Wiley жаңартылатын энергия



Pdf көрінісі
бет223/289
Дата06.01.2022
өлшемі4.71 Mb.
#15710
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   289
 
Сурет 9.10 Ацетон-бутанол-спиртті ашыту процесін көрсететін, жеңілдетілген блок-сұлба [77].  


 
 
177 
9.7 Келешектегі мүмкіншіліктер 
Бутанол  биоотын  ретінде  үлкен  үміттер  береді;  дегенмен,  биобутанол  процесін  экономикалық 
жағынан  бәсекеге  қабілетті  болуы  үшін,  одан  әрі  жетілдіру  қажет.  Негізгі  назарды  бутанолға 
төзімділігі  жоғары  организмдер  өңдеу  саласына,  соңғы  өнімнің  өзіндік  ерекшелігі  бар,  субстратты 
алдын ала тиімді өңдеу және өнімді алу әдістеріне аудару керек. Кейінгі 30 жылда ацетон-бутанол-
спиртті  ашыту  туралы,  түрлі  модификациялармен  жүргізілген,  көптеген  хабарламалар  болды.  Осы 
өзгерістердің  жиынтығы  бутанол  өндірісінде  едәуір  ілгерілеушілікке  қол  жеткізді.  Биопроцестің 
жалпы  бәсекеге  қабілеттілігі  штаммның  өнімділігіне  байланысты,  осы  себепті,  бутанол  өндірісін 
ұлғайту  үшін  табысты  метоболиттік  инженерия  шешуші  рөл  атқарады.  Метаболиттер  ағымын 
оңтайландыру  арқылы  нақты  және  көлемді  өнімділік  көбеюі  мүмкін.  Бұл  мақсатқа,  геномда 
метаболиттік  ағындарды  талдау  және  омиктерді  зерттеу  көмегімен  жобалануға  тиіс,  мақсатты 
гендерді анықтау  арқылы  қол жеткізуге  болады [57].  C.  beijerinckii  үшін де,  және  C. acetobutylicum 
үшін де толық геномдық тізбегі бар, онда клостридий геном масштабында метоболиттік желісін құру 
–  бұл  уақыт  пен  ақша  мәселесі.  Сондай-ақ,  гендердің  нокаут  модельдері  метаболиттік  желілер 
көмегімен геном масштабында, манипуляция үшін қажет, комбинаторлық мақсатты гендерді анықтау 
үшін дайындалуы мүмкін. Метаболиттік инженерияның, геном селекциясы сияқты, тағы бір құралын, 
бутанол  өндірісін  күшейтуге  қатысатын,  C.  beijerinckii  BA101  геномын  және  оның  бас  штаммын 
beijerinckii  NCIMB  8052,  мутантты  гендерді  C.  beijerinckii  BA101  анықтау  мотивімен    салыстыру 
үшін  пайдалануға  болады.  Бұл  білім  бутанол  өндірісін  одан  әрі  арттыру  үшін  қолданылуы  мүмкін 
[78]. Сол сияқты, мақсатты гендер мен метаболитті жолдарды тану үшін, манипуляциялауға қажетті, 
транскриптом және протеом бейіндерін талдау әр түрлі қоршаған орта жағдайларында да орындалуы 
мүмкін.  Метаболиттік  инженерияға  қосымша,  зерттеу  үшін  көптеген  мүмкіндіктер  бар.  Бутанол 
өндірісін  ұлғайту  және  бутанолға  төзімділік  мақсатында,  түрлі  транскрипциялық  факторлар, 
шаперондар,  ақуыздар  жасалуы  мүмкін.  Сонымен  қатар  бутанол  өндіру  үшін  ферменттеу  процесін 
келесі процесстермен біріктіру арқылы тиімді процеске қол жеткізе алады. Метаболиттік инженерия 
саласындағы  ағымдағы  зерттеулер,  микробтық  технология,  биопроцесстер,  кейінгі  өңдеу  және 
жүйелердің  биологиясы,  сөзсіз,  бутанол  өндірісін  биологиялық  негізде  жақын  арада  экономикалық 
тұрғыдан қолайлы процесс жасайды.              




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   289




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет