Wiley жаңартылатын энергия



Pdf көрінісі
бет202/289
Дата06.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#15710
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   289
Түйінді  сөздер:  Бутанол,  мұнай-химиялық  әдістер,  ацетон-бутанол-этанол,  клостридийді  өндіру, 
ерітінділер улылығы, метаболиттік инженерлік әдістер, табиғи жағдайдағы тазарту әдістері. 
 
9.1 Кіріспе 
Энергияның негізгі көзі ретінде шикі мұнайдың құнының үздіксіз өсуі нәтижесінде, тұрақты өңдеу 
бойынша  қарқынды  зерттеу,  қазып  алынған  отынға  экономикалық  және  экологиялық  альтернатива 
айтарлықтай  байқалады.  Мұнайдан  алынған  отынның  ең  перспективті  нұсқаларының  бірі,  биоотын 
болып  табылады.  Биоотын,  мұнай  алмастырғыштар  сияқты  емес,  әдетте  отындық  қоспалар  ретінде 
жұмыс істейді [1]. Осы күнге дейін биоэтанол, өндіруге жеңіл және экономика тұрғысынан пайдалы 
болғандықтан,    негізгі  биоотын  болды.  Алайда,  биоэтанолға  қарағанда  биобутанол  әлдеқайда 
тиімдірек болып шықты. 
Экономикалық  тұрғыда  бутанолдың  сериялық  өндірісі  тек  мұнай-химиялық  әдістермен  жүзеге 
асырылады,  бірақ  қазіргі  уақытта  ацетон-бутанол-этанол  (АBЕ)  ферментациясы  арқылы  бутанол 
өндірісінің  самғап  дамуы    байқалады.  Кез  келген  биомассадан  табиғи  жолмен  алынған  бутанол, 
биобутанол  болып  саналады.  Ацетон-бутанол-этанол  ферментациясы  жолымен  өндірілетін 
биобутанол  жаңа  сұрақ  болып  табылмайды.  Clostridium  sp.  бактерия  түрімен  ынталандырылған 
ацетон-бутанол-этанол  ферментациясы,  шындығында  ең  ежелгі  белгілі  анаэробты  өнеркәсіптік 
ашыту  болып  табылады  [2].  20-шы  ғасырға  дейін  әлемдегі  қолданыстағы  бутанолдың  66% 
биотехнологиялық  жолмен,    ацетон-бутанол-этанол  ферментациясымен,  өндірілген  [3].  Алайда, 
мұнай-химия  өнеркәсібінің  дамуының  өсімімен  және  көмірсу  көздерінің  құнының  азықтық  құрал 
ретінде өсуімен жылдам тоқтатыла бастады және 1960 жылы оның толық жойылуына әкеліп соқты.  
1970 жылдардың нақ басында «мұнай кризисінің» салдарынан мұнай бағасы өсті. Сонымен қатар, 
үнемі  өсіп  келе  жатқан  экологиялық  сана  мен  бүкіл  әлем  бойынша  энергетикалық 
қоғамдастықтардағы мұнай жеткізіліміндегі көмескілік осы биоиндустриясының тууына әкеліп соқты 
[4]. Содан бері, шағын жақсартулармен, пайдалану шығынын төмендету үшін ацетон-бутанол-спиртті 
ашыту  процессіне, биобутанолды  экономикалық  тұрғыда  пайдалы  заманауи  биоотын  ретінде  жасау 
мақсатында, айтарлықтай шамада зерттеулер жүргізілді. 
Бұл  тарауда  әртүрлі  химиялық  және  биологиялық  әдістермен  бутанолды  өндіру  қарастырылды. 


 
 
162 
Бұл  сонымен  қатар  белгілі  бір  метаболиттік  инженерлік  тәсілдерді,  шығарылған  биобутанол  санын 
көбейту және процесс сапасын жақсару үшін, микроорганизм штаммын модификациялауға тартады, 
сонымен қатар, бұл тарау, газбен үрлеу, перстракция, первапорация, вакуумды дистилляция және т.б. 
ферментативті сорпадан табиғи жағдайда биобутанолды бөлу үшін  кеңінен қолданылатын әдістерді 
қарастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   289




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет