Wiley жаңартылатын энергия



Pdf көрінісі
бет182/289
Дата06.01.2022
өлшемі4.71 Mb.
#15710
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   289
8.12 Ферменттеу үдерістері 
Бұл бөлімде этанол өндірісінде қолданылатын ферментацияның әртүрлі процестері талқыланады. 
Басқа  химиялық  және  биотехнологиялық  үдерістермен  қатар  ферменттеу  үдерістерін  мыналарға 
бөлуге болады: мерзімді, субстрат қосылған мерзімді және үздіксіз жұмыс. Барлық осы әдістер қант 
заттары  мен  крахмал  материалдарын  өнеркәсіптік  ферменттеу  кезінде  қолданылады.  Бұл  үдерістер 
жақсы  белгілі;  мерзімді  және  үздіксіз  жұмыс  режимдері  этанол  өндірісі  нарығында  үстем  болып 
табылады.  Ферменттеу  үдерісін  күйге  келтіру  кезінде  бірнеше  параметрлерді  ескеру  қажет,  соның 
ішінде  а)  этанолдың  жоғары  өндірілуі  мен  өнімділігі,  б)  қанттардың  жоғары  конверсиясы  және  в) 
жабдықтың  төмен  құны.  Уытсыздандыру  және  микроағзаларды  таңдау  қажеттілігі  де  ферменттеу 
конфигурациясына байланысты бағалануы тиіс. 
Әртүрлі  тежегіштер  мен  олардың  өзара  іс-қимыл  әсерлерін,  мысалы,  лигноцеллюлозды 
гидролизаттарда  ұсыну  этанол  өндірісіне  арналған  басқа  субстраттарға  қарағанда  ферменттеу 
үдерісін  неғұрлым  күрделі  етеді  [17,  23].  Үдерістің  жалпы  шығуын  арттыру  мақсатында  және  осы 
гидролизатты ферменттеу кезінде сарқынды суларды тазарту мәселелерін болдырмау үшін пентозды 
қолдану  керек.  Сондықтан,  гидролизатты  ферменттеу  үшін  S.cerevisiae  сияқты  гексозаны 
ферменттейтін ағзаны пайдалану қиын.  
Егер ортада гексозалар мен пентоз қоспасы болса, микроағзалар әдетте гексозаларды сіңіреді және 
этанол  шығарады.  Гексозаның  шоғырлануының  азаюына  қарай  олар  пентозды  сіңіре  бастайды. 
Гексозаларды  ферменттеу  этанолдың  жоғары  шығуы  және  өнімділігі  бар  анаэробты  немесе 
микроаэробты  жағдайларда  сәтті  жүргізілуі  мүмкін.  Дегенмен,  пентозды  ферменттеу,  әдетте,  баяу 
аэробты  үдеріс  болып  табылады.  Егер  пентоз  ферменттеріне  ауа  қосса,  микроағзалар  да  этанолды 
пайдалана бастайды. Бұл барлық үдерісті қиындатады, бірақ оны жақсы есептеу және бақылау қажет. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   289




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет