Viii халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту: апробация мен тарату» Астана қ. Халықаралық мектебі



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата10.01.2017
өлшемі4,11 Mb.
#1576
  1   2   3   4   5

VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік 

конференциясы

«Білім беру саласындағы өзгерістер 

аясын кеңейту: 

апробация мен тарату»

Астана қ. Халықаралық мектебі

27–28 қазан 2016 ж.

Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту:  апробация мен тарату

 

 



 

 

     3



27–28 қазан 2016 ж.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына 

қош келдіңіздер! 

Білім саласының мамандарына, соның ішінде мұғалімдерге, білім беру саясатын 

жасаушыларға, отандық және халықаралық білім саласындағы зерттеушілерге арналған жыл 

сайынғы конференция биыл сегізінші рет өз есігін айқара ашуда. Халықаралық конференцияны 

жыл сайын өткізу – білім беру саласындағы мамандардың арасында тәжірибе, ой-пікір алмасу мен 

қатар жаңа шешімдердің таратылуына мүмкіндік беретін дәстүрлі алаңға айналды.

Конференцияның биылғы тақырыбы – «Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту: 

апробация мен тарату». Конференцияның негізгі мақсаты Қазақстан білім беру жүйесінде 

тәжірибені тарату мен бейімдеу үрдісін жүзеге асырып жатқан білім беру саласының мамандары 

– мұғалімдер, зерттеушілер және қоғам арасында ұтымды диалог құру болып табылады. Ұтымды 

және нәтижелі қызмет атқару үшін туындаған мәселелер мен сұрақтардың шешімін іздеуде 

бірлесе қызмет атқарған абзал. Сондықтан, әрбір трансляцияға қатысушы, мектептегі мұғалімнен 

министірге дейін, еліміздің нәтижеге бағытталған білім беру үрдісінің қызығушылығы шексіз әрі 

сенімі мол тұлғасы болуы қажет. 

Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі білім беру жүйесі әрдайым жетілуде, соның бір 

нәтижесі ретінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2016 жылдың 

мамыр айында Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының «Білім беру – 2030» 

жобасының Қазақстандағы координаторы болып таңдалды. Сондықтан, Конференция - Зияткерлік 

мектептердің позитивті тәжірибесін талқылайтын алаң мен Қазақстан білім беру жүйесінің одан әрі 

дамуына өз септігін тигізетін пайдалы шара болады деп есептейміз.

Үлкен құрмет көрсете отыра Кембридж, Мичиган, Пенсильвания, Аризона штаты 

университеттері мен Массачусетс технологиялық институты, Лондонның Университеттік 

Колледжінің, Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының, СКОЛКОВО 

инновациялық орталығы, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің А.Н. 

Колмогоров атындағы арнайы оқу-ғылыми орталығы (факультет) – мектеп-интернаты, Айб-мектебі, 

«PASCO scientific», «Educational Solutions», сонымен қатар біздің стратегиялық серіктестер – CiTO 

педагогикалық өлшеулер институты, Джонс Хопкинс университетінің дарынды жастар орталығы 

(CTY JHU), Кембридждің халықаралық емтихан кеңесі (CIE), Халықаралық мектептер кеңесі (CIS), 

Кембридж университінің баспасы (CUP) және де әлемдегі білім беру саласындағы озық әрі тың 

идеялармен танысуға, біздің мұғалімдердің білім беру саласындағы мәселелерді дәстүрлі емес 

жолдармен шешуге шабыттандыратын барлық тұлғалар мен ұйымдарға шексіз ризашылығымызды 

білдіреміз. Сіздер көрсеткен барлық қолдауларыңызға, жаңа кездесулер мен ынтымақтастықты 

дамыту мүмкіндіктерін тудырғаныңызға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру 

ұйымы атынан ризашылығымызды білдіреміз. 

Конференция аясында тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінің қалыптасуына 25 жыл толуына 

байланысты пленарлық отырыстың өтуі жоспарлануда. Пленарлық отырыс барысында білім беру 

саласының мамандары Қазақстанның білім беру жүйесінің дамуына байланысты ретроспективтік 

талқылаулар жүргізеді. 

Конференцияның еліміздің білім беру жүйесін жақсартудың мықты импульстерінің бірі 

ретіндегі және де Қазақстанды халықаралық аренада танытудағы маңыздылығын айта отыра, 

әр қайсысыңызды секциялық отырыстар мен панельдік талқылауларда белсенді қатысып, 

өздеріңіздің идеяларыңыз бен зерттеу жұмыстарыңыздың барысы мен оң динамикасымен бөлісуге 

шақырамыз. 

Ең бастысы, қазақстандық дәстүрлерді сақтай отырып, ең мықты әлемдік тәжірибе мен жаңа 

технологияларды ұтымды қолдана отырып, білім беру саласының өкілдері арасында позитивті 

диалог құра отырып, біз балаларымыздың білімді, ынталанған және уақыттың сын-тегеуріндеріне 

дайын болатындай етіп қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.      

ШӘМШИДИНОВА  

Күләш Ноғатайқызы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы 

Құрметті конференцияға қатысушылар!


VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

27–28 қазақ 2016 ж.

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДББҰ 

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 

«Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту: апробация 

мен тарату» 

27–28 қазан 2016 ж. 

 Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 

«Білім беру: зерттеу және тұрақты даму» 

22–23 қазан 2015 ж. 

 Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 

«Білім беру саясаты; тәжірибе және зерттеу» 

23-24 қазан 2014 ж. 

 Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 

«Білім берудегі жоғары сапа және көшбасшылық» 

3-15 қараша 2013 ж.

 Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 

«Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері және өзгерістері» 

4-5 желтоқсан 2012 ж. 

 Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 

«Мектептегі көшбасшылық және басқару»

15-16 қараша 2012 ж. 

 Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 

«Орта білім берудің мазмұны: дәстүрлері мен өзгерістер»

 14 маусым 2012 года ж.

 Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 

«Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістері»

6 желтоқсан 2011 ж. 

VIII

VII


VI

V

IV



III

II

I



КОНФЕРЕНЦИЯЛАР

Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту:  апробация мен тарату

 

 



 

 

     5



27–28 қазан 2016 ж.

КОНФЕРЕНЦИЯ ФОРМАТЫ 

НЕГІЗГІ 


БАЯНДАМАЛАР 

БІЛІМ БЕРУ 

КӨРМЕСІ

НЕТВОРКИНГ



СЕМИНАРЛАР

ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАР

КОНФЕРЕНЦИЯ 

ФОРМАТЫ 


ПАНЕЛЬДІК 

ТАЛҚЫЛАУЛАР

ДӨҢГЕЛЕК 

ҮСТЕЛДЕР


ПОСТЕР СЕССИЯЛАР 

VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

27–28 қазақ 2016 ж.

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗДІҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА 25 ЖЫЛ 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында пленарлық отырыс 

аясында білім беру жүйесінің қалыптасу үрдісінің қатысушылары өз ойлары мен көзқарастарымен 

бөлісіп, пікір алмасады. Отырыстың модераторы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

Басқарма төрайымы Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызының баяндамасында орта білім беру 

жүйесінің жаңартылған білім мазмұны аясында сөз қозғалып, Зияткерлік меткептердің рөлі 

жайында ой бөліседі. 

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі Мектепке дейінгі және орта 

білім беру департаментінің директоры Жонтаева Жаңыл Алпамысқызының баяндамасы Тәуелсіз 

Қазақстанның білім беру жүйесінің дамуының негізгі кезеңдерімен байланысты болады. 

Қазақстан Республикасының білім беру мен ғылым жүйесін заңнамалық қамтамасыз 

етілуі – қазіргі уақытта аса маңызды болып табылады. Бұл тақырыпта өз баяндамасын ұсынатын 

заң ғылымдарының докторы және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты 

Бақытжан Әбдірайым ұсынады 

Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан 

Республикасының Білім және ғылым министірі (2002-2003) және Қазақстан Республикасының 

қоғам қайраткері Беркімбаева Шәмшә Көпбайқызы пленарлық отырыста Қазақ мектептерінің 

даму тарихы мен еліміздегі өткен реформалар жайында шолу жасайды. 

«Назарбаев Университеті» ДББҰ Президенті Шигео Катсу ұлттық брендке айналған әрі 

қазақстандық жоғары білім беру жүйесі мен әлемнің ең үздік тәжірибесін біріктірген Назарбаев 

Университетінің құрылуы жайында сөз қозғайды. 

Қазақстанның еңбек ардагері, Қазақ ССР халықтық ағарту ісінің үздігі, Алматы қаласының 

құрметті азаматы атағына ие болған  Миразова Аякул Төреқызы қазіргі білім берудегі мәдени-

рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың 

ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру жолдары 

төңірегінде ой бөліседі.

Қазақстанның білім беру жүйесінің жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі мен PISA және 

TIMSS халықаралық емтихандары деректері негізіндегі салыстырмалы талдауын «Ақпараттық-

талдау орталығы» АҚ президенті Ырысалиев Серік Әзтайұлы ұсынады.

«Дарынды балалар – Қазақстанның болашағы атты» баяндамасында «Дарын» РҒПО 

директоры Шолпан Қирабаева дарынды балалардың елдің әлеуетін көтеру мен жан-жақты 

дамуындағы рөлі туралы айтады. 

«Жаңа оқулықтармен – жаңа ғасырға» атты баяндамасында «Оқулық» РҒПО директоры 



Бейбіткүл Кәрімова 21 ғасыр оқушыларына арналған жаңа форматтағы оқулықтардың 

басылатындығы туралы баяндайды. 



Әдекенов Серғазы Мыңжасарұлы, «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» 

АҚ Басқарма төрайымы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР ғылым және техника 

саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, химия ғылымдарының докторы, профессор 

ғылым, білім беру мен өндірістің бірігуі мен ғылыми жасақтамаларды коммерциализациалауға бет 

бұрыспен жүзеге асырылатын Мемлекеттік индустриалды инновациялық бағдарламаны жүзеге 

асыру тәжірибесімен бөліседі. 

Сандық білім беру ресурстары, оқыту процесінде ақпараттық технологияларды пайдалану 

потенциалы, оқушылар мен мұғалімдердің компьютерлік сауаттылығы төңірегіндегі өте өзекті және 

өмірлік маңызы зор тақырыпты «WikiBilim» Қорының негізін қалаушысы және төрағасы Рауан 

Кенжеханұлы өрбітеді.   

Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесінің бой көтеруі турасындағы ой-пікірлер отандық 

білім беру жүйесінің мықты қырларын, оның даму салалары мен ауқымын көруге мүмкіндік беріп, 

конференцияның барлық қатысушыларының қызықты әрі құрылымдық диалогының жақсы 

бастамасы болсын!  


Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту:  апробация мен тарату

 

 



 

 

     7



27–28 қазан 2016 ж.

Уильям Шмидт Мичиган Ұлттық Университетінде статистика 

және білім беру бағдарламасының аса құрметті профессоры. Ол білім 

беру саясаты орталығының директоры ретінде қызмет етеді, және 

де статистика және білім беру саласындағы факультет кездесулерін 

өткізеді. Профессор Шмидт бұрын АҚШ-тың Ұлттық орталығында ғылыми 

үйлестіруші және атқарушы директор болып қызмет атқарды. Сонымен 

қатар, ол АҚШ-тың ХЕА демеушілігімен жасалған Үшінші халықаралық 

математика және ғылыми зерттеу бағдарламасына (ҮХМҒЗ) қатысуын 

қадағалады. Оның көптеген басылымдары Білім беру статистикасының 

журналы және Американдық статистикалық бірлестік сияқты атақты 

журналдарда жарияланды. Басқа бір серіктесімен бірге жазған он кітабы 

да бар, соның ішінде Мектептің маңыздылығы, Мұғалімнің білім алу 

маңыздылығы және Теңсіздік деген кітабының орны бөлек. Оның қазіргі 

жазып жатырған ғылыми-зерттеу жұмысы 12 жылдық мектептердің 

академиялық мазмұндағы мәселелерін қамтиды, соның ішінде 

математика бойынша жалпы мемлекеттік стандарттар, бағалау теориясы 

мен оқу жоспарының академиялық жетістікке әсері деген тақырыптарда 

жұмыс істеуде. Ол сондай-ақ математикаға, жалпы ғылым мен 

тестілеуге байланысты білім беру саясатына алаңдаушылық білдіреді. 

Профессор Ұлттық білім академиясының мүшесі болып табылады. Ол 

2009 жылы Американдық ғылыми-зерттеу қауымдастығының бірінші топ 

стипендиаты болып таңдалды. Ол математика бағдарламасы қолданбалы 

бакалавриатын Конкордия колледжінде (Иллинойс) бітірді. Философия 

докторы ғылыми дәрежесін Чикаго университетінде психометрия және 

қолданбалы статистика бағдарламасы бойынша бітірді. Ол сондай-

ақ 1997 жылы Конкордия университетінің құрметті доктор атағына ие 

болды..


Мектептегі теңсіздік: Дүниежүзілік құбылыс 

Білім беру теңсіздігінің қадағалау әсері көптен білім беру 

тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы болып есептелді. (Schmidt & 

Burroughs 2012) Осы уақытқа дейін көптеген істер доғал деректермен 

жұмыс жасап келді (мысалы, қадағалау әдісінің ең бастапқы кезеңі). 

Соңғы зерттеулер көрсеткендей студенттер деңгейінің көрсеткіштерін 

пайдалана отырып оқушылардың үйрену мүмкіндіктері (ҮМ) мектепішілік 

теңсіздікті ұсынады, және де оның әлеуметтік-экономикалық мәртебемен 

тікелей байланысы бар болғанын көрсетеді (Шмидь соавт. 2015). 

Шмидт соавт. әлеуметтік-экономикалық мәртебе (ӘЭМ) және студенттің 

математика нәтижесі арасындағы қарым-қатынастың шамамен үшін-

ші бөлігі ӘЭМ мен ҮМ бірлестігіне байланысты болып 2012 жылғы 

Халықаралық оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі 

бағдарламада (ХОБЖБ) көрсетілді. Барлық елдерде үйрену мүмкіндігі 

мен студенттің әлеуметті-экономикалық мәртебесі арасындағы маңызды 

статистикалық қарым-қатынас пайда болды. Содан соң, өткізілген 

зерттеу кейбір елеулі өзгерістерді есепке алмады. Негізінен әлеуметтік-

экономикалық мәртебе теңсіздігі мен үйрену мүмкіндік теңсіздігі мектеп 

аралық немесе мектепішілік айырмашылыктар тобына жатқызылады. 

Уильям Шмидт 

БИОГРАФИЯЛАР


VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

27–28 қазақ 2016 ж.

Доктор Том Хсу – Массачусет технологиялық институтының 

профессоры. Ол оқытудағы технологиялар, ғылыми жабдықтар, куррикулум 

және мұғалімдердің кәсіби дамуының жаңашылы ретінде белгілі.

Ол жігерлендіруші мұғалім және тәжірибелі оқытудың белсенді 

қолдаушысы.

Том Ergopedia, CPO, Lab-Aids бірлесіп жасаған жабдықтар және 

куррикулумның арқасында белгілі болды. Ол технологиялар, оқулықтар

оқыту құрылғылары, қолданбалы зерттеулер, бағалау, оқыту мен 

мұғалімдерді оқыту шешімдерін, сондай-ақ оқушылардың жетістіктерін 

болашақта тиімді және пайдалы бола отырып, оңтайландырады. Том 

физика мен математика пәндерін оқытуды дамытуда жаппай ақпараттық 

құралдардың күшті интербелсенді экстраординарлық, электронды 

кітаптар, анимациялар, бейнетаспалар планшеттер, компьютерлер, 

смартфондар және оқыту симуляциясын дамытуды басқарды. Том, орта 

және жоғары мектепке арналған жеті жарық көрген физика, химия, 

физикалық ғылымдар бағдарламаларының авторы, сонымен қоса STEM 

бағдарламасы, «Табиғи физика» – физикадан жаңа электрондық PASCO 

Scientific, ал химиядан «Табиғи тәсіл» Lab-Aid жарық көрген, және 

кіріктірілген физика мен химия CPO Science жарық көрген еңбектердің 

авторы да болып табылады, ол жұмыстары Техаста кеңінен қолданылуда. 

Том PASCO Scientific өнімдерінің бас қызметкері, Ergopedia Inc фирманың 

бірлескен құрылтайшысы және CPO Science CPO Science бұрынғы 

президенті және құрылтайшысы.

Томның бастауыш мектептен бастап университетке дейін сабақ 

беру тәжірибесі бар. Сонымен бірге қолданбалы физикадан Ph.D докторы. 

Ол кәсіби шеберлігі үшін Goodwin медалына ие болды.

Ғылым әлемінен оқыту үшін нені қалай таңдау керек?

Білім саласындағы саясаттың құрастырушысы болу үшін алдымен 

неге үйретуіміз керек және оқытуда не маңызды екенін білуіміз керек. 

Ғылым өз ішінде білім мен дағдының үлкен әлемін жинақтайды. 

Әркімнің жас ерекшелігіне сай ғылым әлемінен оқи алатын дүниені аз-

аздан таңдап алуымыз керек. Осыны таңдау үшін не әсер етуі мүмкін? 

Біз болашақта зерттеу үшін дайындыққа назар аударуымыз керек пе? 

Колледжге түсу үшін тест дайындығына назар аударуымыз керек пе? Кез 

келген жұмыста қолданылатын практикалық дағдыға назар аударуымыз 

керек пе? Біз соны қалай шеше аламыз, шешкен күннің өзінде біз оны 

енгізе аламыз ба? Осы баяндама оқушыларды болашақта табысты болу 

үшін олардың өздігінен білім алуға мақсат қоюға дайындайды. 



Білім саласына жұмсалған қаржы қаншалықты пайдасын тигізеді?

Технологияның педагогтарға басымдылығымен қоса, қаупі де 

бірдей. Технологиялар өте көп қаржыны талап етеді, бірақ та олар 

көбінесе тиімсіз, себебі толық енгізілмейді. Мысалы, кітап парағын 

ашуда саусақ көмегін емес, технологияны пайдалану тиімді. Технология 

оқытудың жаңа әдістерін аша алады. Мысалы, жақсы ұйымдастырылған 

оқыту технологиялары оқушылардың тікелей бағалауын интерактивті 

модельдеу, анимацияны визуализацияны және бірден кері байланысты 

өткізуге мүмкіндік береді. Бұл сипаттамалар оқу мен оқытудың тиімділігін 

едәуір арттырады. Бұл баяндама оқушыны тікелей бағалау, интерактивті 

модельдеу және визуализация әдістері арқылы оқытудың тиімділігін 

арттыратынына назар аударады.



Том Хсу

Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту:  апробация мен тарату

 

 



 

 

     9



27–28 қазан 2016 ж.

Вашингтон, Индиана және Гарвардт университеттерінен бірнеше 

ғылыми дәрежелер мен Пенсильвания Университетінің Уортан 

бизнес мектебінен PhD дәрежесін алған. Сонымен қатар Ричард 

Фелпс Психофизика Зертханасының мүшесі және Білім беру тестілеу 

қызметі, Білім берудегі қаржы және саясат Ассоциациясы мен АҚШ 

Білім беру департаментінің Ұлттық білім беру статистикасы орталығы 

гранттарына ие болған. Мемлекеттік секторының білім берудегі 

зерттеу мен саясат саласының жергілікті (Вашингтон), штат (Индиана), 

федералдық (АҚШ, Мемлекеттің есеп берукеңсесі), халықаралық 

(Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы), жекеменшік (ACT, 

Westat, and Pearson Evaluation Services) деңгейлерінде қызмет атқарған.

Фелпс Батыс Африкада ораналсқан Буркина Фасо мемлекетіндегі 

орта мектепте математика пәнінен сабақ берген. Сонымен қатар, ол 

тестілеуді стандарттау бойынша төрт еңбектің, бірнеше статистикалық 

жинақтар мен көптеген академикалық журналдардың авторы және 

редакторы. Ричард Фелпс Nonpartisan Education Group (саяси емес 

білім беру тобының) негізін қалаушы және Nonpartisan Education Review 

журналының редакторы. Қазіргі уақытта Фелпс АҚШ, Солтүстік Каролина 

штатының Эшвилл қаласында тұрады. 



Бағалау жүйесін көркемдеу 

Егер де біз қазір стандартталған тесттерді ешбір дайындық 

пен бейімділіксіз құрастырсақ, оларды қалай пайдаланар едік? Есте 

сақтайтын ең маңызды жәйт – бұл тесттердің барлығы бірдей емес, олар 

көлемі, форматы, мазмұны және мақсатына байланысты түр-түрлерге 

бөліне береді. Бір тест бір жерде сәйкес болса басқа жерде сәйкес 

болмауы мүмкін. Ал егер егер білім беру саласындағы осы барлық 

тексттерді бірге жинау арқылы қоғамға пайда алып келетіндей жүйе 

құрастырсақ ол қандай болмақ? Тесттердің қай түрі қайда және қашан 

қолдану керек? Баяндама осы сұрақтарға жауап бере отырып бір ғана 

дұрыс, оңай жауаптың жоқ екендігін пайымдайды. Баяндама барысында 

осы мәселе бойынша жүргізілген көптеген зерттеу нәтижелері айтылып 

отырады, әсіресе соның ішінде когнитивті психологтардың еңбектеріне 

ерекше тоқталады. Тақырыптар Когнитивті жүктеме теориясы (белгілі 

бір түсінікті оқытқанда материалды оқығалы жатқан адамның деңгейі 

мен материалдың қиындығын ескере отырып оқу материалдарын 

құрастыруда ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдану); кері байланыстың әр 

түрлі түрлері; мүдделілер мен қауіпсіздіктің ара қатынасы; ақпаратты 

жаңғырту, орналастыру, басқа ақпаратпен араластыру (interleaving) 

және басқа да когнитивті ғылым түсініктері; тест форматының (таңдау 

мүмкіндігі бар жауаптар, құрастырылған жауап, шынайы және т.б.) рөлі 

және жалпы бағалаудың оқушылардың зияткерлік дамуындағы рөлі 

аясында болмақ.

Ричард Фелпс


10 

VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

27–28 қазақ 2016 ж.

Гюнтер Марис Амстердам Университетінде психологиялық 

әдістемелер бойынша профессор және CITO-да (Нидерланд) басты 

ғылыми қызметкері. Марис Неймеген Университетінде математикалық 

психология бойынша доктор дәрежесін және Левенский Университетінде 

психологиялық теориясы бойынша магистр дәрежесін алды. Оның 

ғылыми мақсаттары ресми оқу теориясы және жеке ерекшіліктерге, 

сонымен қатар осындай теорияларды бағалау үшін статистикалық 

әдістерді қолдануға бағыталған. Маристың жұмыстары атақты ғылыми 

(мысалы, Ғылым – Science), психология (мысалы, Психологиялық 

шолу – Psychological Review), психометрия (мысалы, Психометрика – 

Psychometrika) журналдарында кеңінен жарияланды. 



Күнделікті оқыту процесін  

жаңа технологиялар арқылы қадағалау

Интернетке қосылған компьютерлердің кең таралуына байланысты 

мектептерде әр бір баланың орындаған тапсырма жауабын тіркеуге 

мүмкіндік бар. Оқулықтардағы ақпараттар ашық болуда және мәліметтер 

базасында орталықтандырылып сақталуда. Тарихта алғаш рет үдірісте 

оқу мүмкін болуда және осындай оқытуды қалай жүзеге асырылуы туралы 

сұрақты шешуге кірісуіміз қажет. Бұл екі маңызды алғышарттар жеке 

оқушылырдың қажеттіліктерін білім беруге бейімделу үшін керек. Білім 

беру өлшеуіштері саласында, психологиялық білім беру әдебиеттерінде 

оқыту қалай жүзеге асырылатыны туралы ресми теория берілмейді. 

Оқу нәтижесі (білім берудегі кең ауқымды тестілеуі) туралы, оқытудың 

жасанды (шағын көлемді эксперименттер арқылы) тапсырмалары туралы 

көптеген ақпараттар бар, алайда біз әлі де осы қорытындыларды жан-

жақты қамтитын теориядан алыспыз. Бұл презентацияда мен жан-жақты 

қарастырылған теорияның кейбіріне тоқталып кетемін.

Гунтер Марис


Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту:  апробация мен тарату

 

 



 

 

     11



27–28 қазан 2016 ж.

Михо Тагума Экономикалық ынтымақтастық және даму (ЭЫДҰ), 

Білім басқармасының  мектепке дейінгі және мектеп саясаты бөлімінің 

аға сарапшысы. 

Михо Тагума ЭЫДҰ -дің мектепке дейінгі білім беру және тәрбие 

жұмысының жоба жетекшісі (МДББжТ), оның жұмысы ЭЫДҰ-ның желілік 

жұмысын, МДББжТ қызметкерлеріне халықаралық сауланама жүргізу, 

МДББжТ бастауыш білімге өту саясатын шолу. 

Осы кезде ЭЫДҰ жаңа бастамасы «Білім беру 2030» басқарады, 

оқушылардың  2030 жылы әлемдегі білім жүйесін дамыту (жобаның 1 

фазасы: 2015-2018); және соңғы стадиясы (жобаның 2 фазасы: 2019 

және одан арғы жылдар) ол басқа елдерге, осы мүмкіндіктерге қолдау 

көрсетуді дамытудағы 21 ғасырдың мүмкіндіктерінің әр-түрлі аспектерін 

үйренуге көмектесу. Жоба өмір бойы үздіксіз білім алуға дайындық  және 

кәсіптік білімді қосып орта білімге арналған, 

Онда әр-түрлі, мысалы мигранттарға  білім беру, ресми және 

бейресми оқыту саясаттарын шолуда тәжірибесі бар. Ол Білім беру 

саласындағы зерттеу және инновация орталығында «Жоғары оқу 

орындарында қашықтық оқыту» жобасында жұмыс жасады. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет