Vii тарау. 1940 жылдардың екінші жартысынан 1960 жылдардың ортасына дейінгі Қазақстан. Қоғамдық-саяси өмір



Pdf көрінісі
Дата07.11.2022
өлшемі32,13 Kb.
#48177
түріҚұрамы


VII тарау. 1940 жылдардың екінші жартысынан
1960 жылдардың ортасына дейінгі Қазақстан.
Қоғамдық-саяси өмір
Соғыстан кейінгі жылдары Сталиннің жеке басына табынушылық бұрынғыдан да өрши түсті.
Қазақстан КСРО-ның құрамына енген одақтас республика болып есептелгенімен, іс жүзінде
ешқандай егемендік құқығы болмады. КОКП жоғарыдан төмен қарай, бұйрықпен
басқарылатын иерархиялық-пирамидалық құрылымға айналды. Қоғам дамуының барлық
мəселелері компартияның съездері мен пленумдарында қаралды. Алынып отырған
стратегияны сынау немесе балама пікір, жоспар ұсыну партияға, Кеңес билігіне қарсы шығу
деп бағаланды. Партия жұмысы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне (МҚҚ), Ішкі істер
министрлігіне (ІІМ) сүйеніп жүргізілді.
Өнер мен білім салалары мейлінше идеологияландырылды.
1949 жылы Қазақстан Коммунистік большевиктер партиясының IY съезінде Ж.Шаяхметов
(1949-1954) Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. 1950
жылы коммунистер саны 58920 болса, 1960 жылы жылы 345115-ке жетті.
Республиканың жоғары мемлекеттік билік органы Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының
Жоғарғы Кеңесі деп есептелінді.
1957 жылы “Еңбекшілер депутаттары Кеңестерінің қызметін жақсарту жəне олардың
бұқарамен байланысын күшейту туралы” қаулы жарияланды.
1. Жоғарғы Кеңестің сессиялары республика халық шаруашылығын өркендету жоспарларын,
мемлекеттік құрылыс мəселелерін, заңдардың жобаларын бекітетін болды.
2. Жоғарғы Кеңестің тұрақты комиссияларының саны 3-тен 8-ге жетті.
Кеңестер құрамының саны артып отырды. 1947 жылы екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесінің құрамында 300 депутат болды.
Үшінші сайлауында – 400 депутат, 1955 жылғы төртінші сайлауында 450 депутат болды.
Депутаттар арасында жұмысшы мен шаруа өкілдерінің көп болуы және Кеңес құрамының
көпұлтты болуы қадағаланды. Жоғарғы жəне жергілікті Кеңестер депутаттарының 2/3-сі
коммунистер болды.
1940 жылдардың соңында Қазақстан кәсіпшілер одақтары 1 млн-нан астам еңбекшілерді
біріктірді. Компартияның басшылығымен жұмыс істеген кәсіподақтар тәрбие жұмысын
жүргізу, социалистік жарыстар ұйымдастыру, бұқара халыққа көмек көрсетумен шұғылданды,
кәсіпорындармен, шаруашылықтармен ұжымдық шарт жасасып, еңбек тәртібінің сақталуын
қадағалады, еңбектің озық әдістерін таратумен айналысты. 1948 жылы Қазақстан
кәсіподақтарының
республикалық
I
конференциясы
өтіп,
кәсіподақтардың
Қазақ
республикалық кеңесі құрылды. 1963 жылы кәсіподақ мүшелері 3 млн 281 мың болды. Бұл
жұмыс істейтіндердің 89%-ы болатын.
Комсомол партияның мемлекеттік, шаруашылық, мәдени және құрылыс істеріндегі көмекшісі
болды. Сонымен қатар кадр резервін дайындау қызметін атқарды. Өскемен су элетр
станциясы, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты, Қазақстан магниткасын салынуын
қамқорлыққа алды. Комсомол ұйымы жастар тәрбиесі мен балалардың коммунистік құрылымы
– пионер ұйымының жұмысына бақылау жасады. 1951-1960 жылдары 760 мың комсомол
болды.
1950
жылдардың
ортасында
кеңестік
əкімшіл-əміршіл
басқару
жүйесі
одақтас
республикалардың құқықтарын кеңейту мəселесін күн тəртібіне қойды. 1955 жылы
мамырдағы одақтас республикалардың халық шаруашылығын жоспарлау мен қаржы бөлу
тəртібі өзгертілді. Өндіріс көлемі мен күрделі қаржыны жоспарлау республикалардың
Министрлер Кеңестерінің қарауына берілді. Республикалардың бюджетті бөлу құқықтары
кеңейтілді. Республикалық бюджетке бөлінетін қаржының үлесі артты. Республикалық
министрліктердің құқықтары кеңейді. Мəдени құрылыс саласында республика құзыры ішінара
молайды. 1954-1956 жылдары одақтық органдардың қарауынан республика қарауына
өнеркәсіп пен көліктің 144 кәсіпорны өтті.
1956-1958 жылдары одақтас республикалар əділет органдарына басшылық жасау, сот


құрылымын анықтау, азаматтық, қылмыстық кодекстерді бекітумен айналыса алатын болды.
Республика Жоғарғы Кеңесінің заң шығару қызметі ұлғайды.Одақтас республикалар одақтық
шеңбердегі мəселені шешуге қатысатын болды. 1957 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің
құрамына одақтас республикалар Министрлер Кеңестерінің төрағалары, ал КСРО Жоғарғы
Сотының құрамына одақтас республикалар Жоғарғы Сотының төрағалары енгізілді. Алайда
бұл шаралар одақтас республикалардың егемендігін қамтамасыз етпеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет