Витаминдер, олардың физиологиялық маңызы



Дата24.12.2022
өлшемі436,95 Kb.
#59445
түріҚұрамы
Байланысты:
Витаминдер, олардың физиологиялық маңызы

Витаминдер, олардың физиологиялық маңызы

Дайындаған: Сайком ақниет

Ист-22/1


СОӨЖ №9
  • Витаминдер – ерекше органикалық заттар. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ витаминсіз біздің организміміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер организмнің тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, организмнің жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдығады. Витаминдер өсімдік пен жануар өнімдерінен алынатын азық – түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті витаминді алып отырады. Витаминдерді латын алфавитінің бас әріптерімен белгіленіп,физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай 2 топқа бөледі:

Витаминдерді латын алфавитінің бас әріптерімен белгіленіп,физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай 2 топқа бөледі


Майда еритіндер
А
Д
К
Е
Суда еритіндер
Р
С
В

А витамині

  • Организмнің өсуіне және дамып, жетілуіне әсерін тигізеді. А витамині жетіспесе,адам қараңғыда көзі көрмейтін ақшам соқыр ауруына шалдығады. Ол организмнің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жақсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. А витамині балық бауырында, теңіз алабұғасында, сары майда, сәбізде, қызанда, т.б. болады.

В витамині

  • В витаминінің түрлері өте көп: В1, В2, В6, В12. Сондықтан оларды В витаминдер тобы деп атайды. В тобының витаминдерізат алмасу,көптеген ферменттік реакцияларды реттейді.В1 витаминінің(тиамин) жетіспеуі сал ауруы (бери-бери ),жүрек ауруына шалдықтырады. В 2 жасушаның энергия алмасуын реттейді.Егер жетіспесе көз жанарының бұзылуына әкеліп соқтырады.В 6 (пиридоксин)нәруызбен майлар алмасуына қажет. В 12 витамині жілік майында қызыл қан түйіршіктерінің жетіліп, қанға түсуіне және оттекті тасымалдауға әсер етеді. Бұл витамин жеткіліксіз болса, қаназдық ауруы пайда болады. В 15 витамині – жүрек қан тамырларының жұмысына әсер етеді.

С витамині

  • Организмнің түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады, сүйек пен тістің мықтылығын жақсартады. Ол организмге қыста және көктемде көбірек қажет. Бұл витамин организмде жеткілікті болу үшін – көкөніс пен жеміс – жидектерді,ашығанырық қабатты тағамға көбірек пайдаланған жөн.

Тамақта витаминдердің сақталуы.

  • Тамақты өңдегенде витаминдер бұзылады. С витамині бұзылмай сақталуы үшін — жемістер мен көкөністердің қабығын өте жұқа етіп аршу керек. Көкөністерді пісіру және пайдалану алдында ғана қабығынан тазартып, кеседі. Қабығыашылған картопты қарайып кетпеу үшін суға салып қояды. Тамақты эмаль немесе іші тефлонмен жабылған ыдыста дайындайды. Көкөністі қайнап жатқан суға немесе сорпаға салып пісіреді. Бұл кезде судың көлемінің аз болғаны жөн. Піскен тамақта витаминдердің бұзылмай сақталуы қажет


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет