Выборочный метод



Дата15.02.2023
өлшемі73,41 Kb.
#68221

Екі топты салыстыру: Параметрлік емес критерийлер.

Аға оқыт. Раманқұлова А.А.

Дәріс жоспары:

1. Параметрлік емес критерийлер және олардың қолданылуы.

2. Тәуелсіз екі топ үшін Манн – Уитнидің U критерийі.

3.Тәуелді екі топ үшін Уилкоксонның T критерийі.

Бас жиынтықтың таралу түрі жөніндегі ұйғарымға негізделмеген және осы жиынтықтың параметрлерін қолданбайтын айырмашылық критерийлері параметрлік емес критерийлер деп аталады.

Параметрлік емес критерийлердің есептеу формуласында жиіліктер немесе рангілер қолданылады.

Параметрлік емес критерийлерді қолдану маңызды:

  • шолу жасау кезеңінде;
  • бақылау саны аз (30 – ға дейін);
  • деректердің қалыпты таралу заңына сәйкестігі белгісіз .

Параметрлік емес критерийлер :

  • тәуелсіз таңдамалардың арасындағы айырмашылық критерийі;
  • тәуелді таңдамалардың арасындағы айырмашылық критерийі болып
  • негізгі екі топқа бөлінеді.

Тәуелсіз топтар арасындағы айырмашылықтар

  • Тәуелсіз топтар үшін Манн – Уитнидің U критерийі.

Тәуелді топтар арасындағы айырмашылықтар

  • Уилкоксонның жұптасқан Т – критерийі;

Колмогоров- Смирновтың келісім критерийі

Деректерді өңдеу реті:

  • Бақылаудың салыстырылатын топтарында кездесетін варианталардың барлығы бір қатарға өсу ретімен біріктіріледі.
  • Бірінші және екінші топтар үшін варианталардың жиіліктері жазылады.
  • Жиіліктер жинақталған тәртіппен қойылады.
  • Жинақталған жиіліктер сәйкес топтардағы бақылаулар санына бөлінеді.
  • Топтар бойынша жинақталған жиіліктердің айырымы есептеледі және бұл кезде таңба есепке алынбайды.

Манн – Уитнидің U – критерийі



Ранжирлеу – вариациялық қатардың ішіндегі варианталардың кіші шамадан үлкен шамаға қарай таралуы.

Ранжирлеу ережесі:

  • Кіші мәнге кіші ранг беріледі.
  • Егер бірнеше мәндер тең болса , оларға олар тең болмаған жағдайда берілетін рангтардың орта мәні болатын ранг беріледі.
  • Рангтердің жалпы қосындысы есептеу формуласымен сәйкес келуі керек:
  • ,

    мұндағы N- ранжирленетін мәндердің жалпы саны.

Манн-Уитни критерийін есептеу схемасы :


  • Бағанға (қатарға) вариациялық қатар құру.
  • Екі бағандағы (қатардағы)да варианталардың мәндерін ранжирлеу.
  • Бірінші және екінші бағандар үшін бөлек-бөлек рангілер қосындысын есептеу. Рангілердің жалпы қосындысының есептеу формуласымен алынған рангілер қосындысына сәйкестігін тексеру. Екі қосындының үлкенін анықтау.
  • Uбақ анықтау:
  • Кестеден Uсыни мәнін табу.

    Салыстыру:

    Егер Uбақ >Uсыни, онда Но –қабылданады.

    Егер Uбақ≤Uсыни ,онда Но –жоққа шығарылады.

Жұптасқан жиынтықтар үшін Уилкоксонның Т - критерийі


  • Бақылаудың байланысқан жұптары арасында есептелген айырмаларға таңбаларды есепке алмай өсу ретіне қарай рангілік нөмірлер беріледі.
  • Сирек кездесетін таңбасы бар айырмалардың рангілік нөмірлерінің қосындысына тең Т шамасын есептейді.
  • Алынған Т шамасын сыни мәнмен салыстыру арқылы нөлдік жорамалды қабылдау немесе жоққа шығару туралы шешім қабылдайды.
  • Т < Тсыни болғанда нөлдік жорамал жоққа шығарылады., Т > Тсыни болғанда нөлдік. жорамал қабылданады

Әдебиет:

1. Раманқұлова А.А. Биологиялық статистика. Оқу құралы.-Алматы. 2015

2. Лукьянова Е.А. Медицинская статистика. – М: Изд. РУДН, 2002.

3. Гланц С. Медико-биологическая статистика. – М.: Практика, 1999.

4. Рокицкий П.Ф. Биологическая статистика. – Высшая школа, 1973.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет