Viii ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт ата түркі халықтарының ағартаушысы, ойшылы әрі қобызшысы. Оның мұраларын баға жетпес, құнды қазыналарға теңеуге болады



Дата09.02.2022
өлшемі11,46 Kb.
#25075

VIII ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт ата - түркі халықтарының ағартаушысы, ойшылы әрі қобызшысы. Оның мұраларын баға жетпес, құнды қазыналарға теңеуге болады. Қорқыт ата кейінгі ұрпаққа терең мағыналы, үлгі-өнегеге толы нақыл сөздерін қалдырып кеткен. Бұл нақыл сөздерде көтерілген адамгершілік, тәрбие мәселелері осы күнге дейін маңызын жойған жоқ.

Қорқыт ата, ең алдымен, бұл өмірде болып жатқан нәрсенің барлығы Алланың қалауымен болатынын айтқан. Оны "Әзелде жазылмаса, құл басына бермес, Адал уақыты жетпейінше ешкім де өлмес" деген сөздерінен байқауға болады. Екіншіден, дана ойшыл адамдар арасындағы тәрбие, сыйластық, қонақжайлылық, жомарттық мәселелеріне тоқталады. "Ана-ердің серігі, батырдың бағдаршысы, ұрпақтың ұлы анасы" деген нақылында қоғамда әйелдердің алатын орнын, олардың отбасындағы міндеттерін көрсетеді. Үшіншіден, Қорқыт атаның "Жердің соны шөбін киік білер" сынды нақыл сөздерінен оның байқампаздығын, көрегендігін көруге болады.



Қорыта айтқанда, Қорқыт атаның бай философиялық тағылымдары халқымыздың құнды қазынасы дегім келеді

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет