Вестник пгу №3, 2010



жүктеу 69.01 Kb.
Pdf просмотр
Дата24.03.2017
өлшемі69.01 Kb.

Вестник ПГУ № 3, 2010

128

by problem of pedagogue’s professionalism, ideal figure of pedagogue-

careerist and requirements to his personality, and also the necessity in 

special professional training in pedagogic activity. 

ƏӨЖ 371.13:004 



БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ  КӘСІБИ ДАЙЫНДАУДА 

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ

С. Тiлеуова 

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 

Шымкент қ.

Қазiргi кездегi заман талабына сай бұған қосымша қоғамнан, өмiрден 

өз орнын өз еркiмен таңдай алатын, экономикалық тұрғыдан еркiн ойлау 

қабiлетi бар, тығырықтан жол таба алатын, алдын-ала iстiң нәтижесiн 

болжай алатын iскер, тапқырлық қасиетi бар толыққанды,  оқытудың жаңа  

технологиялары мен интербелсенді әдістерін теориялық және практикалық 

жағынан меңгерген, дарынды маманды қалыптастыру, тәрбиелеу, даярлау 

десек, артық айтылмаған болар едi.

Бұл мәселе қоғамның әлеуметтiк қажетiне және болашақ мамандық 

бойынша еңбек етудiң, үйренудiң қалыптасуына байланысты болады. 

Сондықтан болашақ ұстаз мамандар даярлауда оқу-тәрбие жұмыстарында 

пайдаланылатын әртүрлi әдiстер мен әдiстемелер, оқу-әдiстемелiк, 

көмекшi оқу құралдары студенттердiң кәсiби тұрғыдан бағыт-бағдарының, 

дидактиканың жүйелiлiк, бiрiздiлiк, тұтастылық принциптерi негiзiнде 

қалыптасуына мүмкiндiк беретiндiгiн ескере отырып, оқу-тәрбие жұмысының 

сапасын, тиiмдiлiгiн арттыру маңызды iс болып табылады.

Қазiргi кезеңде Республикамызда сапалы бiлiм беру мәселесiне үлкен мән 

берiлiп отыр. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді 

дамыту тұжырымдамасына» сәйкес білім алушылардың еңбек рыногындағы 

бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына 

жағдай жасап, ақпараттық технологияларды енгізу орта білім жүйесінің 

негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Тұжырымдамада қойылған 

міндеттерді іске асырудың бір жолы болып, орта білім беруде оқушылардың 

жеке қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес жоғары сатыдағы бейіндік және 

кәсіптік бағдарлы оқыту жүйесін құру көрсетілген.

Қазақстанда 1977 жылы алғаш рет орта жалпы білім беруді 

ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 


серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

129

Қазір білім берудің барлық салаларында кең ауқымды мемлекеттік саясат  

жүзеге асырылуда. Білім беруді ақпараттандыру өзара байланысты жүйелі 

факторлардың бірлігінде  жүзеге асырылады:

• жаппай компьютерлендіру;

• мектептерді Интернет желісіне қосуды қамтамасыз ету;

• білім берудің мемлекеттік стандарттары негізінде сандық білім беру 

қорларын жасау;

• оқу үрдісінде ақпараттық-қатынастық технологияларды пайдалануға 

мұғалімдерді даярлау.

Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту 

тұжырымдамасы өз бетімен білім алатын және алған білімін өмірдің түрлі 

жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін 

оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабын қойып отыр. Қоғамдағы 

әлеуметтік өзгерістерге сай оқытудың сапасын арттыру мәселесі жаңа оқыту 

технологияларын өз дәрежесіне сай қолдануға да тікелей байланысты.

Мұны Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-

2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында  білім беруді 

дамыту үшін оқытудың озық жүйелері мен технологияларын әзірлеу мен 

енгізу талап етіп отыр.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында білім беруді ақпараттандыру 

мәселесі бойынша төмендегідей басты ғылыми мектептер қалыптасып, 

кешенді және нақты зерттеулер жүргізілуде. Атап айтқанда, осындай ғылыми 

мектептің негізін салушылардың бірі профессор Г.К. Нұрғалиеваның 

жетекшілігімен білім беруді ақпараттандырудың негізгі әдіснамалық 

мәселелері зерттеліп, соған орай электрондық оқулықтарды дайындау 

технологиясымен түрлі оқыту мақсатындағы бағдарламалық құралдарды 

жасау проблемаларымен көптеген ғалымдар, зерттеушілер айналысуда 

(Д.М. Джусубалиева, А.К. Қозыбай, Ш.Х. Құрманалина, Г.Б. Ахметова,  

А.С. Кадырова, Г. Кудебаева, А.Х. Накпаева, Н.М. Сағитова, А.И. Тажигулова, 

Н. Даумов және т.б.);

Қазіргі ақпараттық әдебиеттерде ақпараттандыру  білім жүйесін 

әдіснамалық және практикалық талдауларды, сондай-ақ, оқытудың және 

тәрбиенің психологиялық-педагогикалық міндеттерін шешуге бағытталған 

қазіргі ақпараттық технологияларды тиімді қолдануды қамтамасыз ететін 

үрдіс есебінде қарастырылады.

Қазақстан Республикасының жоғарғы бiлiм жүйесiн ақпараттандыру 

жөнiндегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Мемлекеттiк 

бағдарламасында төмендегiдей мiндеттер қойылған болатын: 

- ең алдымен жаңа ақпараттық технологияларды оқыту және сонымен қатар 

оқу процессiн басқару iстерiнде пайдалану үшін жоғарғы оқу мекемелерiн 

есептеу және ұйымдастыру техникасы құралдарымен қамтамасыз ету. 



Вестник ПГУ № 3, 2010

130

- барлық жоғарғы оқу орындарында бiлiм беру ақпараттарына қол 

жеткiзудi қамтамасыз ететiн инфрақұрылымды дамыту.

-  жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану және енгiзу саласында 

жоғарғы бiлiм беру жүйесi үшін кадрлар даярлау, тағы басқа көптеген  

мәселелер. 

Атап айтарлығы Қазақстан Республикасы жоғарғы бiлiм беру жүйесiн 

ақпараттандыру бағдарламасы 1997- 2002 жылдар аралығында iске асты.

Ғылыми әдебиеттерді талдауда ғалымдар (Г.Г. Воробьева,  

Ю.А. Шрейдер т.б.) жеке адам мен ақпараттың арасындағы байланысқа зор 

көңіл бөлетіндігін көрсетеді. Олар ақпаратты игеру жеке адамның ақпараттық 

мәдениетін сипаттайтын белгілі бір білімдер, дағдылар жиынтығы, сол 

адамның бойынан табылған жағдайда ғана мүмкін деп есептейді. 

Білім жүйесін ақпараттандырудың ерекшеліктері Л.Я. Беляев,  

Л.И. Бережной, В.В. Васильева, Б.К. Бершунский, М.П. Золотухина, Г.В. 

Иванова, Л.Д. Квиртия еңбектерінде қаралған. Бұл еңбектерде педагогикалық 

қызметті ақпараттандырудың негізгі бағыттары, мұғалімдерді ақпаратпен 

қамтамасыз етудің оперативті жүйесі, ақпаратты қорды құрудың, сақтаудың 

және пайдаланудың, теориялық аспектілері сипатталған    

Ғаламдық Интернет желісіндегі ақпараттық-білім беру  кеңістігіне:

-  ғаламдық және жергілікті желілермен жұмыс жасауға;

-  отандық және шетелдік авторлардың қорларын Интернеттен іздеуге;

-  іздеу желілерімен және порталдармен жұмыс жасау әдісін 

меңгеруге;

-  іздеу желілерінде жұмыс жасауды жетік меңгеруге;

-  іздеу желілері мен порталдарда өзінің блогын жасауға қызығушылығы 

болып талпынуы.

-  Іздеу жүйелерінде жұмыс жасау;

-  арнайы білім беретін порталдар мен сайттарда жұмыс жасау;

-  порталдар мен сайттарға тіркелуді меңгеру;

-  порталдар мен сайттардағы форумдар арқылы қашықтан әрекетесуді 

меңгеру;


-  жеке Интернет ресурстарын қалыптастыра білу;

-  іздеу желілері мен порталдарда жеке блоктарын басқару тәсілін 

игеру.

Г.К. Нұрғалиеваның «Білім беруді ақпараттандыру жағдайында жеке тұлғаның 



құндылық бағдары» атты еңбегінде құндылық бағдар процесі маңыздылығының 

концептуалды ережелері, құндылық бағдар және құндылық бағдардың динамикалық 

және мазмұнды сипатын модельдеу әдісі қарастырылған. 

Ғылыми зерттеулерді, психологиялық-педагогикалық, әдiстемелiк 

әдебиеттердi және мектеп жұмысының тәжiрибесiн талдау нәтижелерi 

қазiргi кезде Интернет ресурстарды бастауыш мектепте бiлiм беру 



серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

131

мiндеттерiн шешудегi бар  мүмкiндiктерi ғылым жетiстiктерiне негiзделмей 

қолданылып отырғаны және оның iске асырылуының ойдағыдай емес екенiн 

көрсеттi. Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құралы ретінде Интернет 

ресурстарды оқыту үрдiсiнде қолдануға болатыны анықталмаған  және 

оны тиiмдi ұйымдастыруда сәйкес келетiн керi байланыс құралы ретінде 

қажеттiлiгi қарастырылмаған.

Осыған орай білім беруді ақпараттандыру үрдісін жетілдірудің басты 

мәселесі қазіргі заманғы ақпараттық коммуникациялық технологияны (АКТ) 

пайдалануда мұғалімді даярлау.

Мұғалім, әдеттегідей, білім беру үрдісінің басты фигурасы болып қала 

береді, бірақ оның қызметі біраз өзгереді.  Енді ол ақпарат қайнар көзі ғана 

емес, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық жоба жұмыстарының 

ұйымдастырушысы болып табылады. Әр мұғалім кез келген оқу пәнінен 

сандық оқу қорларын пайдалана отырып сабақ даярлап және оны өткізе 

алуы керек. Сондықтан АКТ саласындағы құзырлық, кәсіби педагогикалық 

қызметтің басты шарты болып табылады.  Ең біріншіден, мұғалім қарапайым 

компьютерлік сауаттылықтан хабардар болуы тиіс. Оның ішіне компьютермен 

жұмыс жасай білу, компьютердің нақты бағдарламаларын білу, Интернет-

технологияларды меңгеру т.с.с. 

Қазіргі ақпараттық әдебиеттерде ақпараттандыру  білім жүйесін 

әдіснамалық және практикалық талдауларды, сондай-ақ оқытудың және 

тәрбиенің психологиялық-педагогикалық міндеттерін шешуге бағытталған 

қазіргі ақпараттық технологияларды тиімді қолдануды қамтамасыз ететін 

үрдіс есебінде қарастырылады.

 Қолайлы режимде жұмыс істейтін мұғалімнің өзі бәрібір белгілі уақытта 

немесе оқу уақытының бір бөлігінде әрбір оқушыны көруі мүмкін емес, 

әрбір оқушының оқытуының және дамуының жеке қарқынын қамтамасыз 

ету жағдайы болмайды. Бұл жерде компьютер мұғалімге де, оқушыға да 

маңызды көмек көрсете алады және көрсетуі қажет.

Сондықтан, мұғалім іс - әрекетінде ақпараттық технологияны қолданудың 

нақты  пәндердегі орнын, психологиялық, педагогикалық, эргономикалық 

талаптарын білумен қатар, кәсіби іс - әрекетінің ерекшеліктеріне жататын 

кәсіби дағдыларды нақтылау қажет:

- іс – құжаттарын даярлаудың, мәліметтер (педагогикалық тәжірибелер) 

қорын жасап өңдеудің және дидактикалық тірек – құралдар жасауға қажет 

саймандық бағдарламалық қамсыздандырумен жұмыс істеу дағдысы;

- пәнге арнайы құрылған бағдарламалық қамсыздандырумен жұмыс 

істеу дағдысы;

- жергілікті және Интернет желісінде жұмыс жасау дағдысы;

- мультимедиалық және геоақпараттық технологиялардың қызмет етуінен 

хабардар болып, кәсіби қажеттілік шеңберінде қолдану дағдысы.



Вестник ПГУ № 3, 2010

132

Мұғалімдер Интернет ресурспен жұмыс жасай білу үшін қажетті 

қолданушылық технологиялық білігі болуы керек:

- Интернетпен жұмыс жасаудың кеңінен таралған бағдарламалық 

құралдарымен жұмыс жасау, мысалы, Internet Explorer, Netscape Naviga-

tor, Outlook Express, іздеу жүйелері және каталогтармен жұмыс жасай білуі, 

т.с.с.

Қазіргі қоғамдағы ақпараттану жағдайында оқушының жеке 



тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, оның ақпарат 

ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына қажет ақпараттық 

технологияларды таңдап алу және оларды қолдану қабілеттілігін 

қалыптастыруда мұғалімдердің кәсіптік қызметінде Интернет ресурстарды 

қолданудың маңызы зор.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Нургалиева Г.К. Ценностное ориентирование личности в условиях 

информатизации образования.- Алматы: 2004. 

2. Қазақстан Республикасы жоғары білімді дамыту стратегиясы. - 

Алматы, 1998.

3. Нургалиева Г.К.,Тилеуова С.С. Теория развития профессионального 

образования. - Алматы: 1999г.



4. Тілеуова С.С.Жоғары мектеп педагогикасы. – Шымкент, 2009.

Резюме

Информатизация общества осуществляется в русле 

концепции Национальной информационной инфраструктуры

направленной на создание электронного правительства; построение 

открытых инфокоммуникационных систем; стандартизацию 

и сертификацию средств и систем информатизации. В данной 

статье рассматриваются теоретические аспекты обновления 

образовательной среды, формирование личности учащихся  в условиях 

информатизации образования посредством информатизации учебного 

процесса их подготовки в образовательной  школе.

Resume

Informatization of education becomes one of the most important stra-

tegic resources of State. For its successful development and positioning in 

the modern society it is oriented on creation of electronic government. This 

article deals with the theoretical aspects of educational field. They form 

students’ personality by a means of educational process’ informatization 

at schools in condition of educational informatization.

Каталог: download -> zhurnal st
zhurnal st -> Вестник пгу №1, 2010 106 Түйіндеме
zhurnal st -> Вестник пгу №4, 2010 134 Түйіндеме Доцент Нұрманова Ж. К. мақаласы «Компаративистиканың ғылыми өрісінде қазақ әдебиеті мен кинематографының шектесуі»
zhurnal st -> М. тынышбаев және 1916 жылғЫ Ұлт-азаттық КӨтеріліс с. К. Тулбасиева
zhurnal st -> Адам қҰҚЫҚтары-саяси ғылымның Өзекті мəселесі р. Б. Əбсаттаров
zhurnal st -> 6 ƏӨЖ 81’1: 811. 512. 122 Етіс категориясының теориялық МӘселелері е. Б. Ахметов
zhurnal st -> Педагогическая
zhurnal st -> Литература рыжова Л. П. Пресуппозиционный аспект обращения // Семантическая семантика и прагматика. Калинин, 1982
zhurnal st -> Филологическая
zhurnal st -> Филологическая
zhurnal st -> Исследование произведений


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет