Волков Г. Н. Этнопедагогика // Учеб пособ для студентов высших пед учеб заведений // Г. Н. Волков



жүктеу 157.97 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.03.2017
өлшемі157.97 Kb.

 

 

117 



Сохранение 

окружающего 

мира 

природы 


невозможно 

без 


воспитания 

высоконравственного поколения человечества. 

 

 

 



Литература: 

1.

 



Николаева  С.Н. Народная  педагогика  в  экологическом  воспитании  дошкольников.  //  Пособие 

для специалистов дошкольного воспитания // Мозайка-Синтез - Москва,-2010. 

2.

 

Чемоданова Г.И. Этнопедагогика. // Учебно-методическое пособие // - Петропавловск, 2008. - 



С. 3-9. 

3.

 



Волков  Г.Н.  Этнопедагогика  //  Учеб.  пособ.  для  студентов  высших  пед.  учеб.  заведений  //               

Г.Н. Волков. - М.: Академия. 2001. - С. 35. 

 

 

 



УДК 37.011.3 (5қ) 

 

СТУДЕНТ ЖАСТАР АРАСЫНДА ТƏРТІП 

БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ 

 

Ілиясбекқызы Г., Казиева Г.К

(Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау МУ) 

 

 



 

Əрбір мемлекеттің болашағы жастардың қолында. Болашақта ел тізгінін ұстайтын 

азаматтар – бүгінгі студент жастар. Н.Ə. Назарбаевтың «Ұлт болашағы – білімді ұрпақ 

қолында»  дегені  жарқын  істерге  апарар  жолды  меңзеп  тұрғандай.  Расында  бүгінгі 

студент жастар – ертеңгі елдің тірегі, келешектің келбеті емес пе? Сол себепті олардың 

білімді,  алғыр,  бəсекеге  қабілетті,  өз  елінің  заңын  құрметтейтін    болып  өсуі  ел 

дамуындағы аса маңызды фактор. 

Елбасы  Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаев  жастарға  ерекше  сенім  арта  отырып, 

жастардың  жағдайын  жасауға  баса  назар  аударады.  Ел  Президентінің  жыл  сайынғы 

жолдауларының  басым  бағыттары  жастармен  тікелей  байланысты  болуы,  кез  келген 

мемлекеттік  маңызы    стратегиялар  мен  мақалаларында,  сөздерінде  əркез  өскелең 

ұрпақты тілге тиек етуі – соның айқын дəлелі. 

Студент  жастар  –  елдің  болашағы,  болашаққа  сенім  арту  –  жеңісті  де  жемісті 

келешектің  көрінісі  болып  табылады,  алайда  барлық  студенттер  бұл  жайлы  терең 

ойланып  іс  жүзінде  қоғамда  қалыптасқан  тəртіп  нормаларына  сəйкес  өзін  ұстайды 

десек,  артық  айтқан  болармыз.  Өкінішке  орай  елімізде,  оқу  орындарында  студенттер 

арасында  бір-біріне  зорлық  зомбылық  көрсету,  суицид,  қоғамдық  орындарда  тəртіп 

бұзушылықтар кездесіп тұрады. 

Мысалы,  Ақмола  облысында  2014  жылы  жастардың   қатысуымен  432  қылмыс 

орын алған. Яғни, бұл  көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 6,1  пайызға өсіп отыр. 

Бұл  қылмыстардың  сипатына  келетін  болсақ,  өкінішке  орай,  ұрлық  жасау,  қоғамдық 

орындарда тəртіп бұзушылық тым  етек алуда. 

2013жылы  8  қылмыс  тіркелсе,  бүгінде  10  қылмысқа  жетті.  Түнгі  клубтар  мен 

мейрамханалардың  демалушылары   –  негізінен  студент   жастар.  Сол  себепті 

қылмыстың  басым  көпшілігі  осы  жерлерде  тіркеліп  отыр.Түнгі  клубтар  мен 

мейрамханалар,  шағын  дəмханалар  жастар  есебінен  табыс  көзін  тауып  отырғандығы 

жасырын  емес.  Көкшетау  қаласы  бойынша  биылғы  оқу  жылынан  бастап  44  ұрлық 


 

 

118 



тіркелген.Бүгінде  облыстық  наркологиялық  диспансерде  619  жастар  есепте  тұр. 

Олардың  басым  көпшілігі  –  есірткіге,  ішімдікке  əуес  жасөспірімдер.  Қазіргі  кезде 

елімізде студент жастарға жəне жалпы жастарға көптеген жағдайлар жасалуда. 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  1999  жылғы  28  тамыздағы  өкімімен 

Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  жастар  саясатының  тұжырымдамасы 

мақұлданды.  Кейіннен  аталған  құжатты  Үкімет  қабылдаған  соң  2001  жылдан  бастап 

бірқатар бағдарламалар, оның ішінде  «Қазақстан жастары»,  «Жастар саясатының 2003 

– 2004 жылдарға арналған бағдарламасы»,  «Жастар саясатының 2005 – 2007 жылдарға 

арналған  бағдарламасы»,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  азаматтарын 

патриоттық  тəрбие  берудің  2006  –  2008  жылдарға  арналған бағдарламасы  іске  асуда. 

Аталған  бағдарламалардың  бəрі  жастардың  білім,  еңбек  жəне  жұмыспен  қамту, 

денсаулық 

сақтау 

саласындағы 



əлеуметтік 

құқықтарын 

қамтамасыз 

етуге, 


шығармашылық  əлеуетін  дамытуға,  жастарды  ауқымды  əлеуметтендіру  жəне 

патриотизм құндылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған. 

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 

7  шілдедегі  Қазақстан  Республикасы Заңының  қабылдануы  жастар  саясатын  одан  əрі 

іске  асырудың  институционалдық  негізіне  айналды.  2010  жылдан  бастап  жастар 

саясаты  Білім  беруді  дамытудың  2011  –  2020  жылдарға  арналған мемлекеттік 

бағдарламасының шеңберінде іске асырылуда. 

2008  жылы  «Нұр-Отан»  халықтық-демократиялық  партиясының  (бұдан  əрі  – 

«Нұр-Отан»  ХДП)  «Жас  Отан»  Жастар  қанаты  I  съезінің  қорытындысы  бойынша 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанынан  Жастар  саясаты  жөніндегі  кеңес 

құрылды. 

Мемлекеттік 

əлеуметтік 

тапсырыс 

шеңберінде 

жастар 


ұйымдарының 

бастамаларын қолдау мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі болып 

табылды, өткен 7 жылда оның көлемі 10 еседен астам өсті. 

Білім жəне ғылым министрлігінің құрылымынан Жастар ісі комитеті мен Астана, 

Алматы  қалаларының  жəне  облыстардың  жастар  саясаты  мəселелері  бойынша 

басқармаларының құрылуы мемлекет пен жастардың өзара іс-қимыл жасау процестерін 

жетілдірудің келесі кезеңіне айналды. 

Жалпы 


алғанда, 

қазіргі 


уақытта 

əлеуметтік-экономикалық  жағдайларды 

жақсартуға, болашақ ұрпақтың қалыптасуы мен жан-жақты дамуына тек арнайы жастар 

бағдарламалары 

ғана 

емес, 


бүгінде 

елімізде 

іске 

асырылып 



жатқан білім 

беруді, денсаулық сақтауды, тілдерді дамытудың, үдемелі индустриялық-инновациялық 

дамудың  ауқымды  мемлекеттік  бағдарламалары;  «100  мектеп,  100  аурухана», 

«Балапан»,  «Жұмыспен  қамту  –  2020»,  «Бизнестің  жол  картасы  –  2020»,  «Қолжетімді 

тұрғын үй – 2020» бағдарламалары бағытталған. 

Жастарға  арналған  бірқатар  бағдарламалары  мен  бастамалары:  «Жастар 

практикасы»,  «Жасыл  ел»,  «Дипломмен  ауылға!»,  «Жастар  кадрлық  резерві», 

«Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар - Отанға!» іске асырылуда. 

Көкшетау  қаласында  қылмыстардың  жолын  алу  мақсатында   тоқсан  сайын  іс-

шаралар,  акциялар  өткізілуде.  Ақпанның  14-і  мен  25-і  аралығында  облыс  көлемінде 

ауқымды  «STOP-Қылмыс!»  жəне  12-14  наурыз  арасында  «Жасөспірім.  Заң. 

Қауіпсіздік»  акциялары  ұйымдастырылды.  Бұл  бағытта  білім  жəне  денсаулық  сақтау 

басқармаларының  белсенді  жұмысын  атап  өткен  жөн.  Олар  студенттер  алдында  1545 

лекция оқып, қоғамдық тəртіпті сақтауға бағытталған шаралар өткізуде. 

Ш.Уалиханов университетінде  студенттер арасында тəртіп бұзушылықтың алдын 

алу  мақсатында  біршама  игі  істер  атқарылуда.  Атап  өтсек  студенттер  арасында 

дөңгелек  үстелдер,  ғылыми-  дəрежелік  конференциялар,  дебаттық  кездесулер, 

конкурсттар,  жəне  құқықтық  тəрбие  беруге  арналған  іс-шаралар  өткізілуде.  



 

 

119 



Университетімізде мынадай студенттік ұйымдар бар: Қазақстандық альянс студенттері,  

студенттік  маслихат,  Қазақстан  ұлттық  студенттер  ассамблеясы  «Атамекен»,    КГУ 

КВН,  қайырымдылық  қоры  «Шапағат»,  педагогикалық  отряд  «Əлем»,  дебаттық 

клубтар  «Зияткер»,  «Көкше»,  жəне  де  «Шоқан  аруы»,  «Ана  тілі  аруы  »  конкурстары 

жыл сайын өткізілуде. 

Құқықтық тəрбиенің əлеуметтік, рухани, психологиялық даму, реттеу қызметтері 

мен  мəніне  келсек,  бүгінгі  күнге  дейін  қоғам  дамуының  барлық  кезеңдерінде  бұл 

мəселе əр түрлі ғылымдар саласында əр қырынан қарастырылған. 

Қазақ  ағартушыларының бірі  - Шоқан Уəлиханов  1864 жылы құқық жайлы «Сот 

реформасы»  деген  еңбегін  жазды.  Онда  құқықтық  тəрбиенің  оңтайлы  болуы  үшін 

мемлекет  құқықтық  заңдар  шығарған  уақытта  халық  мүддесімен  санасудың 

қажеттілігін ескеруді қарастырады.  

Заң ғылымы тұрғысынан өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтық тəрбиесі мəселесін 

зерттеуге  ерекше  назар  аударған  заңгер  ғалым  М.Т.Баймаханов  тұлғаның 

əлеуметтенуіндегі 

құқықтық 

рөлін, 

құқтық 


нормаларының 

мораль 


жəне 

адамгершілікпен өзара əрекетін қазіргі тұрғыдан қарастырады  /www.bauka.kz/. 

Келесіде  «құқықтық  сана»,  «құқықтық  тəрбие»,  «құқықтық  мəдениет» 

ұғымдарына тоқталуды жөн көріп отырмыз. Ресей ғалымы И.Ф.Рябко «құқтық тəрбие - 

тұлғаның  сана-сезімі  мен  мінез-құллқына  жүйелі,  мақсатты  əсер  ету»  деп  түсіндіреді, 

ал  қазақстандық  зерттеушілер  Ғ.С.Сапарғалиев,  А.С.Ибраева  құқықтық  сананы 

қоғамдық сананың жеке бір саласы дей келе, «құққтық сана – қазақстан Республикасы 

азаматтарының  жүзеге  асырылып  жүрген  заңдарға,  оларды  қолдануға,  азаматтардың 

құқықтары  мен  бостандықтарына  жəне  қалаулы  құқыққа,  басқа  да  құқықтық 

құбылыстарға  құқық  сезімдерінің,  көзқарастарының,  пікірлерінің,  бағаларының 

жүйесі», - деген анықтама береді. /edu.semgu.kz/. 

«Құқықтық  мəдениет  –  белгілі  бір  мемлекеттік  діни,  этникалық  қауым  мүшелері 

қабылдаған,  олардың  қызметін  реттеу  үшін  пайдаланылатын  құндылықтар,  құқықтық 

идеялар, сенім-нанымдар, мінез-құлық қалыптары, құқықтық дəстүрлер жүйесі.» /kk.m 

wikipedia.org\. 

Жастардың құқықтық мəдениетін арттыру жолдарына қоғамда қалыптасқан тəтіп 

нормаларын  сақтауға  арналған  заңдарды  білу,  құрметтеу,  іс  –əрекетте  тəртіп 

нормаларын  бұзбау,  бос  уақытын  пайдалы  істерге  арнау,  өзіне  жəне  қоғамға  пайда 

келтіру  т.б  жатқызуға  болады.  Жастар  тарапынан  өзінің  табанды  еңбек  етуі,  сапалы 

білім  алуы  жəне  оны  практикада  қолдануы,  үнемшілдігі,  болып  жатқан  процестерге 

белсенді  қатысуы  арқылы  ғана  жеке  жетістікке  жəне  жалпы  өркендеуге  қол  жеткізуге 

болатынын  түсінуі  маңызды.  Сонымен  бірге,  жас  азаматтардың  құқықтарын  жəне 

еркіндіктерін  қорғауға  кепілдік  бере  отырып,  мемлекет  құқықтық  мəдениеттің  жалпы 

деңгейін  арттыратын  болады  жəне  жастар  арасында  орын  алып  отырған  əлеуметтік 

теріс құбылыстарға қарсы əрекет етеді. 

Қазіргі  кезде  студент  жастарға  құқықтық  тəрбие  беру  арқылы  тəртіп 

бұзушылықтың  алдын  алу  маңызды  мəселе.  Ш.  Уалиханов  атындағы  университетте 

студенттердің  құқықтық  мəдениет  деңгейін  анықтау  мақсатында  сауалнама,  анкета, 

əңгімелесу,  жағдаяттарды  шығару  сияқты    диагностикалық  əдістерді  қолдандық. 

Диагностикаға  30  студент  қатысты.  Студенттер  келесідей  сұрақтарға  жауап  берді: 

Қазақстан  республикасының  қазіргі  Конституциясы  қашан  қабылданды?  Заң 

шығарушы жоғары орган қалай аталады? Қылымыс жасаудағы жазаның ең ауыр түрі? 

Құқық сөзін қалай түсінесіз? жəне т.б. 

 

 



 

 

 

120 



Диагностиканың нəтижесі төмендегідей: 

 

50



20

30

орта ш а



жога ры

томен


 

 

Заңдарды  орташа  деңгейде  білетін  студенттердің  саны  15,  ал  жоғары  нəтиже 



көрсеткендер  саны  7,  төменгі  дəреже  көрсеткен  студенттер  саны  8.  Көп  студенттер  өз 

құқықтарын  орташа  деңгейде  біледі,  бірақ  өкінішке  орай  олардың  арасында  өз 

құқықтарын  білмейтін  студенттер  де  кездесті.  Ол  студенттермен    заң  қызметкерінің 

қатысуымен  дөңгелек  үстел,  дебат,  тренинг,  əңгімелер  өткіздік.  Осындай  жəне  т.б 

пайдалы  құқықтық  тəрбие  беруге  арналған  іс-шаралар  жиі  өткізіліп  тұрса,  студенттер 

арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға болар еді. 

 

 

 



Əдебиет: 

1.

 



Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  жастар  саясаты  туралы  Заң,  Қазақстан 

Республикасының 2015 жылғы 9 ақпанындағы №285-V заңымен бекітілген. 

2.

 

Айджанова З. Құқықтық тəрбие беру арқылы адамгершілікке тəрбиелеу. 



3.

 

//edu.semgu.kz//. 



4.

 

//www.bauka.kz//. 



 

 

 



ƏОЖ [373. 2:159.922.73]: 37.018.1 

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОТБАСЫ 

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ЗЕРТТЕУ 

 

Иманбева А., КПХ-201 топ студенті 

Қазақ гуманиарлық заң университеті, Астана қ., 

Ғылыми жетекшісі: психология ғылымдарының кандидаты, 

доцент м.а. Байжұманова Б.Ш. 

 

 



 

Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  психикалық  дамуында  отбасылық  қарым-

қатынастың  мəні  зор.  Оған  қоса,  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  психикалық 

дамуының  негізгі  көрсеткіші  ретінде  олардың  отбасындағы  мүшелердің  өзара  қарым-

қатынасы  анықтаушы  рөль  атқарады.  Отбасы,  бала  əлеуметтенуінің  маңызды  құралы 

болғандықтан,  бала  үшін  ең  алғашқы  маңызды  социомəдениеттік  тəжірибенің 

паттерлерін  алып  жүреді.  Отбасындағы  қарым-қатынасты  зерттегенде  негізгі 

мақсаттарға: 

1.

 

Ата-ана  мен  бала  қарым-қатынасының,  отбасы  тəрбиесінің,  ата-ана  болудың 



құндылықтары,  мотивтері  жəне  мақсаттарының  ерекшеліктерін  жүйелеу  жəне 

классификациялау. 




Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет