Выборочный метод



бет1/4
Дата30.03.2023
өлшемі157,73 Kb.
#77617
  1   2   3   4

Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негіздері. Параметрлік критерийлер.

Аға оқыт. Раманқұлова А.А.

Дәріс жоспары:

1. Медициналық-биологиялық зерттеулердегі статистикалық жорамалдар.

2. Параметрлік критерийлер.

2.1 Стьюденттің t- критерийі .

1) Тәуелсіз таңдамалардағы көрсеткіштердің айырмашылығының мәнділігін бағалау.

2) Тәуелді таңдамалардағы көрсеткіштің айырмашылығының мәнділігін бағалау.

Таңдама деректері бойынша бас жиынтықтың параметрлері және қасиеттері жөнінде айтылған ұйғарым статистикалық жорамал деп аталады.

Айтылған ұйғарымды (жорамалды) таңдама деректерімен салыстыру үрдісі статистикалық жорамалды тексеру деп аталады.

Жорамалдарды статистикалық тексеру міндеттері:

  • Қандай да бір бас жиынтыққа қатысты Н0 жорамалы айтылады.
  • Осы бас жиынтықтан таңдама бөлініп алынады.
  • Таңдама деректері бойынша Н0 жорамалын қабылдауға немесе жоққа шығаруға болатындай ереже көрсетілуі тиіс.

Статистикалық жорамал – бұл таралудың түрі жөніндегі немесе бас жиынтықтың белгісіз параметрлерінің шамалары жөніндегі, таңдама көрсеткіштерінің негізінде тексеруге болатын ұйғарым.

Статистикалық жорамалдардың мысалдары:

Бас жиынтық Гаусстың қалыпты заңы бойынша таралған.

Қалыпты таралған екі жиынтықтың дисперсиялары өзара тең.

Статистикалық жорамалдар

Параметрлік Параметрлік емес

Параметрлік критерийлер деп есептеу формуласына таңдаманың орта мәні, дисперсиясы сияқты параметрлері кіретін және бас жиынтықтың қалыпты таралуына негізделген критерийлерді айтады.

Параметрлік емес критерийлер деп бас жиынтықтың таралу түріне негізделмеген және есептеу формуласында жиынтықтың параметрлерін қолданбайтын критерийлерді айтады.

Н0 нөлдік жорамал деп тексерілуге жататын негізгі жорамалды айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет