықтағыш кілтті құрастыру үшін таксондардың морфологиялық белгі-

лерін  білудің  маңызы  зор.  Сондықтан  анықтағыш  кілттерге  кіріспе  ретінде  сарғалдақтар  туысының 

морфологиялық жалпы сипаттамасын береміз [13, 14]. 

Сарғалдақтың (Ranunculus L.) негізгі тіршілік формасы – шөптесін өсімдік. Әдетте, жаңару бүршігі та-

мырсабақ және түйнек түрінде жердің астында қыстап шығатын көпжылдық шөптесін өсімдіктер, кейде 

біржылдық түрлері де бар. Көпжылдық өсімдіктерде көбінесе негізгі тамыр тіршілігін жояды да, сабақтан 

қосалқы тамыр өсіп шығады. Жапырақтарының жапырақ серігі (бөбе жапырағы) болмайды, олар қарапа-

йым тілімделген немесе терең қалақша тәрізді  тілімделген (лопастные)  болып келеді [13, 14]. Жапырақ, 

жапырақ тақтасы, сағақ, бөбешік жапырақтар, қынап, тілше бөліктерден тұрады. Жапырақтар – жапырақ 

тақтасының  ұшының  пішініне  қарай:  доғал,  үшкір,  сүйір,ойыс,  ал  жапырақ  тақтасының  негізіне  қарай: 

сына тәрізді, дөңгелек, жүрек тәрізді, бүйрек тәрізді, жебе тәрізді болып келеді (1-суретте көрсетілген).  



Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 

30 


 

1 – сурет. Жапырақ жиегінің тілімделу мөлшері:  

 

А – телімді;  



Б – тілімді; 

В – бөлімді; 

1 – үш рет; 

2 – салалы; 

3 – қауырсынды. 

 

Сарғалдақтардың 



көпшілігінің 

жапырақтары 

сағақтары  арқылы  (сағақты  жапырақ)  сабаққа  бекін-

ген,  азды  көпті  жалпақ  тақтадан  тұрады.  Сағақ 

жапырақ тақтасын күннің жарығына қарай бағыттай-

ды.  Егер  сағағы  болмаса,  оңда  мұңдай  жапырақты 

отырмалы  деп  атайды.  Егер  отырмалы  жапырақтың 

тақтасының  біраз  бөлігі  сабаққа  жабысып  өскен 

болса,  оңда  мұңдай  жапырақты  қозғалмайтын 

(нисбегающий)  деп  атайды.  Көп  жағдайда  сағақтың 

тұп  жағында  бір  пар  бүйірлік  өсінділері  –  жапырақ 

серіктері  (прилистники)  болады.  Жапырақ  формациясы  әр  түрлі  жапырақтылық  –  гетерофилия.  Мұнда 

жапырақтардың өзінің бір-бірінен формасы жағынан айқын айырмашылығы болады. Мысалы, су өсімдік-

терінің,  су  асты  жүзіп  жүретін  және  су  беті  жапырақ-тарының  морфологиялық  тұрғыдан  бір-бірінен 

айқын айырмашылық болады (2-сурет). 

 

 



 

2-сурет. Әр түрлі жапырақтылық (гетерофилия) (су сарғалдағы): 



1-су асты жапырақтары; 2-судың бетінде жүзіп жүретін жапырактары. 

 

Гүлі  актиноморфты,  гүл  серігі  қарапайым,  гинецейі  апокарпты.  Гүл  серігі  5  мүшелі,  тостағанша 



жапырақшалары  күлте  жапырақшаларына  ұқсас,  аталықтары  көп  болады,  ал  аналықтарының  саны  әр 

түрлі. Жемісі – жаңғақша, олар гүлсерігінің ұлғайған ішкі жапырақшаларымен қапталып тұрады. Жеміс-

тері тығыз немесе жұмсақ бөлікке жинақталған, бір үйлі, құрғақ, жұмыртқа пішіндес жаңғақ тәрізді [15]. 

Сарғалдақ (Ranunculus L.) түрлерінің анықтағыш кілттері 

1.  Көпжылдық  өсімдік,  тамырсабағы,  тамырланған  өркендері,  түйнектері,  шашақты  тамырлары  бар. 

Егер шашақ тамырлары бар болса, ескі жапырақтары болады..............................................................................2 

- Топталған шашақты жіңішке тамыры бар, біржылдық немесе екіжылдық өсімдік.................................29 

2. Суға батырылған ұсақ гүлдері бар, жапырақтары су бетінде қалқыған өсімдік........................................3 

- Сулы жерде кездеседі, бүтін, жиегі тегіс, су бетінде жапырақтары бар, басқалары кұрғақта, шалғын-

да, орманда, шөлейтте, биік тауда өсетін құрғақ жер өсімдігі...............................................................................5 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

31 


3.  Сабақтың  диаметрі  2-3  мм.;  жапырақтары  бүйрек  пішінді,  кезектесіп  орналасқан  3-5  қиықшалары 

бар. Су бетіндегі жапырағы қозғалмалы, көпжылдық, биіктігі 12-100 см, гүлдеу мерзімі VІ-VІІ. Қазақстан-

ның жазықтарындабаяу ағымдағы суларда және таулы аймақтарда кездеседі. 1. Қалтқы  сарғалдақ – R. 

natans C. A. Mey. 

-  Сабағы  жуан,  кейде  жіңішке  болып  келеді,  жапырағы  шоғырланған,  жоғарғы  жапырағы  кезектесіп 

орналасқан, терең қалақты, кейде тілімделген, жапырақтары әртүрлі пішінді болады.....................................4 

4. Тостағанша жапырақша ақ, сары, күлтесі 5, гүлдің диаметрі 8-9 мм; жапырағы отырмалы, 2-3 бөлік-

ті,  кейде  бүтін  түрі  кездеседі.  Көпжылдық,  биіктігі  12-100  см.,  гүлдеу  мерзімі  VІ-VІІІ.  Қазақстанның 

Солтүстік және Солтүстік–Шығысындағы баяу ағатын сулар мен ылғалды құмды жағалауларда кездеседі. 



2. Гмелин сарғалдағы – R. gmelini DC. 

Тостағанша жапырақшасы сары, күлтесі 3, гүлдің диаметрі 5 мм дейін; жапырағы ұзын сағақты, жақ-

сы  дамымаған,жапырақ  тақтасы  бүтін.  Көпжылдық,  биіктігі  12-100  см,  гүлдеу  мерзімі  V-VІ.  Қазақстан-

ның  дала  бөлігінде  сулы  жерлер  мен  сулы  жазықтарындакездеседі.  3.  Көпжапырақты  сарғалдақ  –  R. 

Polyphyllus Kit. 

5  (2).  Сабақтың  диаметрі  10-18  мм.;  жапырағы  жалпақ  қандауырша  тәрізді,  отырмалы;  гүлдері  ірі, 

диаметрі  30-45  мм;  алтын-сары  түсті;  жемісі  шар  тәрізді  түйіндерде  орналасқан,  диаметрі  10-11  мм.; 

торлы  жиекті.  Көпжылдык,  биіктігі  40-115  см,  гүлдеу  мерзімі  VІ-VIII.  Қазақстанның  Батыс,  Солтүстік 

және  Солтүсік-Шығыс  бөлігіндегі  жайылымдарда  және  ылғалды  жағалауларда  кездеседі.  4.  Тілшік 

тәрізді сарғалдақ – R. lingua L. 

- Сабағы жіңішке, гүлі ұсақ болып келеді............................................................................................................6 

6. Жапырағы бүтін, тегіс жиекті, жіңішке, негізгі сабағы буындарында кысқарған.....................................7 

- Жапырағының пішіні  әр түрлі, негізгі  сабағы буындарында кысқармаған, тек  кейде  бүйір өркендер 

жанама өседі...................................................................................................................................................................8 

7.  Сабағы  тік  немесе  көтеріліп  келе  жатқан  тәрізді,  төменгі  буындарда  қысқарған;  жапырақтары 

қандауырша  немесе  таспа  қандауырша  тәрізді,  гүлдің  диаметрі  10-15  мм,  тостағанша  жапырақша  түкті, 

күлтесі  сары.  Көпжылдық,  биіктігі  15-60  см.,  гүлдеу  мерзімі  VІ-VIII.  Қазақстанның  Солтүстік  бөлігінің 

жазық жерлеріндегі ылғалды, сазды жерлерде, көл жағалауларында және Алтайдан Іле Алатауына дейінгі 

тау бөктерінде кездеседі. 5. Күйдіргі сарғалдақ – R. Flammula L. 

-  Сабағы  жіпше  тәрізді,  топырақ  бетіне  жайылған,  түйіндерде  қысқарған;  жапырағы  таспа-эллипс 

тәрізді, гүлдің диаметрі 5-9  мм.; тостағанша жапырақша түксіз;  күлтесі  сары, ұшы қоңыр болып келеді. 

Көпжылдык,  биіктігі  8-20  см,  гүлдеу  мерзімі  VІ-VIII.  Құрғап  бара  жатқан  су  қоймаларында,  балшық 

жағалауларда,  Қазақстанның  Солтүстік  және  Солтүстік-Шығысындағы  қамысты  жерлерде  кездеседі.  6. 



Жатаған сарғалдақ – R. reptans L. 

8. Өсімдіктің тамыр шоқтары жіңішке немесе жуан, бірақ тамырсабағы жоқ; жемісі отырмалы, кейде 

түксіз болып келеді........................................................................................................................................................9 

- Тамыр сабағы бар, егер нашар жетілген болса, жемісі бірталшықты, түксіз, тамыр шоқтары жұқа жіп 

тәрізді.............................................................................................................................................................................18 

9. Тамыр шоқтары жіңішке, бау тәрізді, жемісі бүйірінен қысыңкы, кейде қысыңқы емес......................10 

-  Тамыр  шоқтары  түйнек-цилиндр  пішінді,  ұршық  тәрізді  жуан,  жемісі  бүйірінен  қысыңқы,  жалпақ 

кейде жіңішке қанатты болып келеді.......................................................................................................................19 

10. Тамыр алқымы мен сабақтағы жапырақтары эллипс, қандауырша тәрізді, кейде дөңгелек – бүйрек-

ті, негізі сына тәрізді бүтін, шеті тегіс тісті, жемісі түксіз, дөңес........................................................................11 

- Тамыр алқымы жапырақтары дөңгелек, дөңгелек-бүйрек пішінді, бүтін, тісті, кейде жалпақ сегмент-

терге бөлінген, бүтін немесе тілімделген, сабақ жапырақтары негізінен ойық, жемісі түкті.........................13 

11. Гүлдің диаметрі 20-25 мм; жапырақтар жиегі тегіс, жұп қауырсынды, сабағында 1 немесе 2-3 гүлді 

тармақтары бар. Көпжылдық, биіктігі 7-20 см, гүлдеу мерзімі VІ-VII. Субальпілік және Альпілік шабын-

дықтарда,  көлдер  мен  бұлақ  жағалауларында,  Қазақстанның  Оңтүстігіндегі  таулы  аудандарда  Хантау 

тауынан Шу-Іле тауына дейінгі жерлерде кездеседі. 7. Батпақты сарғалдақ – R. pseudohirculus Schrenk. 

-  Гүлдің  диаметрі  7-17  мм.;  жапырағы  3  -  тісті,  қауырсын  жүйкеленген,  сабақтарында  гүлдер  көп 

орналасқан....................................................................................................................................................................12 

12.  Күлтесі  тостағаншадан  ұзын,  гүлдің  диаметрі  13-17  мм.;  жоғарғы  жапырақтары  саусақ  тілімді, 

төменгі  жапырақтары  бүтін,  дөңгелек-жүрек,  қандауырша-эллипс  пішінді,  жиектері  тегіс.  Көпжылдық, 

биіктігі 11-20 см, гүлдеу мерзімі VІ-VIII. Ылғалды сортаң шабындықтарда және тау бөктеріндегі батпақ-

ты жазықтарда, Алтайдан Батыс Тәңіртау тауларына дейін кездеседі. 8. Әсем сарғалдақ – R. pulchellus C. 



A. Mey.  

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 

32 


-  Күлтесі  тостағаншасымен  бірдей,  гүлдің  диаметрі  7-10  мм;  жапырағы  бүтін,  таспа,  жіңішке  қанда-

уырша тәрізді, жиектері түкті. Көпжылдық, биіктігі 20-35 см, гүлдеу мерзімі VІ-VIII. Таулы Қазақстанның 

батпақ  жерлері  мен  ылғалды  шабындықтарында  кездеседі.  9.  Ұзынсабақты  сарғалдақ  –  R.  longicaulis 

C.A. Mey. 

13 (10). Гүл тұғыры түксіз....................................................................................................................................14 

- Гүл тұғыры түкті..................................................................................................................................................16 

14. Тамыры жіңішке, жоғарғы бөлігі жуандау; сабағы бұтақсыз, ақ түсті, тамыр алқым жапырақтары 3 

- бөлікті, сабақ жапырақтары отырмалы, саусақ салалы; гүлдің диаметрі 8-12мм; тостағанша жапырақша-

лары түкті. Көпжылдық, биіктігі 10(18) см., гүлдеу мерзімі VІ-VII. Іле Алатауының Оңтүстік бөліктерінде 

кездеседі. 10. Бротерус сарғалдағы – R. brotherusii Freyn. 

- Тамыры бау тәрізді, жоғарғы бөлігі жуан емес, сабағы бұтақты, түксіз....................................................15 

15.  Тамыр  алқым  жапырағы  дөңгелек  –бүйрек,  терең  –қалақты,  жемісінің  ұзындығы  3  мм;  Көпжыл-

дық, биіктігі 20-55 см, гүлдеу мерзімі V-VІ. Солтүстік және Солтүстік – Шығыс Қазақстанның суармалы 

және құрғақ аңғалды шабындықтарында, орманды жазықтар мен тауларда кездеседі. 11. Сарғылт сарғал-

дақ – R. auricomus L. 

- Тамыр алқымы қарайған,жапырақтары үлкен, жемістері ұзын, түкті........................................................16 

16.  Тамырлары  қысқа,  сабақтары  қарайған,  жіп  тәрізді,  жинақталған  жапырақшалардан  тұрады. 

Көпжылдық, биіктігі 30-50  см. Гүлдеу мерзімі  V-VІ. Көп жерлерде ашық  ормандарда, бақтарда, саябақ-

тарда кездеседі. 12. Кашуб сарғалдағы – R. cassubicus L [15].  

-  Тамыр  алқым  жапырағы  бүйрек  немесе  дөңгелек-жалпақ  сына  пішінді,  3-ойықты,  ортаңғы  бөлігі 

жіңішке,  жемісінің  ұзындығы  2  мм.  Көпжылдық,  биіктігі  8-25  см,  гүлдеу  мерзімі  ІV-V.  Қазақстанның 

далалы аймақтарында, сортаң жерлерінде, құмды, тасты жартастарында. 13. Көптамырлы сарғалдақ – R. 

pelyrrhizus Steph. 

17  (13).  Тамыры  ұзын  жіп  тәрізді,  бұтақтары  сары  түсті,  сабағында  жабысқақ  түктері  бар,  төменгі 

буындарында тамырша бар, жемісі дөңес, төменгі бөлігі қысыңқы, мұртшасы қысқа, тез түседі. Көпжыл-

дық, биіктігі 5-15 см, гүлдеу мерзімі VІІ-VІІІ. Жоңғар Алатауы және Тәңіртаудың биік тауларының тасты, 

шөгінді жартастарында кездеседі. 14. Мұздық сарғалдақ – R. gelidus Kar. Et Kir. 

- Тамыры бұтақтанбаған, қысқа жіп тәріздес, сұр, сабағы түссіз, кейде қалың ұйысқан, түкті, буында-

рында тамыршалары жоқ, жемісінің пішіні басқаша............................................................................................19 

18.  Қалың  шиеленген  түктері  бар,  тамыр  алқымы  жапырақтары  саусақ  тәрізді,  доғал,  тісшелері  әр 

түрлі  бөлікті,  күлтесі  сары,  диаметрі  20-25  мм.  Көпжылдық,  биіктігі  7-25  см,  гүлдеу  мерзімі  VІ-VІІ. 

Алтайдан  Батыс  Тәңіртауға  дейінгі  таулы  құрғақ  және  далалы  жартастарда  кездеседі.  15.  Айыртармақ 



сарғалдақ – R. pedatifidus Sm. 

- Түктері жоқ, тамыр алқымы жапырақтары 3 қандауырша қалақты,  ортаңғысы 3-тісті, ұзын, күлтесі 

ақшыл  сары,  диаметрі  8-15  мм.  Көпжылдық,  биіктігі  10-20  см,  гүлдеу  мерзімі  VІ.  Орталық  Қазақстан 

және  Саура  тауларының  сортаң  жерлері,  өзен  алқаптарында,  жапырақты  ормандарда  кездеседі.  16. 



Қатты сарғалдақ – R. rigescens Turcsz. 

19 (8) Жемісі бір талшықты, сызықты, бедері жоқ, төменгі жапырақтары сабағына қарағанда тілімде-

лінбеген, тамырсабағы тік, кейде қиғаш болып келеді..........................................................................................20 

- Жемісінде көлденең сызықтары бар, қысыңқы, бедері бар, төменгі жапырақтары күрделі тілімделін-

ген, сабақ жапырағына қарағанда тамырсабағы жақсы жетілген........................................................................34 

20. Жемісі түкті......................................................................................................................................................21 

- Түксіз жемісті.......................................................................................................................................................23 

21. Жіңішке тамырлы, тамыралқымы жапырағы біреу, кейде 2-3, дөңгелек, тісшелері бар, сабағындағы 

жапырақтар  жіңішке,  гүлдің  диаметрі  14-18  мм.  Көпжылдық,  биіктігі  15-25  см.,  гүлдеу  мерзімі  V-VІ. 

Солтүстік  Қазақстан-ның  ылғалды  шалғындарда,  батпақты  жерлерінде,  жазықтарда  және  Алтайдан  Іле 

Алатауына дейінгі таулы жерлерде кездеседі. 17.Дара жапырақты сарғалдақ – R. monophyllus Ovcz. 

-  Тамырлары  жіп  тәрізді,  тамыралқымжапырақтары  шоғырланған,  жапырақтақтасы  басқаша,  сабақ 

жапырақтары жалпақ..................................................................................................................................................22 

22. Гүлтұғыры түксіз, тамыралқымы жапырақтары бүйрек -  дөңгелек, дөңгелектісшенемесе  дөңгелек 

сегменттерге бөлінген, жемісінің ұзындығы 1,5-2 см. Көпжылдық, биіктігі 10-30 см., гүлдеу  мерзімі  VІ-

VШ. Алтайдан Іле Алатауына дейінгі ылғалды ормандар мен шалғынды бөктерде кездеседі. 18. Крылов 



сарғалдағы – R. Krylovii Ovcz. 

- Гүлтұғыры түкті, тамыралқымы жапырақтары сопақ -  сына тәрізді тілімделген,  ортаңғысы3 – тісті, 



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

33 


жемісінің ұзындығы 1,8 мм. Көпжылдық, биіктігі 4-11см, гүлдеу мерзімі VІ-VII. Іле Алатауының Оңтүс-

тік құрғақ таулы жерлерінде кездеседі. 19. Попов сарғалдағы – R. popovii Ovcz. 

23 (19). Тостағанша боялған немесе ашық түсті түктерімен жамылған........................................................24 

- Тостағаншада ашық түсті түктер бар, кейде түссіз........................................................................................29 

24.  Гүлдің  диаметрі  30  мм;  күлтесі  8,  гүлтұғырытөмен  қаратылған,  тамырсабағы  қысқа,  жіп  тәрізді, 

шоқ  тамыры  бар,  тостағанша  жапырақшалар  қоңыр  түсті,  түкті.  Көпжылдық,  биіктігі  8-20  см,  гүлдеу 

мерзімі VІ-VIII. Солтүстік Тәңіртау тауының жартастары мен өзен бастауының жағалауларында кездесе-

ді. 20. Альберт сарғалдағы – R. alberti Rgl. Schmalh. 

-  Гүлдің  диаметрі  12-25  мм;  күлтесі  5;  гүлтұғыры  түксіз,  егер  түкті  болса,  тостағанша  күңгірт  түсті; 

тамырсабағы жақсы жетілген, кейде нашар, кейде тамыры түктенген, жіп тәрізді тармақталған.................25 

25. Гүлтұғыры түксіз; тамыр сабағы жетілмеген; тостағаншасы қоңыр -қызғылт, ақ түсті; тамырсабақ 

жапырақтарының  тақтасы  жұмыртқа  пішінді,  калың.  Көпжылдық,  биіктігі  10-18  (25)  см,  гүлдеу  мерзімі 

VІ-VІІ. Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және Іле Алатауы биік тауларының батпақты жерлерінде кездеседі. 

21. Бауырлас (жақын) сарғалдақ – R. fraternus Schrenk. 

- Гүлтұғыры түкті, кейде түксіз; тамырсабағы жақсы жетілген, кейде түктенген; тостағанша, жапырақ 

тақтасы басқаша...........................................................................................................................................................26 

26.  Тостағаншасы  қызыл-күлгін  түсті;  ақ  түкті;  сабағы  тік,  негізінде  сағақтың  ізі  сақталған,  тамыры 

көп, жіңішке, жемістің ұзындығы 1,5-2 мм. Көпжылдык, биіктігі 7-23 см, гүлдеу мерзімі VІ-VIII. Жоңғар 

Алатауы мен Тәңіртау тауларының ылғалды Алпьпілік шалғындарында, қарлы жерлерінде кездеседі. 22. 



Қызыл тостағанша сарғалдағы – R. rubrocalyx Rgl. 

- Тостағанша ашық түсті емес, тамырсабағы бар, белгілері басқаша............................................................27 

27.  Тостағанша  ашық  түсті,  қалың,  сұр  түсті  түктері  бар,  тамырсабағы  қара,  жіңішке  шақтары  бар, 

тамыр  алқымы  жапырақтары  жалпақ  сына,  көбісінде  тісшесі  бар,  жемісі  қисық  қырлы.  Көпжылдық, 

биіктігі  15  см,  гүлдеу  мерзімі  VІ-VІІ.Солтүстік  Тәңіртауда,  мореналды  тауларда,  тасты  жартастарда 

кездеседі. 23. Іле сарғалдағы – R. transiliensis M. Pop. 

- Тостағанша қоңыр, қара және ашық түсті, түктері бар; тамырсабағы қара түсті емес............................28 

28. Тостағанша түктері қара-қоңыр, гүлдің астында сары түсті қалың түктер, тамыр алқымы жапырақ-

тары саусақ  тілімді, 3 сағақты бөліктерге  бөлінген. Көпжылдық, биіктігі 8-18  см, гүлдеу мерзімі  VІ-VII. 

Оңтүстік  Қазақстанның  таулы  жерлеріндегі  Альпілік  шалғындарда,  өзен  бастауларында  кездеседі.  24. 



Қызғылт сары түсті сарғалдақ – R. rufosepalus Franch. 

-  Тостағаншасы  ақшыл,  түктері  қара-сұр,  тамыр  алқымы  жапырақтары  дөңгелек  тісшелі,  сағақсыз 

бөліктерге  бөлінген,  жемісі  өрнексіз.  Көпжылдық,  биіктігі  12-32  см,  гүлдеу  мерзімі  VІ-VІІ.  Жоңғар 

Алатауы  мен  Тәңіртау  тауларының  ылғалды  жартастарында,  батпақты  шалғындарда,  ескі  мореналарда 

кездеседі. 25. Траутфеттер сарғалдағы – R. trautvetterianus Rgl. 

29. (22). Жемісі тегіс, қысқа семсер тәрізді мұртшасы бар, тостағанша жапырағы салбыраған, ақшыл 

түкті гүлдің диамметрі 20-25 мм. Көпжылдық, биіктігі 20-45 см, гүлдеу мерзімі V-IX. Улы. Тарбағатайдан 

Батыс  Тәңіртауға  дейінгі  шыршалы  ормандарда,  таулы  жерлермен  өзен  жағалауларында  кездеседі.  26. 



Жоңғар сарғалдағы – R. songoricus Schrenk. 

- Жемісінде тесіктер бар, семсерлі мұртшасы жоқ, тостағанша жапырақшалары иілмеген, түктері сары, 

гүлдің диаметрі 25-35 мм. Көпжылдық, биіктігі 3-18 см, гүлдеу мерзімі VІ-VІІІ. Алтайдан Күнгей Алатау-

ға дейінгі таулы жартастарда кездеседі. 27. Алтай сарғалдағы – R. altaicus. Laxm.  

30.  (I).  Аналық  ауызы  отырмалы,  ұшы  үшкір  болып  келеді,  жемісінің  мұртшасы  жетілмеген,  гүлдің 

диаметрі 6-9 мм............................................................................................................................................................31 

- Аналық аузы негізінен жалпақ, мойыны бар, мұртшасы ұзынша, гүлдің диамметрі 8-20 мм................32 

31. Түксіз, жіңішке гүлтұғыры  бар, жемістің ұзындығы 1-1,3 мм,  сабақтың төменгі буынынан тамыр 

таралған, етті, бүтін, үш тілімді, тісті жапырақтар, тостағаншасы сары күлтеден ұзын. Бір жылдық немесе 

екі жылдық, биіктігі 10-50 (100) см, гүлдеу мерзімі ІV- VІ. Улы. Қазақстанның бүкіл жазықты және таулы 

жерлеріндегі  ылғалды  шалғындарда,  батпақты  жерлерде,  су  қоймаларының  жағаларында,  кейде  суға 

жартылай бататын жерлерде кездеседі. 28. Улы сарғалдақ – R. sceleratus L. 

- Жайылған түкті, жалпақ шашақты гүлтұғыры бар, жемісінің ұзындығы 2-3мм, жалғыз шоқ тамыры 

бар, үш тілімді, жіңішке өткір тісті жапырақтар, тостағанша жапырағы ақ-сары, күлтемен бірдей, біржыл-

дық немесе  екі жылдық, биіктігі 15-45  см. Улы. Оңтүстік-Шығыс және  оңтүстік Қазақстанның ылғалды 

жайылымды шалғындарында, өзендерде, кейде суда, саяз жерлерде кездеседі. 29. Қытай сарғалдағы – R. 



chinensis Bge. 

32. Жемісінің ұзындығы 1-7 мм, қалың ұшы бар және тікенсіз, жапырақтарыүш тілімді, жіңішке сына 



Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 

34 


пішінді, ұзын қалақты бөлікті. Біржылдық, биіктігі 15-40 см, гүлдеу мерзімі ІV-V. Батыс Тәңіртау өзенде-

ріндегі  ылғалды  жағалауларда,  шөпті  батпақты  жерлерде  кездеседі.  30.  Көмкерілген  сарғалдақ  –  R. 



lomatocarpus Fisch. et Mey.  

- Жемісінің ұзындығы 7-8 мм, жұлдызша гүлді, тікенді өсінділер өрнек түзеді.........................................33 

33. Жапырақтары дөңгелек – бүйрек, жалпақ, бөліктерге бөлінген, жемістерінде тікенді өсінділер бар. 

Біржылдық,  биіктігі  10-30  см,  гүлдеу  мерзімі  ІV-V.  Оңтүстік  Қазақстанның  далалары  мен  бау-бақшала-

рында кездеседі. Арамшөп. 31. Жұмсақ тікенді сарғалдақ – R. muricatus L. 

- Жапырағы сына қалақ пішінді, сына тілімді 2-3 тісті бөліктер, жемістің шеті қалың, тікенді өсінділер. 

Біржылдық, биіктігі 10-30 см, гүлдеу мерзімі  V-VІ.  Шу-Іле тауларынан Батыс Тәңіртауға дейінгі  кұрғақ 

беткейлер, егістер, тыңайған жерлерде өседі. 32. Дала сарғалдағы – R. arvensis L. 

34 (18). Жемісі төмен қаратылған, тамырсабағы жуан, сабағы бұтақты, төменгі жапырақтары сағақты, 

үш тілімді, өткір тісті бөліктерге бөлінген, гүлдің диаметрі 30 мм, гүлтұғыры түксіз. Көпжылдық, биіктігі 

50-100  см,  гүлдеу  мерзімі  VІ.  Оңтүстік  Қазақстанның  өзен  жағалаулары  мен  арықтарда,  тоғайлар  мен 

ылғалды жерлерінде кездеседі. 33. Әдемі сарғалдақ – R. laetus Wall. 

- Жемісі түксіз, тамыр сабағы жіңішке белгілері баскаша..............................................................................35 

35. Тамырсабағы жақсы жетілген, қиғаш, кейде тік, жер үстінде өркендері бар........................................36 

- Тамыр сабағы жоқ, жіп тәрізді жіңішке, тамырлы.........................................................................................38 

36. Қысқарған өркендері бар, сағағы, жапырақ тақтасы түксіз, гүлдің диамметрі 15-23 мм, тостағанша 

түксіз, жемісінде дәні бар. Көпжылдык, биіктігі 15-80 см, гүлдеу мерзімі V-VІІ. Улы.Қазақстанның ылғал-

ды шалғындарында, батпақты жерлерінде, өзендер мен көлдердің жағалауларында, ылғалды жерлерінде 

кездеседі. 34. Жатаған сарғалдақ – R. repens L. 

- Жер үсті төселмелі өркендері жоқ, тостағанша мен жапырақтары төмен қаратылған............................37 

37. Тамырсабағы киғаш, тамыралқымы жапырақтарының тақтасы бүйрек  -дөңгелек, үш тілімді,  орта 

бөлігі  жіңішке  сына,  гүлдің  диаметрі  18-25  мм,  тостағаншасында  салбыраған  түктері  бар,  жемісінің 

ұзындығы  2,5  мм,  көпжылдык,  биіктігі  8-30  см,  гүлдеу  мерзімі  VІ-VІІ.  Орталық  Қазақстанның  құмды 

жерінің шығыс бөлігінде және  Алтай биік тауының көгалдарындағы батпақты жерлерінде  кездеседі. 35. 



Жақын сарғалдақ – R. propinquus C. A. Mey. 

- Тамыр сабағы көлденең төселмелі, кейде буындары бар, тақтасы саусақ тілімді, гүлдің диаметрі 33 

мм,  тостағанша  жабысқақ  түкті,  жемістің  үзындығы  5-4  мм,  Көпжылдық,  биіктігі  30-100  см,  гүлдеу 

мерзімі  VІ-VІІ.  Улы,  дәрілік.  Қазақстанның  таулы  жерлері  мен  Қарқаралы  құмды  аймағының  ылғалды 

жерлерінде,  су  қоймаларында,  орманды  көгалдарында  кездеседі.  36.  Ірі  жапырақты  сарғалдақ  –  R. 

grandifolius C. A. Mey.  

- Белгілер жиынтығы өзгеше................................................................................................................................38 

38.  Тостағанша  төмен  иілген,  сабақтары  тік,  тамырсабағы  жіңішке,  көлденең  болып  бір  топқа 

жиналған, гүлтұғыры жоғарғы бөлігінде кеңінен тараған. Көпжылдық, биіктігі 40-120 см. Гүлдеу мер-

зімі  V-VІ.  Таулы  аймақтарда,  өзен,  көлдердің  маңында  кездеседі.  37.  Балжуан  сарғалдағы  –  R. 

baldshuanicus Rgl [15]. 

39. Гүлтұғыры түкті, тамырсабағы қысқа, жемісі екі бүйрінен қысыңқы, сына, жиегі астауша, жапырақ 

тақтасы  саусақ  тілімді  жіңішке  –  қалақты  бөліктерге  бөлінген,  гүлінің  диаметрі  20-30  мм.  Көпжылдық, 

биіктігі 30-80 см, гүлдеу мерзімі  V -  VІІ. Улы. Қазақстанның құрғақ көгалдарында, жазық далаларында, 

жер  астындағы  су  бастауларында,  қарағай  ормандарында,  орман  жиектерінде  кездеседі.  38.  Көп  гүлді 

сарғалдағы – R. polyanthemus L. 

- Гүл тұғыры түксіз, тамырсабағы жоқ, гүлдің диаметрі 15-24 мм................................................................39 

40.  Сабағы  қырықты  (бороздчатые),  жоғарғы  бөлігі  жабысқақ  түкті,  жемісі  қиғаш  жұмыртқа  тәрізді, 

бүйірі кысыңқы, тамыр алқымы жапырақтары саусақ тілімді, бөліктері ұзын, сопақ, кейде бүтін. Көпжыл-

дық,  биіктігі  30-70  см,  гүлдеу  мерзімі  V-VІІІ.  Улы  арам  шөп.  Қазақстанның  шөл  далаларын  қоспағанда 

бүкіл көгалдарда, батпақты жерлердің жағалауларында кездеседі. 39. Күйдіргі сарғалдағы – R. acer L. 

-  Сабағы  кырықсыз,  кейде  түкті,  түксіз,  жемісінің  пішіні  дөңгелек,  жалпақ,  тамыралқымы  жапырағы 

үш рет тілімді, тісті сегменттерге бөлінген, орта сегменті негізінде жіңішкеленіп сына пішінді. Көпжыл-

дық,  биіктігі  20-50  см,  гүлдеу  мерзімі  V-VІ.  Солтүстік  Қазақстан  мен  Алтайдан  Жоңғар  Алатауына 

дейінгі қылқан жапырақты және аралас ормандарда, тікенді тоғайларда, бұталарда және батпақты жерлер-

де кездеседі. 40. Теріскей сарғалдақ– R. borealis Trautv. 

41. (9). Тамыры жуандап, түйнек немесе ұршық пішінді, кейде цилиндр тәрізді, гүлі қара.....................41 

- Тамыры жуан, цилиндр тәрізді түсі қара емес................................................................................................42 

42. Түкті, жемісі сопақ, піскенде қатаяды, тамыралқымы жапырақтары жұмыртқа пішінді, үш тілімді, 



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

35 


әртүрлі  қалақтары  бар.  Көпжылдық,  биіктігі  20-35  см,  гүлдеу  мерзімі  ІV-VІ.  Құрғақ  көгалдарда,  кейде 

далаларда  кездеседі,  жол  жиектерінде,  Қазақстанның  Солтүстік  жазығында  және  Қаратау  мен  Батыс 

Тәңіртау тауларында кездеседі.Арамшөп, улы. 41. Үшкір жеміс сарғалдағы – R. oxyspermus M.B. 

- Түксіз, жемісі дөңгелек, қатаймаған, тамыралқымы жапырақтары үш калақты шеті тегіс, кейде тісше-

сі бар. Көпжылдык, биіктігі 5-30 см, гүлдеу мерзімі ІV-VI. Қазастанның Оңтүстік бөлігінен басқа барлық 

бұталы  жерлерде,  көгалдарда,  жазық  далаларда  кездеседі.  42.  Табан  тәріздес  сарғалдақ  –  R.  pedatus 



Waldst. et Kit.  

43. Жапырақтары бүтін, жиегі ирек, кейде үш түсті, терең емес кейде 3-5 тілімді.....................................43 

- Жапырақтары 3-5 тілімді, сағақтары бар, бөліктерге бөлінген....................................................................44 

44. Жапырағы сопақша – эллипс, төбесі бүтін, кейде үш түсті, ақшыл қынап, ұзын сағағы бар, биіктігі 

12-36  см,  гүлдеу  мерзімі  V-VІ.  Орталық  Қазақстанның,  Тарбағатай,  Жоңғар  Алатауы  және  Оңтүстік 

Қазақстанның  шөпті,  далалы,  тасты  жартастарында  кездеседі.  43.  Сирек  тісті  сарғалдақ  –  R. 



paucidentatius Schrenk.  

-  Жапырағы  бүйрек  пішінді,  жиегі  ирек,  3-5  тілімді,  қысқа  қанатты  сағақ,  жемісі  канатсыз.  Көпжыл-

дық, биіктігі 10-35  см, гүлдеу мерзімі  V-VІІ. Талас Алатауының далалы таулы бөктерінде  кездеседі. 44. 

Ауған сарғалдағы – R. afghanicus Aitch. 

45.  Жапырағы  3  салалы,  ортаңғы  бөлігі  жалпақ,  сағағы  бар,  жапырақ  бөліктері  жалпақ  -  ромб,  сына 

тәрізді 3 - салалы, жоғарғы бөлігі кеңейген, гүлдің диаметрі 20 мм, тамыр қысқа ұршық тәрізді. Көпжыл-

дық, биіктігі 25-55 см, гүлдеу мерзімі V-VІ. Эндем. Іле Алатауының жазық далалы бөктерінде кездеседі. 

Эндем. 45. Жалпақ сарғалдақ – R. dilatatus Ovcz.  

-  Жапырағы  2-3  рет  3  –  салалы,  қауырсын  тілімді,  бөліктері  жіңішке,  кейде  таспа,  кейде  бүтін,  ipi 

қалақты..........................................................................................................................................................................45 

46.  Жапырақ  бөлігі  басқаша,  ортаңғысы  сағақты,  кейде  бүтін,  тамыр  ұзынша  ұршық  тәрізді,  гүлдің 

диаметрі 25 мм. Көпжылдық, биіктігі 30-40 см, гүлдеу мерзімі ІV-V. Орталық Қазақстанның сазды және 

тасты шөл далаларында және Тәңіртау тауларының баурайларында кездеседі. 46.Северцов сарғалдағы – 



R. severzovii Rgl. 

- Тамырлары қысқа, жинақталған, жапырақтары әртүрлі...............................................................................46 

47.  Жемісінің  түктері  бар  жіңішке,  ұзындығы  2-3  мм,  мұртшасы  бар,  тамыры  жинақталған  қалың 

болып келеді. Көпжылдық, биіктігі 20-40 см. Гүлдеу мерзімі ІІІ-ІV.47.Жіңішке тұмсықты сарғалдақ – 



R.leptorrhynchus Aitch. et Hemsl [15]. 

- Жеміс пен жапырақ пішіні басқаша.................................................................................................................46 

48. Жапырақтың шеткі бөліктері ирек тісті, жапырағы бүтін........................................................................47 

- Жапырактың шеткі бөліктері таспа немесе ұзынша тілімді.........................................................................49 

49.  Жемістің  мұртшасы  қарайған,  тостағанша  түксіз,  жапырағы  етті,  3  –  қалақты,  3  –  тісті,  гүлдің 

диаметрі  18-24  мм,  жемісінің  ұзындығы  1,7-2  мм.  Көпжылдық,  биіктігі  10-35  см,  гүлдеу  мерзімі  V-VІІ. 

Талас Алатауының биік таулы аймақтарында кездеседі. 48. Алай сарғалдағы – R. alajensis Ostenf.  

- Жемістің мұртшасы карайған, тостағанша түкті, кейде түксіз, жапырағы етсіз, қабығы бар.................48 

50.  Түксіз,  тамыралқымы  жапырақтарының  тақтасы  жалпақ-дөңгелек-жүрек  пішінді  бөліктері  3  - 

тілімді,  тісті,  гүлдің  диаметрі  10-18  мм,  жұмыр  басы  жұмыртқа  тәрізді.  Көпжылдық,  биіктігі  5-27  см, 

гүлдеу  мерзімі  VІ-VІІ.  Қаратау  мен  Батыс  Тәңіртаудың  шөптесін,  биік  таулы  бөктерінде  кездеседі.  49. 

Мыңжылқы сарғалдағы – R. mindshelkensis B. Fedtsch. 

- Өсімдіктің бойы ұзын, жапырақтары жұқа жіңішке, жемістері үлкен.......................................................50 

51.  Тамырсабақтарының  жапырақтары  жіңішке,  нәзік,  терең  таралмаған;  гүлдің  диаметрі  2-2,5  см. 

Көпжылдық.  Гүлдеу  мерзімі  VІ-VІІІ.  Таулы  жерлерде  кездеседі.  50.  Ұзың  тілімделген  сарғалдақ  –  R. 



longilobus Ovcz [15]. 

- Өсімдік түкті, тамыр алқымы жапырақтың тақтасы бүйрек – дөңгелекпішінді, 3 – қалақты, ирек тісті 

бөлікті, гүлдің диаметрі 30 мм, жұмыр басы шар тәрізді. Көпжылдық, биіктігі 22-45 см, гүлдеу мерзімі ІV-

V. Батыс Тәңіртау мен Қаратау тауларының етегіндегі шөптесін және ұсақ тасты бөктерінде кездеседі. 51. 



Шымған сарғалдағы – R. czimganicus Ovcz. 

52. Тостағанша жұмыртқа пішінді, жабысқақ түктер, сабақ сағағында жабысқақ гүлдер, гүлдің диаме-

трі 15-17 мм, жемісі бүйірінен қысыңқы, ұзындығы 3-4 мм, түксіз. Көпжылдық, биіктігі 17-30 см, гүлдеу 

мерзімі  III-V.  Оңтүстік  Қазақстанның  далалы  аласа  тауларында  және  құмды  шөлдерде  өседі.  52.  Ұзын 



қалақты сарғалдақ – R. linearilobus Bge.  

-  Тостағанша  жапырақтары  ұзынша,  таспа  –  эллипс,  қалың  түктері  бар,  кейде  түктері  жабысқақ 

болады...........................................................................................................................................................................51 


Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 

36 


53. Жемісі түкті, қысқа түктер, ұзындығы 2,5-4 мм, ұзын мұртшасы...........................................................52 

- Жемісі түксіз, шеті жиекті, ұзындығы 5,5 мм, мұртшасы қысқа.................................................................53 

54. Сабағы қарайған түкті, жемісі түкті, ұзындығы 4 мм, ұзындығы 1,6 мм тік мұртшасы бар. Көпжыл-

дық,  биіктігі  30-40  см,  гүлдеу  мерзімі  ІV  -  V.  Оңтүстік  Қазақстанның  аласа  таулы  далалы  және  шөлді 

баурайларында кездеседі. 53. Комаров сарғалдағы – R. komarovii Freyn. 

-  Сабағы  жабысқақ  түкті,  жемісінің  ұзындығы  2,5  мм,  түкті,  ұзынша  мұртшасы  бар.  Көпжылдық, 

биіктігі 14-35  см, гүлдеу  мерзімі III-V. Жемістеуі  V-VІ. Оңтүстік Қазақстанның өткінші шөлді аймақта-

рында,  құмды  жерлерінде,  таулы  далаларында,  ағашты  –  бұталы  аймақтарында  өседі.  54.  Қауырсын 



салалысарғалдақ – R. pinnatisectus M.Pop. 

55.  Жемістің  ұзындығы  5  мм,  мұртшасы  түзу,  ортасында,  жоғарғы  бөлігінде  иілген;  тостағанша 

жемістегенде  сақталады.  Көпжылдық,  биіктігі  25-60  см,  гүлдеу  мерзімі  V-VI.  Орталық  Қазақстанның 

шығыс  бөлігі  мен  Тарбағатайдан  Батыс  Тәңіртауға  дейінгі  көгалды,  жазық  далалы  тау  баурайларында 

кездеседі. 55. Регель сарғалдағы – R. regelianus Ovcz. 

- Жемістің ұзындығы 3-4 мм, мұртшасы негізінен иілген, жемістенгенде тостағаншасы түсіп қалады.55 

56. Қалың, ұзын түкті, тостағанша жапырақтары бірікпеген, төмен иілген. Көпжылдық, биіктігі 17-35 

см,  гүлдеу  мерзімі  ІV-V.  Жазықты  шөл  далалы  Қазақстанның  құмды,  далалы  жерлерінде  кездеседі.  56. 



Жалпақ тұқымды сарғалдақ – R. platyspermus Fisch. 

57.  Өсімдік  төмен  иілген,  аздап  түкті,  кейде  біріккен.  Көпжылдық,  биіктігі  30см,  гүлдеу  мерзімі  V. 

Жоңғар  Алатауының  бөктеріндегі  батпақты  жерлерінде  өседі.  57.  Мейнсхаузен  сарғалдағы  -  R. 

meinshauseni Schrenk[16]. 

Сонымен, Қазақстанның барлық аумақтарында таралған сарғалдақтың 57 түрінің анықтағыш кілттері 

берілген. Десек те, ғылыми әдебиеттерде Қазақстан флорасындағы сарғалдақтардың түр құрамы жөнінде 

бірыңғай  пікір  жоқ.  Мысалы,  Сарғалдақтар  туысына  Гамаюнова  А.  П.  «Флора  Казахстана»  –  57  түрді, 

Гамаюнова  А.П.  «Иллюстрированный  определитель  растений  Казахстана»–  53  түрді  сипаттаған,  ал 

Абдулина С.А. – 55 түр десе, Байтенов М.С. «Флора Казахстана» – 60 түрді қарастырған [15, 16, 17, 18]. 

Яғни Ranunculus L. туысын одан ары қарай зерттеу өте өзекті мәселе болып отыр.  

 

1 Аралбай Н.К. Видовое разнообразие. Флора // НСПДССИБР, - Кокшетау, 1999. - с. 55-58.  



2 Аралбай Н.К. Қазақстан өсімдіктер әлемі. // ҰЭ Қазақстан, Т.5, - Алматы, 2003. - 192 – 202 б. 

3 Аралбай Н.К.К вопросу сохранения биологического и этнокультурного разнообразия Казахстана – как колыбе-

ля наземной биоты Евразии // Вестник КазНУ, №6(52), 2011. - с. 9-12. 

4 Бейсенова А.С., Есполов Т.И., Шілдебаев Ж.Б. Экология негіздері. - Алматы, 2013. - 236 б. 

5 Бейсенова  А.С.,  Есполов  Т.И.,  Шілдебаев  Ж.Б. Экология  және  табиғатты  тиімді  пайдалану. –  Алматы, 

2004. – 326 б. 

6 Бейсенова А.С. Исследования природы Казахстана. - Алматы, 1979. – 268 с. 

7 Бакирова  К.Ш.  Теоретико-методологические  основы  формирования  экологической  культуры  студентов 

педагогического вуза. Дисс. докт. пед. наук. – Алматы, 2010. – 348 с. 

8 Сейтжанова Р.А. Экологическое образование как средство формирования экологической культуры личности 

студента: автореф. канд. пед. наук. – Алматы, 2010. – 24 с. 

9 Мынбаева  Б.Н.,  Қажымұратқызы  А.  Анализ  загрязнения  основных  рек  г.  Алматы  тяжелыми  металлами. 

Хабаршы Вестник «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы Серия «Естественно-географические науки» 

№2(40). – 52-57 б. 

10  Есимов Б.К., Исмаилова А.А. Көмірдің майдасынан экологиялық таза әр түрлі заттар жасап шығару техно-

логиясы. ҚазНПҰ. «Экология қауіпсіздік: идеядан нәтижелерге» атты Республикалық дөңгелек үстелдің материал-

дары. - Алматы, 2014. – 18-21 б. 

11  Шоқыбаев  Ж.А.,  Қожағұлова  Ж.Р.  (Орта  мектепте  оқушыларға  экологиялық  тәрбие  беру  мәселелері. 

ҚазНПҰ.  «Экология  қауіпсіздік:  идеядан  нәтижелерге»  атты  Республикалық  дөңгелек  үстелдің  материалдары.  - 

Алматы, 2014. – 114-117 б. 

12  Утебеков Қ. «Қазақстан Алтайының сарғалдақтар тұқымдасы», 2007 ж. 

13  Әметов Ә.Ә. Ботаника. - Алматы, 2005. – 512 б. 

14  Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К. Ботаника «Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы». - Алматы, 

1998. – 368 б. 

15  Флора Казахстана, - Алма-Ата, 1961, Т.4. - 82-120 с. 

16  Иллюстрированный определитель растений Казахстана, - Алма-Ата, 1969, Т.1 - 385-396 с. 

17  Байтенов М.С. Флора Казахстана: В 2-х т. - Алматы: Ғылым, 2001. – 208 с. 

18  Абдулина С.А. Список сосудистых растений Казахстана. - Алматы, 1999. - 187 с. 

 

 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет