Wiley жаңартылатын энергия



Pdf көрінісі
бет269/289
Дата06.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#15710
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   289
12.2.4 Пайдалылығы 
Биометанды  көлік  отыны  ретінде  қолдану  парниктік  газдардың  шығарындыларын  88%  дейін 
қысқартуы  мүмкін,  бензинге  қарағанда  кез-келген  жергілікті  қажеттіліктің  шетелдік  мұнайға 
тәуелділігін азайтатын, елде  өндірілетін маңызды ресурс болып табылады [20, 21]. 
12.3 Биометан өндірісінің әлемдік сценарийі  
2012 жылдың 21 қарашасында Уэль ханзада Паундбери, Дорсеттегі Rainbarrow фермасының 
торында  тұңғыш  рет  анаэробты  дигерлеу  (AD)  мен  биометан  өндірісі  бойынша  өндіріс 
кәсіпорнын  ресми  түрде  ашты.  Бұл  «J.  V.  Energen»  зауыты  жергілікті  фермерлер  мен 
Корнуолл  герцогіне  ортақ  және  бірлесе  басқарылады.  Соңғы  мәліметтерге  сүйенсек,  бұл 
биометанның газ тарату желісімен (органикалық қалдықтарды жіктеуден алынған) өндірістік 
масштабтағы  газ  тарату  қондырғысының  жұмысына  толықтай  қабілетін  көрсететін 
Ұлыбританиядағы алғашқы кәсіпорын болып табылады. Алдымен олар анаэробты дигерлеу 
үрдісінде  өндірілген  биогазды  тазартады,  сосын  алынған  биометанды  газ  тарату  желісіне 
енгізеді.  Бұл  зауыт  үшін  шамамен  сағатына  400  шаршы  метр  (шаршы  метр  сағатына)  96-
пайыздан  тұратын  таза  метанды  (пропан  және  иістендіргіш  қоспасымен)  жергілікті  газ 
желісінде өндіру  күтілуде, бұл қыс ортасында 4000 үйді, ал жаз ортасында 56 000 үйге жылу 
жіберуге  қабілетті  болады  деп  күтілуде.  Зауыт  жергілікті  фермерлермен  өндірілген  41000 
тонна  жүгері,  шөп  және  картопты,  жақын  кәсіпорындардағы  органикалық  қалдықтарды 
қолдана  отырып,  сағатына  850  шаршы  метр  биогазды  өндіретін  болады.  Алынған  биогаз 
күніне  шамамен  10  мегаватт  электр  энергиясын  әзірлеу  үшін  жылу  электр  станцияларында 
қолданылатын  болады  [22].  ХЭА  (IEA)  «Биоэнергетика  бойынша  37  тапсырмасына»  [17] 
сәйкес,  қазіргі  таңда  12.3  суретте  көрсетілгендей,  әлемнің  түрлі  елдерінде  биометан 
әзірлейтін 220 астам зауыт бар.  
   Бұған 
қоса,  осы  тәжірибені  насихаттау  мақсатында  2012    жылдан  бастап 
«Ұлыбританиядағы  биометан  күні»  ұранымен  іс-шаралар  өткізіледі.  2013  жылы  бұл  күн 
Лондондағы  Жаңартылатын  энергия  ассоциациясының  (REA)  қолдауымен  21  мамырда 
Бирмингемдегі мотоспорт мұражайында өткізілді.  
   Бұдан  басқа,  биометанның  қалдықтарды  қайта  өңдеу  стандартына  сәйкес  болуы  үшін 
Қоршаған орта агенттігі жақында биометанның сапа хаттамасы жобасын нөлдік қалдықтарға 
Еуропалық жол (EPOW) арқылы қайта қарап шықты. Бұл «Қалдықтардың жаңа хаттамасы» 
деп  аталады.  Қазіргі  таңда  сапа  хаттамасының  нақтыланған  жобасы  өңдеу  үстінде  және 
келесі атаулармен жалпы талқылауға ұсынылды:  
 
Биометан сапасы бойынша хаттаманың нақтыланған жобасы  
Экологиялық қауіптердің бағасы 
Сапа хаттамасына енгізілген анықтамалардың түсіндірмесі  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   289




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет